Әсер ету механизмі
Инклизиран - холестерин концентрациясын төмендету үшін екі тізбекті шағын интерференциялаушы РНҚ, ол гепатоциттермен қармауды жеңілдету үшін N-ацетилгалактозаминді (GalNAc) кодтайтын жіппен конъюгацияланған. Гепатоциттерде инклизиран РНҚ кедергі механизмін қолданады және мРНҚ-ның катализдік ыдырауын бастайды, ол жаңа 9 типті субтилизин-кексин пропротеинконвертазаларына әсер етеді. Бұл ХС-ТТЛП рецепторының рециркуляциясын және оның гепатоциттер бетіндегі көрінісін арттыруға көмектеседі, бұл бұл ХС-ТТЛП қармауының жоғарылауына және оның қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
284 мг Сибрава препаратын бір рет тері астына енгізгеннен кейін ХС-ТТЛП деңгейінің төмендеуі препарат енгізілгеннен кейін 14 күн ішінде байқалды. Препаратты қолданғаннан кейін 30-60 күннен кейін ХС-ТТЛП деңгейінің 49-51%-ға орташа төмендеуі байқалды. 180-ші күні ХС-ТТЛП деңгейі шамамен 53%-ға төмендеді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде және кейбір жарияланымдарда инклизиранның 284 мг дозасы инклизиранның натрий тұзына 300 мг баламалы ретінде көрсетілген.
Инклизиранның тиімділігін атеросклеротикалық жүрек-қантамырлар аурулары (AЖҚA) (жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық ауру немесе шеткері артериялар ауруы) бар пациенттердің қатысуымен III фазадағы үш зерттеуде, AЖҚA қаупі эквиваленттерімен (II типті қант диабеті, отбасылық гиперхолестеринемия немесе Фрамингем қауіпті бағалау шкаласы немесе баламалы шкала бойынша бағаланатын жүрек-қантамырлар жағдайларының 20% немесе 10 жылдан астам қаупі) және (немесе) отбасылық гиперхолестеринемиямен (ОГ) бағалады. Пациенттер басқа гиполипидемиялық еммен біріктіріп немесе онсыз ең жоғары көтерілетін дозада статиндермен ем алды, бұл ретте пациенттерге ХС-ТТЛП концентрациясының қосымша төмендеуі (емдеу мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмады) талап етілді. Пациенттердің шамамен 17%-ы статиндермен емге көтере алмады. Пациенттерге тері астына 284 мг дозада инклизиран немесе 1-ші, 90-шы, 270-ші және 450-ші күндері плацебо енгізілді. Пациенттерге 540 күн бақылау жүргізілді. Инклизиранның жүрек-қантамырлар асқынулары даму жиілігіне әсері және сәйкесінше өлім-жітім әлі анықталмаған.
III фаза зерттеулерінің біріктірілген талдау деректері бойынша инклизиран тері астына енгізу кезінде 90-шы күннен бастап ХС-ТТЛП концентрациясының 50-55%-ға төмендеуін қамтамасыз етті (1-сурет), бұл ретте ұзақ мерзімді ем кезінде әсер сақталды. ХС ТТЛП концентрациясының барынша төмендеуіне препараттың екінші дозасын енгізгеннен кейін 150-ші күні жетті. ХС ТТЛП концентрациясының 65%-ға аз, бірақ статистикалық маңызды неғұрлым айқын төмендеуі ХС ТТЛП бастапқы деңгейі неғұрлым төмен болған кезде (шамамен <2 ммоль/л немесе 77 мг/дл), PCSK9 анағұрлым жоғары бастапқы деңгейі және жоғарылау доза мен статин қарқындылығы қарқындылығында байқалды.
