Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
0,025 %
Саудалық атауы
Синафлан
Әсер етуші зат
Флуоцинолон ацетониді
Мақсаты
Экзема, дерматит, атопиялық дерматит, себореялық дерматит, тиын тәрізді (нумулярлы) экзема, сыртқы отит, жанаспалы дерматит, нейродермит, пруриго (тері қышынуында), псориаз…
Өндіруші
АО "Нижфарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат - 0,25 мг флуоцинолон ацетониді (синафлан),
қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, пропиленгликоль, церезин, ланолин, вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-сары түстіден сары түске дейінгі жақпамай.
Синафланның құрамында жергілікті қолдануға арналған кортикостероид бар, ол терінің көптеген қабыну, қышыну және аллергиялық үдерістерін емдеуде тиімді. Синафлан әсіресе мына ауруларды жергілікті емдеуде қолданылады:
• экзема, дерматит, атопиялық дерматит, себореялық дерматит, тиын тәрізді (нумулярлы) экзема, сыртқы отит, жанаспалы дерматит, нейродермит, пруриго (тері қышынуында), псориаз (жайылған түйіндақты псориазды қоспағанда), жалпақ қызыл теміреткі, дискоидті қызыл жегі
Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Кортикостероидтар, қарапайымдар. Белсенділігі айқын кортикостероидтар (III топ). Флуоцинолон ацетониді.
АТХ коды D07AC04
Дозалау режимі
Синафлан препараттың аздаған мөлшерін алдымен этил спирттің 40-70 % ерітіндісімен өңделген терінің зақымданған жерлеріне күніне 2-3 рет жағады және жеңіл уқалайтын қимылдармен теріге ақырын ысқылап жағады.
Жақпамайды құрғақ, қабыршықтанатын тері үдерістерінде пайдаланған жөн.
Енгізу жолы және тәсілі
Сыртқа. Окклюзиялық таңғышты салу қажет болған жағдайда зақымданған беті, препаратты жағар алдында мұқият тазартылуы тиіс. Окклюзиялық таңғыштар бетте және балаларда қолданылмауы керек. Кейбір жағдайларда үлкен әсер болуы үшін ыстық, ылғалды компресстер қойылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығы аурудың сипатына байланысты болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейіргерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
• бактериялық, вирустық, зеңді тері ауруларында – пиодермия, желшешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз
• мерез көріністері, тері туберкулезі, жөргек бөртпесі, қызғылт безеулер, ауқымды псориаздық бөртпелер (түйіндақтар), аногенитальді қышыну, периоральді дерматит, жөргек бөртпелерінде
• веналардың варикозды кеңеюімен байланысты сирақтың трофикалық ойық жаралары, асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, аппликация орнындағы жарақаттар
• тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома
• жүктілік және лактация кезеңі
• 2 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз
• жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары
• дерматит
• периоральді дерматит
• акне немесе акненің нашарлауы
• розацеа (қызғылт безеулер)
• ауқымды беткейлерге жаққанда, әсіресе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда немесе тері қыртыстарында қолданғанда, стриялар, терінің жұқаруы және телеангиэктазия сияқты жергілікті атрофиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін
• қайтымды болуы мүмкін аздаған депигментация
• гипертрихоз
• қайтымсыз сипаттағы стриялар
• бүйрекүсті безі қабығы функциясының бәсеңдеуі
• инфекция жұққан беткейлерде тиісті инфекцияға қарсы қосымша емсіз оппортунистік инфекциялардың таралуына әкеп соғуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және Фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: қышыну, препаратты жаққан жердегі терінің ашытып күйдіруі, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.
Емі: симптоматикалық, препаратты біртіндеп тоқтату аясында.
Ішке кездейсоқ қабылдағанда, сықпаның ішіндегісін толығымен жұтқан жағдайда да уытты әсер етуі шамалы. Бұл кезде емдеу талап етілмейді.
Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда: 10 г сықпада 2,5 мг, 15 г сықпада – 3,75 мг кортикостероид бар. Көлемі 30 г сықпаның ішіндегісін толық жұтқан кезде де қандай да бір уытты әсерлер дамуы күтілмейді. Сондай-ақ жақпамайдың құрамына кіретін компоненттер қабылданған мөлшерлерде қандай да бір уытты әсерлері болмайды. Сондықтан, кездейсоқ жұтып алғанда емдік шаралар талап етілмейді.
Қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде сақтықпен қолданады.
Терінің азғантай бөліктерінде тек қысқа курстармен қолданады.
Ұзақ гормональді ем терінің жергілікті, әсіресе окклюзиялық таңғышты немесе тері қыртыстарында қолданғанда атрофиялық өзгерістерін және беткейлі қан тамырларының кеңеюін туғызуы мүмкін. Жергілікті стероидты препараттарды ұзақ қолдану немесе терінің ауқымды беткейлеріне жағу, тіпті окклюзиялық таңғышсыз-ақ, бүйрекүсті безі қабығының функциясын бәсеңдетіп және гиперкортицизм симптомдарының дамуына жеткілікті, әсіресе нәрестелер мен балаларда стероидтың жүйелі сіңірілуіне әкелуі мүмкін.
Бетті және балаларды емдеудің ұзақтығы 5 күннен аспау керек, мұндай жағдайларда окклюзиялық таңғыштар қолданылмауы керек.
Тері асқынуымен қатар жүретін инфекцияда Синафланды тек микробқа қарсы дәрілермен бірге қолдану керек.
Псориазды емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтарды сақтықпен қолдану керек, өйткені ауру асқынуы, препаратқа төзімділік дамуы, псориаздың жайылған пустулезді түрінің қаупі және терінің бөгетті функциясының бұзылуынан жергілікті немесе жалпы уыттылығы орын алуы мүмкін. Псориазды емдегенде пациентті мұқият бақылау керек.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Препараттың көзге түсуінен аулақ болу керек.
Жақпамайдың құрамына кіретін кейбір қосымша заттар, мынадай реакциялар тудыруы мүмкін: жергілікті тері реакцияларын туғызатын ланолин (мысалы, жанаспалы дерматит); пропиленгликоль терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін.
Емдеу кезінде кең киім кию ұсынылады. Қарапайым немесе қызғылт безеулері бар пациенттерде емдеу аясында аурудың асқынуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат балаларда 2 жастан бастап қолданылады.
Жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіз. Буаз жануарларға кортикостероидтарды жергілікті қолдану таңдайдың жырығы және құрсақішілік дамуды қоса, ұрық дамуында бұзылуларды туғызуы мүмкін. Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Микробқа қарсы дәрілік заттармен үйлесімді. Гипотензивтік, диуретиктік, аритмияға қарсы дәрілік заттардың, калий препараттарының белсенділігін төмендетеді.
Диуретиктік дәрілік заттар (калий жинақтаушылардан басқа) гипокалиемияның даму қаупін арттырады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.