Лактоацидоз
Лактоацидоз – бұл зат алмасудың өте сирек кездесетін, бірақ ауыр бұзылуы, көбінесе бүйрек функциясының жедел нашарлауы, кардиопульмональді патология немесе сепсис аясында пайда болады. Метформиннің жинақталуы бүйрек функциясының жедел нашарлауы аясында жүреді және лактоацидоздың туындау қаупін арттырады.
Дегидратация жағдайында (ауыр диарея немесе құсу, қызба немесе сұйықтықты аз тұтыну) метформинмен емдеу уақытша тоқтатылуы керек, денсаулық сақтау жүйесінің маманына хабарласу ұсынылады.
Метформинді қабылдайтын пациенттерді бүйрек функциясының жедел бұзылуына әкелуі мүмкін дәрілік заттармен (мысалы, гипотензивті дәрілер, диуретиктер және ҚҚСП), емдеуді сақтықпен бастаған жөн. Лактоацидоздың туындауының басқа қауіп факторлары - алкогольді шамадан тыс тұтыну, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, жеткілікті бақыланбайтын қант диабеті, кетоз, ұзақ уақыт ашығу және гипоксиямен байланысты кез келген жағдайлар, сондай-ақ лактоацидозды тудыруы мүмкін дәрілік заттарды бірге қолдану.
Диагностика
Пациенттер және / немесе оларға күтім жасайтын адамдар лактоацидоздың пайда болу қаупі туралы хабардар болуы тиіс. Лактоацидоз ацидоздық ентігу, іштің ауыруы, бұлшықет құрысуы, астения және гипотермиямен сипатталады, одан кейін кома пайда болады. Егер осы симптомдардың пайда болуына күдік болса, пациент метформинді қабылдауды тоқтатып, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Диагностикалық зертханалық көрсеткіштер қанның рН төмендеуі (<7,35), плазмадағы лактат деңгейінің жоғарылауы (>5 ммоль/л), аниондық айырмашылықтың және лактат/пируват коэффициентінің жоғарылауы болып табылады.
Белгілі митохондриялық патологиясы бар немесе оған күдікті пациенттер
Метформинді лактоацидозы және инсульт тәрізді эпизодтары бар митохондриялық энцефалопатия (MELAS синдромы), сондай – ақ анадан тұқым қуалайтын қант диабеті-саңыраулық синдромы (MIDD) сияқты белгілі митохондриялық патологиясы бар пациенттерге аурудың нашарлауына әкелуі мүмкін лактоацидоздың және неврологиялық асқынулардың үдеу қаупімен байланысты ұсынылмайды.
Егер метформинді қабылдағаннан кейін MELAS немесе MIDD синдромдарын көрсететін симптомдар (субъективті және объективті) пайда болса, метформинмен емдеуді дереу тоқтатып, шұғыл диагностикалық тексеру жүргізу керек.
Арнайы ескертулер
Бүйрек функциясы
Емдеуді бастамас бұрын ШСЖ тексеру керек және емдеу басталғаннан кейін осы көрсеткішті үнемі бақылау қажет, Қолдану жөніндегі нұсқауларды қараңыз.
Метформинді ШСЖ <30 мл/мин пациенттерге қолдануға болмайды, препаратпен емдеу бүйрек функциясына әсер етуі мүмкін жағдайлар болған кезде уақытша тоқтатылуы тиіс, Қолдануға болмайтын жағдайларды қараңыз.
Жүрек функциясы
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипоксия мен бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары. Метформинді қабылдау кезінде тұрақты ағымды жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге жүрек және бүйрек функцияларына тұрақты бақылау жүргізу керек.
Жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және жүрек функциясының тұрақсыз ағымды жеткіліксіздігі кезінде метформинді қабылдауға болмайды.
