Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный дозированный
Дозасы
140 мкг/доза
Саудалық атауы
Снуп® Эко ментолмен
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Түрлі этиологиядағы тұмау
Өндіруші
Курида АС
Ел
Норвегия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 доза препараттың құрамында
белсенді зат: 140 мкг ксилометазолин гидрохлориді бар,
қосымша заттар: сорбитол, макроголглицеролгидроксистеарат, левоментол, цинеол (эвкалиптол), натрий хлориді, динатрий гидрофосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар мөлдір және сәл күңгірттенген, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
• түрлі этиологиядағы тұмау
• мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секреттің шығуын жеңілдету үшін)
• ортаңғы отит (мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін басу үшін)
• науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға (риноскопияға) дайындау.
Ксилометазолин альфа-адреномиметикалық әсер ететін жергілікті тамыр тарылтатын дәрілер (деконгенсанттар) тобына жатады, мұрын шырышты қуысының қан тамырларының тарылуын тудырады, осылайша, ісінуді болдырмайды, мұрынның тыныс алуын және мұрын қуысындағы және мұрын маңы қойнауларындағы дренажды жеңілдетеді.
Снуп Эко ментолмен препараты құрамында консерванттар жоқ. Емдік концентрацияларында мұрын қуысының шырышты қабығын тітіркендірмейді, гиперемияны тудырмайды. Әсер етуі бірнеше минуттан кейін басталады және 10 сағатқа дейін жалғасады. Снуп Эко ментолмен, әдетте, жақсы көтерімді және жыпылықтағыш эпителий функциясын бұзбайды.
Дозалану режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар үшін:
Әр мұрын жолына 1 бүркуден; тәулігіне 3 реттен көп қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдануға арналған.
Қолданар алдында мұрын жолдарын тазалау қажет.
Помпаны бірінші рет қолданар алдында сұйықтық бірқалыпты болып шыққанша, спрейді бірнеше рет басып тарту керек.
Препаратты енгізу кезінде құтыны тік күйде ұстау керек
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Тәулігіне 3 реттен көп қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Препарат 7 күннен артық қолданылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты әрдайым осы қосымша параққа және емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
• ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жабық бұрышты глаукомада
• атрофиялық ринит
• транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
• құрғақ ринит
• 12 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-нан < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі: мұрын шырышты қабығының ашуы, тітіркенуі және/немесе құрғақтығының өтпелі сезімі, түшкіру, мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының гиперсекрециясы
Жиі емес: мұрыннан қан кету
Сирек: жүрек айнуы, құсу
Өте сирек: жүйелі аллергиялық реакциялар, бас ауруы, көру қабілетінің өткірлігінің өтпелі бұзылуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жəне фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны
http://www.ndda.kz
Ксилометазолинмен артық дозалану шамадан тыс дозасын жергілікті енгізгенде немесе кездейсоқ ішке қабылдағанда болуы мүмкін.
Симптомдары: қатты бас айналуы, күшейтілген және бірқалыпты емес пульс, артериялық қысымның жоғарылауы, естен тану. Артериялық қысымның артуынан кейін оның күрт төмендеуі байқалуы мүмкін.
Емі: кез келген артық дозалануына күдік болғанда тиісті демеуші шаралар қолданылуы тиіс, кейбір жағдайларда дәрігердің бақылауымен шұғыл симптоматикалық ем көрсетіледі.
Жүрек тоқтауымен бірге ауыр улану жағдайында реанимациялық әрекеттер кемінде 1 сағат жалғасуы тиіс.
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс, себебі препаратты ұзақ және жиі қолдану мұрынның шырышты қабығының ісінуін және жасушалардың жоғары сезімталдығынан туындаған гиперсекрецияны ("тоқтату әсері") туындатуы мүмкін.
Көрсетілген дозасынан асырмаңыз.
Препаратты егер препараттың кез келген компоненттеріне сезімталдық бар болса немесе жақында өткерген нейрохирургиядан кейін қолдануға болмайды.
Мұрын жолдары сезімтал кейбір пациенттер препаратты қолданған кезде жергілікті жайсыздықты сезінуі мүмкін.
Препаратты ауру жұқтырудың алдын алу үшін бір адам ғана пайдалануы керек. Гигиеналық себептермен препаратты ашқаннан кейін 28 күннен артық пайдаланбаңыз.
Егер ауру симптомдары нашарласа немесе науқастың жағдайы жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты нәрестелерге немесе 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Снуп® Эко ментолмен препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Ксилометазолинді болуы мүмкін жүйелік қантамыр тарылтатын әсеріне байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолиннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз, сондықтан емшекпен емізу кезінде Снуп® Эко ментолмен препаратын тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолданған жөн.
Фертильділігі: Снуп® Эко ментолмен фертильділікке әсері туралы деректер, сондай-ақ жануарларға жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері жоқ. Ксилометазолин гидрохлориді жергілікті қолданғанда жүйелік әсер өте төмен болғандықтан, оның фертильділікке әсер ету ықтималдығы аз.
Басқа жағдайлар
Ксилометазолинді ұйқының бұзылуы, бастың айналуы, тремор, жүрек аритмиясы немесе артериялық қысымның көтерілуі түрінде реакциялар туындауы мүмкін адренергиялық препараттарға сезімтал адамдарға сақтықпен тағайындау керек.
Ксилометазолинді сақтықпен пайдалану керек және гипертиреозы, қант диабеті, артериялық гипертензиясы, атеросклерозы, аневризмасы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы және тахикардиясы бар пациенттерге, простата ұлғаюы себепті несеп шығару проблемалары бар, артериялық қысымды көтеретін, сондай-ақ феохромоцитоманы арттыратын МАО тежегіштері мен басқа да дәрілік заттарды қабылдаған пациенттерге дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданған жөн.
Ксилометазолинді қолданған кезде QT аралығының ұзару синдромы бар науқастар қарыншалық күрделі аритмиялардың жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін.
Моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Симпатомиметикалық препараттар катехоламиндердің босап шығуын тудырады, бұл өз кезегінде, тамыр тарылтушы әсері бар норадреналиннің қарқынды босап шығуына әкеледі, соның нәтижесінде артериялық қысым көтеріледі. Артериялық қысымның қауіпті түрде жоғарылауы кезінде Снуп® Эко ментолмен емдеуді тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек.
Үш және тетрациклді антидепрессанттармен және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан Снуп® Эко ментолмен үш - және тетрациклді антидепрессанттары мен моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО) тағайындау ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2.5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.