Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный дозированный
Дозасы
45 мкг/дозу
Саудалық атауы
Снуп®
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Түрлі этиологиядағы тұмау
Өндіруші
Хемомонт д.о.о
Ел
Черногория
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл спрейдің құрамында
белсенді зат – ксилометазолин гидрохлориді 0,5 мг немесе 1,0 мг
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, теңіз суы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
- түрлі этиологиядағы тұмау
- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секрет шығуын жеңілдету үшін)
- ортаңғы отит (мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін басу үшін)
- науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға (риноскопияға) дайындау.
Ксилометазолин
АТХ коды R01АА07
Әсер ету механизмі
Ксилометазолин, имидазолин туындысы, альфа-адренергиялық әсері бар симпатомиметик болып табылады. α-адреномиметик бола тұрып, мұрынның шырышты қабығының қан тамырларының тарылуын тудырады, осылайша жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препараттың әсері 5-10 минуттан соң басталады және 12 сағатқа дейін созылады. Ксилометазолин кірпікшелі эпителийдің қызметіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Снуп®, 90 мкг/доза дозаланған мұрын спрейі
Мұрын ішіне.
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға:
Әрбір мұрын жолына 1 бүркуден. Қажет болғанда емшараны тәулігіне 3 реттен асырмай қайталау керек. Соңғы қолдануды тура ұйықтар алдында жүргізген жөн. Снуп® үзбей 7 күннен артық пайдаланбаған жөн, себебі ұзақ қолдану дәрі-дәрмектік ринит тудыруы мүмкін.
Енгізу тәсілі және жолы
Препаратты қолданар алдында мұрын қуысын мұқият тазалау (сіңбіру) керек.
Қорғаныш қалпақшасын алып тастаңыз. Алған қолданар алдында препараттың біркелкі ағысы пайда болғанша дозаторды 4 рет басыңыз Одан әрі, дозаланған спрей бірден қолдануға дайын. Егер қолданудағы үзілістен кейін препараттың ағысын толық көлемде беру жүзеге асырылмаса, дозаторды тағы төрт рет басу керек. Танауға бүрку үшін саңылауына енгізіңіз және құтының бүріккіш басынан күшпен бір рет басыңыз. Бүрку процесі кезінде мұрын арқылы ауамен баппен дем алу мұрынның барлық қуысына ерітіндінің оңтайлы бөлінуін қамтамасыз етеді. Қолданғаннан кейін құтыға қорғаныш қалпақшасын кигізіп қою керек.
Қолдану уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Препаратты күніне 3 реттен жиі қолданбаған жөн.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
- әсер етуші затына затына (заттарға) немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығына қатысты басқа да хирургиялық араласымдардан кейінгі жағдайлар
- құрғақ ринит (rhinitis sicca)
- атрофиялық ринит
- жабық бұрышты глаукома
- 12 жасқа толмаған балалар
шаралар (қажет болса)
Жиі
- бас ауыруы
- мұрынның шырышты қабығының құрғауы немесе жайсыздығы, ашытып шымылдату, дәрі-дәрмектік ринит
- жүрек айнуы
- енгізген жердің ашытып шымылдауы
Жиі емес
- мұрыннан қан кету
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің
бөртуі, қышыну)
- көрудің уақытша нашарлауы
- тұрақсыз немесе жиі жүрек қағуы, гипертония, аритмия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық мен фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
Препараттың артық дозалануы кезінде клиникалық көрінісі орталық жүйке жүйесінің қозу фазаларының (мазасыздық, қозу, елестеулер, құрысулар) орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеу фазаларымен (дене температурасының төмендеуі, енжарлық, ұйқышылдық, кома) кезектесуін білдіреді. Сонымен қатар мынадай симптомдар туындауы мүмкін: миоз, мидриаз, қатты терлеу, дене температурасының жоғарылауы, бозаруы, цианоз, жүректің айнуы және құсу, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы, жүректің қағуы, артериялық қысымның жоғарылауы, артериялық қысымның шокқа дейінгі төмендеуі, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ, психогендік бұзылыстар.
Артық дозалану кезінде балаларда басым түрде құрысу, кома және брадикардиямен орталық әсерлері, апноэ, сондай-ақ соңынан гипотония жалғасатын артериялық қысымның жоғарылауы байқалады.
Емі:
Симптоматикалық, дәрігердің бақылауымен.
Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде – белсендірілген көмір енгізу, асқазанды шаю.
Ауыр артық дозалану кезінде стационарда қарқынды ем жүргізу тағайындалады. Күрделі жағдайларда артериялық қысымды төмендету үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар, қызуды түсіретін дәрілер, интубация және өкпені жасанды желдету қолданылуы мүмкін.
Қажет болғанда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
Мына пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
- артериялық қысымы жоғары, жүрек-қантамыр аурулары. Ксилометазолин қабылдайтын QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер елеулі қарыншалық аритмиялардың даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
- гипертиреозы, қант диабеті, феохромоцитомасы
- қуық асты безінің гипертрофиясы бар
- МАО тежегіштерімен емделіп жүрген (сондай-ақ ем аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде)
- симпатомиметиктерге айқын реакциясы бар (ұйқысыздық, бас айналуы және т.б.).
Снуп®, 90 мкг/доза дозаланған мұрын спрейі, жергілікті қолдануға арналған басқа деконгестанттар сияқты үзбей 7 күннен артық қолдануға болмайды, себебі бұл мұрын шырышының ісінуімен қатар жүретін дәрі-дәрмектік риниттің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарды емдеу кезінде препараттың ұсынылатын дозасынан асырмау керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Снуп®, 90 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрейді 12 жасқа дейінгі балаларға қолданбаған жөн, оларға балаларға арналған Снуп®, 45 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрейді қолдану ұсынылады
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару
қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Снуп® ұзақ қолданғанда немесе ұсынылған дозаларды асыра қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне жүйелі әсер етуі мүмкін.
Снуп® тамыр тарылтатын әсерді иеленетіндіктен жүктілік кезінде қолданбаған жөн
Ксилометазолиннің емшек сүтіне енгені туралы сенімді деректер жоқ, сондықтан Снуп® емшекпен емізу кезеңінде тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек.
Моноаминоксидаза тежегіштері: ксилометазолин МАО тежегіштерінің әсерін күшейтуі және гипертониялық кризді индукциялауы мүмкін. Соңғы 14 күн ішінде МАО тежегіштерін қабылдайтын немесе қабылдаған пациенттерге ксилометазолинді қолдануға болмайды.
Три- және тетрациклді антидепрессанттар: три- немесе тетрациклді антидепрессанттар мен симпатомиметиктерді бір мезгілде қолданған кезде ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсері күшеюі мүмкін, сондықтан мұндай дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.