1-сурет.Плацебо қолданумен салыстырғанда инклизиранмен ем қабылдаған бастапқы гиперхолестеринемиясы және аралас дислипидемиясы бар пациенттерде бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының орташа пайыздық өзгеруі (біріктірілген талдау)
ПлацебоПлацебоИнклизиранИнклизиранБастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгерісБастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс
Айлар
Пациенттер саны
Плацебо — 1827 — 1796 — 1768 — 1733 — 1721 — 1695 — 1634 — 1651
Инклизиран — 1833 — 1788 — 1792 — 1755 — 1741 — 1726 — 1646 — 1679
АЖҚА және АЖҚА қаупі баламалары
АЖҚА және АЖҚА қаупі баламалары (ORION-10 және ORION-11) бар пациенттердің қатысуымен екі зерттеу жүргізілді. Пациенттер басқа гиполипидемиялық препаратпен біріктіріп ең жоғары жағымды дозада статиндермен ем алды, мысалы, эзетимиб немесе онсыз, бұл ретте пациенттерге ХС ТТЛП концентрациясын төмендету үшін (емдеу мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмады) қосымша ем қажет болды. ХС ТТЛП концентрациясының төмендеуі жүрек-қантамыр асқынуларының нәтижелерін жақсартады деп болжанатындықтан, әрбір зерттеуде біріктірілген бастапқы соңғы нүктелер ретінде ХС ТТЛП концентрациясының пайыздық өзгерісі таңдалды, бұл динамикадағы ХС ТТЛП концентрациясына жиынтық әсерін есептеу үшін 90-шы күннен кейін 540-шы күнге дейінгі кезеңдегі бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының плацебомен және уақыт бойынша түзетілген пайыздық өзгерісі 510-шы күнгі бастапқы деңгейге қатысты.
ORION-10 көп орталықты, салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, плацебо бақыланатын 18 айлық зерттеу болды, ол АЖҚА бар п1561 ациенттің қатысуымен өтт.
Бастапқы деңгейде пациенттердің орташа жасы 66 жасты құрады (ауқымы: 35-90 жас); пациенттердің 60% - ы 65 жастан асқан; пациенттердің 31%-ы әйелдер; 86% - еуропалық нәсіл өкілдері; 13% - қара нәсіл өкілдері; 1% - моңғолоидтық нәсілдің өкілдері; 14% - испан тілді немесе Латын Америкасынан шыққан пациенттер болды. Бастапқы деңгейде ХС ТТЛП орташа концентрациясы 2,7 ммоль/л (105 мг/дл) құрады. Пациенттердің алпыс тоғыз пайызы (69 %) статиндермен жоғары қарқынды ем алды; 19%-ы орташа қарқынды статиндермен ем алды; пациенттердің 1%-ы статиндермен төмен қарқынды ем алды; 11%-ы статиндермен емделмеген. Көбінесе статиндер тобының аторвастатин және розувастатин сияқты препараттары тағайындалды.
510-шы күні инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының орташа пайыздық өзгерісінің 52%-ға елеулі төмендеуі байқалды (95% СА: -56%-дан 49%-ға дейін; p <0,0001) (2-кесте).
Бұдан басқа, инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда 90-шы күннен бастап 540-шы күн аралығындағы кезеңде бастапқы деңгейге қатысты уақыт бойынша түзетілген ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің 54%-ға айтарлықтай төмендеуі байқалды (95% СА: -56%-дан -51%-ға дейін; p <0,0001). Қосымша нәтижелер 2-кестеде келтірілген.
2-кесте.ORION-10 зерттеуіндегі плацебоға қарағанда бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс және 510-шы күнгі липидтер алмасуының айырмашылығы
Емдеу тобы — ХС ТТЛП — Жалпы холестерин — ХC -ТТЛП емес — Аполипопротеин В — Липопротеин (а)*
орташа бастапқы мәні мг/дл ** — 105 — 181 — 134 — 94 — 122
510-шы күн (бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс)
Плацебо (n = 780) — 1 — 0 — 0 — −2 — 4
Инклизиран (n = 781) — −51 — −34 — −47 — −45 — −22
Плацебомен салыстырғанда айырмашылық (ең кіші квадраттар әдісімен есептелген орташа мән) (95% СА) — −52 (-56-дан -49-ға дейін) — −33 (-35-тен -31-ге дейін) — −47 (-50-ден -44-ке дейін — −43 (-46-дан -41-ге дейін) — −26 (-29-дан -22-ге дейін)
* 540-шы күні; липопротеин (a) концентрациясы пайыздық өзгеруінің медианасы ** Липопротеиннің (a) нмоль/л орташа бастапқы концентрациясы
510-шы күнге қарай ХС ТТЛП мақсатты деңгейіне <1,8 ммоль/л (70 мг/дл) инклизиранды қолдану тобындағы АЖҚА бар пациенттердің 84%-ында және плацебо қолдану тобындағы 18%-да қол жеткізілді.
