Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок лиофилизированный для приготовления раствора для инъекций в комплекте с растворителем (0.5 % раствор лидокаина гидрохлорида)
Саудалық атауы
Стартум
Әсер етуші зат
Витамины группы B в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Неврит, нейропатия (оның ішінде қант диабеті кезінде), шығу тегі әртүрлі невралгия, миалгия, ишиалгия
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 құтының ішінде
белсенді заттар: 10.0 мг аденозинтрифосфат динатрий,
50.0 мг кокарбоксилаза хлориді,
20.0 мг никотинамид,
0.5 мг цианокобаламин,
қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат.
Еріткіштің құрамы
1 ампуланың ішінде
белсенді зат - 10.0 мг лидокаин гидрохлориді,
қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ.
Еріткіш. Мөлдір түссіз ерітінді.
Қалпына келтірілген ерітінді. Қызыл-қызғылт түсті мөлдір ерітінді.
Стартум ересектерде келесі аурулар мен жағдайларда кешенді ем құрамында қолдануға арналған:
- неврит, нейропатия (оның ішінде қант диабеті кезінде);
- шығу тегі әртүрлі невралгия;
- миалгия, ишиалгия;
- лумбаго, радикулит;
- бурсит, тендинит;
- жүректің ишемиялық ауруы (Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясы (NYHA) жүйесі бойынша I-II функционалды класс), миокардит, миокардиопатия.
Препарат метаболизмдік заттар мен дәрумендердің ұтымды таңдалған кешені болып табылады.
Никотинамид - РР дәруменінің бір түрі, жасушадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады, көмірсулар мен азот алмасуын жақсартады.
Кокарбоксилаза - организмде сырттан келіп түсетін тиаминнен (В 1 дәрумені) түзілетін кофермент. Көмірсулар алмасуында маңызды рөл атқарады, α-кетоқышқылдарының карбоксилденуі мен декарбоксилденуін катализдейтін карбоксилаза ферментінің құрамына кіреді. Нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың және липидтердің синтезіне жанама ықпал етеді. Организмдегі сүт және пирожүзім қышқылдарының деңгейін төмендетеді, глюкозаның сіңуіне ықпал етеді. Жүйке тінінің трофикасын жақсартады.
Организмде цианокобаламин (В 12 дәрумені) биологиялық белсенділігі жоғары белсенді түрге (аденозилкобаламин немесе кобамамид) айналады. Организмдегі ақуыз синтезін арттырады және оның жиналуына ықпал етеді. Көмірсулар мен липидтер алмасуын белсендіреді. Қандағы холестеринді төмендетеді, бауырдың майлы инфильтрациясының алдын алады. Қан түзетін ағзалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, эритроциттерде сульфгидрильді топтары бар қосылыстардың жиналуына ықпал етеді, олардың гемолизге төзімділігін арттырады. Тіндердің регенерация қабілетін арттырады. Бауыр мен жүйке жүйесінің функциясына жағымды әсер етеді.
Аденозинтрифосфат динатрий тригидраты аденозиннің туындысы болып табылады, метаболизм процестерін стимуляциялайды. Ол гипотензиялық және аритмияға қарсы әсерге ие. Оның тамыр кеңейтетін әсері бар, оның ішінде коронарлық артерияларға.
Дозалау режимі
Стартумды бұлшықет ішіне тәулігіне бір рет 1-2 құты препараттан енгізеді.
Емдеу ұзақтығы және қайталанатын курстарды жүргізу аурудың сипатына және ауырлығына байланысты
Инъекцияға арналған ерітіндіні тікелей қолданар алдында 2 мл еріткіште лиофилизацияланған ұнтағы бар бір құтының ішіндегісін еріту арқылы дайындайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда препаратты қолданған кезде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда препаратты қолданған кезде дозаны түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Балалар
Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- миокард инфарктісінің жедел кезеңі
- гиперкоагуляция (оның ішінде жедел тромбоздар кезінде), эритремия, эритроцитоз, артериялық гипертонияның ауыр түрлері, артериялық гипотония, өкпенің қабыну аурулары, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, псориаз, өткізгіштіктің ауыр бұзылулары, жүректің жедел жеткіліксіздігі
Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде оның қарсы көрсетілімдерін ескеру қажет (амид типті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық, жүректің толық блокадасы, гиповолемия).
Жиілігі белгісіз
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық шокты қоса)
• емдеудің басында іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, пальпитация
• шеткері қантамырлар тромбозы, қан кернеуі, гипотензия
• емдеудің басында өкпенің ісінуі, ентігу
• нақты полицитемия
• бас айналу
• диарея (жеңіл түрі, транзиторлы), жүрек айнуы, эпигастрий аумағындағы жайсыздық
• қышыну, бөртпе (транзиторлы), аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық ісіну, гипергидроз
• полиурия
• астения, дімкәстану, гипертермия, қалтырау, енгізу орнындағы реакциялар, соның ішінде енгізу орнындағы ауырсыну және енгізу орнындағы некроз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары байқалмады. Кездейсоқ вена ішіне енгізу немесе пероральді қабылдау арқылы уыттылықтың ықтимал дамуы туралы деректер жоқ. Егер уыттылыққа күдік туындаса, бақылау және симптоматикалық емдеу қажет.
Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдыққа күдік туындаған пациенттерде Стартум препаратын енгізер алдында тері ішіне сынама жүргізу ұсынылады.
Дайындалған ерітіндінің түсі қызыл-қызғылт болуы керек.
Егер түсі өзгерсе, ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Ерітінді тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған! Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде препарат тек бұлшықет ішіне енгізіледі!
Лидокаинді еріткіш ретінде қолданар алдында оны қолдану кезінде қарсы көрсетілімдерді, айрықша нұсқаулар мен сақтандыруларды зерделеу қажет. Препаратты вена ішіне енгізуге болмайды!
Ерітінді дайындалғаннан кейін бірден қолданылуы керек!
Стартум анамнезінде асқазанның ойық жарасы, гастрит, подагра, қан кету, бауыр мен өт шығару жолдарының зақымдануы туралы мәліметтер бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек.
Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданған кезде жалпы қан талдауындағы эритроциттер санын, қанның ұю уақытын, коагулограммадағы протромбиндік индексі, трансаминазалар деңгейін, сілтілі фосфатазаны, гамма-глутамилтранспептидазаны, билирубинді, қан сарысуындағы несеп қышқылын, қандағы тромбоциттер санын бақылау қажет.
Қосымша заттардың құрамында метилпарагидроксибензоат пен пропилпарагидроксибензоаттың болуына байланысты баяу типті аллергиялық реакциялар және бронх түйілуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Балалар
Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Жүктілік
Жүктілік кезінде Стартумды анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.
Лактация
Препаратпен емдеу кезінде лактацияны тоқтату ұсынылады.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер ұсынылмаған.
Қолдану жөніндені нұсқаулар
Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді.
Никотинамидті эпилепсияға қарсы, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқты дәрілермен бір мезгілде қолданғанда олардың құрысуға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
Дәрілік препарат үшін – 3 жыл, еріткіш үшін – 4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.