In vitro зерттеулер
Силденафилдің метаболизміне негізінен, Р450 цитохромының (CYP) 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 изоформалары (қосалқы жолы) түрткі болады. Осы себепті, аталған изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуі мүмкін, ал ол изоферменттердің индукторлары силденафилдің клиренсін жоғарылатуы мүмкін.
In vivo зерттеулер
Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендегені байқалады. Пациенттердің аталған тобында жағымсыз әсерлердің жиілігі артқаны байқалмайды, дегенмен, силденафилмен емдеуді бастапқы 25 мг дозасында бастау қажет.
P450 цитохромының тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне екі рет 500 мг) ритонавирді, силденафилмен (бір реттік 100 мг дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің ең жоғары концентрациясының (Cmax) 300%-ға (4 есе) артуына, сондай-ақ, силденафилдің қан плазмасындағы AUC 1000 %-ға (11 есе) артуына алып келеді. 24 сағаттан соң қан плазмасындағы силденафил деңгейлері, тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі шамамен 5 нг/мл-мен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер ритонавирдің P450 цитохромы субстраттарының ауқымды спектріне айқын әсерлерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге алсақ, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Силденафилдің ең жоғары дозасы ешбір жағдайда қандай жағдайда да 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.
CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші, саквинавирді тепе-теңдік күйінде (тәулігіне 3 рет 1200 мг) қамтамасыз ететін дозада және силденафилмен (бір реттік 100 мг дозада) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140%-ға артуына, сондай-ақ, силденафилдің AUC 210%-ға артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері анағұрлым айқын болады деп шамаланады.
Силденафилді 100 мг дозада бір рет, CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен тепе-теңдік жағдайында (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг), бірге қабылдаған кезде силденафилдің жүйелі әсерінің 182%-ға артқаны байқалады.
Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада), силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының тұрақтылығына немесе кейінгі жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпейді.
Р450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) дені сау еріктілерде силденафилмен (50 мг дозадағы) бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының 56%-ға артуын тудырады.
Грейпфрут шырыны силденафилдің ішек жақтауындағы CYP3A4 арқылы жүретін метаболизмінің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы деңгейлерінің орташа жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.
Барлық дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілмесе де, популяциялық фармакокинетикалық талдау, CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, трициклдық антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ), кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және CYP450 метаболизмдік белсенділік индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафил фармакокинетикасына әсер етпейтініні көрсетті. Дені сау ерікті ерлердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде эндотелин антагонисі, тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне екі рет 125 мг) бозентанды (CYP3A4, CYP2C9 және шамасы, CYP2C19 орташа индукторы) тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне үш рет 80 мг) силденафилмен бір мезгілде қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің сәйкесінше 62,6% және 55,4%-ға төмендеуіне алып келеді. Осылайша, рифампицин сияқты CYP 3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне түрткі болады деп шамаланады.
Никорандил - бұл кальций өзекшелерінің активаторы мен нитраттың гибриді. Нитраттық компонентіне байланысты, силденафилмен елеулі өзара әрекеттестікке түсуі мүмкін.
ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункция кезінде емдеуге арналған басқа әдістермен бір мезгілде қолдану
Силденафилді ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар, өкпе артериясының гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған басқа препараттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Соған байланысты, мұндай препараттардың мұндай біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.
Никорандил калий өзекшелері активаторының және нитраттың гибриді. Нитраттық компонентінің есебінен ол силденафилмен елеулі өзара әрекеттесуге қабілетті болуы ықтимал.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері
In vitro зерттеулер
Силденафил Р450 цитохромының 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоформаларының (IC50> 150 мкМ) әлсіз тежегіші болып табылады. Препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы шамамен 1 мкМ құрайтын болғандықтан, силденафилдің осы изоферменттер субстраттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз.
Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
In vivo зерттеулер
Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (мысалы, амилнитритпен) немесе нитраттардың кез келген түрімен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Риоцигуат
Риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейткен. Зерттелген популяцияда мұндай біріктірілімді қолдану кезіндегі жағымды клиникалық әсері туралы деректер болмаған. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді бір мезгілде қолдану, кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына алып келуі мүмкін. Негізінен бұл, силденафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесулеріне жүргізілген арнайы үш зерттеудің барысында альфа-блокатор доксазозин (4 мг және 8 мг) мен силденафил (25 мг, 50 мг немесе 100 мг) қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар, доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде бір мезгілде қолданылды. Пациенттердің зерттеудегі бұл топтарында шалқадан жатқан қалыптағы артериялық қысымның қосымша 7/7 мм с.б., 9/5 мм с.б.. және 8/4 мм с.б. орташа төмендеуі байқалды, ал тұрған қалыптағы артериялық қысымның қосымша орташа төмендеуі сәйкесінше 6/6 мм с.б., 11/4 мм с.б. және 4/5 мм с.б. құрады. Доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен альфа- блокатор доксазозинді бір мезгілде қолданғанда, ортостаздық артериялық гипотензия, бас айналуы және естен тану емес, бірақ естен тану алдындағы жай-күй туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланды.
Силденафилді (50 мг дозада) CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, өзара әрекеттесулері анықталмады.
Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын (150 мг дозада) қабылдаудан туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етпейді.
Қандағы алкоголдің орташа ең жоғары деңгейлері 80 мг/дл болған кезде, силденафил (50 мг дозада) дені сау еріктілерде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.
Гипотензиялық дәрілік препараттардың келесі кластары: диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы, тамырды кеңейтетін дәрілік заттар және гипертензияға қарсы, орталықтық әсері бар дәрілік заттар, адренергиялық нейрондардың блокаторлары, кальций өзекшелерінің блокаторлары және альфа-адренорецепторлардың блокаторлары - плацебо қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда, силденафилді қабылдап жүрген пациенттердегі жағымсыз әсерлерінің бейініндегі айырмашылықтарға ықпалын тигізбеді. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесулеріне жүргізілген, барысында 100 мг дозадағы силденафил артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинмен бір мезгілде қолданылған арнайы зерттеулерде, шалқадан жатқан қалыптағы систолалық артериялық қысымның қосымша төмендеуі 8 мм. с.б. құрады. Шалқадан жатқан қалыптағы диастолалық артериялық қысымның тиісінше қосымша төмендеуі 7 мм. с.б. құрады. Артериялық қысымның бұл қосымша төмендеулері шамалары жағынан, силденафилді дені сау еріктілерде монотерапия ретінде пайдаланған кезде байқалғандармен ұқсас болды.
Силденафил (100 мг дозада) АИТВ протеазасының тежегіштері, CYP3A4 субстраттары болып табылатын саквинавир мен ритонавирдің тепе тең күйінің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Дені сау ерікті ерлерде бозентанмен бір мезгілде қолданғанда силденафил тепе-теңдік жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бозентанның AUC пен Cmax (тәулігіне екі рет 125 мг) сәйкесінше 49,8 % және 42 %-ға жоғарылауын тудырады.