Аурудың бастапқы демографиялық сипаттамаларына, бастапқы сипаттамаларына (жынысын, жасын, дене салмағының индексін, нәсіліне тиесілігін және бастапқы деңгейде статиндерді қолдануды қоса), қатар жүретін аурулардың болуы және тұратын аймақ, барлық кіші топтардағы бастапқы деңгейге қатысты 90-нан 540-шы күнге дейінгі кезеңде бастапқы деңгейге қатысты бастапқы деңгейге және уақыт бойынша түзетілген бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің тұрақты және статистикалық маңызды (p < 0,0001) төмендеуі байқалды.
ORION-11 — АЖҚА қаупінің баламалары бар 1617 пациенттің қатысуымен ұзақтығы 18 ай халықаралық көп орталықты салыстырмалы жасырын рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеу. Пациенттердің 75%-дан астамы статиндермен базистік жоғары қарқынды ем алды. Пациенттердің 87 % — ында АЖҚА , 13%-да — АЖҚА қаупінің баламасы болған.
Бастапқы деңгейде пациенттердің орташа жасы 65 жасты құрады (ауқымы: 20-88 жас); пациенттердің 55% - ы 65 жас және одан асқан; пациенттердің 28%-ы әйелдер; 98% - еуропалық нәсіл өкілдері; 1% - қара нәсіл өкілдері; 1% - моңғолоидтық нәсілдің өкілдері; 1% - испантілді немесе шығу тегі латынамерикалық пациенттер. Бастапқы деңгейде ХС ТТЛП орташа концентрациясы 2,7 ммоль/л (105 мг/дл) құрады. Пациенттердің жетпіс сегіз пайызы (78 %) статиндермен жоғары қарқынды ем алды; 16%-ы орташа қарқынды статиндермен ем алды; пациенттердің 0,4 %-ы статиндермен төмен қарқынды ем алды; 5 %-ы статиндермен емделмеген. Көбінесе статиндер тобының аторвастатин және розувастатин сияқты препараттары тағайындалды.
510-шы күні инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының орташа пайыздық өзгерісінің 50%-ға елеулі төмендеуі байқалды (95% СА: -53%-дан -47%-ға дейін; p <0,0001) (3-кесте).
Бұдан басқа, инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда 90-шы күннен бастап 540-шы күн аралығындағы кезеңде бастапқы деңгейге қатысты уақыт бойынша түзетілген ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің 49%-ға айтарлықтай төмендеуі байқалды (95% СА: -52%-дан -47%-ға дейін; p <0,0001). Қосымша нәтижелер 3-кестеде келтірілген.
