Өзгедей дәрілік құралдар сияқты, бұл препарат жанама әсер беруі мүмкін, дегенмен ол барлық пациенттерде бола бермейді. Келесі ауыр жанама әсерлердің бірі туындаған жағдайда СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну қажет:
іштің (асқазан маңының) арқаға дейін тарауы мүмкін қатты және үздіксіз ауруы, жүрек айнумен және құсумен үйлескен немесе онсыз, себебі бұл ұйқы безінің жедел қабынуының (панкреатит) нышаны болуы мүмкін.
СИТАПРИЛ М 50/500 лактацидоз деп аталатын өте сирек, бірақ өте ауыр жанама әсер беруі мүмкін («Арнайы ескертулер» тарауын қараңыз). Пациент бұндай жағдайларда СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен хабарласуы немесе жақын жердегі емханаға баруы тиіс, себебі лактацидоз комаға әкеп соғуы мүмкін.
Егер ауыр аллергиялық реакция, соның ішінде бөртпе, есекжем, терідегі күлбіреуік / қабыршықтану және тыныстауды немесе жұтуды қиындатуы мүмкін беттің, еріндердің, тіл мен тамақтың ісінуі пайда болған жағдайларда (жалпы топтамада кездесу жиілігі анықталмады), бұл препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен хабарласуы. Дәрігер аллергиядан көмектесетін дәріні және диабетке қарсы басқа препаратты тағайындай алады.
Метформин қабылдайтын кейбір пациенттерде ситаглиптинді қабылдай бастағаннан кейін келесі жанама әсерлер байқалды:
Жиі: гипогликемия, жүрек айну, метеоризм, құсу
Жиі емес: іш ауруы, диарея, іш қату, ұйқышылдық
Кейбір пациенттерде ситаглиптин мен метформин препараттарының біріктірілімін қабылдай бастағаннан кейін диарея, жүрек айну, метеоризм, іш қату, іштің ауруы немесе құсу байқалған (жалпы жиілігі).
Кейбір пациенттерде СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын глимепиридпен үйлестіре қабылдау жағдайларында келесідей жанама әсерлер байқалды:
Өте жиі: гипогликемия
Жиі: іш қату
Кейбір пациенттерде СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын пиоглитазонмен үйлестіре қабылдау жағдайларында келесідей жанама әсерлер байқалды:
Жиі: қолдардың немесе аяқтардың ісінуі
Кейбір пациенттерде СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын инсулинмен үйлестіре қабылдау жағдайларында келесідей жанама әсерлер байқалды:
Өте жиі: гипогликемия
Жиі емес: ауыздың құрғауы, бас ауруы
Ситаглиптиннің (СИТАПРИЛ М 50/500 препаратының компоненттерінің бірінің) клиникалық зерттеулерін орындау барысында СИТАПРИЛ М 50/500 препаратын немесе ситаглиптинді немесе диабетті емдеуге арналған басқа препараттармен үйлестіре отырып тіркеуден кейінгі пайдалану кезеңінде келесідей жанама әсерлер тіркелді:
Жиі: гипогликемия, бас ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, мұрын бітелуі, мұрыннан шырышты-сулы бөлінулер, тамақ ауруы, остеоартрит, аяқ-қолдың сырқырауы
Жиі емес: бас айналу, іш қату, қышу
Сирек: тромбоцитопения
Жиілігі белгісіз: бүйрек функциясының бұзылуы (кейде диализді қажет ететін), құсу, буын сырқырауы, бұлшықет ауырсынуы, бел ауруы, өкпенің интерстициалды аурулары, буллёзды пемфигоид (терідегі күлбіреуік түрінде)
Кейбір пациенттерде метформинді монопрепарат түрінде қабылдау жағдайында келесідей жанама әсерлер байқалды:
Өте жиі: жүрек айну, құсу, диарея, іш ауруы, тәбеттің жоғалуы. Бұл симптомдар пациент метоформинді қабылдай бастағанда пайда болуы мүмкін, ал әдетте олар жоққа шығарылады.
Жиі: ауыздағы темір дәмі
Өте сирек: B12 дәрумені деңгейінің төмендеуі, гепатит, есекжем, терінің қызаруы (бөрту) немесе қышыну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz