CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетаконазол, итраконазол, вориконазол, посаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және АИВ протеаза тежегіштері) немесе CYP P450 3A4 цитохромы жүйесімен метаболизденетін препараттар (ритонавир сияқты) будесонидтің метаболизмін баяулатып, оның қан плазмасындағы деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Бұл препараттарды будесонидпен бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, итраконазолды, ритонавирді және CYP P450 3A4 және будесонидтің басқа да ықтимал тежегіштерін тағайындау арасындағы уақыт аралығын барынша арттыру керек.
200 мг дозада CYP3A4 кетоконазол цитохромының күшті тежегішін қабылдау оларды бірге тағайындағанда пероральді будесонид плазмасындағы концентрацияны (бір реттік доза 3 мг) орташа алғанда 6 есе арттырады. Кетоконазолды будесонидті қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң тағайындағанда, соңғысының плазмасындағы концентрация орта есеппен 3 есе артты, бұл қабылдаулар арасындағы аралықтың ұлғаюы олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын азайтуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ингаляциялық будесонидтің жоғары дозаларын қолдану кезінде осы өзара әрекеттесуге қатысты шектеулі деректер итраконазолды тәулігіне 1 рет 200 мг дозада және ингаляциялық будесонидті 1000 мкг дозада бір рет бір мезгілде қолданған жағдайда будесонидтің плазмалық деңгейлері айтарлықтай жоғарылауы мүмкін (орта есеппен 4 есе).
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі
-адренорецептор блокаторлары формотеролдың әсерін әлсіретуі немесе бәсеңдетуі мүмкін. Симбикорт Турбухалер™ мәжбүрлі жағдайларды қоспағанда, -адреноблокаторлармен (көз тамшыларын қоса алғанда) бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Симбикорт Турбухалер™ және хинидин, дизопирамид, прокаинамид, фенотиазиндер, антигистаминдік препараттар (терфенадин), трициклді антидепрессанттарды бірлесіп тағайындау QTc аралығын ұзартуы және қарыншалық аритмиялардың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар, леводопа, L-тироксин, окситоцин және алкоголь жүрек бұлшықетінің 2- адреномиметиктерге төзімділігін төмендетуі мүмкін.
МАО тежегіштерін, сондай-ақ фуразолидон және прокарбазин сияқты ұқсас қасиеттері бар препараттарды бірге тағайындау артериялық қысымның жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Галогенделген көмірсутектер препараттарымен жалпы анестезия кезінде пациенттерде аритмияның даму қаупі жоғары.
Басқа бета-адренергиялық препараттарды немесе антихолинергиялық препараттарды бір мезгілде қабылдау әлеуетті қосымша бронхолитикалық әсерге ие болуы мүмкін.
2-адреномиметиктерді қолдану нәтижесінде гипокалиемия пайда болуы мүмкін, ол ксантин туындыларымен, глюкокортикостероидтардың минералды туындыларымен немесе диуретиктермен қатарлас емдеу кезінде күшеюі мүмкін. Гипокалиемия жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерде аритмияның дамуына бейімділікті күшейтуі мүмкін.
Симбикорт Турбухалер™ препаратының бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланылатын басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Балалар
Өзара әрекеттесуді зерттеу ересек пациенттердің қатысуымен ғана жүргізілді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Итраконазолмен, ритонавирмен немесе басқа да күшті CYP3A4 тежегіштерімен қатар емдеуден аулақ болу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, осы препараттар мен Симбикорт Турбухалер™ препаратын қабылдау арасындағы уақыт аралығы мүмкіндігінше ұзақ болуы тиіс. CYP3A4 күшті тежегіштерін пайдаланатын пациенттер үшін Симбикорт Турбухалер™ препаратының көмегімен ұстамаларды тұрақты емдеу және тоқтату ұсынылмайды.
Ерекше аурулар кезінде сақтықты сақтау
• Симбикорт Турбухалер™ препаратын тиреотоксикоз, феохромоцитома, қант диабеті, бақыланбайтын гипокалиемия, идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды стеноз, ауыр артериялық гипертензия, кез келген локализациядағы аневризма немесе басқа да ауыр жүрек-тамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, тахиаритмия немесе ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі) сияқты аурулар кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.
• Түзетілген QT аралығын ұзартумен пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Формотеролды қабылдау QTс аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін).
2-адренорецептор агонистерін гипокалиемиялық әсерді туындатуы немесе күшейтуі мүмкін препараттармен бірге тағайындаған кезде, мысалы, ксантин туындылары, стероидтар немесе диуретиктер, 2-адренорецептор агонистерінің гипокалиемиялық әсері күшеюі мүмкін. Ауыр бронх демікпесінің өршуі кезінде ұстамаларды жеңілдету үшін қысқа әсер ететін бронходилятаторларды қолданатын тұрақсыз бронх демікпесі бар пациенттерде ерекше сақтық шараларын сақтау керек, себебі гипокалиемияның даму қаупі гипоксия аясында және гипокалиемиялық әсердің пайда болу ықтималдығы жоғарылаған кезде басқа жағдайларда артады. Мұндай жағдайларда сарысудағы калий деңгейін бақылау ұсынылады. Емдеу кезеңінде қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясын бақылау керек.
Өкпе туберкулезінің белсенді және белсенді емес түрі, тыныс алу жолдарының зеңдік және вирустық инфекциялары бар пациенттерде дозалауды, ал кейбір жағдайларда ингаляциялық кортикостероидтарды тағайындау қажеттілігін қайта қарау ұсынылады.
Жүйелік әсерлер
Жүйелі әсер кез келген ингаляциялық глюкокортикостероидтарды қабылдау кезінде, әсіресе ұзақ уақыт бойы препараттардың жоғары дозаларын қабылдау кезінде білінуі мүмкін. Пероральді глюкокортикостероидтарды пайдаланғанға қарағанда, ингаляциялық ем жүргізген кезде жүйелі әсер ету көріністері аз болуы мүмкін. Ықтимал жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоидты белгілер, бүйрекүсті бездерінің функциясын басу, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуі, сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта және глаукома және сирек бірқатар психологиялық немесе мінез-құлық әсерлері, соның ішінде: психомоторлы аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессия немесе агрессия (әсіресе балаларда) жатады.
Сүйек тінінің тығыздығына, әсіресе ұзақ уақыт бойы жоғары доза алатын және остеопороздың даму қаупінің қатарлас факторлары бар пациенттерде ықтимал әсерін ескеру керек. Орташа тәуліктік дозалары 400 мкг (өлшенген доза түрінде) болатын балаларда немесе тәуліктік дозалары 800 мкг (өлшенген доза түрінде) болатын ересектерде ингаляциялық будесонидтің әсерін ұзақ мерзімді зерттеу нәтижелері сүйектердің минералды тығыздығына қандай да бір елеулі әсерін көрсеткен жоқ. Формотерол мен будесонидтің неғұрлым жоғары дозаларда әсері туралы ақпарат жоқ.
Көрудің бұзылуы жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданғанда байқалуы мүмкін. Пациенттерде көрудің бұлыңғырлануы немесе басқа да көру бұзылыстары сияқты симптомдар дамыған жағдайда жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жіберу керек.
Бүйрекүсті безі функциясының бұзылуы
Қосымша жүйелі стероидтармен немесе ингаляциялық будесонидпен емдеуді күрт тоқтатпаған жөн.
Ингаляциялық кортикостероидтардың жоғары дозаларымен, әсіресе ұсынылған дозалардан жоғары ұзақ емдеу, сондай-ақ бүйрекүсті безі функциясының клиникалық мәнді бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, стресс кезеңінде, мысалы, ауыр инфекциялар немесе жоспарлы операциялар кезінде жүйелік кортикостероидтарды қосымша қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Стероидтердің дозасын тез төмендету бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігінде байқалатын белгілер мен симптомдар біршама белгісіз болуы мүмкін, бірақ мыналарды қамтуы мүмкін: анорексия, іштің ауыруы, салмақ жоғалту, шаршау, бас ауыру, жүрек айну, құсу, сана деңгейінің төмендеуі, құрысулар, гипотония және гипогликемия.
Парадоксальді бронх түйілуі
Кез келген басқа ингаляциялық ем сияқты, препарат дозасын қабылдағаннан кейін ырғақтың жедел күшеюімен парадоксальді бронх түйілуі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда Симбикорт Турбухалер™ препаратымен емді тоқтату, пациенттің жай-күйін бағалау және қажет болған жағдайда, емдеу тактикасын қайта қарау және баламалы ем тағайындау керек. Парадоксты бронх түйілуі тез әсер ететін ингаляциялық бронходилататордың әсеріне жауап ретінде пайда болады және оны дереу емдеу керек.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА)
Симбикорт Турбухалер™ препаратын болжамды қалыпты мәннен ҮДЛ1 мәні > 50% (бронходилататормен ингаляцияға дейін) және болжамды қалыпты мәннен ҮДЛ1 мәні < 70% (бронходилататормен ингаляцияға дейін) болатын ӨСОА шалдыққан пациенттерде қолдануға қатысты клиникалық зерттеулердің деректері жоқ.
Ауруханаға жатқызуды талап ететін жағдайларды қоса алғанда, пневмонияның анағұрлым жиі жағдайлары туралы ингаляциялық кортикостероидтарды қолданғаннан кейін ӨСОА шалдыққан пациенттерде хабарланды. Стероид дозасы жоғарылағанда пневмонияның даму қаупі артатыны туралы дәлелдер бар.
Ингаляциялық кортикостероидтар арасындағы класстар арасындағы пневмонияның даму қаупінің айырмашылығына нақты клиникалық дәлелдер жоқ.
Дәрігерлер ӨСОА мен пневмонияның клиникалық белгілерінің жиі қиылысуын ескере отырып, ӨСОА-ға шалдыққан пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты ерекше сақ болған жөн.
Тұрақты шылым шегу, егде жас, дене салмағының төмен индексі және ӨСОА-ның ауыр дәрежесі ӨСОА-ға шалдыққан пациенттерде пневмония дамуының қауіп факторлары болып табылады.
Балалар және жасөспірімдер
Ингаляциялық кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолданатын балалардың өсуін ұдайы бақылау ұсынылады. Олардың өсуі бәсеңдеген жағдайда ингаляциялық кортикостероидтың дозасын, егер мүмкін болса, демікпені тиімді бақылау сақталатын ең төменгі дозаға дейін азайту мақсатында емді қайта қарастыру керек. Кортикостероидтарды қолданудың пайдасын және өсудің баяулау қаупін мұқият салыстыру, сондай-ақ пациентті балалар пульмонологына тексеруге жіберудің орындылығын қарастыру керек.
Шектеулі деректер будесонидті ингаляция арқылы қабылдаған балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі сайып келгенде, есейген шақта өзінің мақсатты өсуіне қол жеткізген. Дегенмен, өсудің аздап бастапқы, қысқа мерзімді төмендеуі (шамамен 1 см) байқалды. Әдетте, бұл емдеудің бірінші жылында болады.