Солифенацин/Тамсулозин STADAFARMA солифенациннің м-холиноблокаторлық әсерімен байланысты көбіне айқындылығы әлсіз немесе орташа жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Солифенацин/Тамсулозин STADAFARMA-ны қолданумен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында ауыздың кеберсуі (9,5%), іштің қатуы (3,2%) және диспепсия (іштің ауруын қоса – 2,4%) сияқты жағымсыз әсерлер жөнінде жиірек мәлімделді. Басқа жалпы жағымсыз реакцияларға бас айналу (1,4%), көздің анық көрмеуі (1,2%), шаршау (1,2%) және эякуляция бұзылыстары (ретгроградты эякуляцияны қоса – 1,5%) жатады. Несепті шығарудың жедел іркілуі (0,3%, сирек) – клиникалық зерттеулер жүргізілгенде Солифенацин/Тамсулозин STADAFARMA препаратымен емдеу барысында байқалған өте ауыр жағымсыз әсер.
Жағымсыз әсерлердің жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000-ден <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
Өте жиі
- ауыздың құрғауы
Жиі
- бас айналуы, қажу
- анық көрмеу
- диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, іш ауыруы
- эякуляцияның бұзылуы
Жиі емес
- астения, ұйқышылдық, бас ауыруы, дисгевзия
- терінің құрғауы, тамақтың құрғауы, мұрынның құрғауы, көздің құрғауы
- ринит
- қышыну, бөртпе, аллергиялық бөртпе
- ортостаздық гипотензия
- жүрек қағуы
- құсу, диарея, гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру (ГЭРА)
- несеп шығару жолдарының инфекциялары, несеп шығарудың қиындауы, цистит
- шеткері ісіну
Сирек
- жуан ішектің бітелуі, копростаз
- несеп шығарудың кідіруі
Өте сирек
- психоз, елестеу
- аллергиялық бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема
- приапизм
Аса сирек/Жекелеген жағдайлар және т.б.
- тәбеттің төмендеуі
- анафилаксиялық реакция, эксфолиативті дерматит
- сандырақтау
- гиперкалиемия
- нұрлы қабықтың интраоперациялық тұрақсыздығы, глаукома, көрудің бұзылуы
- ентігу, дисфония
- «пируэт» типті тахикардия, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, аритмия, жыпылықтағыш аритмия, тахикардия
- іш аумағының жайсыздығы, ішек бітелісі
- бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- бұлшықет әлсіздігі
- бүйрек жеткіліксіздігі
Солифенацин/Тамсулозин STADAFARMA-ның қауіпсіздігі жөніндегі ұзақ мерзімдік деректер
Солифенацин/Тамсулозин STADAFARMA препаратымен 1 жыл бойы емдеу барысында байқалған жағымсыз реакциялардың түрлері мен жиілігі 12 апталық зерттеу барысында байқалған деректермен сәйкес келді. Препараттың жағымдылығы жақсы, препаратты ұзақ қабылдаумен байланысты ерекше жағымсыз реакциялар байқалған жоқ.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдарда байқалған жағымсыз әсерлер жасырақ пациенттерде пайда болған әсерлерге ұқсас болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz