Әсер ету механизмі
СИТАПРИЛ М 50/1000 өзара толықтырылатын әсер ету механизмі екі гипогликемиялық препараттың: дипептидилпептидаза 4 (ДПП-4) тежегіші – ситаглиптин фосфаты және бигуанидтер класының өкілі – метформин гидрохлоридінің біріктірілімітүрінде болады; әрі 2 типті қант диабеті бар пациенттерде гликемия деңгейін бақылауды жақсартуға арналған.
Ситаглиптин
Әсер ету механизмі
Ситаглиптин фосфаты – бұл 2 типті диабетті емдеуге арналған пероральді қабылдау кезінде белсенді болатын дипептилпептидаза 4 (ДПП-4) ферментінің жоғары селективті тежегіші. (ДПП-4) тежегіштері – инкретиндер күшейткіштері ретінде әрекет ететін препараттар класы. ДПП-4 ферментін тежеу арқылы ситаглиптин екі белсенді инкретиндік гормондардың – глюкагон тәрізді пептид 1 (ГТП-1) және глюкозаға тәуелді инсулин тектес полипептид (ГИП) концентрациясын арттырады. Инкретиндер глюкоза гомеостазын физиологиялық реттеуге қатысатын эндогенді жүйенің бір бөлігі болып табылады. Тек қандағы глюкозаның қалыпты немесе жоғары концентрациясында ғана ГТП-1 және ГИП ұйқы безінің β-жасушаларымен инсулин синтезі мен секрециясының артуына ықпал етеді. ГТП-1 ұйқы безінің альфа-жасушаларымен глюкагон секрециясын да төмендетіп, бауырдың глюкозаны өндіруінің төмендеуіне әкеледі. ДГПI-4 ферментінің жоғары селективті және тиімді тежегіші бола отырып, ситаглиптин емдік концентрацияларында ДПП-8 немесе ДПП-9 тектестігі жақын ферменттер белсенділігін бәсеңдетпейді. Ситаглиптин химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсері жағынан ГТП-1 аналогтарынан, инсулиннен, сульфонилмочевина туындыларынан немесе меглитинидтерден, бигуанидтерден, асқын тотық пролифераторы (PPARγ) белсендіретін гамма-рецепторлар агонистерінен, альфа-гликозидаза тежегіштерінен және амилин аналогтарынан ерекшеленеді.
Дені сау еріктілердің қатысуымен екі жылдық зерттеуде ситаглиптинмен монотерапияда белсенді ГТП-1 концентрациялары жоғарылады, ал метформинмен монотерапияда белсенді және жалпы ГТП-1 концентрациялары тең дәрежеде жоғарылады.
Ситаглиптин мен метформинді бір мезгілде қолдану белсенді ГТП-1 концентрацияларына аддитивті әсерін көрсетеді. Ситаглиптин, бірақ метформин емес, белсенді ГИП концентрациясын арттырады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жалпы, ситаглиптин 2 типті диабет бар ересек пациенттерде монотерапия ретінде де, басқа препараттармен біріктірілімде де гликемиялық бақылауды жақсартады.
Клиникалық зерттеулерде ситаглиптин монотерапияда гликирленген гемоглобин A1c (HbA1c), сондай-ақ аш қарында да және ас ішуден кейін де глюкоза деңгейінің едәуір төмендеуімен гликемиялық бақылауды жақсартты. Аш қарындағы қан плазмасында глюкоза деңгейінің төмендеуі 3-ші аптаға қарай байқалды (бастапқы соңғы нүкте). Гипогликемияның байқалған туындау жиілігі ситаглиптинмен ем қабылдаған пациенттерде плацебо тобындағымен ұқсас болды. Дене салмағы ситаглиптинмен емдеу кезінде бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда жоғарылады.
HOMA-β (β-гомеостазды бағалау үлгісі) қамтылатын β-жасушалар функциясы көрсеткіштерінің, ізашар инсулиннің инсулинге арақатынасының және сынамалар жиі жиналғанда глюкозаға төзімді тестіде β-жасушалардың қайта белсенділену көрсеткіштерінің оң динамикасы да байқалды.
Метформинмен біріктірілген ситаглиптин зерттеулері
Метформинмен жалғастырылған емге тәулігіне бір рет 100 мг дозада ситаглиптинді қосудың тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланатын 24-апталық плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде ситаглиптин, плацебомен салыстырғанда, гликемиялық параметрлердің едәуір жақсаруын қамтамасыз етті. Ситаглиптин қабылдаған пациенттер үшін, плацебо қабылдаған топпен салыстырғанда, дене салмағының бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруі ұқсас болды. Осы зерттеуде ситаглиптин немесе плацебо алған пациенттерде гипогликемия жиілігінің ұқсастығы байқалды.
Бастапқы емнің 24-апталық плацебо-бақыланатын факторлық зерттеуінде метформинмен (тәулігіне екі рет 500 мг немесе 1000 мг) біріктірілген тәулігіне екі рет 50 мг дозадағы ситаглиптин, осы препараттардың монотерапиясымен салыстырғанда, гликемиялық параметрлердің елеулі жақсаруын қамтамасыз етті. Ситаглиптин мен метформин біріктірілімінде дене салмағының төмендеуі метформинмен монотерапияда немесе плацебо қолдану кезінде байқалғанына ұқсас болды; тек ситаглиптин алған пациенттер үшін, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, өзгеірстер анықталмады. Гипогликемия жиілігі барлық емдеу топтарында бірдей болды.
Метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілген ситаглиптин зерттеуі
24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу глимепиридке (бөлек немесе метформинмен біріктірілімде) қосылған ситаглиптин (тәулігіне бір рет 100 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін жүргізілді. Ситаглиптинді глимепиридке және метформинге қосу гликемиялық параметрлердің елеулі жақсаруын қамтамасыз етті. Ситаглиптин қабылдаған пациенттерде, плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, дене салмағының орташа артуы (+1,1 кг) болды.
Метформинмен және PPARγ агонисімен біріктірілген ситаглиптин зерттеуі
24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу пиоглитазон мен метформин біріктіріліміне қосылған ситаглиптин (тәулігіне бір рет 100 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін жүргізілді. Ситаглиптинді пиоглитазон мен метформинге қосу гликемиялық параметрлердің елеулі жақсаруын қамтамасыз етті. Ситаглиптин қабылдаған пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, дене салмағының бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруі ұқсас болды. Гипогликемия жиілігі ситаглиптин немесе плацебо алған пациенттерде ұқсас болды.
Метформинмен және инсулинмен біріктірілген ситаглиптин зерттеуі
24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу метформинмен (кемінде 1500 мг) немесе онсыз инсулинге (10 аптадан кем емес уақыт бойы тұрақтанған дозада) қосылған ситаглиптин (тәулігіне бір рет 100 мг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін жүргізілді. Алдын ала аралас инсулин қабылдаған пациенттерде орташа тәуліктік доза 70,9 ӘБ/тәулік құрады. Аралас емес (аралықтық/ұзақ әсер ететін) инсулин қабылдаған пациенттерде орташа тәуліктік доза 44,3 ӘБ/тәулік құрады. Метформин қабылдаған пациенттердің 73%-ның деректері 2 кестеде берілген. Ситаглиптинді инсулинмен емге қосу гликемиялық параметрлердің едәуір жақсаруын қамтамасыз етті. Топтардың бір де бірінде, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, дене салмағының елеулі өзгерістері байқалмады.
2 кесте: Ситаглиптинмен және метформинмен біріктірілген емнің плацебо-бақыланатын зерттеулері барысындағы HbA1c нәтижелері *
Зерттеу — Орташа бастапқы HbA1c (%) — HbA1c бастапқы деңгейінен орташа ауытқуы (%) — HbA1c плацебо-түзетілетін орташа өзгерісі (%) (95% СА)
Метформинмен жалғастырылған емге қосымша ретінде тәулігіне бір рет 100 мг ситаглиптин % (N = 453) — -0.7† — -0.7†,‡ (-0.8, -0.5)
Глимепирид + метформинмен жалғастырылған емге қосымша ретінде тәулігіне бір рет 100 мг ситаглиптин % (N=115) — 8.3 — -0.6† — -0.9†,‡ (-1.1, -0.7)
Пиоглитазон + метформинмен жалғастырылған емге қосымша ретінде тәулігіне бір рет 100 мг ситаглиптин ¶ (N=152) — 8.8 — -1.2† — -0.7†,‡ (-1.0, -0.5)
Инсулин + метформинмен жалғастырылған емге қосымша ретінде тәулігіне бір рет 100 мг ситаглиптин % (N = 223) — 8.7 — -0.7§ — -0.5§,‡ (-0.7, -0.4)
Бастапқы ем (тәулігіне екі рет)%: Ситаглиптин 50 мг + метформин 500 мг (N = 183) — 8.8 — -1.4† — -1.6†,‡ (-1.8, -1.3)
Бастапқы ем (күніне екі рет)%: Ситаглиптин 50 мг + метформин 1000 мг (N = 178) — 8.8 — -1.9† — -2.1†,‡ (-2.3, -1.8)
* Ем қабылдаған барлық пациент (an intention-to-treat analysis).
† 1Ең аз квадраттар гипогликемиялық емнің алдыңғы статусына жасалған түзетуді және бастапқы мәнін білдіреді.
‡ Плацебомен немесе плацебо +біріктірілген еммен салыстырғанда p <0,001.
% 24 аптадағы HbA1cм мәні (%).
¶ 26 аптадағы HbA1cм мәні (%).
§ 1 қаралудағы инсулин қолдануға жасалатын түзетумен ең аз квадраттарының орташа мәні (алдын ала аралас емесіне керісінше алдын ала аралас түрі [аралықтық немесе ұзақ әсер ететін]) және бастапқы мәні.
Метформинмен монотерапияда гликемия бақылауы жеткіліксіз пациенттерде тәулігіне бір рет 100 мг дозадағы ситаглиптин немесе глипизидті (сульфонилмочевина) қосудың тиімділігі мен қауіпсіздігі салыстырылған 52-апталық зерттеуде ситаглиптин HbA1c төмендеуі бойынша глипизидке ұқсас болды (52-ші аптада бастапқы көрсеткіштерден орташа өзгеруі -0,7%, осы орайда HbA1c бастапқы деңгейі екі топта да шамамен 7,5% құрады). Салыстыру тобында қолданылатын глипизидтің орташа дозасы тәулігіне 10 мг, осы орайда пациенттердің шамамен 40%-ы бүкіл зерттеу бойына глипизидтің ≤ 5 мг/тәулік дозасын қажетсінді. Алайда, ситаглиптин тобындағы пациенттердің көп саны, глипизид тобына қарағанда, тиімділігінің жеткіліксіздігі салдарынан қабылдауды тоқтатты. Глипизид қабылдаған пациенттерде салмақтың едәуір өзгеруімен (+1,1 кг) салыстырғанда, ситаглиптин қабылдаған пациенттерде дене салмағының бастапқы деңгеймен салыстырмалы елеулі орташа төмендеуі (-1,5 кг) байқалды. Осы зерттеуде ізашар инсулиннің инсулинге қатынасы, инсулиннің синтезделуі мен босап шығу тиімділігінің маркері ситаглиптин қабылдау кезінде жақсарды және глипизидпен емдеу кезінде нашарлады. Ситаглиптин тобындағы гипогликемия жиілігі (4,9%) глипизид тобындағыдан едәуір төмен (32,0%) болды.
Инсулинмен ем қарқындатылған уақытта метформинмен (кемінде 1500 мг) немесе онсыз инсулин гларгинмен емге қосылған ситаглиптиннің (тәулігіне бір рет 100 мг) инсулин жинақтаушы тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін 660 пациенттің қатысуымен 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу жүргізілді. Метформин қабылдаған пациенттер арасында HbA1c бастапқы деңгейі 8,70%, ал инсулиннің базалық дозасы 37 ӘБ/тәулік құрайды. Пациенттерге аш қарындағы глюкоза мәндерінің негізінде инсулин гларгин дозасын титрлеу ұсынылды. Метформин қабылдаған пациенттер арасында 24-ші аптада инсулиннің тәуліктік дозасын арттыру ситаглиптин қабылдаған пациенттерде 19 ӘБ/тәулік, ал плацебо алған пациенттерде 24 ӘБ/тәулік құрады. Ситаглиптин, метформин және инсулин қабылдаған пациенттерде HbA1c төмендеуі, плацебо, метформин және инсулин қабылдаған пациенттердегі -0,90%-бен салыстырғанда, -1,35% құрады, айырмасы -0,45% [95% СА: -0,62, -0,29]. Гипогликемия жиілігі ситаглиптин, метформин және инсулин қабылдаған пациенттерде 24,9%, ал плацебо, метформин және инсулин қабылдаған пациенттерде 37,8% құрады. Айырмасы, негізінен, 3 немесе одан көп гипогликемия көріністері болған плацебо тобындағы пациенттердің өте жоғары пайызымен өрнектелді (19,8 қарсы 9,1%). Ауыр гипогликемия жиілігінде айырмашылық болмады.
Метформин
Әсер ету механизмі
Метформин гидрохлориді аш қарында да, ас ішуден кейін де қан плазмасында глюкоза деңгейін төмендететін гипергликемияға қарсы әсері бар бигуанид болып табылады. Препарат инсулин секрециясын көтермелемейді, сондықтан да гипогликемияның туындауына алып келмейді.
Метформин әсері үш механизммен жүзеге асады:
• глюконеогенез және гликогенолизді тежеу жолымен бауырда глюкоза өндірілуін төмендету;
• инсулинге сезімталдықты бірқалыпты күшейту арқылы шеткері тіндерде, бұлшықет тінінде глюкозаның қармалуы мен жойылуын жақсарту;
• ішекте глюкоза сіңірілуін баяулату.
Метформин гликоген-синтетазаға әсер ету жолымен гликогеннің жасушаішілік синтезін көтермелейді, спецификалық жарғақшалық ақуыздардың (GLUT-1 және GLUT-4) глюкозаның тасымалдануын күшейтеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Адамда метформин гликемияға әсер етуіне байланыссыз липид алмасуға қолайлы ықпалын тигізеді. Бұл бақыланатын орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді клиникалық зерттеулерде емдік дозаларда қабылдау барысында анықталды: метформин жалпы холестерин, ТТЛП және триглицеридтер деңгейін төмендетеді.
Проспектілі рандомизацияланған зерттеуде (UKPDS) 2 типті диабет кезінде қандағы глюкоза деңгейін қарқынды бақылаудың ұзақ мерзімді пайдасы анықталды. Метформинді тек диетадан бас тартудан кейін қабылдаған артық салмағы бар пациенттердегі нәтижелерін талдауда мыналар анықталды:
- диабетпен байланысты кез келген асқынудардың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі, метформин тобында (29,8 құбылыс/1000 пациент-жыл) тек бір диетамен салыстырғанда (43,3 құбылыс/1000 пациент-жыл), р=0,0023, сульфонилмочевинамен және инсулинмен біріктірілген монотерапия топтарымен салыстырғанда (40,1 құбылыс/1000 пациент-жыл), р=0,0034
- диабетпен байланысты кез келген өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі: метформинмен 1000 пациент-жылға 7,5 жағдай, тек диетамен 1000 пациент-жылға 12,7 жағдай, р=0,017
- жалпы өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі: метформин 13,5 жағдай/1000 пациент-жыл, тек бір диетамен салыстырғанда 20,6 жағдай/1000 пациент-жыл (р=0,011) және сульфонилмочевинамен және инсулинмен біріктірілген монотерапия топтарымен салыстырғанда 18,9 жағдай/1000 пациент-жыл (р=0,021)
- миокард инфарктісінің абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі: метформинмен 1000 пациент-жылға 11 жағдай, тек диетамен 1000 пациент-жылға 18 жағдай (р=0,01).
TECOS – HbA1c қауіп факторлары және жүрек-қантамыр аурулары үшін аймақтық стандарттарға бағдарланған стандартты емге толықтыру ретінде тәулігіне 100 мг ситаглиптин (7,332) (немесе 50 мг тәулік, егер бастапқы еШСЖ ≥ 30 және <50 мл/мин/1,73 м2 құраса) немесе плацебо (7,339) қабылдаған HbA1c ≥ 6,5-дан 8,0% дейінгі анықталған жүрек-қантамыр ауруымен емдеу жоспарланған қауымда 14 671 пациенттің қатысуымен рандомизацияланған зерттеу. еШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2 пациенттер зерттеуде қамтылмады. Зерттелетін қауымда ≥ 75 жастағы 2 004 пациент және бүйрек функциясының бұзылуы бар (еШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) 3 324 пациент қамтылды.
Зерттеу барысында ситаглиптин мен плацебо топтары арасында жалпы есептік HbA1c орташа айырмасы (SD) 0,29% (0,01), 95% СА (-0,32, -0,27); р <0,001 құрады.
Бастапқы жүрек-қантамырлық соңғы нүкте жүрек-қантамыр аурулары, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі, өлімге соқтырмайтын инсульт немесе тұрақсыз стенокардия себепті ауруханаға жату нәтижесіндегі өлімнің алғашқы жағдайларының жиынтығынан құралды. Екінші жүрек-қантамырлық соңғы нүктелерде жүрек-қантамыр ауруының, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі немесе өлімге соқтырмайтын инсульт; бастапқы композиттің жекелеген компоненттерінің алғаш туындауы; жалпы өлім көрсеткіші; сондай-ақ немесе тұрақсыз стенокардия себепті ауруханаға жату нәтижесіндегі өлімнің алғашқы жағдайлары қамтылды.
3 жыл бойы қадағалаудың орташа кезеңінен кейін стандартты емге қосымшалағанда ситаглиптин 2 типті қант диабеті бар пациенттерде, ситаглиптинсіз стандартты еммен салыстырғанда, күрделі қолайсыз жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін немесе жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жату қаупін арттырмады (3 кесте).
3 кесте: Жиынтық жүрек-қантамыр нәтижелерінің және шешуші екінші нүктелердің көрсеткіштері
Ситаглиптин 100 мг — Плацебо — Қауіптілік коэффициенті (СА 95%) — p-мәні †
N (%) — 100 пациент-жылда ауруға шалдығу көрсеткіші * — N (%) — 100 пациент-жылда ауруға шалдығу көрсеткіші *
Емдеуге жататын қауым талдауы (the Intention-to-Treat Population)
Пациенттер саны — 7,332 — 7,339 — 0.98 (0.89–1.08) — <0.001
Бастапқы жиынтық соңғы нүкте (Жүрек-қантамыр ауруымен байланысты өлім, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі, өлімге соқтырмайтын инсульт немесе тұрақсыз стенокардия себебінен ауруханаға жату — 839 (11.4) — 4.1 — 851 (11.6) — 4.2
Екінші жиынтық соңғы нүкте (Жүрек-қантамыр ауруымен байланысты өлім, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі немесе өлімге соқтырмайтын инсульт) — 745 (10.2) — 3.6 — 746 (10.2) — 3.6 — 0.99 (0.89–1.10) — <0.001
Екінші соңғы нүкте
Жүрек-қантамыр ауруымен байланысты өлім — 380 (5.2) — 1.7 — 366 (5.0) — 1.7 — 1.03 (0.89-1.19) — 0.711
Миокард инфарктісінің барлық (өлімге соқтыратын және өлімге соқтырмайтын) жағдайлары — 300 (4.1) — 1.4 — 316 (4.3) — 1.5 — 0.95 (0.81–1.11) — 0.487
Инсульттің барлық (өлімге соқтыратын және өлімге соқтырмайтын) жағдайлары — 178 (2.4) — 0.8 — 183 (2.5) — 0.9 — 0.97 (0.79–1.19) — 0.760
Тұрақсыз стенокардия себебінен ауруханаға жату — 116 (1.6) — 0.5 — 129 (1.8) — 0.6 — 0.90 (0.70–1.16) — 0.419
Басқа себептерден болған өлім — 547 (7.5) — 2.5 — 537 (7.3) — 2.5 — 1.01 (0.90–1.14) — 0.875
Жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жату‡ — 228 (3.1) — 1.1 — 229 (3.1) — 1.1 — 1.00 (0.83–1.20) — 0.983
* 100 пациент-жылда ауруға шалдығу көрсеткіші 100 × (жалпы пациент-жыл санына қолайлы әсер ету кезеңі ішіндегі оқиғамен пациенттердің жалпы саны ≥1) ретінде есептеледі.
† Аймақтар бойынша бөлінген Кокс үлгісі негізінде. Р-мәнінің құрамдас соңғы нүктелері үшін мәндері 1,3-тен аз қауіптер қатынасын көрсетуге ұмтылатын толыққанды емстігіне жасалған тестіге сәйкес келеді. Р-мәнінің барлық басқа соңғы нүктелері үшін қауіптілік дәрежесіндегі өзгешеліктер тестісіне сәйкес келеді.
‡ Жүрек жеткіліксіздігі себепті ауруханаға жатуға жасалған талдау анамнездегі бастапқы деңгейдегі жүрек жеткіліксіздігін ескере отырып, түзетілді.