Гипоталамус-гипофиз гормондары және олардың аналогтары. Гипоталамус гормондары. Соматостатин және аналогтары. Ланреотид.
АТХ коды Н01СВ03
Әсер ету механизмі
Ланреотид табиғи соматостатиннің октапептидтік аналогы болып табылады. Соматостатин тәрізді, ланреотид бірқатар эндокриндік, нейроэндокриндік, экзокриндік және паракриндік механизмдердің тежегіші болып табылады. Ланреотидтің адамның соматостатиндік 2 және 5 рецепторларына (SSTR) тектестігі жоғары және адамның 1, 3 және 4 SSTR рецепторларына тектестігі төмен. Адамның 2 және 5 SSTR белсенділігі алғашқы механизм болып табылады, оның негізінде өсу гормоны (ӨГ) секрециясының бәсеңдеуі жатыр. Табиғи соматостатинмен салыстырғанда, ланреотидтің анағұрлым айқынырақ және ұзағырақ әсері бар. Ол инсулинмен салыстырғанда өсу гормонының секрециясына қатысты селективтілігімен сипатталады, ол бұл препаратты акромегалияны емдеу үшін қолайлы етеді.
Ланреотид, соматостатин секілді, жалпы экзокриндік секрецияға қарсы әсер етеді. Ол мотилиннің базальді секрециясын, асқазанның тежегіші пептидтің және панкреатиндік полипептидті басады, бірақ ашқарынға секретин немесе гастрин секрециясына маңызды әсерін тигізбейді. Одан басқа, ланреотид ГЭП-НЭІ бар пациенттерде плазмада хромогранин А-ның және несепте 5 гидроксииндолсірке қышқылының деңгейін және осы ісіктер маркерлерінің жоғары деңгейін азайтады. Одан басқа, ланреотид ГЭП-НЭІ бар пациенттерде плазмада хромогранин А-ның және несепте 5 гидроксииндолсірке қышқылының деңгейін және осы ісіктер маркерлерінің жоғары деңгейін азайтады. Ланреотид жоғарғы мезентериальді артерияларда және қақпалық венада тамақпен индукцияланатын қанағымының күшеюін басады. Ланреотид Е1 простагландинмен стимуляцияланатын аш ішектегі су-электролиттік секрецияны (су, натрий, калий және хлорид) едәуір азайтады. Ланреотид акромегалиясы бар, ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жүрген пациенттерде пролактиннің деңгейін азайтады.
Ашық зерттеуде Ланреотид препаратын 48 апта бойы әрбір 28 күн сайын 120 мг дозада енгізді. Акромегалиясы, гипофиздің анықталған микроаденомасы бар 90 пациент анамнезінде осы мәселе бойынша дәрілік терапиясыз ем алды. Пациенттердің 63% - ында ісік көлемінің ≥ 20% - ға (95% СА: 52-73%) клиникалық елеулі төмендеуі байқалды.
48-аптада ісік көлемінің орташа пайыздық төмендеуі 26,8% -ды құрады, өсу гормонының (ӨГ) деңгейі пациенттердің 77,8% -ында 2,5 мкг/л-ден төмен болды, ал ИӨФ-1 деңгейі 50% жағдайда қалыпқа келді. ИӨФ-1 деңгейлерінің ӨГ деңгейлерімен бірге 2,5 мкг / л-ден төмен қалыпқа келуі пациенттердің 43,5% -ында байқалды. Пациенттердің көпшілігі шаршау (56,5%), шамадан тыс тершеңдік (66,1%), артралгия (59,7%), жұмсақ тіндердің ісінуі (66,1%) және кеудедегі ауырсыну (38,7%) секілді акромегалия симптомдарының айқын жеңілдеуін хабарлады.
12-аптадан бастап ісік көлемінің, сондай-ақ ӨГ және ИӨФ-1 деңгейлерінің ерте және тұрақты төмендеуі байқалды және 48 апта бойы сақталды.
Зерттеуге зерттеу кезеңінде гипофизге операция жасауды немесе сәулелік терапияны қажет ететін пациенттер қатыспады.
Ланреотидтің ішектің экзокринді секрециясына, асқорыту гормондарына және жасушалық пролиферация механизмдеріне тежегіш әсері оны асқорыту жүйесінің эндокриндік ісіктерінің, әсіресе карциноидтардың симптомдарын емдеуде қолдану үшін өте маңызды.
96 апта ішінде ланреотидтің антипролиферациялық әсерін бағалау үшін АІЖ нейроэндокриндік ісіктері (АІЖ НЭІ) бар пациенттерде Ланреотид препаратын қолдануды бағалау бойынша III фазаның тіркелген ұзақтығын рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, плацебо-бақыланатын зерттеу жүргізілді.
Пациенттер Ланреотид Аутожель препаратын әрбір 28 күн сайын 120 мг дозада (n=101) немесе плацебо (n=103) алу үшін 1:1 қатынасында рандомизацияланды. Рандомизация скрининг фазасы кезеңінде (3-6 ай) RECIST 1.0 (тығыз ісіктер кезіндегі жауапты бағалау критерийлері) бойынша бағалаумен бастапқы деңгейде үдеудің хабарлануы және болуы/болмауы кезінде алдыңғы терапия бойынша стратификацияланды.