3-кесте.ORION-11 зерттеуіндегі плацебоға қарағанда бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс және 510-шы күнгі липидтер алмасуының айырмашылығы
Емдеу тобы — ХС ТТЛП — Жалпы холестерин — ХC -ТТЛП емес — Аполипопротеин В — Липопротеин (а)*
орташа бастапқы мәні мг/дл ** — 105 — 185 — 136 — 96 — 107
510-шы күн (бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс)
Плацебо (n = 807) — 4 — 2 — 2 — 1 — 0
Инклизиран (n = 810) — −46 — −28 — −41 — −38 — −19
Плацебомен салыстырғанда айырмашылық (ең кіші квадраттар әдісімен есептелген орташа мән) (95% СА) — −50 (-53-тен -47-ге дейін) — −30 (-32-ден -28-ге дейін) — −43 (-46-дан -41-ге дейін) — −39 (-41-ден -37-ге дейін) — −19 (-21-ден -16-ға дейін)
* 540-шы күні; липопротеин (a) концентрациясы пайыздық өзгеруінің медианасы ** Липопротеиннің (a) нмоль/л орташа бастапқы концентрациясы
510-шы күнге қарай ХС ТТЛП мақсатты деңгейіне <1,8 ммоль/л (70 мг/дл) инклизиранды қолдану тобындағы АЖҚА бар пациенттердің 82%-ында және плацебо қолдану тобындағы 16% пациенттерде қол жеткізілді. АЖҚА қаупінің баламалары бар пациенттерде ХС ТТЛП <2,6 ммоль/л (100 мг/дл) нысаналы деңгейіне инклизиранды қолдану тобындағы пациенттердің 78%- ында және плацебо қолдану тобындағы пациенттің 31%- ында қол жеткізілді.
Аурудың бастапқы демографиялық сипаттамаларына, бастапқы сипаттамаларына (жынысын, жасын, дене салмағының индексін, нәсіліне тиесілігін және бастапқы деңгейде статиндерді қолдануды қоса), қатар жүретін аурулардың болуы және тұратын аймақ, барлық кіші топтардағы бастапқы деңгейге қатысты 90-нан 540-шы күнге дейінгі кезеңде бастапқы деңгейге қатысты бастапқы деңгейге және уақыт бойынша түзетілген бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің тұрақты және статистикалық маңызды (p < 0,05) төмендеуі байқалды.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
ORION-9 - бұл гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар (ОГХ) 482 пациенттің қатысуымен 18 айға созылатын халықаралық көп орталықты салыстырмалы жасырын рандомизацияланған плацебо бақыланатын зерттеу. Пациенттер басқа гиполипидемиялық препаратпен біріктіріп ең жоғары жағымды дозада статиндермен ем алды, мысалы, эзетимиб немесе онсыз, бұл ретте пациенттерге ХС ТТЛП концентрациясын төмендету үшін қосымша ем қажет болды. ОГХ диагнозы генотиптеу нәтижелері негізінде немесе клиникалық критерийлер (Саймон Брум немесе ДДҰ/Голландиялық липидті клиникалардың желісі (WHO/Dutch Lipid Network) критерийлері бойынша «белгілі ОГХ» диагнозы) негізінде қойылды.
Әрбір зерттеуде біріктірілген бастапқы соңғы нүктелер ретінде ХС ТТЛП концентрациясының пайыздық өзгерісі таңдалды, бұл динамикадағы ХС ТТЛП концентрациясына жиынтық әсерін есептеу үшін 90-шы күннен кейін 540-шы күнге дейінгі кезеңдегі бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының плацебомен және уақыт бойынша түзетілген пайыздық өзгерісі 510-шы күнгі бастапқы деңгейге қатысты. Негізгі қайталама соңғы нүктелер бастапқы деңгейге қатысты 510-шы күні ХС ТТЛП концентрациясының абсолюттік өзгеруі, бастапқы деңгейге қатысты 90-шы күннен бастап 540-шы күнге дейінгі кезеңде ХС ТТЛП концентрациясының уақыт бойынша түзетілген абсолютті өзгеруі және PCSK9 концентрациясының, холестериннің жалпы концентрациясының, B аполипопротеині концентрациясының және ХС ТТЛП емес пайыздық өзгеруі болды. Қосымша қайталама соңғы нүктелер ретінде инклизиранмен емге жекелей жауап және АЖҚА даму қаупінің тиісті деңгейі үшін липидтердің ауқымды нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізген пациенттердің үлесі бағаланды.
Бастапқы деңгейде пациенттердің орташа жасы 55 жасты құрады (ауқымы: 21-80 жас); пациенттердің 22 % - ы 65 жастан асқан; пациенттердің 53 %-ы әйелдер; 94 % - еуропалық нәсіл өкілдері; 3 % - қара нәсіл өкілдері; 1 % - моңғолоидтық нәсілдің өкілдері; 3 % - испан тілді немесе Латын Америкасынан шыққан пациенттер болды. Бастапқы деңгейде ХС ТТЛП орташа концентрациясы 4,0 ммоль/л (153 мг/дл) құрады. Пациенттердің жетпіс төрт пайызы (74 %) статиндермен жоғары қарқынды ем алды; 15%-ы орташа қарқынды статиндермен ем алды; 10%-ы статиндермен ем алмады. Пациенттердің елу екі пайызы (52 %) эзетимибпен ем алды. Көбінесе статиндер тобының аторвастатин және розувастатин сияқты препараттары тағайындалды.
510-шы күні инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясының орташа пайыздық өзгерісінің 48%-ға елеулі төмендеуі байқалды (95% СА: -54%-дан -42%-ға дейін; p <0,0001) (4-кесте).
Бұдан басқа, инклизиранды қолдану кезінде плацебо қолданумен салыстырғанда 90-шы күннен бастап 540-шы күн аралығындағы кезеңде бастапқы деңгейге қатысты уақыт бойынша түзетілген ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің 44%-ға айтарлықтай төмендеуі байқалды (95% СА: -48%-дан -40%-ға дейін; p <0,0001). Қосымша нәтижелер 4-кестеде келтірілген.
4-кесте.ORION-9 зерттеуіндегі плацебоға қарағанда бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс және 510-шы күнгі липидтер алмасуының айырмашылығы
Емдеу тобы — ХС ТТЛП — Жалпы холестерин — ХC -ТТЛП емес — Аполипопротеин В — Липопротеин (а)*
орташа бастапқы мәні мг/дл ** — 153 — 231 — 180 — 124 — 121
510-шы күн (бастапқы деңгейге қатысты орташа пайыздық өзгеріс)
Плацебо (n=240) — 8 — 7 — 7 — 3 — 4
Инклизиран (n = 242) — −40 — −25 — −35 — −33 — −13
Плацебомен салыстырғанда айырмашылық (ең кіші квадраттар әдісімен есептелген орташа мән) (95% СА) — −48 (−54-тен −42-ге дейін) — −32 (−36-дан −28-ге дейін) — −42 (−47-ден −37-ге дейін) — −36 (-40-тан -32-ге дейін) — −17 (-22-ден -12-ге дейін)
* 540-шы күні; липопротеин (a) концентрациясы пайыздық өзгеруінің медианасы ** Липопротеиннің (a) нмоль/л орташа бастапқы концентрациясы
510-шы күнге қарай инклизиранды қолдану тобындағы АЖҚА бар пациенттердің 52,5%-ы плацебо қолдану тобындағы АЖҚА бар пациенттердің 1,4%-ымен салыстырғанда ХС ТТЛП <1,8 ммоль/л (70 мг/дл) нысаналы деңгейіне жетті, онда ХС ТТЛП <2,6 ммоль/л (100 мг/дл) нысаналы деңгейінің АСЗ қаупінің баламалары бар пациенттер арасында инклизиранды қолдану тобындағы пациенттердің 66,9%-ына және плацебо қолдану тобындағы пациенттердің 8,9%-ына жетті.
Аурудың бастапқы демографиялық сипаттамаларына, бастапқы сипаттамаларына (жынысын, жасын, дене салмағының индексін, нәсіліне тиесілігін және бастапқы деңгейде статиндерді қолдануды қоса), қатар жүретін аурулардың болуы және тұратын аймақ, барлық кіші топтардағы бастапқы деңгейге қатысты 90-нан 540-шы күнге дейінгі кезеңде бастапқы деңгейге қатысты бастапқы деңгейге және уақыт бойынша түзетілген бастапқы деңгейге қатысты ХС ТТЛП концентрациясы пайыздық өзгеруінің тұрақты және статистикалық маңызды (p < 0,05) төмендеуі байқалды.