Құрамында йод бар контрастты заттарды енгізу
Құрамында йод бар контрастты дәрілерді тамыр ішіне енгізу контрастты дәрілерден туындаған нефропатияға әкелуі мүмкін, нәтижесінде организмде метформин жиналып, лактоацидоздың даму қаупі артады. Метформинді қолдануды көріністеу шарасы уақытында немесе оны жүргізгенге дейін тоқтату қажет және ол бүйрек функциясы тұрақты екендігі анықталған бүйрек функциясы бақыланған жағдайда, көріністеу шарасы аяқталғаннан кейін кемінде 48 сағаттан соң қайта басталуы мүмкін.
Хирургиялық араласу
Метформинді қолдануды жалпы, жұлын немесе эпидуральді анестезиямен операция кезінде тоқтату қажет. Емді пероральді қоректенуді қалпына келтіргеннен кейін немесе хирургиялық араласудан кейін 48 сағаттан ерте емес және бүйрек функциясына бақылау жүргізілген, соның нәтижесінде бүйрек функциясы тұрақты екендігі анықталған жағдайда жалғастыру керек.
Басқа сақтандыру шаралары
Барлық пациенттер күні бойы көмірсулар қабылдауды біркелкі бөле отырып, олардың диетасын сақтауды жалғастыруы керек. Дене салмағы артық пациенттер төмен калориялы диетаны ұстануды жалғастыруы керек.
Қант диабеті кезінде жағдайды бақылауға арналған стандартты зертханалық зерттеулерді үнемі жүргізу ұсынылады.
Метформин В12 дәруменінің деңгейін төмендетуі мүмкін. В12 дәруменінің төмендеу қаупі метформин дозасының жоғарылауымен, емдеу ұзақтығымен және/немесе В12 дәруменінің тапшылығын тудыратын қауіп факторлары бар пациенттерде жоғарылайды. Егер В12 дәруменінің тапшылығына күдік болса (мысалы, анемия немесе нейропатия), қан сарысуындағы В12 дәруменінің деңгейін бақылау керек. В12 дәрумені деңгейінің мерзімді мониторингі В12 дәрумені тапшылығының қауіп факторлары бар пациенттерге қажет болуы мүмкін. Метформинмен емдеуді ол төзімді және қарсы көрсетілгенге дейін жалғастыру керек және қолданыстағы клиникалық ұсыныстарға сәйкес В12 дәруменінің тапшылығын толтыру үшін тиісті түзету ем жүргізу керек.
Метформинмен монотерапия гипогликемияны туғызбайды, алайда препаратты инсулинмен немесе ішке қабылдауға арналған басқа да диабетке қарсы препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина немесе меглитинид препараттары) біріктіріп қолданған жағдайда сақ болу ұсынылады.
Педиатриялық бейінді пациенттер
Метформинді қолданар алдында 2-типті қант диабеті диагнозын растау керек.
1 жылға созылатын бақыланатын клиникалық зерттеулерде метформиннің өсуге және жыныстық жетілуге қандай да бір әсері анықталған жоқ, бірақ осы мақсатты көрсеткіштер бойынша ұзақ уақыт бойы жиналған деректер жоқ. Сондықтан балаларды, әсіресе, препубертаттық жастағы балаларды емдеуде метформиннің осы параметрлерге әсерін мұқият бақылау ұсынылады.
10-12 жастағы балалар
Балалар мен жасөспірімдердегі бақыланатын клиникалық зерттеулерге 10-12 жас аралығындағы барлығы 15 сыналушы қатысты. Бұл балалардағы метформиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі үлкен жастағы балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігінен ерекшеленбегеніне қарамастан, препаратты 10-12 жастағы балаларға тағайындаған кезде ерекше сақ болу ұсынылады.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Метформинмен монотерапия гипогликемияны тудырмайды, сондықтан көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.
Дегенмен, пациенттерге метформинді диабетке қарсы басқа дәрілік препараттармен (сульфонилмочевина туындыларымен, инсулинмен немесе меглитинидпен) біріктіріп қолданған кезде гипогликемияның даму қаупі туралы ескерткен жөн.