Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
13 мг
Саудалық атауы
Симидона форте
Әсер етуші зат
Цимицифуги корневища
Мақсаты
Климакс алдындағы қан кернеулер, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, күйгелектік және көңіл-күйдің құбылмалылығы сияқты бұзылыстардың симптомдарын жеңілдетуге арналған өсімдік тектес…
Өндіруші
Макс Целлер Зьоне АГ
Ел
Швейцария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – шоқ тәрізді цимицифуга (Cimicifuga racemosa (L.) Nutt.) тамырсабақтарының құрғақ экстрактісі, оның құрамында 13 мг нативті экстракт (4,5-8,5:1), экстрагент: этанол 60 %* (к/к) және повидон (экстракт дайындау үшін қолданылатын қосымша зат).
* - экстрагент «этанол 60%» тек цимицифуга тамырсабақтарының құрғақ экстрактісін алу үшін қолданылады және соңғы өнімнің құрамында болмайды.
қосымша заттар - натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, ақшыл сары түсті бір жағында «С» және басқа жағында «13» өрнектелген өзіне тән иісі бар, қоңыр түсті дақтары байқалуы мүмкін екі беті дөңес таблеткалар.
Климакс алдындағы қан кернеулер, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, күйгелектік және көңіл-күйдің құбылмалылығы сияқты бұзылыстардың симптомдарын жеңілдетуге арналған өсімдік тектес дәрілік препарат.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Цимицифуга тамырсабағының этанол экстрактілерінің құрамында тритерпендік гликозидтер, флавоноидтар дериваттары және хош иісті қышқылдар бар.
Цимицифуга экстрактісінің адамның сүт безі обыры жасушаларының оң және теріс желілеріне эстроген-рецепторына (ER) әсері түрлі in vitro эксперименттерде тестіленді. Алынған нәтижелер бір-біріне қарама-қайшы. Жарияланған зерттеулердің көпшілігінде, басқаларының арасында – цимицифуга экстрактісін Ze 450 зерттеуден, жасушалар пролиферациясының тежелуі анықталды және/немесе пролиферациясының жоқтығы расталды.
Цимицифуга экстрактісінің компоненттері эстроген рецепторымен байланысуға белгілі бір дәрежеде тектестікке ие, бірақ эстрогендік әсер бермейтінін анықтауға мүмкіндік болды.
Жағымсыз фармакодинамикалық қасиеттерін зерттеу
Менопаузадан кейінгі 400 әйел қатысқан бір клиникалық зерттеуде трансвагинальді ультрадыбыстық зерттеу жолымен эндометрийдің қалыңдығы өлшенді. Бір жылдан артық уақыт ішінде эндометрий қалыңдығының артқаны байқалмаған. Гормоналдық параметрлердің (ЛГ, ФСГ, эстрадиол және пролактин) өзгерістері де анықталған жоқ.
Алынған мәліметтер, цимицифуга экстрактісінің байқалған әсерлері, аталған гормоналдық параметрлерге тікелей әсер етпеуі ықтимал екендігін көрсетеді.
Клиникалық тиімділігі
Симидона форте препаратының климакс кезеңі симптомдарын емдеу үшін тиімділігі проспективтік плацебо-бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеудің барысында зерттелді.
Үш топ қатысқан жоғарыда аталған зерттеуде 12 апта бойы Симидона форте препаратының плацебомен салыстырғандағы артықшылықтары туралы мәліметтер беріліп отырды. Зерттеудегі препаратты кемінде бір рет қабылдаған (N = 153) барлық рандомизацияланған субъектілерді іріктеудегі бастапқы ақырғы нүкте (Купперман индексі) тиімділігінің дозасына өзара байланыстылықпен ауытқып тұратындығын көрсетті. 13 мг дозасын әйелдердегі климакс кезеңінің 6,5 мг дозасы жеткіліксіз болған симптомдарын емдеу үшін қолдануға болады.
Дозалау режимі
Күніне 1 рет 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы таңертең немесе кешке, тұтастай, аз мөлшердегі сұйықтықпен, дұрысы бір уақытта ішу керек. Таблетканы қабылдау тамақ ішумен байланыссыз.
Емдеу ұзақтығы
Әсері бірден басталмайды. Симидона форте препаратын кемінде 6 апта бойы қабылдау ұсынылады.
Симидона форте курсының ұсынылатын ұзақтығы бірнеше айды құрайды, алайда, дәрігердің кеңесінсіз 6 айдан асырылмауы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Препараттың кезекті дозасын енгізуді жіберіп алғанда оның келесі қолданылуын осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынғандай әдеттегі режимде жүргізу керек. Пациент өткізіп алған дозалардың орнын толтыру мақсатында екі еселенген дозаны енгізбеуі тиіс.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Препаратпен емдеуді тоқтату қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, дәрігерге Сіз қабылдаған барлық дәрілік препараттар туралы айту керек.
Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін нұсқаулықта және дәрігер берген барлық ұсынымдарды қатаң түрде орындаған жөн.
Көрсетілген дозаларды арттыру мен емдеу курсын ұзартуды емдеуші дәрігермен кеңеспей, жасауға болмайды. Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты қалай қолдану керектігі туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізден сұраңыз.
- әсер етуші затқа немесе сарғалдақ (Ranunculaceae) тұқымдас өсімдіктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Белгісіз
- бет пен дененің ісінуі
- бөртпе, қышыну, есекжем
Сирек жағдайларда
- асқазандағы жайсыздық, жүрек айнуы, диспепсия және диарея
Бірлі жарым жағдайларда
- бауырдың ішінара ауыр зақымдануын растау (мысалы, бауыр функциясының аномальді көрсеткіштері, сарғаю, гепатит)
- емшектің кернеуі мен ісінуі, жұғынды немесе лақылдап қан кетулер
- жүйелі етеккірлердің қайта басталуы туралы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерге Симидона фортені сақтықпен қабылдау керек.
Бауыр зақымдануын білдіретін белгілер мен симптомдар (шаршау, тәбеттің жоғалуы, тері мен көздің сарғаюы немесе жүрек айнуы және құсумен немесе несептің қараюымен жүретін іштің жоғарғы бөлігінің қатты ауыруы) пайда болса, пациенттер цимицифуга препараттарын қабылдауды тоқтатуы және дереу өзінің дәрігермен кеңесуі тиіс.
Цимицифуга препараттары, егер бұларды қабылдауды дәрігер тағайындамаса, эстрогендермен бірге пайдаланылмауы тиіс.
Сүт безі обырынан немесе гормонға тәуелді басқа ісіктерден емделген немесе емделіп жүрген пациенттер, цимицифуга препараттарын медициналық ұсынымсыз қабылдамауы тиіс.
Етеккір кезінде қолданғанда, емшектің кернеуі мен ісінуі, жұғынды немесе лақылдап қан кетулер туындаған жағдайда, сондай-ақ, жүйелі етеккірлер қайта басталған немесе симптомдары нашарлаған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет.
Клиникалық мәліметтердің болмауына байланысты бұл препаратты остеопороздың алдын-алу үшін қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Симидона форте құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Симидона фортені тағайындауға болмайды.
Бұл препараттың 1 дозасының құрамында 1 ммоль (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрийден бос.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Егде жастағы адамдарда қолдану ерекшеліктері туралы деректер жоқ.
Жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданылуы
Құрамында цимицифуга (Cimicifuga racemosa) бар препараттарды әйелдерге климакс кезінде қолдану көрсетілген. Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы қарастырылмаған. Жүктілік және бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Мәліметтер жеткілікті болмағандықтан, жүктілік және лактация кезінде пайдалану ұсынылмайды.
Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерге, емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.