Содифолды не сұйылтылмаған күйі инъекция жолымен, не болмаса сұйылтқаннан кейін инфузия жолымен тек вена ішіне енгізу керек. Өлімге соқтыру қаупіне байланысты, Содиофолды интратекальді қолданбау керек.
Арнайы сақтандырулар
Жалпы
Содифолды метотрексатпен және 5-фторурацилмен біріктіріп тек, ісікке қарсы химиотерапия жүргізуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.
Бұл емді жоғары дозалардағы метотрексатпен жұмыс жасауда тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізе алады.
В12 дәрумені тапшылығынан туындаған макроциттік анемия аясында Содифолды қолдану, неврологиялық бұзылыстардың бір мезгілде үдеуімен гематологиялық ремиссияға алып келуі мүмкін.
Көптеген цитоуытты препараттар – ДНҚ синтезінің тікелей немесе жанама тежегіштері – макроцитозға алып келеді (гидроксикарбамид, цитарабин, меркаптопурин, тиогуанин). Ондай жағдайларда макроцитозды Содифолмен емдемеген дұрыс. Фолиний қышқылы басқа цитоуытты препараттарға (мысалы, ДНҚ синтезінің тікелей немесе жанама тежегіштері) әсер етпейді.
• Содифолды маскүнемдікке шалдыққан, эпилепсиясы, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, 2 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек. Егде жастағы немесе әлсіз пациенттерді емдегенде ерекше бақылау қажет, өйткені олар ауыр уыттылықтың даму қаупіне көбірек ұшырайды.
• Содифолмен және 5-фторурацилмен біріктіріп ем жүргізгенде уытты әсерлері көрініс берген жағдайда, 5-фторурацилдің дозасы 5-фторурацилді монотерапия режимінде қолданған жағдайдағыға қарағанда көбірек дәрежеде төмендетілуі тиіс. Содифолмен және 5-фторурацилмен біріктіріп емдеу кезінде пациенттерде байқалған уытты әсерлері сапасы жағынан, 5-фторурацилмен монотерапия кезіндегі пациенттердегі осындайлармен ұқсас.
Содифолды 5-фторурацилмен бірге қолданғанда, асқазан-ішек жолы тарапынан уытты көріністері жиірек байқалады және ауырырақ, немесе тіпті, өмірге қауіп төндіретін болуы мүмкін (әсіресе, стоматит және диарея). Ауыр жағдайларда 5-фторурацилмен және Содифолмен емдеуді тоқтату және демеуші инфузиялық ем жүргізу қажет. Стоматит (ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа ойық жара) және/немесе диарея (үлкен дәреттің сұйылуы немесе ішектің тәулігіне екі рет босауы) дамыған жағдайда пациенттер бұл туралы дереу өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлауы тиіс. Егер пациентте ас қорыту жолының уытты зақымдануының белгілері болса (зақымданудың ауырлығына байланыссыз), асқазан-ішек жолы тарапынан патологиялық симптомдардың барлығы толықтай басылғанға дейін 5-фторурацилмен және Содифолмен біріктірілген емді бастамау немесе жалғастырмау керек.
Диарея ас қорыту жүйесінің уытты зақымдануының көрінісі болуы мүмкін болғандықтан, клиникалық көріністің жылдам нашарлауы және өлімге соқтыру мүмкіндігіне байланысты, диареясы бар пациенттер симптомдары толық басылғанға дейін мұқият қадағалауда болуы тиіс. Егер емдеу кезінде пациентте диарея және/немесе стоматит туындаса, 5-фторурацилдің дозасын симптомдары толықтай жойылғанға дейін төмендету ұсынылады. Бұл әсіресе, егде жастағы пациенттер мен әлсіреген, 5-фторурацилдің уытты әсері үшін айтарлықтай әлсіз пациенттерге қатысты. Ондай пациенттерді емдегенде ерекше сақтық таныту керек.
Осының алдында сәулемен ем жүргізілген пациенттерде, сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде емдеуді 5-фторурацилдің төмендетілген дозаларымен бастау ұсынылған.
Фолий қышқылы антагонистерімен артық дозалану жағдайларынан басқасында, Содифолды орнын толтыру немесе уыттылығын азайту мақсатында ісікке қарсы препараттармен - фолий қышқылының антагонистерімен (мысалы, метотрексатпен) бір мезгілде қолданбау керек, өйткені, ондай препараттардың емдік әсері нивелирленуі мүмкін.
Содифолды қатарлас қолдану триметоприм және сияқты пириметамин фолий қышқылы антагонистерінің бактерияға қарсы белсенділігін төмендетпейді.
• Содифол метотрексаттың гематологиялық емес уыттылығына, атап айтқанда, препараттың және/немесе оның метаболиттерінің бүйректегі преципитациясынан туындаған нефроуыттылыққа әсер етпейді.
• Метотрексаттың бастапқы шығарылуы баяулаған пациентерде бүйректің қайтымды жеткіліксіздігі және метотрексатты қолданумен байланысты уыттылықтың барлық түрлері дамуы мүмкін.
Метотрексаттың организмнен шығарылуының баяулауы препараттың патологиялық сұйықтықтар (асциттік сұйықтық, плевралық жалқық) жинақталған орындарда жинақталуымен, бүйрек жеткіліксіздігімен, гидратация жеткіліксіздігімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе салицил қышқылының туындыларын қолданумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Содифол препаратының жоғарырақ дозаларын енгізу немесе оны ұзағырақ қолдану қажет болуы мүмкін.
Содифолдың шамадан тыс жоғары дозаларын қолданбау қажет, өйткені ол, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің ісіктері жағдайында, бірнеше емдеу курсының нәтижесінде динатрий фолинатының жинақталуы орын алған кезде, метотрексаттың ісікке қарсы белсенділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
• Жарғақша тасымалы төмендеуінің нәтижесінде метотрексатқа резистенттілік дамыған жағдайда, фолиний қышқылына да резистенттілік дамиды, өйткені екі зат та бір тасымал жүйесі арқылы тасымалданады.
Фолий қышқылының антагонистерімен артық дозаланған жағдайда, Содифолды барынша ертерек енгізу қажет. Фолий қышқылының антагонисі (мысалы, метотрексат) мен Содифолды енгізу арасындағы уақыт аралығы ұзарған сайын, соңғысының тиімділігі азая түседі. Содифолмен емдеудің оңтайлы дозасын және ұзақтығын анықтау үшін, сарысудағы метотрексат концентрацияларын мониторингілеу қажет.
Клиникалық көріністері немесе зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары туындаған жағдайда, әрдайым пациенттің метотрексатпен өзара әрекеттесетін басқа препараттарды (мысалы, метотрексаттың шығарылуына немесе оның қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына ықпал етуге қабілетті дәрілік препараттарды) қолдануы мүмкіндігін ескеру керек.