Препарат құрамында лактоза бар, оны тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер ескеруі тиіс.
Дәрілік препаратқа төзімділік
Бірнеше апта бойы препараттың бірдей дозаларын қолдануға қарамастан, бензодиазепиндер мен оларға тектес қосылыстардың тыныштандыратын және ұйықтататын әсері біртіндеп төмендеуі мүмкін.
Зопиклонмен 4 апта бойы емдегенде осы дәрілік затқа айқын төзімділік жағдайлары тіркелмеген.
Тәуелділік
Зопиклонды қолдану теріс пайдалануға және / немесе физикалық және психологиялық дәрілік тәуелділікке әкелуі мүмкін.
Дәріге тәуелділік қаупі доза мен емдеу ұзақтығының жоғарылауымен ұлғаяды. Шамадан тыс тұтыну және тәуелділік қаупі психикалық бұзылыстары және/немесе алкогольге, дәріге тәуелділігі бар немесе анамнезінде тыйым салынған заттарды қабылдаған пациенттерде жоғары. Бұрыннан бар немесе анамнезінде алкогольге, дәріге тәуелділігі немесе шамадан тыс тұтынған, сондай-ақ тыйым салынған заттарға тәуелділігі бар пациенттерде, Зопиклонды аса сақтықпен қолдану керек. Препаратты емдік дозаларда тұтынғанда және/немесе спецификалық қауіп факторлары жоқ пациенттерде дәріге тәуелділік туындауы мүмкін.
Емдік дозаларында қабылдағанда зопиклонға тәуелділік дамыған жағдайлар өте сирек кездеседі.
Физикалық тәуелділік пайда болғанда емді күрт тоқтату абстиненция симптомдарымен қатар жүруі мүмкін, оларға бас ауыруы, бұлшықет ауыруы, қатты мазасыздық, кернеу, ажитация, сананың шатасуы және ашушаңдық жатады. Кейбір жағдайларда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: дереализация, деперсонализация, гиперакузия, шаншу және қол-аяқтың ұюы, жарыққа, шуға және физикалық жанасуға жоғары сезімталдық, елестеу және эпилепсиялық ұстамалар. Тоқтату симптомдары емді тоқтатудан кейін бірнеше күн ішінде көрініс беруі мүмкін. Әсер етуі қысқа бензодиазепиндерді, әсіресе, көп дозаларда қолданғанда тоқтату симптомдары екі дозаны қабылдау арасында көрініс беруі мүмкін.
Үрейлі бұзылыстар немесе ұйқы бұзылуы жағдайында бірнеше бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану дәріге тәуелділіктің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Препаратты шамадан тыс қолданудың бірен-саран жағдайлары белгілі.
Рикошетті ұйқысыздық
Бұл өтпелі синдром бензодиазепиндермен немесе олардың туындыларымен емдеудің бастапқы себебі болып табылатын рикошет феномені ретінде көрінуі мүмкін.
Психомоторлық функцияның бұзылуы
Барлық тыныштандыратын/ұйықтататын дәрілер сияқты, зопиклон орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсер беретін препарат болып табылады. Психомоторлық функцияның бұзылуы қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болуы мүмкін.
Көлік құралын басқару қабілетін қоса, психомоторлық функция бұзылуларының пайда болу қаупі мынадай жағдайларда артады:
- дәрілік затты зейін қоюды талап ететін әрекеттерді орындау алдында 12 сағаттан аз уақыт бұрын қолдану;
- препараттың ұсынылған дозасын арттыру;
- қандағы зопиклон концентрациясын арттыратын орталық жүйке жүйесіне, алкогольге, тыйым салынған заттарға немесе басқа препараттарға бәсеңдететін әсер ететін басқа препараттармен бірге қолдану.
Зопиклонды қабылдағаннан кейін, әсіресе 12 сағат ішінде пациенттер назардың толық шоғырлануын немесе механизмдермен жұмыс істеу немесе көлік құралын басқару сияқты моторлы үйлестіруді талап ететін қауіпті жұмысты орындаудан бас тарту қажет.
Амнезия
Антероградты амнезия препаратты қолданғаннан кейін бірнеше сағат ішінде туындауы мүмкін.
Қауіпті төмендету мақсатында пациент таблетканы тура ұйықтар алдында немесе төсекте қабылдауы және жағдайдың бірнеше сағат үздіксіз ұйқы (7-8 сағат) үшін барынша қолайлы жағдайлардың жасалғандығына көз жеткізу керек.
Мінез-құлық бұзылысы
Кейбір пациенттерде бензодиазепиндер және олардың туынды компоненттері сананың бұзылуы, мінез-құлықтың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі есте сақтау бұзылыстары синдромын туындатуы мүмкін, атап айтқанда, мыналар:
• ұйқысыздықтың өршуі, түнгі қорқыныштар, ажитация, күйгелектік;
• сандырақтау, елестеулер, сананың шатасуы және ониризм,
психоз тәрізді симптомдар;
• ырықсыздығын бақылауды жоғалту;
• эйфория, ашушаңдық;
• антероградты амнезия;
• иланушылық.
Бұл синдром пациент немесе басқа адамдар үшін қауіптілігі зор келесі мына бұзылулармен қатар жүруі мүмкін:
• пациент үшін қалыпты емес мінез-құлық;
• басқа адамдарға қатысты, әсіресе, егер науқастың отбасы мүшелері немесе достары оған қалағанын жасауына бөгет болуға тырысқан жағдайдағы аутоагрессия немесе агрессия;
• артынша амнезияға соқтыратын автоматты мінез-құлық.
Мұндай симптомдар кезінде емдеуді тоқтату талап етіледі.
Сомнамбулизм және онымен байланысты мінез-құлық
Зопиклонмен ем қабылдап жүрген пациенттерде автомобильді ұйқы жай-күйінде басқарудың (яғни, ұйықтататын-тыныштандырытын дәріні қабылдағаннан кейін толық оянбаған қалпында көлік құралын басқару) кейіннен амнезияға соқтыруы сияқты күрделі мнез-құлық көріністері байқалған.
Сомнамбулизммен байланысты мінез-құлық бұзылулары, зопикломен емдік дозаларындағы монотерапия кезінде туындауы мүмкін болғанымен, алкогольді бір мезгілде пайдалану және орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін басқа дәрілерді қабылдау да, зопиклонды ұсынылған ең жоғарғы дозасынан артық дозаларда қолдану сияқты, ондай мінез-құлықтың туындау қаупін арттырады.
Сомнамбулизммен байланысты бұзылыстар дамыған пациенттерге зопиклонды қабылдауды тоқтату ұсынылады, өйткені бұл науқастардың өздері және олардың айналасындағылар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Дәрілік заттың жинақталу қаупі
Бензодиазепиндер мен олардың туындылары (кез келген басқа препарат сияқты) организмде шамамен 5 жартылай шығарылу кезеңіне тең уақыт бойына қалады.
Егде жастағы пациенттерде және бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда жартылай шығарылу кезеңі едәуір ұзақ болуы мүмкін. Дозаларын қайталап қолданғаннан кейін зопиклон немесе оның метаболиттері тепе-теңдік жағдайына айтарлықтай кешірек және жоғарырақ деңгейде жетеді.
Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі тепе-теңдік жағдайына жеткеннен кейін бағаланады. Препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Зопиклон бойынша клиникалық зерттеулер бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жинақталуды анықтамады.
Апиындармен бірге қолдану кезіндегі қауіп
Зопиклонды апиындармен бірге қабылдауды қоса, бензодиазепиндер мен басқа да седативті-ұйықтататын дәрілерді бірге қабылдау седацияға, тыныс алудың бәсеңдеуіне, кома мен өлімге әкелуі мүмкін. Осы қауіптерді назарға алып, апиындар мен бензодиазепиндерді біріктіріп тағайындау альтернативті емдеу әдістері қолданылмайтын пациенттерде шектеулі болуы тиіс.
Зопиклон мен апиындарды бірге тағайындағанда ең төменгі тиімді дозаны қабылдау қажет және емдеу ұзақтығы қаншалықты мүмкін болса, соншалықты қысқа болуы тиіс. Пациенттер тыныс алудың бәсеңдеуінің және седацияның қандай да бір белгілері мен симптомдарына қатысты мұқият қадағалануы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің аталған санаты үшін күрделі зардаптары жиі болатын құлап қалуларға себеп болуы мүмкін тыныштандыратын және/немесе миорелаксациялау әсерімен байланысты, сондай-ақ мінез-құлық бұзылыстарының туындау жиілігінің жоғарылауына байланысты, бензодиазепиндермен және олардың туындыларымен ем қабылдаған егде жастағы пациенттерге қатысты сақтық таныту керек.
Пайдалану кезіндегі айрықша сақтық шаралары
Анамнезінде маскүнемдік немесе дәрілік препараттарға немесе басқа заттарға тәуелділік бар пациенттерге айрықша сақтық таныту ұсынылады. Барлық жағдайларда, ұйықтататын дәріні тағайындар алдында пациенттің ұйқысыздығын жүйелі түрде бағалауды жүргізу және аурудың негізгі себептеріне шара қолдану қажет.
Ұйқысыздық негізгі физикалық немесе психикалық бұзылыстың белгісі болуы мүмкін. Егер емделудің қысқа кезеңінен кейін ұйқысыздық сақталса немесе нашарласа, клиникалық диагноз қайта қаралу керек.
Емдеу ұзақтығы
Ұйқысыздық типіне қарай пациентке қатысты емдеу ұзақтығы нақты белгіленуі тиіс.
Суицид-депрессия-негізгі депрессиялық эпизод
Кейбір эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, зопиклонды қоса, бензодиазепиндер мен басқа да ұйықтататын дәрілерді қабылдайтын пациенттерде суицидтік ойлардың, депрессиямен немесе онсыз суицидтің және суицид әрекеттерінің саны өскені дәлелденді. Алайда себеп-салдарлық байланысы анықталмаған.
Ұйқысыздық депрессияның симптомы болуы мүмкін болғандықтан, бұл жағдайды емдеу керек. Егер ұйқысыздық сақталса, клиникалық диагнозды қайта қарау керек.
Суицидтің өзгеріссіз немесе жоғары қаупімен қатар жүретін депрессияның дамуы мүмкіндігіне байланысты, депрессияның ауыр көрінісі бар пациенттерге бензодиазепиндер мен олардың туындылары монотерапияда тағайындалмауы тиіс. Суицид қаупін ескеріп, осы топтарға жататын пациенттерге қасақана артық дозалану қаупін жоққа тән азайту үшін зопиклон таблеткаларын (рецепт арқылы тағайындалған және берілген) ең аз мөлшерде тағайындау керек.
Емдеу әдістерін біртіндеп тоқтату
Пациенттерге емдеу процесін қалай біртіндеп тоқтату керектігі туралы нақты нұсқау берілуі тиіс.
Дозаны азайту қажеттілігіне қосымша, пациенттерге емдеуді, тіпті біртіндеп тоқтатудан болатын абстиненция симптомдарының бірі ретінде туындау мүмкіндігі зор ұйқысыздықты азайту мақсатында бұзылыстың жаңғыру қаупі жөнінде ескертілуі тиіс.
Пациенттер препаратты дозасын азайту кезінде жайсыздану көрінісінің болуы мүмкін екенінен хабарлануы тиіс.
Балаларда қолдану
Зопиклонның қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде көрсетілмеген. Сондықтан зопиклонды бұл популяцияда қолдану ұсынылмайды.
Тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бензодиазепиндер мен олардың туындыларының тыныс алу орталығына бәсеңдеткіш әсері оларды тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындаған кезде (әсіресе, пациентті қарқынды емдеу бөліміне ауыстыруды қажет ететін тыныс алу декомпенсациясының ескертпе белгілері ретіндегі үрейлену мен ажитация пайда болған жағдайда) ескерілуі тиіс).
Егде жастағы пациенттер және бүйрек жеткіліксіздігі
Ұзақ уақыт қолданғаннан кейін зопиклонның жинақталуы анықталмаған. Дегенмен, сақтық шарасы ретінде препараттың әдеттегі ұсынылған дозасын екі есе қысқарту ұсынылады
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зопиклон көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне елеулі әсер етуі мүмкін.
Көлік құралдарын басқаратын және механизмдермен жұмыс жасайтын пациенттерге, зопиклонның басқа ұйықтататын дәрілер сияқты, ұйқышылдықтың, реакция баяулауының, бас айналуының, енжарлықтың, нашар көрудің немесе көзге қос көрінуінің және зейін қоюдың төмендеуінің, сондай-ақ, әсіресе, зопиклонды қолданғаннан кейінгі 12 сағат ішінде көлік құралын басқару қабілетінің төмендеуінің пайда болу қаупін туғызуы мүмкін екендігі ескертілуі тиіс.
Жоғарыда аталған қауіптерді сейілту үшін, көлік құралдарын, механизмдерді басқаруды, жоғарыда жұмыс істеуді зопиклонды қабылдағаннан кейін 12 сағат өткен соң жүргізу керек.
Зопиклонды монотерапияда немесе емдік дозаларында қабылдау көлік құралын басқару қабілетінің төмендеуіне, рульде келе жатып ұйықтап кету қаупіне алып келуі мүмкін.
Зопиклонның жағымсыз әсерлерінің қаупі алкогольмен немесе ОЖЖ басқа депрессанттарымен бір мезгілде қабылдағанда жоғарылай түсетіндігі туралы мәліметтер бар. Демек, зопиклонды алкогольмен немесе ем басқа психотроптық заттармен біріктіріп қабылдаған кезде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.