Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Ситком
Әсер етуші зат
Прочие препараты и их комбинации
Мақсаты
Геморройда
Өндіруші
Панацея Биотек Фарма Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісі [(35-70:1)] 10.0 мг,
қосымша заттар: пропиленгликоль, метилпарабен, пропилпарабен, титанның қостотығы (E171), эмульгациялайтын балауыз, сорбит стеараты (2 типі) Span 60-РА, жүгері майы, бутилгидроксианизол, пропилгаллат, глицерол, сұйық сорбитол (кристалдандырылмаған) (Neosorb 70/70В), вигум HV түйіршіктері, натрий кармеллозасы (2000 mPа.s.), полисорбат 80, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің дәмінің сипаттамасы
Ламинацияланған сықпаларға толтырылған, сулы және липофильді фазасының бөліну белгілерінсіз, жасылдау-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейінгі крем.
• геморройда
Әсер ету механизмі.
Препараттың фармакологиялық әсеріне жатаған сүттіген шөбінің құрғақ экстрактісінің (Euphorbia prostrata) құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар (биофлавоноидтар, гликозидтер) кешені түрткі болады. Биофлавоноидтар лютеолин, 6-метоксикверцетин гликозид, кверцетин және лютеолин мен апигенин гликозидтері қабынуға қарсы әсері бар антиоксиданттар болып табылады.
Лютеолин мен апигенин де көмірсулардың метаболизмне ықпал етеді, қабынуға қарсы ІНФ-α цитокиндерінің және ИЛ-1β, ИЛ-6, ИЛ-4, ИЛ-13 интерлейкиндерінің өндірілуі мен секрециясына кедергі келтіреді.
Апигенин де несеп қышқылының түзілуін бөгейді.
Кверцетин гистаминнің синтезі мен секрециясын бәсеңдетеді, липоксигеназа ферменті мен CYP3A4 цитохромын тежейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Euphorbia prostrata өсімдігі (тұқымдастар: Euphorbiaceae) аноректальді және геморройды қоса, ішек ауруларын емдеуде тиімді дәрі ретінде идентификацияланды. Ситком препараты (жатаған сүттіген шөбінің құрғақ экстрактісін (Euphorbia prostrata)) қауіпсіз және тиімді өсімдік тектес препарат болып табылады, ол геморройдың түрлі белгілері мен симптомдары, қышыну және ауыру (проктит және парапроктит) кезінде және геморройдың бірінші және екінші дәрежесінде көмектеседі және ықпал етеді, қабынуды бәсеңдететін, қан кетудің және капиллярлардың үзілгіштігінің алдын алатын қасиеттерге ие. Ситком препараты қабынуды азайтады және геморрой кезінде ауыру шегінің жоғарылауын да қамтамасыз етеді.
Дозалану режимі
Жергілікті, 14 күн бойы күніне 2 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Крем жергілікті қолдануға арналған.
Ситком кремі әрбір дефекация актісінен кейін жергілікті жағылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қанның коагуляциялық бейінінің өзгеруі
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- жанаспалы дерматит, аллергиялық реакциялар, жоғары сезімталдық
- бас айналуы, бас ауыруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Кремді қолданғанда артық дозалану жағдайлары анықталмады. Ықтимал артық дозалану жағдайында симптомдары жағымсыз әсерлерінің күшеюімен көрініс береді.
Емі
Симптоматикалық ем.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту қажет. Емдеу кезінде бауыр және бүйрек функциясына мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Көзге, мұрынға немесе ауызға тигізбеу керек.
Кремді жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.
Қосымша заттар
Препараттың қосымша заттарының құрамында пропиленгликоль бар, ол терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Препараттың қосымша заттарының құрамында метилпарабен мен пропилпарабен бар, олар баяу типті аллергиялық реакцияларлы тудыруы мүмкін.
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге жатаған сүттіген шөбінің құрғақ экстрактісін қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге жатаған сүттіген шөбінің құрғақ экстрактісін қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі жөнінде клиникалық деректер жоқ. Дәрілік препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың ана сүтімен бөлініп шығатынын растайтын деректер жоқ, сондықтан Ситком препаратын бала емізетін аналарда қолдануға болмайды.
Ситком препаратының қанның коагуляциялық бейінін өзгертетін қасиеті бар, сондықтан, антикоагулянттармен және тромбоциттік-антиагреганттық дәрілермен бірге сақтықпен қолдану қажет.
Ситком препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.