Төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар келесі шартты белгіге сәйкес жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000) немесе белгісіз (қолжетімді деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Әрбір топ шегінде жағымсыз реакциялар күрделілігінің кему ретімен берілген.
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
- ұйқышылдық1, бас айналу3, дисгевзия1
- ауыздың кеберсуі1
- көз аллергиясы1, кератит1, көздің ауыруы1, көздегі жайсыздық1, анық көрмеу1, көру қабілетінің бұзылуы3, көз гиперемиясы1, конъюнктиваның бозаруы3
Жиі емес (≥ 1/1,000-нан < 1/100 дейін)
- назофарингит2, фарингит2, синусит2
- эритроциттер санының азаюы2, қанда хлорид мөлшерінің артуы2
- жоғары сезімталдық3
- апатия, депрессия3, депрессиялық жай-күй2, ұйқысыздық1, жыныстық құштарлықтың төмендеуі2, түнгі қорқынышты түстер2, күйгелектік2
- бас ауыру1, қимыл үйлесімінің бұзылуы2, амнезия2, жады нашарлауы2, парестезия2
- диспепсия1, эзофагит2, асқазан-ішек жайсыздануы1, диарея2, құсу2, жүрек айну2, дәреттің жиілеуі2, метеоризм2, оральді гипестезия2, ауыз қуысының парестезиялары1
- бауыр функциясының атиптік сынамасы2
- жанаспалы дерматит1, есекжем2, бөртпе2, макула-папулёзді бөртпе2, жайылған қышыну2, алопеция2, тері тығыздығының төмендеуі2
- мөлдір қабық эрозиясы1, мөлдір қабық ісінуі2, блефарит1, мөлдір қабықтағы шөгінділер (преципитаттар)1, конъюнктивалық бұзылыс (бұдырлары)1, көз қарығу1, фотопсия2, көз ісінуі2, қабақ ісінуі1, конъюнктивалық ісіну, көздің құрғауы1, көзден бөліністер1, көру өткірлігінің төмендеуі2, көз жасының көп ағуы, птеригиум2, қабақ эритемасы1, мейбомианит2, диплопия2, жарық сәулеге сезімталдық2, көз гипестезиясы, ақ қабық пигментациясы 2, конъюнктива астындағы киста2, көздегі әдеттен тыс сезімталдық1, астенопия1
- бас айналу1, құлақтың шыңылдауы2
- жүрек-тыныс алу жеткіліксіздігі2, стенокардия2, аритмия3, жүректің жиі соғуы2,3, жүрек ырғағының бұзылуы2, брадикардия2,3, тахикардия3
- гипотензия1
- диспноэ2, бронхтың аса жоғары белсенділігі2, фаринголарингеальді ауыру2, тамақтың құрғап кетуі1, жөтел2, мұрыннан қан кету2, жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі2, мұрынның бітелуі1, ринорея2, тамақтың жыбырлауы2, мұрын шырышының құрғауы1, постназальді ісіп кету1, түшкіру2
- белдің ауыруы2, бұлшықеттердің түйілуі2, миалгия2
- бүйректің ауыруы2
- эректильді дисфункция2
- ауыру2, кеуде қуысындағы жайсыздық2, әдеттен тыс түйсіктер2, үрей сезімі2, қозғыштық2, препараттың қалдығы1
Өте сирек (<1/10,000)
- естен тану3
- увеит3, миоз3
- гипертензия3
Белгісіз
- ринит2
- тремор2, гипестезия2, агевзия2
- беттің ісінуі3, дерматит2,3, эритема2,3
- көру бұзылыстары2, мадароз2
- демікпе2
- артралгия2, аяқ-қолдың ауыруы2
- поллакиурия2
- кеуденің ауыруы2, шеткері ісіну2,3
- Денеде қызыл-қызғылт, нысана тәрізді немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасында күлбіреуіктермен, терінің қабығы, ауыз қуысының, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің жаралары бар. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз)
1 - Симбринза көзге тамызатын дәрісін қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакция*
2 - бринзоламид монотерапиясын қолдану кезінде байқалған қосымша жағымсыз реакция
3 - бримонидин монотерапиясын қолдану кезінде байқалған қосымша жағымсыз реакция
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz