Симдакс кальций-тәуелді фазасында миокардтың С тропинімен байланыса отырып, жиырылғыштық ақуыздардың кальцийге сезімталдығын күшейтеді.
Симдакс жүректің жиырылу күшін ұлғайтады, бірақ қарыншаның босаңсуына әсер етпейді. Левосимендан тамырлардың тегіс бұлшықетінде АТФ тәуелді калий өзекшелерін ашады және вена және артерияға (коронарлық тамырды қоса) вазодилатациялаушы әсер етеді. Симдакс in vitro фосфодиэстераза - III селективті тежегіші болып табылады. Мұның терапиялық концентрациядағы өзектілігі анық емес.
Оң инотропты және вазодилатациялаушы әсерлерінің арқасында, жүрек жеткіліксіздігінде жүректің жиырылу күшін артырады және алдынғы жүктемені және кейінгі жүктемені төмендетуге әкеледі.
Левосимендан коронарлық ангиопластика немесе тромболизистен кейін пациенттердің ишемияланған миокардын белсенділендіреді.
Дені сау еріктілер мен тұрақты және тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі гемодинамикалық зерттеулер жүктеме дозасы (3-тен 24 микрограмм / кг-ға дейін) және үздіксіз инфузия (дене салмағының 1 кг / минутына 0,05-тен 0,2 микрограмм/ кг-ға дейін) ретінде вена ішіне енгізілетін левосименданның дозаға тәуелді әсерін көрсетті.
Симдакс жүрекке хирургиялық операция жасалған пациенттердің коронарлық қан айналымын ұлғайтады және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің миокард пифузиясын жақсартады. Бұл оң нәтижелер миокардтың оттегіні тұтынуын шамалы арттыру арқылы қол жеткізіледі. Симдакс созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде айналымдағы эндотелин-1-дің деңгейін едәуір төмендетеді.
Левосимендан ұсынылатын енгізу жылдамдығын сақтай отырып, қан плазмасындағы катехоламиндердің концентрациясын арттырмайды.
Клиникалық зерттеулер
Симдакс 2800-ден астам жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен клиникалық сынақтардан өтті. ЖЖДЖ - жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігін емдеудегі Симдакс тиімділігі мен қауіпсіздігі келесі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын халықаралық клиникалық зерттеулерде бағаланды:
REVIVE бағдарламасы
REVIVE I
ЖЖДЖ бар 100 пациенттің қатысуымен жүргізілген салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын пилоттық зерттеуде Симдакс препаратының 24-сағаттық инфузиясын қабылдаған пациенттер қосымша стандартты емі бар плацебо тобымен салыстырғанда біріктірілген клиникалық соңғы нүктемен өлшенген қолайлы жауапқа ие болды.
REVIVE II
Салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеу 6-12 мкг/кг 10 минуттық қанығу дозасын алған 600 пациентте, одан кейін хаттамаға сәйкес левосимендан дозасын кезең-кезеңімен 0,05-0,2 мкг / кг / мин дейін титрленді. 24 сағатқа дейін ұзағырақ кезең, венаішілік диуретиктермен емделуден кейін тұрақты ентігу, жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігі бар пациенттерде клиникалық жағдайдың жақсаруын қамтамасыз етті. REVIVE клиникалық бағдарламасы екі жағдайда да стандартты терапиямен біріктірілген жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігін емдеудегі левосимендан мен плацебо тиімділігін салыстыруға арналған. Критерийлерге сәйкес жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігі соңғы 12 айда сол жақ қарыншаның шығарылымы 35%-дан аз немесе оған тең және тыныштықтағы ентігумен ауруханаға жатқызылған пациенттер енгізілген. Милринонды көктамыр ішіне енгізуден басқа, алдыңғы терапияны жалғастыру мақұлданды. Шығарудың критерийлеріне қарыншалық шығарылым жүйесінің обструкциясы, кардиогендік шок, систолалық қан қысымы ≤ 90 мм сын.бағ. немесе жүрек соғу жиілігі минутына ≥ 120 соққы (5 минуттан астам) немесе өкпенің жасанды вентиляциясы қажеттілігі.
Нәтижелер пациенттердің көпшілігінің жақсарғанын, аз пациенттердің нашарлағанын көрсетті (p-мәні 0,015), біріктірілген клиникалық соңғы нүктемен өлшенеді, бұл үш уақыт нүктесінде тұрақты клиникалық жақсаруды көрсетеді: 6 сағат, 24 сағат және 5 күн. В типті натрийуретикалық пептид 24 сағат және 5 күнде стандартты терапияны қосып плацебомен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді (p-мәні = 0,001). Симдакс препаратымен емделген пациенттер тобында бақылау тобымен салыстырғанда (тиісінше 15% және 12%) 90 күн ішінде өлім-жітім көрсеткішінің аздап жоғарылауы байқалды. Систолалық қан қысымының бастапқы деңгейі <100 мм сын.бағ. немесе диастолалық қан қысымы <60 мм сын.бағ. өлім қаупін арттырады.
SURVIVE
Жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігі бар және бұрын диуретиктер мен вазодилататорлармен емделмеген 1327 пациентте левосимендан мен добутаминді салыстырмалы жасырын, көп орталықты зерттеуде 180 күндік өлім көрсеткіштері салыстырылды. Зерттеуге анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі (мысалы, жедел миокард инфарктісі бар), сондай-ақ өкпе вентиляциясы қажет ететін пациенттер қамтылды. Зерттеуде пациенттердің шамамен 90% тыныштықта ентігу болған.
Пайыздық қатынаста левосимендан 5-ші күні жоғары болды (4% левосимендан, 6% добутамин). Бұл пайда 31 күн бойы сақталды (12% левосимендан, 14% добутамин), әсіресе бастапқыда бета-адреноблокаторларды қабылдаған пациенттерде. Бастапқыда қан қысымы төмен пациенттерде өлім деңгейі екі топта да нашар болды.
LIDO
Левосимендан жүрек лықсуының дозаға тәуелді ұлғаюына және екпінді көлемге, сондай-ақ өкпе капиллярының кептелу қысымының дозаға тәуелді төмендеуіне, орташа артериялық қысымға және жалпы шеткері кедергіге әкелетіні көрсетілген.
Салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеуде 203 ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын жүрек жеткіліксіздігі төмен (шығарылым фракциясы <0,35, жүрек индексі <2,5 л/мин/м, өкпе капиллярлық сына қысымы > 15 мм сын.бағ.), инотропты емді қажет ететін левосимендан (10 минут бойы 24 мкг / кг жүктеме дозасы, содан кейін 24 сағат бойы 0,1-0,2 мкг / кг/мин үздіксіз инфузия) немесе добутамин 5-10 мкг / кг / мин қабылдаған. Жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы пациенттердің 47%-ында ишемиялық болды; 45% идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатиядан зардап шекті. Пациенттердің 76%-ында тыныштық кезінде ентігу байқалды. Алып тастаудың негізгі критерийлеріне 90 мм с.б. төмен систолалық артериялық қысым және минутына 120 соққыдан жоғары жүрек жиырылуының жиілігі қосылды. 24 сағат ішінде левосимендан қабылдаған пациенттердің 28%-ында және добутамин қабылдаған пациенттердің 15%-ында жүрек шығысының ≥ 30% артуы және 24 сағаттан кейін өкпе капиллярларындағы сына қысымының 25% немесе одан да көп төмендеуіне қол жеткізілді (p) = 0,025). Пациенттердің 68% және 59% -ында ентігу төмендеді, тиісінше шаршау - 63 және 47%. 31 күндік өлім көрсеткіші левосимендандар тобында 7.8% және добу-амин тобында 17% құрады.
RUSSLAN
Негізгі мақсаты қауіпсіздікті зерттеу болатын салыстырмалы жасырын, көп орталықты зерттеуде инотропты емді қажет ететін жедел миокард инфарктісінен кейін декомпенсацияланған жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар 504 пациент 6 сағат бойы левосимендан немесе плацебо қабылдады. Топтар артериялық гипотензия мен миокард ишемиясының жиілігі бойынша айтарлықтай ерекшеленбеді.
LIDO және RUSSLAN екі зерттеу нәтижелерін ретроспективті талдау левосименданның 6 айлық өмір сүруге жағымсыз әсерін анықтаған жоқ.
Кардиохирургиядағы клиникалық зерттеулер
Төменде екі ең үлкен плацебо-бақыланатын зерттеулер берілген.
LEVO-CTS
Салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуінде жүрегіне операция жасалған 882 пациенттердің қатысуымен левосимендан инфузиясы (0,2 мкг/кг/мин 60 мин ішінде, кейіннен 23 сағат ішінде 0,1 мкг/кг/мин енгізу) операция алдындағы сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы 35%-дан аз немесе оған тең пациенттерде анестезия индукциясы кезінде басталатын. Зерттеу біріктірілген бастапқы соңғы нүктелерге жете алмады. 4 компоненттен тұратын (30 күндік өлім, 30 тәулік ішінде бүйрек алмастыру терапиясы, 5 тәулік ішінде периоперациялық миокард инфарктісі немесе 5 тәулік ішінде қан айналымын механикалық қолдауға арналған құрылғыны қолдану) бастапқы соңғы нүктеге левосимендан тобындағы пациенттердің 24,5% -ында және плацебо тобындағы (түзетілген МҚ, 1,00; 99% CА, 0,66-дан 1,54-ке дейін) пациенттердің 24,5% -ында қол жеткізілген. 2 компоненттен тұратын (30 күндік өлім немесе 5 тәулік ішінде қан айналымын механикалық қолдауға арналған құрылғыны қолдану) бастапқы соңғы нүктеге левосимендан тобындағы пациенттердің 13,1% - ында және плацебо тобындағы пациенттердің 11,4%-ында (түзетілген МҚ , 1,18; 96% CА, 0,76-дан 1,82-ге дейін) қол жеткізілген. 90 күндік өлім левосимендан тобындағы пациенттердің 4,7%-ында және плацебо тобындағы 7,1%-ында (түзетілген МҚ, 0,64; 95% CА, 0,37-ден 1,13-ке дейін) тіркелген. Гипотензия левосимендан тобындағы пациенттердің 36%-ында және плацебо тобындағы 33%-ында байқалған. Жүрекшелердің фибрилляциясы левосимендан тобындағы пациенттердің 38%-ында және плацебо тобындағы 33%-ында байқалған.
LICORN
Сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40%, коронарлық артерия шунттау (клапандарда операциямен немесе онсыз) жоспарланған 336 ересек пациенттердің қатысуымен зерттеуші бастамашылық еткен көп орталықты плацебо-бақыланатын салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеу. Жүктеме дозасыз левосимендан инфузиясы 0,1 мкг/кг/мин анестезия индукциясыннан кейін 24 сағат бойы жалғастырылған.
Бастапқы нәтиже, 48 сағаттан астам уақытқа созылған, катехоламин инфузиясының қажеттілігінің, операциядан кейінгі кезеңде механикалық қан айналымын қолдау құрылғыларының қажеттілігінің немесе бүйрек алмастыратын терапияның қажеттілігінің жиынтығы ретінде бағаланған. Левосимендан қабылдаған пациенттердің 52%-ында және плацебо қабылдаған пациенттердің 61%-ында бастапқы соңғы нүктеге қол жеткізілген (абсолютті қауіп айырмашылығы, -7%; 95% CА, -17%-дан 3%-ға дейін). Қауіптің есептік 10%-ға төмендеуі негізінен 48 сағаттан кейін катехоламин инфузиясының қажеттілігіне байланысты. 180 күннен кейін өлім левосименданмен емдеу тобында 8% және плацебо тобында 10% құрған. Гипотензия левосимендан тобындағы пациенттердің 57%-ында және плацебо тобындағы 48%-ында байқалған. Жүрекшелердің фибрилляциясы левосимендан тобындағы пациенттердің 50%-ында және плацебо тобындағы 40%-ында байқалған.