Әсер ету механизмі
Голимумаб адамның α-ІНФ (α-ісік некрозы факторы) еритін және жарғақшааралық биобелсенді түрлерімен жоғары аффинді тұрақты кешендер түзетін адамның моноклонды антиденесі болып табылады, бұл рецепторлармен α-ІНФ байланысуын болдырмайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Адамның ісік некрозы факторының (ІНФ) голимумабпен байланысуының E-селектин адгезиясы молекулаларының, тамырлық эндотелий (VCAM)-1 адгезиясы молекулаларының және адамның (ICAM)-1 эндотелий жасушаларымен жасуша аралық адгезия молекулаларының жасушалар беткейінде α-ІНФ-индукцияланған экспрессиясын бейтараптандыруға әкелетіні көрсетілді. In vitro голимумаб адамның эндотелий жасушаларымен интерлейкин ИЛ-6, ИЛ-8 және гранулоцитарлық-макрофагтық-колония стимуляциялау факторының (GM-CSF) ІНФ-индукцияланған секрециясын да тежеген.
С-реактивті ақуыз (СРА) деңгейлерінің плацебо топтарына қатысты жақсаруы байқалды, ал Симпони препаратымен ем барысында ИЛ-6, ICAM-1, матрикстік металлопротеиназа (MMP)-3 және тамырлар эндотелийінің өсу факторының (VEGF) сарысудағы деңгейлерінің, бақылау тобымен салыстырғанда, бастапқы мәндерінен едәуір азаюы болды. Ревматоидтық артрит пен шорбуынданатын спондилит бар пациенттерде α-ІНФ деңгейінің, сондай-ақ псориаздық артрит бар пациенттерде ИЛ-8 деңгейінің төмендеуі де болды. Бұл өзгерістер Симпони емінің басталуынан кейін бірінші тексеру тұсында (4-апта) білінді және жалпы 24-аптаға дейін сақталды
Клиникалық тиімділігі
Ревматоидтық артрит
Америкалық ревматологтар алқасы (ACR) критерийлеріне сәйкес, скринингке дейін кемінде 3 ай бұрын диагностикаланған белсенді РА орташа немесе ауыр дәрежесіндегі ≥18 жастағы 1500-нан астам пациенттерде жүргізілген көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын үш зерттеуде Симпони тиімділігі көріністелді. Пациенттерде, кем дегенде, 4 ісінген және 4 ауырсындыратын буын болды. Симпони немесе плацебо әр 4 апта сайын тері астына енгізілді.
GO-FORWARD зерттеуінде 15 мг/аптадан артық метотрексаттың тұрақты дозасын қабылдағанына қарамастан белсенді ревматоидтық артрит байқалды және бұрын ІНФ-антагонистерімен ем қабылдамаған 444 пациент бағаланды. Пациенттер келесі: плацебо + метотрексат, Симпони 50 мг + метотрексат, Симпони 100 мг + метотрексат немесе Симпони 100 мг + плацебо топтарында рандомизацияланды. Плацебо + метотрексат қабылдаған пациенттер 24 апта өткен соң Симпони 50 мг + метотрексатқа ауыстырылды. Пациенттер 52-аптада алдыңғысының жалғасы болған ашық ұзақ мерзімді зерттеуге қосылды.
GO-AFTER зерттеуінде бұрын бір немесе одан көп ІНФ-антагонистерін – адалимумаб, этанерцепт немесе инфликсимаб қолданумен ем қабылдаған 445 пациент бағаланды. Пациенттер плацебо, Симпони 50 мг немесе Симпони 100 мг қабылдаған топтарда рандомизацияланды. Зерттеу кезінде пациенттерге метотрексатпен, сульфасалазиндермен және/немесе гидроксихлорохинмен қатар жүргізілген АМРҚП емін жалғастыруға рұқсат етілді. Осының алдында ІНФ-антагонистерімен емді тоқтатудың көрсетілген себептері: жеткіліксіз тиімділік (58%), жақпаушылық (13%), және/немесе қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатыссыз себептер (29%, ең алдымен, қаржылық себептер) болды.
GO-BEFORE зерттеуіне бұрын ешқашан метотрексат пен ІНФ-антагонистерін қабылдамаған белсенді ревматоидтық артрит бар 637 пациент қосылды. Пациенттер плацебо + метотрексат, Симпони 50 мг + метотрексат, Симпони 100 мг + метотрексат немесе Симпони 100 мг + плацебо қабылдаған топтарда рандомизацияланды. Пациенттер 52-аптада ашық ұзақмерзімді зерттеуге ауысты, осы орайда, кем дегенде, 1 ауырсындыратын немесе ісіп кеткен буыны бар плацебо + метотрексат қабылдаған пациенттер Симпони 50 мг + метотрексатқа ауыстырылды.
GO-FORWARD зерттеуінде (бірлескен) бастапқы соңғы нүктелер: Америкалық ревматологтар алқасының критерийлері бойынша 14-аптада ACR 20 жауабына және 24-аптада Денсаулық жағдайын бағалау сауалнамасының (HAQ) нәтижелері бойынша жақсаруға жеткен пациенттер пайызы болды. GO-AFTER зерттеуінде бастапқы соңғы нүкте 14-аптада ACR 20 жауабына жеткен пациенттер пайызы болды. GO-BEFORE зерттеуінде бірлескен-бастапқы соңғы нүктелер: 24-аптада ACR 50 жауабына және 52-аптада, бастапқысымен салыстырғанда, Ван-дер-Хейде-Шарп (vdH-S) көрсеткішінің өзгеруіне жеткен пациенттер пайызы болды. Бастапқы соңғы нүктені (нүктелерді) толықтыру ретінде Симпонимен емдеудің артрит белгілері мен симптомдарына, рентгенографиялық жауапқа, физикалық функцияға және денсаулықпен байланысты өмір сапасына әсер етуіне қосымша бағалаулар жүргізілді.
Жалпы, метотрексатты қатарлас қолданумен Симпони 50 мг және 100 мг екі дозалау режимінің арасындағы тиімділік көрсеткіштерінде ешқандай клиникалық мәнді айырмашылықтар GO-FORWARD және GO-BEFORE зерттеулерінің 104-ші аптасына және GO-AFTER зерттеуінің 24 аптасына дейін байқалмады. Дизайнға сәйкес әр РА зерттеуінде, дәрігер ұйғарымы бойынша, ұзақ мерзімді зерттеуге қатысқан пациенттерді 50 мг және 100 мг Симпони арасында ауыстыруға болады.
Клиникалық көріністері және симптомдары
Симпони 50 мг дозасына жүргізілген GO-BEFORE, GO-AFTER және GO-FORWARD зерттеулерінің 14, 24 және 52-аптасында ACR критерийлері бойынша шешуші нәтижелер 2-кестеде берілген және төменде сипатталған. Емге жауап Симпониді бірінші енгізгеннен кейін көрсеткіштердің алғашқы бағалауында (4-апта) байқалды.
Симпони 50 мг + метотрексат тобында рандомизацияланған 89 пациент арасында жүргізілген GO-FORWARD зерттеуінде 48 пациент 104-аптада әлі де осы емделуде болды. Олардың арасында 104-аптада 40, 33 және 24 пациентте, тиісінше, ACR 20/50/70 жауабы байқалды. Зерттеудің басында Симпони препаратымен емделуді жалғастырған пациенттер арасында 104-аптадан 256-аптаға дейін осыған ұқсас ACR 20/50/70 жауабының көрсеткіштері байқалды.
GO-AFTER зерттеуінде, осының алдында бір немесе бірнеше ІНФ-антагонистерімен емдеу курстарының тоқтатылу себептеріне қарамастан, Симпони қабылдағандар арасында ACR 20 жауабына жеткен пациенттер пайызы, плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда, жоғары болды.
2-кесте. GO-FORWARD, GO-AFTER және GO-BEFORE зерттеулерінің бақыланатын бөлігіндегі шешуші тиімділік нәтижелері.
GO-FORWARD Метотрексат қабылдауға қарамастан белсенді ревматоидтық артрит — GO-AFTER Бұрын бір немесе бірнеше ІНФ-антагонистерімен емделген белсенді ревматоидтық артрит — GO-BEFORE Метотрексат пен ешқашан емделмеген белсенді ревматоидтық артрит
Плацебо + Мето-трексат — Симпони 50 мг + Метотрек-сат — Плацебо — Симпони 50 мг — Плацебо + Мето-трексат — Симпони 50 мг + Метотрек-сат
nа — 133 — 89 — 150 — 147 — 160 — 159
Емдеуге жауап берген пациенттер, пациенттердің жалпы санынан %
ACR 20
14-апта — 33% — 55%* — 18% — 35%* — Қ/Е — Қ/Е
24-апта — 28% — 60%* — 16% — 31% p=0.002 — 49% — 62%
52-апта — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — 52% — 60%
ACR 50
14-апта — 10% — 35%* — 7% — 15% p=0.021 — Қ/Е — Қ/Е
24-апта — 14% — 37%* — 4% — 16%* — 29% — 40%
52-апта — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — 36% — 42%
ACR 70
14-апта — 4% — 14% p=0.008 — 2% — 10% p=0.005 — Қ/Е — Қ/Е
24-апта — 5% — 20%* — 2% — 9% p=0.009 — 16% — 24%
52-апта — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — Қ/Е — 22% — 28%
а n рандомизацияланған пациенттер санын көрсетеді; әр соңғы нүктеде бағаланған пациенттердің нақты саны әртүрлі уақыт аралығында өзгеріп отыруы мүмкін.
*p ≤ 0.001
Қ/Е: Қатысты емес
GO-BEFORE бастапқы талдауы ревматоидтық артриттің орташа немесе ауыр дәрежесіндегі пациенттерде (ACR 50 жауап санатында метотрексат мототерапиясымен салыстырғанда, Симпони 50 және 100 мг + метотрексат біріктірілген топтарда) 24-аптада статистикалық мәнді болмады (p=0.053). Жалпы популяцияда 52-аптада ACR жауабына жеткен Симпони 50 мг + метотрексат тобындағы пациенттер үлесі жалпы жоғары болды, бірақ метотрексатпен мототерапиядан елеулі ерекшеленбеді (2-кестені қараңыз). Атап көрсетілген ауыр, белсенді және үдемелі ревматоидтық артриті бар пациенттер популяциясын ұсынатын субпопуляцияда қосымша талдаулар жасалды. Жалпы алғанда, көрсетілген қауымда Симпони 50 мг + метотрексат емінің, жалпы қауыммен салыстырғанда, тек метотрексатты қолдану кезіндегіден әсерінің көбірек болатыны көріністелді.
GO-FORWARD және GO-AFTER зерттеуінде ауру белсенділігінің шкаласы (DAS)28 бойынша бағаланған клиникалық мәнді және статистикалық нақты жауаптар 14- және 24-аптада әр берілген уақыт нүктесінде анықталды (р≤ 0.001). Зерттеудің басынан Симпонимен емделуді жалғастырған пациенттер арасында DAS28 шкаласы бойынша жауаптар 104-аптаға дейін сақталды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони алған пациенттер арасында DAS28 шкаласы бойынша жауаптар 104- және 256 апталар арасында ұқсас болды.
GO-BEFORE зерттеуінде 6 айлық үздіксіз кезең бойына ACR 70 жауабының сақталуы ретінде айқындалған елеулі клиникалық жауабы өлшенді. Симпони 50 мг + метотрексат тобындағы пациенттердің 15%-ы 52-аптада, плацебо + метотрексат тобындағы пациенттердің 7%-мен салыстырғанда, клиникалық мәнді жауапқа жетті (р = 0.018). Симпони 50 мг + метотрексат тобында рандомизацияланған 159 пациент арасында 96-сы 104 аптада осылай емделуді әлі де жалғастырумен болды. Олардың арасында 85, 66 және 53 пациент, тиісінше, 104-аптада ACR 20/50/70 жауабын көрсетті. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони алған пациенттер арасында ACR 20/50/70 жауаптарының ұқсас пропорциясы 104 және 256 апталар арасында байқалды.
Рентгенографиялық жауап
GO-BEFORE зерттеуінде құрылымдық зақымдану дәрежесін бағалау үшін құрылымдық зақымданудың құрамдас көрсеткіші болып табылатын Ван-дер-Хейде-Шарп (vdH-S) модификацияланған нақты әдісінің бастапқы көрсеткішімен салыстырмалы өзгеріс дәрежесі пайдаланылды, ол рентгенологиялық зерттеу көмегімен буындар эрозиясының саны мен көлемін және қол/білезік және аяқ буындарындағы буын саңылауының тарылу дәрежесін өлшейді. Симпони 50 мг үшін 52-аптадағы зерттеудің шешуші нәтижелері 5-кестеде берілді.
Жаңа эрозияларсыз немесе өзгерістерсіз пациенттер саны, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, vdH-S≤ 0 жалпы көрсеткіші, бақылау тобына қарағанда, Симпонимен емделу тобында едәуір жоғары болды (р = 0.003). Рентгенографиялық зерттеу көрсеткіштері 52-аптада алынып, 104-аптаға дейін сақталды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында рентгенографиялық көрсеткіштер 104-тен 256 аптаға дейін ұқсас болды.
3-кесте. GO-BEFORE жалпы популяциясында, бастапқы мәнімен салыстырғанда, 52-аптадағы vdH-S жалпы көрсеткішінің рентгенографиялық бақылауы кезіндегі стандартты ауытқу (СА)
Плацебо + метотрексат — Симпони 50 мг + метотрексат
nа — 160 — 159
Жалпы көрсеткіш
Бастапқы — 19.7 (35.4) — 18.7 (32.4)
Бастапқысынан өзгерістері — 1.4 (4.6) — 0.7 (5.2)*
Эрозия көрсеткіші
Бастапқы — 11.3 (18.6) — 10.8 (17.4)
Бастапқысынан өзгерістері — 0.7 (2.8) — 0.5 (2.1)
Буын саңылауының тарылу көрсеткіші
Бастапқы — 8.4 (17.8) — 7.9 (16.1)
Бастапқысынан өзгерістері — 0.6 (2.3) — 0.2 (2.0)**
а n рандомизацияланған пациенттер санын көрсетеді
* p=0.015
**p = 0.044
Функциялық статус және денсаулық жағдайына байланысты өмір сүру сапасы
Функциялық статус және еңбекке қабілетсіздік GO-FORWARD және GO-AFTER зерттеулерінде Денсаулық жағдайын бағалау сауалнамасының (мүгедектікке ұшырау индексі) (HAQ-DI) нәтижелері бойынша жеке соңғы нүкте ретінде бағаланды. Осы зерттеулерде Симпони, 24-аптадағы бақылаумен салыстырмалы бастапқы деңгеймен салыстырғанда, HAQ-DI клиникалық мәнді және статистикалық нақты жақсаруын көріністеді. Симпонимен емделуді жалғастырған, зерттеудің басында осыған рандомизацияланған пациенттер арасында HAQ-DI көрсеткіштерінің жақсаруы 104-аптаға дейін сақталды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында HAQ-DI көрсеткіштерінің жақсаруы 104-тен 256 аптаға дейін ұқсас болды.
