Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
5 мг
Саудалық атауы
Солигет
Әсер етуші зат
Солифенацин
Мақсаты
Қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерде несепті ұстай алмауды және/немесе несеп шығарудың жиілеуін және несеп шығаруға императивті қысылуды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған 5.0 мг бір таблетканың құрамында
белсенді зат - солифенацин сукцинаты 5.0 мг
Үлбірлі қабықпен қапталған 10.0 мг бір таблетканың құрамында
белсенді зат - солифенацин сукцинаты 10.0 мг
қосымша заттар: лактоза (Pharmatose DCL 11), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты
үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри ақ**.
** - Опадри ақтың құрамында гипромеллоза 62.5 %, титанның қостотығы (Е 171) 31.25 %, триацетин 6.25 %
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
5 мг дозасы үшін
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
10 мг дозасы үшін
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «GETZ» деген бедері және басқа жағында сызығы бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерде несепті ұстай алмауды және/немесе несеп шығарудың жиілеуін және несеп шығаруға императивті қысылуды симптоматикалық емдеу
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Солифенацин холинэргиялық рецепторлардың спецификалық бәсекелес антагонисті болып табылады
Қуық парасимпатикалық холинергиялық жүйкелермен иннервацияланады. Ацетилхолин мускариндік рецепторларға, көбінесе М3 қосалқы түріне ықпалы есебінен детрузордың тегіс бұлшықетінің жиырылуын туындатады. Солифенацин мускариндік рецепторлардың, негізінен М3 қосалқы түрінің спецификалық бәсекелес тежегіші болып табылады. Сонымен бірге препараттың басқа да түрлі рецепторлармен және иондық өзекшелермен тектестігі әлсіз немесе болмайтыны анықталған.
Фармакодинамикалық әсерлері
Солифенацин препаратының 5 мг және 10 мг дозалардағы тиімділігі емдеудің бірінші аптасында байқалған және одан кейінгі 12 аптаның ішінде тұрақталған, препарат тиімділігі 12 ай бойы сақталады. 12 апта қолданғаннан кейін ем басталғанға дейін несеп ұстай алмаудан зардап шегетін 50% пациентте несеп ұстай алмауы басылды және 35% пациентте күніне 8 реттен аз несеп шығару жиілігінің сиреуіне қол жеткізілді. Гиперактивті қуықтың басқа симптомдарын емдеу сонымен қатар жалпы денсаулық жағдайын қабылдау, несепті ұстай алмаудың салдары, шектеудің әсері, физикалық шектеулері, күнделікті өмірге қатысты шектеулер, эмоция, симптомдар ауырлығы, ауырлық дәрежесі және ұйқы/күш сияқты өмір сапасы көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді.
Дозалану режимі
Егде жастағы адамдарды қоса алғанда, ересектер
Солигет таблеткаларының ұсынылатын дозасы күніне 5 мг құрайды. Қажет болса, дозаны күніне 10 мг дейін арттыруға болады.
Балалар
Препараттың балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан препаратты балаларға тағайындауға болмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Дәрежесі жеңілден орташаға (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа бұзылған (Чайлд - Пью (Child-Pugh) шкаласы бойынша ауырлықты бағалауға сәйкес 7-9 балл) пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.
Р4503А4 цитохромының күшті тежегіштері
Солифенацинді кетоконазолмен немесе CYP3A4 басқа әлеуетті тежегіштерін, мысалы, ритонавирді, нелфинавирді, итраконазолды бір мезгілде қолданғанда Солигет препаратының ең жоғарғы дозасы шектелуі және 5 мг болуы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Солигет таблеткаларын тамақтану уақытына қарамастан, тұтастай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып қабылдайды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
5 мг немесе 10 мг Солигет таблеткасы күніне бір рет қабылданады
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса сезімталдық
- несеп шығарудың кідіруі
- асқазан-ішектің ауыр аурулары (уытты мегаколонды қоса)
- Гравис миастениясы
- жабық бұрышты глаукома
- гемодиализ жүргізу
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- СҮР3А4 күшті тежегіштерімен, мысалы кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
- бала емізу кезеңінде
Қауіпсіздік профиліне қысқаша шолу
Солифенациннің фармакологиялық әсеріне байланысты препарат жеңіл және орташа дәрежеде антихолинергиялық жағымсыз әсер (жалпы) тудыруы мүмкін. Антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозаға байланысты. Ең жиі хабарланған жағымсыз құбылыс ауыздың құрғауы болды. Бұл күніне бір рет 5 мг дозамен ем қабылдаған пациенттердің 11% -да, күніне бір рет 10 мг дозамен ем қабылдаған пациенттердің 22% -да және плацебомен ем қабылдаған пациенттердің 4% -да туындады. Ауыздың құрғап кетуінің ауырлығы жалпы жеңіл болды және кейде емдеуді ғана тоқтатуға әкелді. Жалпы алғанда, емдеуді ұстану өте жоғары болды (шамамен 99%) және препаратты қолданумен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 90%-ы зерттеудің бүкіл кезеңін емдеудің 12 аптасында аяқтады.
Өте жиі
- ауыздың құрғауы
• Жиі
• көру арқылы қабылдаудың анық болмауы
• іш қату, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы
• Жиі емес
• несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, несеп шығарудың қиындауы
• ұйқышылдық, қажу
• дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)
• көз, жұтқыншақ, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы
• гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру
• терінің құрғауы
• шеткері ісінулер
Сирек
- бас айналуы*, бас ауыруы*
- жуан ішектің тарылуы, копростаз, құсу
- тері қышынуы, бөртпе
- несеп іркілуі
Өте сирек
- елестеулер, сананың шатасуы
- мультиформалы эритема, есекжем, ангионевроздық ісіну
Белгісіз
- анафилаксиялық реакция
- тәбеттің төмендеуі
- гиперкалиемия
- делирий
- глаукома
- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, электрокардиограммда QT аралығының ұзаруы, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрек қағуын сезіну, тахикардия
- дисфония
- ішек өтімсіздігі
- асқазан-ішек жайсыздығы
- бауыр бұзылыстары, бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы
- эксфолиативті дерматит
- бұлшықет әлсіздігі
- бүйрек функциясының бұзылуы
_________________________________
* маркетингтен кейінгі кезеңдегі қадағалау
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Артық дозалану ауыр антихолинергиялық әсерлер туындатуы мүмкін. Бір пациенттің кездейсоқ алған солифенацин сукцинатының ең жоғарғы дозасы 5 сағат ішінде 280 мг құрады және ауруханаға жатуды керек етпейтін психикалық күйдің өзгеруіне әкелді.
Емі
Солифенацин артық дозаланған жағдайда ішке белсендірілген көмірді тағайындайды. Асқазанды шаюға болады, бірақ құстырмаған жөн.
Басқа да антихолинергиялық дәрілермен артық дозалану кезіндегідей, симптомдарын төмендегіше емдеу керек:
- орталықтық әсер ететін ауыр антихолинергиялық әсерлер (елестеулер, айқын қозу) болғанда – физостигминмен немесе карбахолмен емдеу
- құрысуларда немесе айқын қозушылықта – бензодиазепиндермен емдеу
- тыныс алу жеткіліксіздігінде– жасанды тыныс алдыру
- тахикардияда – бета-блокаторлармен емдеу
- несеп шығарудың кідірісінде – катетеризация жүргізу
- мидриазда – көзге пилокарпин тамызу және/немесе пациентті қараңғы бөлмеге жатқызу керек.
Басқа да антихолинергиялық препараттармен артық дозалану жағдайындағыдай, QT аралығының ұзару қаупі анықталған пациенттерге (яғни гипогликемияда, брадикардияда және QT аралығының ұзаруын туғызатын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда және жүрек аурулары (миокард ишемиясы, аритмиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерге ерекше назар аудару керек.
Солигетпен емдеуді бастамас бұрын несепті жиі шығару жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек аурулары сияқты жай-күйлердің салдары емес пе, анықтап алу қажет. Егер несеп жолдарының инфекциясы анықталса, тиісті бактерияға қарсы ем жүргізуді бастау керек.
Солигетті төмендегідей пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет:
- несептің іркілу қаупіне әкелетін, қуықтың шығар тесігінің клиникалық елеулі обструкциясы бар
- асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеу қаупі бар
- асқазан және ішек өтімсіздігі
- бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына < 30 мл), бұл пациенттер үшін дозалар 5 мг-ден аспауы тиіс
- бауырдың орташа ауырлық дәрежесіндегі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью көрсеткіші 7-ден 9 дейін); бұл пациенттер үшін дозалар 5 мг-ден аспауы тиіс
- бір мезгілде СҮР3А4 күшті тежегіштерін, мысалы, кетоконазолды қабылдайтын
- диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және эзофагиттің дамуына немесе өршуіне себеп болуы мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге
- автономды нейропатиясы барлар.
Қуық детрузорының нейрогендік жиырылу белсенділігі жоғары пациенттерде солифенациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы және гипокалиемия сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның даму жағдайлары туралы хабарланған.
Солифенацин сукцинатын қолданатын кейбір пациенттерде обструкциямен (тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылуымен) ангионевроздық ісіну немесе анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. Ангионевроздық ісіну немесе анафилаксиялық реакция сияқты симптомдар пайда болғанда Солигет қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет.
Препараттың ең жоғарғы әсері 4 аптадан кейін ғана анықталуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Лактоза
Құрамында лактоза болуына байланысты, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Солигет препаратын қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Солигет препаратын 18 жасқа толмаған балаларға қабылдауға болмайды.
Жүктілік
Солифенацин қабылдап жүріп жүкті болып қалған әйелдер туралы клиникалық деректер жоқ. Адам үшін әлеуетті қауіп белгісіз. Солигетті жүкті әйелдерге тағайындау кезінде сақ болу керек
Лактация
Солифенациннің адам сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ. Емшек емізу кезеңінде Солигет қолданудан аулақ болу керек. Бала емізетін аналарда бала емізуді тоқтату немесе солифенацин қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Солигет басқа антихолинергиялық препараттар сияқты көріп қабылдаудың айқын болмауын, сондай-ақ (сирек) ұйқышылдықты және шаршау сезімін туғызуы ықтимал, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс ықпал етуі мүмкін.
Фармакологиялық өзара әрекеттесуі
Антихолинергиялық қасиеттері бар дәрілік заттармен қатарлас емдеу едәуір айқын емдік және жағымсыз әсерлерінің туындауына алып келуі мүмкін. Солифенацин қабылдауды тоқтатқаннан кейін басқа антихолинергиялық препаратпен емдеуді бастамас бұрын шамамен бір апталық үзіліс жасау керек. Терапиялық әсері холинергиялық рецепторлар агонистерін бір мезгілде қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін.
Солифенацин асқазан-ішек жолының моторикасын стимуляциялайтын дәрілік препараттардың, мысалы: метоклопрамид пен цизапридтің әсерін төмендетуі мүмкін
Басқа дәрілік заттардың солифенацин фармакокинетикасына әсері
Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденеді. СҮР3А4 күшті тежегіші, кетоконазолды (күніне 200 мг) бір уақытта енгізу солифенациннің АUС екі есе артуын, ал күніне 400 мг дозада – үш есе артуын туындатты. Сондықтан егер пациент бір мезгілде кетоконазол немесе СҮР3А4 (ритонавир, нелфинавир, итраконазол сияқты) басқа да күшті тежегіштерін қабылдайтын болса, Солигеттің ең жоғарғы дозасы 5 мг-ден аспауы тиіс. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде солифенацинмен және СҮР3А4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеуге болмайды. Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденетін болғандықтан, тектестігі жоғарылау басқа да СҮР3А4 субстраттарымен (верапамил, дилтиазем) және СҮР3А4 индукторларымен (рифампицин, фенитоин, карбамазепин) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі мүмкін.
Солифенациннің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері
Пероральді контрацептивтер
Солифенацинді пероральді контрацептивтік дәрілермен бірге қабылдаған кезде солифенацин мен біріктірілген пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол\левоноргестрел) фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталмаған.
Варфарин
Варфаринмен солифенацинді бірге қабылдағанда R-варфарин немесе S-варфариннің фармакокинетикасы және олардың протромбиндік уақытқа әсері өзгермейді.
Дигоксин
Солифенацинді дигоксинмен бірге қолданғанда дигоксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.