Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суспензия для приема внутрь
Дозасы
3 г
Саудалық атауы
СМЕКТА® экспресс
Әсер етуші зат
Диосмектит
Мақсаты
Бұл дәрілік препарат диеталық терапияға қосымша ересектер мен 15 жастан асқан балаларда жедел диарея кезінде қолдануға көрсетілген
Өндіруші
Бофур Ипсен Индастри
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакет ішінде
белсенді зат – диоктаэдрлік смектит (диосмектит), 3 г
қосымша заттар: карамель-какао хош иістендіргіші*, ксантан шайыры, хлорсутек қышқылы, натрий бензоаты, калий сорбаты, сукралоза, тазартылған су
*Карамель-какао хош иістендіргішінің құрамы: табиғи хош иістердің қоспасы; хош иістендіргіштер және табиғи хош иістендіргіштер, Карамель бояғышы E150d, карамельденген қант шәрбаты, пропиленгликоль E1520 (22,5%), су, этанол (9- 13%-ке) және кофеин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Карамельге тән иісі бар сарғыштан ақшыл-сары түске дейінгі біртекті суспензия
Бұл дәрілік препарат диеталық терапияға қосымша ересектер мен 15 жастан асқан балаларда жедел диарея кезінде қолдануға көрсетілген.
Клиникалық фармакология зерттеулерінде диосмектит ересектердегі ішек саңылауындағы газды сорып алу, ішектің шырышты қабығының қалыпты өткізгіштігін қалпына келтіре алатын қабілетін көрсетті.
Токсико-фармакологиялық зерттеулер диосмектиттің:
- агрессивті агенттерге қарсы, мысалы, тұз қышқылы, өт қышқылдарының тұздары және басқа да тітіркендіргіштерге шырышты тұрақтандыратын және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының цитопротекторы сияқты әрекет ететінін,
- энтеротоксиндер, бактериялар мен вирустарға қатысты жоғары адсорбциялық қабілетке иеленгенін,
- ішектің шырышты қабығының бөгеттік қасиеттерін күшейтетін,
- қабынуға ықпал ететін TNF-α цитокині (бірнеше ішек бұзылыстарының генезіне қатысатын: инфекциялық диарея, ішектің қабыну аурулары, тағамдық аллергия) әсерінен туындаған эпителиальді бөгеттің ақауын қалпына келтіретінін көрсетті.
Плацебомен салыстырғанда СМЕКТА препаратының тиімділігін салыстыратын және 1 айдан 36 айға дейінгі жедел диареядан зардап шеккен 602 пациент кірістірілген екі іріктелген салыстырмалы жасырын зерттеудің біріктірілген нәтижелері оральді регидратацияға қосымша ретінде СМЕКТА препаратымен емделіп жүрген пациенттер тобында алғашқы 72 сағат ішінде үлкен дәретке отыру жиілігінің едәуір азайғанын көрсетті.
Дозалау режимі
Емдеудің басында 1 пакет (3 г). Сонымен қатар, егер нәжіс қалыптаспаған немесе сұйық болса, әр жолы 1 пакеттен қабылдаңыз, бірақ күніне 6 пакеттен артық емес.
Енгізу жолы және тәсілі
Пероральді.
Суспензия бар пакетті, оны ашар алдында саусақ арасында умаждау ұсынылады. Пакет ішіндегісін сұйытылмаған күйде пайдалнауға болады немесе суспензияны қабылдау алдында аздаған мөлшердегі сумен сұйылтуға болады.
Қабылдаудың дұрыс уақыты – тамақтану арасында.
Қосымша диеталық ұсынымдар
Пациент мыналардың қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс:
• диарея салдарынан жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін молынан сусын, тұзды немесе тәтті тағамдар тұтыну (ересек адамға арналған орташа күнделікті су нормасы – 2 литр),
• диарея кезінде тамақтануды жалғастыру:
- кейбір өнімдерді, атап айтқанда, шикі көкөністер мен жемістерді, жасыл көкөністерді, ащы тағамдарды, сондай-ақ мұздатылған тамақ өнімдері мен сусындарды қоспағанда,
- грильде қуырылған етті және күрішті таңдау.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігермен кеңесусіз емдеудің ең көп ұзақтығы-3 күн.
Дәрігермен кеңесу қажет:
• жедел диарея кезінде егер емді бастағаннан кейін 3 күн бойы симптомдар жақсармаса немесе нашарласа
• егер іштің ауруы қызбамен және құсумен қатар жүрсе.Препаратты балаларда ұзақ қолдану ұсынылмайды.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Бірлі-жарым жағдайларға қарағанда, жиі кездескен жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес берілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігіне баға беру мүмкін емес).
Жиі
• іш қату
Жиі емес
• құсу
• бөртпе
Сирек
• есекжем
Жиілігі белгісіз
- ангиоэдема
• қышыну
- аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емі: симптоматикалық.
Анамнезінде созылмалы ауыр іш қатуы бар пациенттерге диосмектитті сақтықпен қолдану керек.
Ересек пациенттерде СМЕКТА® экспресс препаратымен емдеу регидратациядан жүргізуден, егер ондай қажет болып жатса, босатпайды.
Оральді немесе венаішілік регидратацияға арналған ерітіндімен регидратацияның көлемі диарея қарқындылығына, пациенттің жасына және ерекшеліктеріне қарай есептелуі тиіс.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Бұл препараттың құрамында әрбір пакетте 50,8 мг карамельденген қант шәрбаты бар.
Фруктоза жақпаушылығы, глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза/изомальтоза тапшылығы (сирек тұқым қуалайтын аурулар) бар науқастар бұл өнімді қабылдамауы керек.
Бұл препараттың әрбір пакетінде 22,54 мг пропиленгликоль бар.
Бұл препаратта этанолдың төмен деңгейі бар (от 9 до 13 мг).
Бір пакеттегі этанол мөлшері 0,325 мл сыраға немесе 0,13 мл шарапқа тең. Бұл препараттың әрбір пакетінде 15 мг натрий бензоаты бар.
Педиатрияда қолдану
Жедел диареясы кезінде оральді регидратация эталонды ем болып табылдады.
Жедел диареясы бар 15 жастан асқан балаларда сусыздануды болдырмас үшін препарат кешенді түрде алдын ала оральді регидратациялық ерітіндімен бірге жүргізілуі тиіс. Балаларға СМЕКТА® экспресс препаратын ұзақ қолданудан бас тарту керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті немесе күрделі механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Жүктілік
СМЕКТА® экспресс препаратын жүкті әйелдерде қолдану бойынша шектеулі деректер бар. СМЕКТА® экспресс препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу кезеңі
Бала емізу кезінде СМЕКТА® экспресс препаратын қолдану бойынша шектеулі деректер бар. СМЕКТА® экспресс препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың сіңіргіш қасиеттері басқа заттардың сіңіру уақытына және/немесе дәрежесіне ықпал етуі мүмкін, сондықтан СМЕКТА® экспресс препараттын басқа препараттармен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды. СМЕКТА® экспресс препаратын және басқа дәрілік заттарды, егер мүмкін болса, кемінде 2 сағат аралықпен қабылдауды сақтау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.