Пациенттерде гистологиялық тұрғыдан расталған жоғары немесе орташа дәрежеде дифференциацияланған ісіктері бар метастаздық және/немесе жергілікті таралған операция жасалмайтын ауру болды, олар негізінен ұйқы безінде (пациенттердің 44,6%), ортаңғы ішекте (35,8%), артқы ішекте (6,9%) орналасқан немесе басқа/белгісіз бастапқы орындарда (12,7) %).
АІЖ НЭІ бар пациенттердің 69%-ында ісік 1-дәрежелі (G1) болды, не Ki67 ≤ 2% (пациенттердің жалпы популяциясынан 50,5%) пролиферация индексі бойынша не < 2 митоз/10 көру өрісі (пациенттердің жалпы популяциясынан 18,5%) бойынша анықталады. АІЖ НЭІ бар пациенттердің 30%-ында төменгі диапазонда 2 - дәрежелі (G2) ісіктер болды (Ki67 > 2% - ≤ 10% индексімен анықталады). Бағалау пациенттердің 1%-ында қолжетімді болмады. Зерттеуге жасушалық пролиферация индексі жоғары ((Ki 67 >10% - ≤ 20%) және G3 нейроэндокриндік карциномалары (индексі Ki 67 > 20%) G2 АІЖ НЭІ бар пациенттер енгізілмеген.
Жалпы, пациенттердің 52,5%-ында бауырдың ісік жүктемесі ≤10%, 14,5% - > 10 және ≤25%, ал 33%-ында бауырдың ісік жүктемесі >25% болды.
Бастапқы соңғы нүкте - бұл препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін 96 апта ішінде аурудың өршумен үдеуіне немесе өлімге дейінгі уақыт ретінде өлшенетін үдеусіз тірі қалу (ҮТҚ) болды. ҮТҚ талдауында аурудың өршуін тәуелсіз орталықтандырылған рентгенологиялық бағалау қолданылды.
1-кесте: III фазаны зерттеудегі тиімділікті бағалау нәтижелері
Үдеусіз тірі қалу медианасы (апта) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — Үдеу немесе өлім қаупіннің төмендеуі — р-мәні
ЛАНРЕОТИД Аутожель (n=101) — Плацебо (n=103)
> 96 апта — 72,00 апта (95% СА: 48,57, 96,00) — 0,470 (0,304, 0,729) — 53% — 0,0002
Тәуекел тобында қалған адамдардың саны
ЛАНРЕОТИД Аутожель — 101 — 94 — 84 — 78 — 71 — 61 — 40 — 0
Плацебо — 103 — 101 — 87 — 76 — 59 — 43 — 26 — 0
Ланреотидтің үдеу немесе өлім қаупін төмендетудегі оң әсері бастапқы ісіктің орналасуына, бауырдың ісік жүктемесіне, анамнезінде химиотерапияның болуына, бастапқы Ki67 деңгейіне, ісік дәрежесіне немесе басқа да алдын-ала берілген сипаттамаларға қарамастан дәйекті болды (2-суретті қараңыз).
Ланреотид Аутожель препаратымен емдеудің клиникалық маңызды артықшылығы ұйқыбезі, ішектің ортаңғы ішек және басқа/шығу тегі белгісіз ісіктері бар пациенттерде, зерттеудің жалпы популяциясындағыдай байқалды. Ішектің соңғы бөлігінің ісіктері бар пациенттердің саны тым аз болды (14/204), бұл осы қосалқы топтағы нәтижелерді түсіндіруді қиындатты. Қолда бар деректер пациенттердің осы тобында ланреотидтің артықшылықтарының жоқтығын көрсетеді.
2-сурет - Кокс қаупіне пропорционалды моделдегі ҮТҚ ковариаттарын талдау нәтижелері
Тәуекелдер қатынасы (95% СА)
Ескертпе: Ланреотид Аутожель препараты үшін плацебомен салыстырғанда барлық ТҚ салыстырмалы қауіптер болып табылады. Ковариат үшін нәтижелер Кокстың жеке ФК модельдерінен алынған.
Қосымша зерттеу кезінде плацебодан Соматулин Аутожель препаратын ашық қолдануға көшу пациенттердің 45,6% -ында (47/103) жасалды.
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік акромегалия және гипофиздік гигантизмі бар балалар жасындағы барлық қосалқы топтарда препаратты пайдалана отырып, зерттеу нәтижелерін ұсыну міндетінен бас тартты (балалар жасындағы пациенттерде қолдану туралы ақпарат алу үшін 4.2-бөлімді қараңыз). Агенттік АІЖ нейроэндокриндік ісіктерін (нейробластоманы, нейроганглиобластоманы, феохромоцитоманы қоспағанда) класстан тыс ерекшеліктер тізіміне енгізді.