Силденафил мен дапоксетинді қолданғанда, көрініс беру жиіліктеріне қарай келесі ретпен жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000).
Өте жиі:
- бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы
Жиі:
- түстерді ажыратудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көрудің бұзылысы, анық көрмеу
- гиперемия, қан тебулер
- мұрынның бітелуі, есінеу
- диспепсия: диарея, құсу, іш қатуы, іш ауыруы, іштің кебуі, метеоризм, асқазандағы жайсыздық
- үрейлену, ажитация, мазасыздық, аномальді түстер көру, либидо төмендеуі
- ұйқышылдық, зейін қоюдың бұзылуы, тремор, парестезия, құлақтың шыңылдауы
- гипергидроз
- эректильді дисфункция
- шаршау, ашушаңдық
- артериялық қысымның жоғарылауы
Жиі емес:
- ринит
- аса жоғары сезімталдық
- ұйқышылдық, гипестезия, естен танулар, вазовагальді естен танулар, постуральді бас айналуы, акатизия, дисгевзия, гиперсомния, летаргия, седация, сана деңгейінің төмендеуі
- көз жасы шығуымен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы безі функциясының бұзылуы, көзден жас парлау), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, көрудің бұзылуы: қанық көру, конъюнктивит, мидриаз
- кеңістіктегі бағдарсыздық (вертиго), құлақтағы шуыл
- тахикардия, жүрек қағуын сезіну, синустық түйіннің тоқтап қалуы, синустық брадикардия
- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, ортостатикалық артериялық қысымның жоғарылауы
- мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі
- абдоминальді жайсыздық, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы
- бөртпе, қышыну, суық тер
- миалгия, аяқ-қолдардың ауыруы
- гематурия, эякуляция бұзылуы, ерлерде оргазм бұзылуы, ерлердегі жыныс мүшесінің парестезиясы
- кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу (астения), ысыну сезімі, жүйке ширығуын сезіну, масаю сезімі
- депрессия, депрессиялық көңіл-күй, эйфориялық көңіл-күй, көңіл-күйдің өзгеруі, күйгелектік, енжарлық, апатия, сананың шатасуы, бағдарсыздық, анормальді ойлау, гипервизилиттілік, ұйқының бұзылуы, жеңіл ұйқысыздық, орташа ұйқысыздық, шым-шытырықтар, бруксизм, либидо жоғалту, аноргазмия
Сирек:
- ми қанайналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану
- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы*, торқабық қантамырларының окклюзиясы*, торқабыққа қан құйылуы, артериосклероздық ретинопатия, торқабықтың ауруы, глаукома, көру аясының ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің қалқып бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру аясында нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру бұзылысы, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс сезімдер, қабақтардың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі
- кереңдік
- кенеттен жүрек ауруынан өлу*, миокард инфарктісі, қарынша аритмиясы*, жүрекшелердің фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия
- тамақтың қысылу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы
- оральді гипестезия
- шұғыл дефекация
- Стивенс - Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз*
- жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі
- ашушаңдық
* тек тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде тіркелген жағымсыз әсерлер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
«Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz