Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
порошок для приготовления суспензии для приема внутрь со вкусом клубники
Саудалық атауы
СМЕКТА®
Әсер етуші зат
Диосмектит
Мақсаты
Екі жастан асқан балалар (оральді регидратациямен кешенде) мен ересектерде жедел диареяда
Өндіруші
Бофур Ипсен Индастри
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакет ішінде
белсенді зат – диоктаэдрлік смектит (диосмектит), 3 г
қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині, құлпынай хош иістендіргіші*
* Құлпынай хош иістендіргішінің құрамы: мальтодекстрин, пропиленгликоль, гуммиарабик, табиғи және синтетикалық хош иістендіргіштердің қоспасы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жеңіл құлпынай иісі бар, сұрғылт ақтан бұлыңғыр түске дейінгі ұнтақ.
- екі жастан асқан балалар (оральді регидратациямен кешенде) мен ересектерде жедел диареяда
- ересектерде созылмалы функционалдық диареяны симптоматикалық емдеуде
- ересектерде ішектің функционалдық ауруларымен байланысты ауыруды симптоматикалық емдеуде
Клиникалық фармакология бойынша зерттеулерде диосмектит ересектердегі ішек саңылауындағы газды адсорбциялау қабілетін көрсетті. Гастроэнтеритпен ауыратын балаларда жүргізілген клиникалық зерттеуде диосмектиттің ішек шырышты қабығының қалыпты өткізгіштігін қалпына келтіру мүмкіндігі бар екендігі көрсетілген.
Құрастыру құрылымына және жоғары пластикалық тұтқырлыққа байланысты диосмектит ас қорыту жүйесінің шырышты қабығында жоғары конверттеу қабілетіне ие:
Плацебомен салыстырғанда СМЕКТА препаратының тиімділігін салыстыратын және 1 айдан 36 айға дейінгі жедел диареядан зардап шеккен 602 пациент кірістірілген екі іріктелген салыстырмалы жасырын зерттеудің біріктірілген нәтижелері оральді регидратацияға қосымша ретінде СМЕКТА препаратымен емделіп жүрген пациенттер тобында алғашқы 72 сағат ішінде үлкен дәретке отыру жиілігінің едәуір азайғанын көрсетті.
Дозалау режимі
Жедел диареяны емдеу
2 жастан асқан балаларда: 3 күн бойы күніне 4 пакеттен, сосын 4 күн бойы күніне 2 пакеттен;
Ересектерде: орташа алғанда 7 күн бойы күніне 3 пакеттен. Іс жүзінде, күнделікті доза емдеу басында екі еселенуі мүмкін.
Басқа көрсетілімдері
Ересектерде: орташа алғанда күніне 3 пакет.
Енгізу жолы және тәсілі
Пероральді.
Пакет ішіндегісінен суспензияны дәл қолданар алдында дайындауы тиіс.
Балалар үшін пакеттің ішіндегісін балаларға арналған бөтелкеде күні бойы бірнеше қабылдауға бөліп беру үшін 50 мл сумен немесе сорпа, компот, пюре, балалар тағамы және т.б. жартылай сұйық тағаммен араластыруға болады.
Ересектерде пакеттің ішіндегісін жарты стақан суда сұйылтуға болады.
Қосымша диеталық ұсынымдар
Пациент мыналардың қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс:
• диарея салдарынан жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін молынан сусын, тұзды немесе тәтті тағамдар тұтыну (ересек адамға арналған орташа күнделікті су нормасы – 2 литр),
• диарея кезінде тамақтануды жалғастыру:
- кейбір өнімдерден, атап айтқанда, шикі көкөністер мен жемістерден бас тарта отырып, жасыл көкөністер, ащы тағамдар, сондай-ақ мұздатылған тағам өнімдері және сусындар тұтыну,
- грильде қуырылған етті және күрішті таңдау.
Емдеу ұзақтығы
Жедел диарея кезінде ұсынылатын емдеу курсы – 7 күн.
Дәрігермен кеңесу қажет:
• жедел диарея кезінде егер емді бастағаннан кейін 3 күн бойы симптомдар жақсармаса немесе нашарласа
• егер іштің ауруы қызбамен және құсумен қатар жүрсе.Препаратты балаларда ұзақ қолдану ұсынылмайды.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды
Жиі
• іш қату
Жиі емес
• құсу
• бөртпе
Сирек
• есекжем
Жиілігі белгісіз
- ангионевроздық ісіну
• қышыну
- аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емі: симптоматикалық.
Анамнезінде созылмалы ауыр іш қатуы бар пациенттерге диосмектитті сақтықпен қолдану керек.
Ересек пациенттерде СМЕКТА® препаратымен емдеу, егер ол қажет болып жатса регидратация жүргізуден босатпайды.
Оральді немесе венаішілік регидратацияға арналған ерітіндімен регидратацияның көлемі диарея қарқындылығына, пациенттің жасына және ерекшеліктеріне қарай есептелуі тиіс.
Арнайы ескертулер
Бұл препарат құрамында глюкоза бар. СМЕКТА препаратын глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Бұл препараттың әрбір пакетінде 0,128 мг пропиленгликоль бар.
Педиатрияда қолдану
Сәбилер мен 2 жасқа дейінгі балаларға СМЕКТА® препаратын қолданбаған жөн. Жедел диареясы кезінде оральді регидратация эталонды ем болып табылдады.
Жедел диареясы бар 2 жастан асқан балаларды емдеу сусыздануды болдырмас үшін кешенді түрде алдын ала оральді регидратациялық ерітіндімен бірге жүргізілуі тиіс. Балаларға СМЕКТА® препаратын ұзақ қолданудан бас тартқан жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Осы препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда күтілетін нәтиже нөлге тең немесе елеусіз.
Жүктілік
СМЕКТА® препаратын жүкті әйелдерде қолдану бойынша (300-ден кем жүктілік ) шектеулі деректер бар. СМЕКТА® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Бала емізу кезінде СМЕКТА® препаратын қолдану бойынша шектеулі деректер бар. СМЕКТА® препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың сіңіргіш қасиеттері басқа заттардың сіңірілу уақытына және/немесе дәрежесіне ықпал етуі мүмкін, сондықтан СМЕКТА® препараттын басқа препараттармен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды. СМЕКТА® препаратын және басқа дәрілік заттарды, егер мүмкін болса, кемінде 2 сағат аралықпен қабылдауды сақтау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.