GO-FORWARD зерттеуінде, 24-аптадағы плацебо тобымен салыстырғанда, Симпони қабылдаған пациенттерде SF-36 сауалнамасында физикалық денсаулық көрсеткіші бойынша өлшенген денсаулық жағдайына байланысты өмір сүру сапасының көрсеткіштерінің клиникалық мәнді және статистикалық нақты жақсаруы көріністелді. Симпонимен емделуді жалғастырған, зерттеудің басында осыған рандомизацияланған пациенттер арасында SF-36 сауалнамасы бойынша физикалық денсаулықтың жақсаруы 104-аптаға дейін сақталды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында SF-36 сауалнамасындағы физикалық денсаулықтың жақсаруы 104-тен 256 аптаға дейін ұқсас болды. GO-FORWARD және GO-AFTER зерттеулерінде созылмалы аурудың емін функциялық бағалау шкаласы — қажып кетудің қосалқы шкаласы (FACIT-F) бойынша статистикалық нақты жақсарулар байқалды.
Псориаздық артрит
Симпони препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдауға немесе АМРҚП еміне қарамастан, белсенді псориаздық артриті (≥ 3 ісіп кеткен буыны және ≥3 ауырсындыратын буынды) бар ересек 405 пациент қатысқан көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуінде (GO-REVEAL) бағаланды. Псориаздық артрит диагнозы зерттеудің басталуына дейін, кем дегенде, 6 ай бұрын қойылды, сондай-ақ пациенттерде, ең болмаса, орташа дәрежедегі псориаз ауруы диагностикаланды. Зерттеуге псориаздық артриттің әр қосалқы типі, оның ішінде ревматоидтық түйіндерсіз полиартикулярлық артрит (43%), асимметриялық шеткері артрит (30%), дистальді фалангаралық буындар артриті (15%), шеткері артритпен спондилит (11%) және мутиляцияланатын артрит (1%) бар пациенттер қосылды.
Осының алдына ІНФ-антагонистерімен емдеуге рұқсат етілмеді. Симпони немесе плацебо әр 4 апта сайын тері астына енгізілді. Пациенттер плацебо, Симпони 50 мг немесе Симпони 100 мг топтарында рандомизацияланды. Плацебо қабылдаған пациенттер 24-апта өткен соң Симпони 50 мг ауыстырылды. Пациенттер 52-аптада ашық ұзақмерзімді зерттеуге ауысты. Пациенттердің 48% шамасы метотрексаттың тұрақты дозаларын (≤25 мг/апта) қабылдауды жалғастырды. Бірлескен-бастапқы соңғы нүктелер: 14-аптада ACR 20 жауабына жеткен және 24-аптада vdH-S модификациялануында псориаздық артрит жалпы бағалағандағы бастапқы деңгеймен салыстырғанда, өзгеріске қол жеткізген пациенттер пайызы болды.
Осылайша, 104-аптаға дейін Симпони - 50 мг және 100 мг екі дозалау режимінің арасындағы тиімділік көрсеткіштерінде ешқандай клиникалық мәнді айырмашылықтары байқалмады. Зерттеу дизайнына сәйкес, қосымша ұзақ мерзімді зерттеуге қатысқан пациенттерді, дәрігер ұйғарымы бойынша, Симпони 50 мг және 100 мг дозалары арасында ауыстыруға болады.
Клиникалық көріністері және симптомдары
Симпони 50 мг дозасы үшін 14 және 24-апталардағы шешуші нәтижелері 4-кестеде берілген және төменде сипатталған.
4-кесте. GO-REVEAL зерттеуінің деректері бойынша шешуші тиімділік нәтижелері
GO-REVEAL
Плацебо — Симпони 50 мг*
nа — 113 — 146
Емдеуге жауап берген пациенттер, пациенттердің жалпы санынан %
ACR 20
14-апта — 9% — 51%
24-апта — 12% — 52%
ACR 50
14-апта — 2% — 30%
24-апта — 4% — 32%
ACR 70
14-апта — 1% — 12 %
24-апта — 1% — 19 %
PASIb 75c
14-апта — 3 % — 40 %
24-апта — 1% — 56 %
*p ≤ 0.005 барлық салыстырмалы көрсеткіштер үшін
а n рандомизацияланған пациенттер санын көрсетеді; әр соңғы нүкте бойынша бағаланған пациенттердің нақты саны әртүрлі уақыт аралықтарында өзгеріп отыруы мүмкін
b PASI – псориаздың таралу ауданының индексі және ауырлық дәрежесі
c Псориаз зақымдаған дене ауданының бастапқы көрсеткіші ≥3% болатын пациенттердің субпопуляциясына негізделген, бұл плацебо тобында 79 (69.9%) және Симпони 50 мг тобында 109 (74.3%) пациентті құрайды.
Емдеуге жауап берген пациенттер бастапқы Симпони инъекциясынан кейінгі көрсеткіштерді бірінші бағалағанда (4-апта) бақылауда болды. Ұқсас ACR 20 жауаптары 14 аптада ревматоидтық түйіндерсіз полиартикулярлы артрит және псориаздық қосалқы типтерге жататын асимметриялық шеткері артрит бар пациенттерде байқалды. Псориаздық артриттің басқа қосалқы типтері бар пациенттер саны бағалауға жеткіліксіз болды. Симпони қабылдаған топтарда байқалған жауаптар бір мезгілде метотрексат қабылдаған және қабылдамаған пациенттерде ұқсас болды. Симпони 50 мг тобында рандомизацияланған 146 пациент арасында 70-і 104 аптада емделуді тағы жалғастырды. Осы 70 пациенттен 64, 46 және 31 пациентте, тиісінше, ACR 20/50/70 жауабы байқалды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында ұқсас ACR 20/50/70 сандары 104 және 256 апталар арасында байқалды.
Ауру белсенділігінің шкаласы (DAS28) бойынша бағаланған статистикалық мәнді жауаптар 14 және 24 апталарда да байқалды (р <0.05).
Симпони қабылдаған пациенттерде псориаздық артритке тән шеткері белсенділік көрсеткіштерінің (мысалы, ісіп кеткен буындар саны, ауырудың әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі ауырсынған буындар саны, дактилит және энтезит) 24-аптада жақсаруы болды. Симпонимен емделу Денсаулық жағдайын бағалау сауалнамасының (мүгедектену индексі) (HAQ-DI) нәтижелері бойынша функционалдық статустың елеулі жақсаруына, сондай-ақ SF-36 сауалнамасының физикалық және психикалық компоненттерінің жиынтық балл бойынша бағаланған денсаулықпен байланысты өмір сапасының елеулі жақсаруына әкелді. Симпонимен емделуді жалғастырған, осыған зерттеудің басында рандомизацияланған пациенттер ауру белсенділігінің шкаласы (DAS28) бойынша және Денсаулық жағдайын бағалау сауалнамасының (мүгедектену индексі) (HAQ-DI) нәтижелері бойынша бағаланған жауаптар 104-тен 256-аптаға дейін сақталды. Зерттеуде қалған және Симпони емімен емделген пациенттер арасында das28 ауруының белсенділік индексі бойынша және денсаулық жағдайын бағалау сауалнамасы (мүгедектік индексі) (Haq-DI) нәтижелері бойынша бағаланған жауаптар 104 және 256-апталарға ұқсас болды.
Рентгенографиялық жауап
Қол және аяқ екеуінің құрылымдық зақымданулары, псориаздық артрит үшін модифицикацияланған бастапқысымен салыстырғанда, vdH-S көрсеткішінің өзгеруі бойынша рентгенографиялық жолмен бағаланып, қол басының дистальді фалангаралық буындарын да есепке алды.
Симпони 50 мг препаратымен емдеу, плацебомен салыстырғанда, 24-аптада шеткері буындар зақымдануының үдеу жиілігін төмендетті, бастапқысымен салыстырғанда, бұл жалпы модификацияланған vdH-S көрсеткішінің өзгерісі бойынша өлшенді (көрсеткішінің орташа мәні ± стандартты ауытқу: Симпони тобындағы -0.16 ± 1.3-пен салыстырғанда, плацебо тобында 0.27 ± 1.3 құрады; р = 0.011). Симпони 50 мг тобында рандомизацияланған 146 пациенттен 52 аптадағы рентгенографиялық тексеру деректері 126 пациент үшін алынды, олардың 77%-да бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда үдеу анықталмады. Рентгенографиялық тексеру деректері 104 аптада 114 пациент үшін алынды, ал 77%-да бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда үдеу анықталмады. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони алған пациенттер арасында 104-тен 256 аптаға дейін ұқсас көрсеткіштер болды.
Аксиальді спондилоартрит
Шорбуынданатын спондилит
Симпони қауіпсіздігі мен тиімділігін көпорталықты, рандомизацияланған, салыстырмалы, жасырын, плацебо-бақыланатын GO-RAISE зерттеуінде белсенді шорбуынданатын спондилиті бар 356 ересек пациентте бағалады.
Аурудың белсенділігі шорбуынданатын спондилит ауруы белсенділігі индексінің көрсеткішімен BASDAI ≥ 4 және көрнекі аналогтық шкаланың (КАШ) ≥4 деңгейімен бағаланды, онда ауырсыну айқындығы 0-ден 10 см-ге дейін бағаланды.
Осы зерттеуге енгізілген пациенттер қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) немесе ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) ағымдағы немесе алдыңғы емге қарамастан, аурудың белсенді ағымы болды, сондай-ақ бұрын олар ІНФ-антагонистерді қабылдамаған. Симпони немесе плацебо әр 4 апта сайын тері астына енгізілді. Пациенттер плацебо, Симпони 50 мг немесе Симпони 100 мг қабылдаған топтарда рандомизацияланды. Зерттеу кезінде пациенттерге метотрексатпен, сульфасалазиндермен және/немесе гидроксихлорохинмен қатар жүргізілген АМРҚП емін жалғастыруға рұқсат етілді. Бастапқы соңғы нүкте 14-аптада ASAS20 критерийі бойынша (ASAS - спондилоартриттерді зерттеу жөніндегі халықаралық қоғам) жақсартуға қол жеткізген пациенттердің үлесі болды. Плацебо-бақыланатын тиімділік деректері 24 апта ішінде жиналды және талданды.
Симпони 50 мг дозасын зерттеудің негізгі нәтижелері 5-кестеде келтірілген және төменде сипатталған.
Жалпы, 24 апта ішінде Симпони дозасының екі режимі - 50 мг және 100 мг арасындағы тиімділік көрсеткіштерінде клиникалық маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ. Зерттеу дизайнына сәйкес, қосымша ұзақ мерзімді зерттеуге қатысқан пациенттерді, дәрігер ұйғарымы бойынша, Симпони 50 мг және 100 мг дозалары арасында ауыстыруға болады.
5-кесте. GO-REVEAL зерттеуінің деректері бойынша шешуші тиімділік нәтижелері
GO-RAISE
Плацебо — Симпони 50 мг*
nа — 78 — 138
Емдеуге жауап берген пациенттер, пациенттердің жалпы санынан %
ASAS 20
14-апта — 22% — 59%
24-апта — 23% — 56%
ASAS 40
14-апта — 15% — 45%
24-апта — 15% — 44%
ASAS 5/6
14-апта — 8% — 50%
24-апта — 13% — 49 %
*p ≤ 0.001 барлық салыстырмалы көрсеткіштер үшін а n рандомизацияланған пациенттер санын көрсетеді; әр соңғы нүкте бойынша бағаланған пациенттердің нақты саны әртүрлі уақыт аралықтарында өзгеріп отыруы мүмкін
Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында ASAS 20 және ASAS 40 жауаптары бар пациенттердің үлесі 24-аптадан 256-аптаға дейін ұқсас болды.
BASDAI 50, 70 және 90 (p≤ 0.017) индекстері бар статистикалық маңызды жауаптар 14 және 24-апталарда да байқалды. Аурудың негізгі белсенділігінің жақсаруы Симпонидің алғашқы инъекциясынан кейінгі көрсеткіштердің алғашқы бағалауында (4-ші апта) байқалды. және 24-аптаға дейін сақталды. Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында 24-аптадан 256-аптаға дейінгі кезеңде BASDAI бастапқы көрсеткіштерімен салыстырғанда ұқсас өзгерістер байқалды. 14-аптадағы ASAS 20 жауаптарына сәйкес АМРҚП (метотрексат, сульфасалазин және/немесе гидроксихлорохин), HLA-B27 антигендерін немесе С-реактивті ақуыздың бастапқы деңгейін қабылдауға қарамастан тұрақты тиімділік байқалды.
Симпони препаратымен емдеу бастапқы деңгеймен салыстырғанда 14 және 24-апталарда BASFI индексінің (шорбуынданатын спондилоартрит кезіндегі функциялық бұзылулардың Батский индексі) өзгеруі бойынша бағаланатын функциялық статустың айтарлықтай жақсаруын туындатты.
SF-36 сауалнамасы бойынша денсаулықтың физикалық компонентінің көрсеткіші бойынша өлшенген 14 және 24-апталардағы денсаулық жағдайына байланысты өмір сүру сапасы да едәуір жақсарды.
Зерттеуге қатысуды жалғастырған және Симпони қабылдаған пациенттер арасында физикалық функциялардың жақсаруы және денсаулық жағдайына байланысты өмір сүру сапасы
24 және 256-апталарға ұқсас болды.
Рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит
GO-AHEAD зерттеуі
Симпони препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі көпорталықты рандомизацияланған, салыстырмалы, жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде (GO- AHEAD) 197 ересек пациенттің қатысуымен, рентгентгенографиялық емес аксиальді спондилоартриттің ауыр белсенді түрімен (ASAS жіктемесі бойынша аксиальді спондилоартриттің критерийлеріне жауап беретін, бірақ ШС-тың модификацияланған Нью-Йорк критерийлеріне жауап бермейтін пациенттер) бағаланды.
Осы зерттеуге енгізілген пациенттерде белсенді ауру болды (BASDAI ≥ 4 және жалпы арқаның ауыруы ≥ 4 көрнекі-аналогтық шкала бойынша (VAS 0-10 см), қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ағымдағы немесе алдыңғы емге қарамастан, сондай-ақ ІНФ-антагонистерін қоса алғанда, бұрын биологиялық ем алмаған.
Пациенттер әр 4 апта сайын тері астына плацебо немесе Симпони 50 мг қабылдаған топтарға рандомизацияланды. 16-аптадан бастап зерттеудің ашық кезеңі басталды, онда барлық пациенттер әр 4 апта сайын 48-аптаға дейін тері астына 50 мг Симпони препаратымен ем алды, 52-аптада тиімділікті бағалауды және 60-аптаға дейін қауіпсіздік бойынша бақылауды жүзеге асырды.
Зерттеудің ашық кезеңінің басында (16 апта) Симпони қабылдаған пациенттердің шамамен 93% - ы зерттеудің соңына дейін (52 апта) емдеуді жалғастырды.
Талдау барлық пациенттер үшін (АТ, N=197) және қабынудың объективті белгілері бар пациенттер үшін (OSI, N=158, мысалы, CRP концентрациясының жоғарылауы және/немесе зерттеудің басында МРТ-мен расталған сакроилеитпен) екі көрсеткіш бойынша жүргізілді. Осы зерттеуде Симпони препаратының плацебоға қарағанда 16 апта бойы тиімділігі бағаланды. Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі 16-аптада ASAS 20 критерийі бойынша жақсартуға қол жеткізген пациенттердің үлесі болды. Зерттеудің негізгі нәтижелері 6-кестеде келтірілген және төменде сипатталған.
6-кесте. 16-аптадағы GO-ANEAD зерттеуі бойынша тиімділіктің негізгі нәтижелері
Клиникалық көріністер мен симптомдардың жақсаруы
Барлық пациенттер (АТ) — Қабынудың объективтік белгілері (OSI) бар пациенттер
Плацебо — Симпони 50 мг — Плацебо — Симпони 50 мг
na — 100 — 97 — 80 — 78
Емдеуге жауап берген пациенттер, %
ASAS 20 — 40% — 71%** — 38% — 77%**
ASAS 40 — 23% — 57%** — 23% — 60%**
ASAS 5/6 — 23% — 54%** — 23% — 63%**
АЅАЅ ішінара ремиссия — 18% — 33%* — 19% — 35%*
ASDAS-Cb <1/3 — 13% — 33%* — 16% — 35%*
ВASDAI 50 — 30% — 58%** — 29% — 59%**
МРТ көмегімен анықталған сегізкөз-мықын буындары қабынуының төмендеуі
Плацебо — Симпони 50 мг — Плацебо — Симпони 50 мг
nc — 87 — 74 — 69 — 61
SPARCC шкаласы бойынша МРТ көмегімен анықталған сегізкөз-мықын буындарындағы орташа өзгерісd — -0.9 — -5.3** — -1.2 — -6.4**
a n- рандомизацияланған және тағайындалған ем қабылдаған пациенттер саны
b АС белсенділігінің индексі - СРА концентрациясы (АТ-плацебо, N=90; АТ- Симпони 50 мг, N=88: ОЅІ-плацебо, N = 71; ОЅІ – Симпони 50 мг, N=71);
c n - бастапқы және 16-аптада алынған МРТ деректері бар пациенттер саны;
d SPARCC (Спондилоартритті канадалық зерттеу консорциумы)
** p < 0.0001 плацебомен салыстырғанда Симпони үшін
* р < 0.05 плацебомен салыстырғанда Симпони үшін
16-аптада плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 50 мг Симпони препаратымен ем қабылдаған пациенттерде ауыр белсенді рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартриттің симптомдары мен белгілеріндегі статистикалық маңызды жақсару көрсетілген (6-кестені қараңыз). Аурудың белсенділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің жақсаруы Симпонидің алғашқы инъекциясынан кейін алғашқы тексеру кезінде (4 аптадан кейін) байқалды.
SPARCC шкаласы бойынша МРТ көмегімен анықталатын сегізкөз-мықын буындары қабынуының статистикалық маңызды азаюы 16-аптада плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 50 мг Симпони препаратымен ем қабылдаған пациенттерде байқалды (6-кестені қараңыз). Көрнекі аналогтық шкала бойынша (КАШ) арқаның жалпы ауыруы және түнгі ауырсыну ретінде бағаланатын ауырсыну және ASDAS-C шкаласы бойынша анықталатын ауру белсенділігі 16-аптада плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 50 мг Симпони препаратымен ем қабылдаған пациенттердегі бастапқы мәндермен салыстырғанда 16-аптада статистикалық маңызды жақсарғанын көрсетті (p<0.0001).
АА ауруының метрологиялық индексі (BASMI) бойынша айқындалған омыртқа қозғалғыштығының статистикалық маңызды жақсаруы және плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 50 мг Симпони препаратымен ем алған пациенттерде АС (ВASFI) функциялық индексі бойынша айқындалған физикалық функцияның статистикалық маңызды жақсаруы анықталды (р<0.0001) .
Симпони препаратымен ем қабылдаған пациенттерде ASQoL және EQ-5D сауалнамалары, SF-36 сауалнамасы бойынша физикалық және психикалық компоненттер бойынша бағалау кезінде денсаулық жағдайына байланысты өмір сүру сапасының едәуір жақсаруы, сондай-ақ плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда WPAI сауалнамасы бойынша бағалау кезінде өнімділіктің айтарлықтай жақсарғаны байқалды.
Қабынудың объективті белгілері бар пациенттерде (OSI) 16-аптада бұрын сипатталған барлық соңғы нүктелер үшін статистикалық маңызды нәтижелер көрсетілді.
16-аптада AT және OSI популяцияларында 50 мг Симпони қабылдаған және 52-аптаға дейін зерттеуге қатысқан пациенттер арасында омыртқаның қозғалғыштығы мен функциялық жағдайының жақсарғаны анықталмады.
GO-BACK зерттеуі
Емдеуді тоқтатумен салыстырғанда, голимумабпен үздіксіз емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі рентгенологиялық емес белсенді аксиальді спондилоартриті (ре-АксСА) бар, Симпони препаратын ай сайын (толық немесе қысқартылған емдеу схемасын сақтай отырып) қолданғанда (GO-BACK зерттеуінде) 10 ай ішінде тұрақты ремиссияға қол жеткізген ересек (18-45 жас) пациенттерде бағаланды. Қатысу критерийлеріне сай келген (4-інші айға қарай клиникалық жауапқа қол жеткізген және 7-нші және 10-ыншы айларда аурудың ремиссиясы сатысындағы (ASDAS индексі < 1.3), емді тоқтатудың салыстырмалы жасырын фазасына кірістірілген пациенттер, Симпони препаратын айына 1 рет қолдануды (толық емдеу схемасы, N = 63), Симпони препаратын 2 айда 1 рет қолдануды (қысқартылған емдеу схемасы, N = 63) немесе плацебо қолдануды (емді тоқтату, N = 62) шамамен 12 ай бойы жалғастыру үшін рандомизацияланды.
Тиімділігінің бастапқы ақырғы нүктесі аурудың өршулерінсіз пациенттердің үлесі болды.
Аурудың өршуі бар, яғни, қатарынан 2 бағалау кезінде 10-ыншы аймен (ашық фазаның аяқталуы) салыстырғанда не ASDAS бойынша абсолюттік балл ≥ 2.1, не тоқтатқаннан кейін оның ≥ 1.1-ге жоғарылауы байқалған пациенттерге Симпони клиникалық жауапты бағалау үшін қайталап емдеудің ашық фазасында ай сайын қолдану үшін қайта тағайындалды.
Емді тоқтатудың салыстырмалы жасырын фазасынан кейінгі клиникалық жауап ауруы белсенді емес, емнің салыстырмалы жасырын фазасында кемінде бір дозасын қабылдаған 188 пациенттің арасынан пациенттердің едәуір көп (p < 0.001) үлесінде емді тоқтатумен (33.9%) салыстырғанда, Симпони препаратын толық (84.1%) немесе қысқартылған (68.3%) емдеу схемалары бойынша қабылдауды жалғастырған кезде аурудың өршігені байқалмады (7 кесте).
7-кесте Аурудың өршуінсіз пациенттердің үлесін талдауa
Толық талдауға арналған популяция (2 кезең – салыстырмалы жасырын фаза)
Емдеу нұсқасы — n/N — % — Плацебомен салыстырғандағы %-дық айырмашылығы
Бағалау (95% СА)b — р-мәніb
Голимумаб т/а айына 1 рет — 53/63 — 84.1 — 50.2 (34.1; 63.6) — <0.001
Голимумаб т/а 2 айда 1 рет — 43/63 — 68.3 — 34.4 (17.0; 49.7) — <0.001
Плацебо — 21/62 — 33.9
Толық талдауға арналған популяция барлық рандомизацияланған, 1 кезеңде белсенді емес ауруға қол жеткізген және зерттеудің жасырын фазасында кемінде бір дозасын қабылдаған пациенттерді қамтиды.
а Қатарынан екі қабылдау кезінде ASDAS ретінде анықталады, ол кезде ≥ 2.1 абсолюттік балл, не тоқтатқаннан кейін оның 10-ыншы аймен (23-қабылдау) салыстырғанда ≥ 1.1-ге жоғарылауы байқалады.
b Емді көптеген салыстырулар кезіндегі I типті қателіктердің жиілігі (плацебомен салыстырғанда Голимумаб ай сайын т/а және плацебомен салыстырғанда Голимумаб әр 2 ай сайын т/а) бірізді (сатылай) тестілеу процедурасының көмегімен бақыланды. Стратификацияланған Миеттинен және Нурминен әдісінің негізінде, стратификациялау факторы ретінде С-реактивті ақуыз деңгейімен (> 6 мг/л немесе ≤ 6 мг/л) шығарылған.
2 кезеңде және өршу басталғанға дейін зерттеуді мерзімінен бұрын аяқтаған пациенттерде өршулер болды деп есептеледі.
N = пациенттердің жалпы саны; n = аурудың өршуінсіз пациенттердің саны;
т/а = тері астына.
Емдеуді тоқтату тобы мен Симпонимен емдеудің кез келген тобы арасындағы алғашқы өршуге дейінгі уақыт айырмашылығы 1 суретте берілген (әр салыстыру үшін логрангілік критерий p < 0.0001). Плацебо тобында өршулер Симпони препаратын тоқтатқаннан кейін шамамен 2 айдан соң басталған, және өршулердің көпшілігі емдеу тоқтатылғаннан кейінгі 4 ай ішінде туындаған (1 сурет).
1 сурет. Каплан-Мейер әдісі бойынша алғашқы өршуге дейінгі уақытты талдау
*Көбеюін түзетусіз ақырғы есептеу нүктесі. СРА деңгейі (> 6 мг/л немесе 6 мг/л аз) бойынша стратификациялау. Аурудың өршуі қатарынан екі қабылдау кезінде ASDAS шкаласы бойынша бағалау ретінде анықталды, оларда екі көрсеткіш те абсолюттік 2.1 балл болған, не оның емді тоқтатқаннан кейінгі 10-ыншы аймен салыстырғанда 1.1 балға жоғарылауы болған (23-қабылдау). Өршу болмаған қатысушылар үшін цензуралау емдеу тоқтатылған сәтте немесе 2-нші салыстымалы жасырын кезеңнің 13-інші айында жүргізілді. Зерттеудің екінші кезеңінің басталуы талдамалық деректерді толық жинақтау үшін Каплан-Мейер әдісімен талдау жүргізудің алғашқы күні болып табылады.
Аурудың өршуі кезінде қайталап емдеуге клиникалық жауап
Клиникалық жауап аурудың өршуіне қатысты BASDAI қатарынан екі бағалаудың орташа мәнімен салыстырғанда BASDAI индексі көрсеткіштерінің ≥ 2 балға немесе ≥ 50%-ға жақсаруы ретінде анықталды. Қысқартылған емдеу тобындағы немесе емдеуді тоқтату тобындағы, аурудың өршуі расталған 53 пациенттің ішінен, 51-інде (96.2%) Симпони препаратын қолдануға клиникалық жауапқа, емдеуді қайта бастағаннан кейінгі алғашқы 3 ай ішінде қол жеткізілген, әйтсе де, пациенттердің азғантай санында (71.7%) жауап барлық 3 ай бойына сақталған.
Ойықжаралы колит
Симпони препаратының тиімділігі ересек пациенттерде рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын екі зерттеуде зерттелді.
Индукциялық емді (PURSUIT-Induction) зерттеуде қанағаттанарлық жауап берген немесе дәстүрлі емге төзбеушілігі бар немесе кортикостероидтарға тәуелділігі бар орташа ауырлық дәрежесі орташадан ауырға дейін ойықжаралы колиттің белсенді түрі бар (Мейо шкаласы бойынша 6-дан 12 баллға дейін, эндоскопияның қосалқы шкалы бойынша кемінде 2 балл) пациенттерге бағалау жүргізілді.
Дозаны растау бойынша зерттеу бөлігінде 761 пациент 3 топқа рандомизацияланды: 400 мг Симпони препаратын 2-аптада 0 және 200 мг бірінші аптада тері астына, Симпони препаратының 200 мг 2-аптада, 0 және 100 мг бірінші аптада тері астына, плацебоны 0-аптада және 2-аптада. Аминосалицилаттардың, кортикостероидтардың және/немесе иммуносупрессанттардың тұрақты дозаларын бір мезгілде пероральді қабылдауға жол берілді.
Осы зерттеуде Симпони препаратының 6 апта ішінде тиімділігі бағаланды.
Демеуші емді (PURSUIT-Maintenance) зерттеу нәтижелері индукция сатысында алдыңғы Симпони еміне клиникалық реакцияға қол жеткізген 456 пациенттің деректерін бағалауға негізделген. Пациенттер үш топқа рандомизацияланды: Симпони 50 мг, Симпони 100 мг немесе плацебо; Симпони немесе плацебо әр 4 апта сайын тері астына енгізілді. Аминосалицилаттардың және/немесе иммуносупрессанттардың тұрақты дозаларын бір мезгілде пероральді қабылдауға рұқсат берілді. Кортикостероидтардың дозалары демеуші дозаны зерттеудің басында тоқтатылуыі тиіс.
Бұл зерттеу Симпони тиімділігін 54-аптаға дейін бағалады. 54 аптадан кейін демеуші дозаны зерттеуді аяқтаған пациенттер 216 аптадан кейін тиімділігін бағалай отырып, қосымша зерттеуде емді жалғастырды.
Қосымша зерттеудегі тиімділікті бағалау кортикостероидтарды қолданудың өзгеруіне, дәрігердің жалпы бағалауы (PGA) бойынша аурудың белсенділігіне және ІҚА (IBDQ) бар пациенттердің өмір сүру сапасының сауалнамасы бойынша бағаланған өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген.
8-кесте. GO-REVEAL зерттеуінің деректері бойынша шешуші тиімділік нәтижелері
PURSUIT-Induction и PURSUIT-Maintenance
PURSUIT-Induction
Плацебо N=251 — Симпони 200/100 мг, N=253
Пациенттердің пайызы
6-аптада клиникалық жауабы бар пациенттера — 30% — 51%**
6-аптада клиникалық ремиссиясы бар пациенттерb — 6% — 18%**
6-аптада шырышты қабығы жазылып жатқан пациенттерс — 29% — 42%*
РURSUIT -Maintenance
Плацебоd N=154 — Симпони 50 мг N=151 — Симпони 100 мг N=151
Пациенттердің пайызы
Жауапты демеу (54-аптада клиникалық жауабы бар пациенттер)e — 31% — 47%* — 50%**
Тұрақты ремиссия (30 және 54-апталарда клиникалық ремиссиясы бар пациенттер)f — 16% — 23%g — 28%*
N - пациенттер саны
** р ≤0.001
* р ≤0.01
а тік ішектен қан кету шкаласы бойынша балл санының ≥1-ге азаюымен қатар жүретін Мейо шкаласы бойынша бастапқы нәтиженің ≥30% - ға және ≥3 баллға азаюы немесе егер осы шкала бойынша балл саны 0-ден 1-ге дейін болса, ретінде анықталды
b жеке қосалқы шкалалар бойынша > 1 нәтижелер болмаған кезде Мейо шкаласы бойынша ≤ 2 балл нәтижесі ретінде анықталды
с эндоскопияның қосалқы шкаласы бойынша 0-ден 1 баллға дейін анықталды
d тек Симпони индукция сатысы
e пациенттердегі ойықжаралы колиттің белсенділігі әр 4 апта сайын Мейо шкаласының ішінара нәтижесі бойынша бағаланды (жауаптың жоғалуы эндоскопиямен расталды). Демек, жауапты сақтаған пациенттер әрбір бағалау кезінде 54 апта ішінде ұзақ клиникалық жауап беру сатысында болды
f пациент тұрақты ремиссияға жету үшін ремиссия сатысында және 30-аптада және 54-аптада (54 апта ішінде кез келген уақытта жауап жоғалу белгілері жоқ) болуы керек
g салмағы 80 кг-нан аз пациенттер арасында 50 мг-ден голимумабпен демеуші ем қабылдаған пациенттердің көп саны плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда тұрақты клиникалық ремиссияны көрсетті.
Плацебо тобымен салыстырғанда (27%) Симпони препараты тобында (50 мг тобында 42% (номиналды мәні р<0.05) және 100 мг тобында 42% (номиналды мәні р<0.005) шырышты қабығы жазылып жатқан пациенттер (30 және 54-апталарда шырышты қабығы жазылып жатқан пациенттер) көп болды.
Демеуші емді (PURSUIT-Maintenance) бастаған сәтте кортикостероидтармен ілеспелі ем алған пациенттердің 54%-ы (247/456) арасында кортикостероидтарды қолданбай клиникалық жауабы бар пациенттердің үлесі 54-аптада плацебо тобымен (21%, 30/78) және 100 мг (30%, 25/82) дозада Симпони препаратын қабылдаған топтарда 50 мг (38%, 30/78) дозада және 100 мг (30%, 25/82) дозада көп болды (21%, 18/87). 54-аптада кортикостероидтарды қабылдауды тоқтатқан пациенттердің үлесі Симпони препаратының топтарында плацебо тобымен салыстырғанда 50 мг (41%, 32/78) және 100 мг (33%, 27/82) дозада көп болды (22%, 19/87). Қосымша ұзақ мерзімді зерттеуге енгізілген пациенттердің арасында кортикостероидтармен емдеуді қажет етпейтін пациенттердің үлесі тіпті 216 аптадан кейін де сақталды.
PURSUIT-Induction зерттеуінің 6-аптасында клиникалық жауабы жоқ пациенттер PURSUIT - Maintenance зерттеуінде әрбір 4 апта сайын 100 мг Симпони қабылдады. 14-аптада осы пациенттердің 28% - ы Мейо шкаласы бойынша клиникалық жауапқа жетті (индукцияның басталуымен салыстырғанда ≥3 тармаққа төмендеуі). 54-аптада бұл пациенттердің клиникалық жауаптары 6-аптада пациенттерден алынған жауаптарға ұқсас болды.
6-аптада Симпони препаратын қолдану пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір жақсартты, бұл бастапқы деңгеймен салыстырғанда ауруға тән көрсеткіштердің (IBDQ) жақсаруымен расталды. Симпони препаратымен демеуші ем қабылдаған пациенттер арасында IBDQ сауалнамасы бойынша бағаланған өмір сүру сапасының жақсаруы 54 апта бойы сақталды.
Қосымша зерттеудің басында Симпони қабылдаған пациенттердің шамамен 63%-ы (56-апта) емді зерттеудің соңына дейін жалғастырды (голимумабты соңғы қабылдау 212-аптада тіркелген).
Иммуногенділік
РА, ПсА және ШС зерттеулерінің III фазасының барысында 52 аптаға дейін голимумаб қабылдаған пациенттердің 5%-да (105/2062) иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен анықталды, in vitro антиденелердің бәрі дерлік бейтараптандырушы болды. Антиденелердің түзілу жиілігі әртүрлі ревматизм аурулары бар пациенттерде салыстырмалы болды. Метотрексатпен қатарлас ем қабылдаған пациенттерде антиденелердің түзілу жиілігі голимумабты метотрексатсыз қабылдаған пациенттердегіден төмен болды (тиісінше, 8% [64/827] қарсы шамамен 3% [41/1235]). Голимумабқа антиденелер ре-АксСА тұсында 52-аптада голимумаб қабылдаған пациенттердің 7%-да (14/193) ИФТ әдісімен анықталды.
Голимумабқа антиденелер II және III фазалы зерттеулерде 54 апта бойы голимумаб қабылдаған ойықжаралы колит бар пациенттердің 3%-да (946-дан 26) ИФТ әдісімен анықталды. Антиденелері оң пациенттердің 68%-да (31-ден 21) in vitro бейтараптандырушы антиденелер болды. Иммуносупрессанттармен (азатиоприн, 6-меркаптопурин және метотрексат) қатарлас ем пайдаланылатын емдеу кезінде, голимумабты иммуномодуляторларсыз қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, голимумабқа антиденелері бар пациенттер үлесі төмендеді (тиісінше, 3%-бен (22/638) салыстырғанда, 1% (4/308)). Емді жалғастырған және 228 аптада талданатын үлгілері болған пациенттер арасында голимумабқа антиденелер голимумаб қабылдаған пациенттердің 4%-да (23/604) анықталды. Антиденелері оң пациенттердің 82%-да (18/22) in vitro бейтараптандырушы антиденелер болды.
пЮИА зерттеуінде голимумабқа антиденелерді анықтау үшін дәрілерге төзімді ИФТ әдісі қолданылды. Дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдығына және төзімділігінің жақсаруына орай, әдеттегі ИФТ әдісімен салыстырғанда, голимумабқа антиденелерді анықтаудың өте жоғары пайызы күтіледі. ПЮИА III фазалы зерттеуде 48 аптада дәрілерге төзімді ИФТ әдісімен голимумаб алған балалардың 40%-да (69/172) голимумабқа антиденелер табылды, олардың көпшілігінде 1:1000-нан төмен титр болды. Сарысулық голимумаб концентрациясына әсері > 1:100 титрлерінде байқалды, ал > 1:100 титрлерімен балалар саны (N = 8) төмен болса да, > 1: 1000 титрлеріне дейін тиімділігіне әсері байқалмады. Голимумаб антиденелеріне өткізілген тест нәтижелері оң балалар арасында 39%-да (25/65) бейтараптандырушы антиденелер табылды. Дәрілік затқа төзімді ИФТ әдісін қолдану кезінде антиденелерді анықтаудың өте жоғары жиілігі антиденелердің төмен титрімен байланысты болды, дәрілік заттың деңгейлеріне, тиімділігі мен қауіпсіздігіне айқын ықпалын тигізбеді, әрі демек, қауіпсіздігінің ешқандай жаңа дабылын білдірмейді.
Голимумабқа антиденелердің болуы енгізілген жердегі реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін. Голимумабқа антиденелерге оң нәтижелі пациенттердің аздаған саны голимумабқа антиденелер мен клиникалық тиімділігінің немесе қауіпсіздік шараларының арасындағы байланыс туралы түпкілікті қорытындылар жасау мүмкіндігін шектейді.
Иммуногенділікке жасалатын талдаулар препарат пен талдау әдісі үшін спецификалық болатындықтан басқа препараттарға антиденелер деңгейлеріне салыстыру жүргісу мүмкін емес.
Бала жасындағы пациенттер
Полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артрит (пЮИА)
Симпони препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, препаратты тоқтатумен (GO-KIDS) белсенді пЮИА бар 173 балада (2 жастан 17 жасқа дейін), кемінде 5 белсенді буынды қамти және метотрексатқа жеткіліксіз жауап бере отырып бағаланды. Зерттеуге ЮИА-ның полиартикулярлық нұсқасы бар балалар (оң немесе теріс ревматоидтық факторы бар полиартрит, ауқымды олигоартрит, жасөспірімдердің псориаздық артрит немесе жүйенің белсенді белгілері жоқ жүйелік ЮИА) енгізілді. Белсенді буындардың бастапқы орташа саны 12, ал орташа CРА 0.17 мг/дл құрады.
Зерттеудің 1-бөлігі 16 апталық ашық фазадан тұрды, онда зерттеуге енгізілген 173 бала әр 4 апта сайын тері астына 30 мг/м2 (көп дегенде 50 мг) дозада Симпони препаратын және метотрексатты қабылдады. 16-аптада Америкалық ревматологтар алқасының ACR Ped 30 педиатриялық критерийлеріне сәйкес емдеуге жауап берген 154 бала препаратты тоқтатумен жүргізілген рандомизацияланған фазада зерттеудің 2 бөлігіне енгізілді және Симпони препаратын 30 мг/м2 (көп дегенде 50 мг) + метотрексат немесе плацебо + метотрексат дозасында әр 4 апта сайын қабылдады.
Аурудың өршуінен кейін балалар Симпони препаратын 30 мг/м2 (көп дегенде 50 мг) + метотрексат дозасында қабылдады. 48-аптада балалар ұзақмерзімді қосымша зерттеуге енгізілді.
Осы зерттеудегі балалар ACR Ped 30, 50, 70 және 90 критерийлері бойынша жауаптарды 4-аптада көрсетті.
16-аптада балалардың 87% - ында ACR Ped 30, 79%, 66% және 36% - ында сәйкесінше ACR Ped 50, ACR Ped 70 және ACR Ped 90 жауаптары байқалды. 16-аптада балалардың 34% - ында мынадай көрсеткіштердің барлығымен анықталатын белсенді емес ауру байқалды: белсенді артритпен байқалатын буындардың болмауы; қызбаның, бөртпенің, серозиттің, спленомегалияның, гепатомегалияның немесе ЮИА-ға жататын жайылған лимфаденопатияның болмауы; белсенді увеиттің болмауы; ЭШЖ (<20 мм/сағ) немесе СРА (<1,0 мг/дл) қалыпты көрсеткіші; дәрігердің ауру белсенділігін жалпы бағалауы (КАШ-қа ≤5 мм); таңертең қозғала алмау ұзақтығы <15 минут.
16-аптада ACR Ped барлық компоненттері бойынша бастапқы мәндермен салыстырғанда клиникалық маңызды жақсару көріністелді (9-кестені қараңыз).
9-кесте. ACR Ped компоненттерінің бастапқы мәндерімен салыстырғанда жақсарулар
16-аптада
Орташа пайыздық жақсару
Симпони 30 мг/м2 nb = 173
Дәрігердің ауруды жалпы бағалауы (КАШс 0-10 см) — 88%
Жалпы көңіл-күйдің жалпы бағасы (КАШ 0-10 см)_ — 67%
Белсенді буындар саны — 92%
Қозғалыс диапазоны шектелген буындар саны — 80%
CHAQ бойынша физикалық функцияd — 50%
ЭШЖ (мм/сағ)e — 33%
a Бастапқы мәні = 0 апта
b «n» зерттеуге енгізілген пациенттердің санын көрсетеді
с КАШ: көрнекі-аналогтық шкала
d CHAQ (Child Health Assessment Questionaire): балалардың денсаулығын бағалау сауалнамасы
е ЭШЖ (мм/сағ): эритроциттердің шөгіндеу жылдамдығы (мм/сағ)
16-аптадағы ACR Ped 30 критерийі бойынша емдеуге жауаптың бастапқы соңғы нүктесіне және 16 және 48-апталар арасында ауру өршуінің болмауына қол жеткізілген жоқ. Балалардың көпшілігінде 16 және 48-апталар арасында өршу байқалмады (Симпони + метотрексат тобында 59% және плацебо + MTX тобында 53%, тиісінше; р = 0.41). Бастапқы соңғы нүктені талдау бастапқы СРА-ға байланысты (<1 мг/дл-мен салыстырғанда≥1 мг/дл) алдын ала белгілі кіші топтарда бастапқы мәні СРА ≥1 мг/дл (40% - бен салыстырғанда 87%, р = 0.0068) Симпони + метотрексат қабылдаған пациенттермен салыстырғанда плацебо + метотрексат тобында өршудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсетті.
48-аптада Симпони + метотрексат тобындағы және плацебо + метотрексат тобындағы балалардың 53% және 55% - ында сәйкесінше ACR Ped 30 еміне жауап байқалды, ал Симпони + метотрексат тобындағы 40% және 28% - да және плацебо + метотрексат тобында белсенді емес ауру жағдайы болды.
Бала жасындағы пациенттер
Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік ойықжаралы колит бар балалардың бір немесе бірнеше кіші тобында Симпони зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды (балаларда қолдану туралы ақпаратты 4.2 бөлімнен қараңыз).