Сертофен препаратын анамнезінде аллергиялық реакциялар болған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Арнайы сақтандырулар
Сертофен препаратын анамнезінде аллергиялық реакциялар болған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Сертофен препаратын циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСД-мен бірге қабылдамау керек.
Жағымсыз реакциялардың туындау қаупін азайту мақсатында, дәрілік затты симптомдарын бақылау үшін қажетті барынша қысқа уақыт мерзімі ішінде ең аз тиімді дозасында қабылдау керек.
Асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан бұзылулар
Асқазан-ішектен қан кетулер туындаған, ойық жаралар немесе тесілулер пайда болған, кейде өлімге соқтырған жағдайлар, ҚҚСД тобына жататын дәрілік заттармен емдеудің түрлі сатыларында, хабаршы симптомдарының болған-болмағандығына немесе анамнезде АІЖ тарапынан ауыр аурулардың болған-болмағандығына қарамастан байқалған. Сертофен препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара туындаған жағдайда, препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Анамнезінде ойық жара ауруы болған, әсіресе, қан кетумен немесе тесілумен асқынған пациенттерде, сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде ҚҚСД дозасын арттырғанда асқазан-ішектен қан кетулердің туындауының, ойық жаралар немесе тесілулер дамуының қаупі жоғарылай түседі.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың, әсіресе, өлімге соқтыруы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер мен тесілулердің туындау қаупі жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емдеуді препаратты ең аз тиімді дозасында пайдалана отырып бастау қажет. Басқа ҚҚСД қолданғандағы сияқты, пациенттің анамнезінде эзофагит, гастрит және/немесе пептидтік ойық жара болғаны көрсетілген жағдайда, декскетопрофен трометамолымен емдеуді бастар алдында аурулар ремиссия сатысында болуы қажет. АІЖ тарапынан симптомдары бар немесе анамнезінде АІЖ аурулары болған пациенттерді ас қорыту жолы тарапынан бұзылулардың, әсіресе, асқазан-ішектен қан кетудің туындауына қатысты қадағалау қажет.
Өршу қаупіне байланысты, анамнезінде АІЖ аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) болған пациенттерде ҚҚСД сақтықпен қабылдау керек.
Жоғарыда көрсетілген пациенттерде, сондай-ақ, АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін артыруы мүмкін төмен дозалардағы АСҚ немесе басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде, гастропротекторлық емді, мысалы мизопростолды немесе протондық помпа тежегіштерін (ППТ) қолдану туралы мәселені қарастыру керек.
Анамнезінде АІЖ аурулары болған, әсіресе егде жастағы пациенттер, әсіресе, емдеудің бастапқы сатысында, әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдар (атап айтқанда, асқазан-ішектен қан кетулер) туралы дәрігерге айтуы тиіс.
Препаратты глюкокортикостероидтар (ГКС), антикоагулянттар, мысалы варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) немесе антиагреганттар, мысалы АСҚ сияқты ойық жара түзілуінің немесе қан кету дамуының қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерде қолданғанда ерекше сақтық таныту керек.
Бүйрек тарапынан бұзылулар
Препаратты бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде сақтық таныту қажет. Мұндай пациенттерде ҚҚСД қолданғанда бүйрек функциясы бұзылуларының ауырлығы артқаны, организмде сұйықтық іркілуі мен ісінулер байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, диуретиктермен ем қабылдап жүрген пациенттерде, немесе гиповолемияның даму қаупі бар пациенттерде препаратты қолданғанда сақтық таныту керек, өйткені ол кезде нефроуытты әсерінің туындау қаупі жоғарылайды.
Препаратпен емдеу кезінде сусыздану дамуының және сонымен байланысты болуы мүмкін нефроуытты әсерінің алдын алу мақсатында, пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде тұтынуы тиіс.
Басқа ҚҚСД қолданғандағы сияқты, Сертофен препаратын қолданғанда қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатинин деңгейі жоғарылауы мүмкін. Простагландиндер синтезінің басқа тежегіштерімен емдеген кездегі сияқты, Сертофен препаратымен емдеу кезінде бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін, соның ішінде, гломерулонефрит, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы, нефроздық синдром және бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттерде бүйрек тарапынан бұзылулардың туындау қаупі жоғарырақ болады.
Бауыр тарапынан бұзылулар
Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту қажет. Басқа ҚҚСД қолданғандағы сияқты, Сертофен препаратын қолданғанда бауырдың кейбір функционалдық параметрлерінің болар-болмас өтпелі жоғарылауы, сондай-ақ, қандағы аспартатаминотрансфераза (АСТ) және аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейлерінің едәуір жоғарылауы тіркелуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер едәуір жоғарылаған жағдайда, препаратпен емдеуді тоқтату қажет.
Егде жастағы пациенттерде бауыр тарапынан бұзылулардың туындау қаупі жоғарырақ болады.
Жүрек-қантамыр жүйесіне және цереброваскулярлық әсерлері
Препаратты қолданғанда анамнезінде артериялық гипертензия және /немесе жүректің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі іркілісті жеткіліксіздігі болған пациенттерге тиісінше мониторинг жүргізу және қажетінше нұсқау беру керек. Өйткені ҚҚСД емі кезінде организмде сұйықтық іркілуі мен ісінулер туралы хабарланған, Сертофен препаратын анамнезінде жүрек ауруы болған пациенттерде, атап айтқанда, бұрын жүрек жеткіліксіздігінің көріністері тіркелген пациенттерде қолданғанда ерекше сақтық таныту керек, өйткені оларда жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылайды.
Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері, кейбір ҚҚСД-мен емдегенде (әсіресе, жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы қабылдағанда) артериялық тромбоздардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупі болар-болмас артуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде декскетопрофен үшін мұндай қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік беретін деректер көлемі жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде Сертофен препаратын тек, пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қабылдау керек. Сонымен қатар, жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерде препаратпен ұзақ мерзімді емді бастар алдында пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият бағалау қажет.
Барлық селективті емес ҚҚСД тромбоциттер агрегациясын тежеуі және простагландиндер синтезін бұзу арқылы қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде декскетопрофен операциядан кейінгі кезеңде төмен молекулалы гепаринмен (профилактикалық дозалары) бір мезгілде қолданылғанда қан ұюының көрсеткіштеріне әсер етпеді. Дегенмен, Сертофен препаратын гемостазға әсер ететін, варфарин, кумариннің басқа туындылары немесе гепариндер сияқты басқа препараттармен бірге қолданғанда, пациентті мұқият қадағалауды қамтамасыз ету қажет.
Егде жастағы пациенттерде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулардың туындау қаупі жоғарырақ болады.
Тері реакциялары
ҚҚСД қолданғанда өте сирек жағдайларда, эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты, соның ішінде өлімге соқтырған терінің ауыр реакциялары дамыған. Ондай реакциялардың туындау қаупінің жоғарырақ болуы емнің бастапқы сатысына тән – олар көбінесе, ҚҚСД-мен емдеудің бірінші айында тіркелген. Тері бөртпесі алғаш пайда болғаннан, шырышты қабықтардың зақымдануының белгілері немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты басқа симптомдар дамыған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Инфекциялық аурулар симптомдарының бүркемеленуі
Сертофен препараты инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, ол мүмкін тиісінше ем тағайындалуының кідіруіне алып келуі және сол арқылы инфекциялық аурудың нәтижесін нашарлатуы мүмкін. Бұл ауруханадан тыс бактериялық пневмония және желшешектің бактериялық асқынулары кезінде байқалды. Препаратты инфекциялық аурулар кезінде ауырсыну синдромын жеңілдету үшін қолданғанда инфекцияның ағымына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Инфекциялық ауруды стационардан тыс емдегенде, егер жай-күйі жақсармаса немесе ауруының ағымы нашарлай түссе, пациент дәрігерге жүгінуі қажет.
Желшешекті емдеу аясында сирек жағдайларда тері мен жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар туындауы мүмкін. ҚҚСД қолданғанда инфекция ауырлығының артуы қаупін жоққа шығаруға болмайтындықтан, Сертофен препаратын желшешекпен ауыратын пациенттерде қолданбау керек.
Қосымша ақпарат
Сертофен препаратын келесі:
- порфириндер метаболизмінің туа біткен бұзылуымен (мысалы, қайталанатын жедел порфириясы бар);
- сусыздануы бар пациенттерде;
- ауқымды хирургиялық араласымнан кейін бірден қолданғанда ерекше сақтық таныту қажет.
Егер дәрігер декскетопрофенмен ұзақ емдеу қажет деп есептесе, бауыр мен бүйрек функциясына, сондай-ақ, қан талдауының көрсеткіштеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізу керек.
Өте сирек жағдайларда, аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары (мысалы, анафилаксиялық шок) байқалған. Препаратты қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, Сертофен препаратымен емдеуді тоқтату керек. Симптомдарына байланысты, мұндай жағдайларда қажетті кез келген ем маманның қадағалауымен жүргізілуі тиіс.
Пациенттердің басқа топтарымен салыстырғанда, созылмалы ринитпен, синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен біріккен бронх демікпесі бар пациенттерде АСҚ және/немесе ҚҚСД қолданғанда аллергиялық реакциялардың туындау қаупі жоғарырақ болады. Препаратты қолдану, әсіресе, АСҚ-ға немесе ҚҚСД-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде бронх демікпесі немесе бронх түйілуі ұстамаларының дамуымен қатар жүруі мүмкін.
Препаратты қан жүйесі тарапынан бұзылулары, жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас ауруы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту қажет.
Жекелеген жағдайларда, ҚҚСД қолдану аясында жұмсақ тіндердің инфекциялық ауруларының ауырлығы артуы мүмкін. Сертофен препаратымен емдеу аясында бактериялық инфекция белгілері пайда болған немесе оның ауырлығы артқан жағдайда, пациент тез арада дәрігерге жүгінуі қажет.
Балалар мен жасөспірімдер
Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Қосымша заттар
Сертофен препаратының құрамында 12,39 көлем% этанол бар, яғни, бір (2 мл) дозасында 200 мг дейін, ол 5 мл сыраға немесе 2,08 мл шарапқа сәйкес келеді, сондықтан ол маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген пациенттерге теріс әсер беруі мүмкін. Сонымен қатар мұны, препаратты әйелдерде жүктілік немесе бала емізу кезеңінде, балаларда және жоғары қауіп тобындағы, мысалы бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар пациенттерде қолданған кезде де ескеру керек.
Сертофен препаратының құрамында 1 ампуласында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғанда бас айналуы, көрудің бұзылуы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін. Ондай жағдайларда реакцияға және автокөлік жүргізуге, сондай-ақ, механизмдерді басқару қабілеттілігі бұзылуы мүмкін.