Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для наружного применения
Дозасы
0,1 %
Саудалық атауы
Стоматидин®
Әсер етуші зат
Гексэтидин
Мақсаты
Симптоматикалық құрал ретінде
Өндіруші
АО Босналек
Ел
Босния и Герцеговина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат: гексэтидин 1.00 мг
қосымша заттар: пропиленгликоль, полисорбат-20, лимон қышқылының моногидраты, натрий сахаринаты, рацемиялық ментол, метилсалицилат, этанол 96 %, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді.
Симптоматикалық құрал ретінде.
Ауыз қуысы мен көмекейдің қабыну-жұқпалы аурулары кезінде симптоматикалық емдеу:
- тонзиллит, баспа (оның ішінде Плаут-Венсан баспасы, бүйір білікшелерінің баспасы), фарингит, гингивит, стоматит, глоссит, пародонтоз;
- зең аурулары;
- ауыз қуысы мен көмекейге және жарақаттар кезінде жедел араласуға дейін және одан кейін инфекциялық асқынулардың алдын алу, оның ішінде тістің экстракциясынан кейін альвеола инфекциясының алдын алу
- ауыз қуысының гигиенасы, оның ішінде ауыздан шыққан жағымсыз иісті жою үшін
Оториноларингология мен стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық препарат. Гексетидиннің микробқа қарсы әсері микробтық жасушалар метаболизмінің тотығу реакцияларын (тиамин антагонисті) басумен байланысты. Препарат грамтеріс және грамоң бактерияларға, Pseudomonas aeruginosa және Proteus spp бактерияға қарсы әсерін тигізеді және зеңге қарсы әсер етеді (оның ішінде Candida тектес зеңдерге қатысты). Препараттағы гексетидин концентрациясында бактериялардың көптеген штаммдарының өсуін бәсеңдетуге қол жеткізіледі. Тұрақтылықтың дамуы байқалған жоқ. Гексэтидин шырышты қабыққа ауыруды басатын әлсіз әсер береді.
Дозалану режимі
Ересектер, егде жастағы пациенттер: ауыз қуысы мен көмекейді тәулігіне 2-3 рет кемінде 30 секунд 15 мл сұйылтылмаған ерітіндімен шаюы керек.
Гексэтидин шырышты қабыққа жабысады және соның арқасында тұрақты әсер береді. Осыған байланысты препаратты тамақтан кейін қолдану керек.
4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: препаратты мақта тампонының көмегімен күніне 2 рет қолданған кезде медициналық бақылауда қолдануға болады.
6 жастан асқан балалар: ауыз қуысы мен көмекейді тәулігіне 2-3 рет кемінде 30 секунд 15 мл сұйылтылмаған ерітіндімен шаюы керек.
Гексэтидин шырышты қабыққа жабысады және соның арқасында тұрақты әсер береді. Осыған байланысты препаратты тамақтан кейін қолдану керек.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттер
Препараттың дозасын түзетудің қажеті жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті.
Емдеудің ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығын дәрігер анықтайды.
- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ауыз қуысының шырышты қабығының эрозиялы-сыдырылған жаралы зақымдануында
- бронх демікпесімен немесе айқын жоғары сезімталдықпен қатар жүретін тыныс алу жолдарының басқа да ауруларымен ауыратын пациенттер
- 4 жасқа дейінгі балалар.
Өте сирек:
- жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде есекжем), ангионевроздық ісіну; дәмді сезінудің толық немесе ішінара жоғалуы, дәмнің бұзылуы;
- аса жоғары сезімталдық реакциясының пайда болуына байланысты жөтел, демігу, ларингоспазм;
қолдану орнындағы реакциялар (оның ішінде ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуі, күйдіру сезімі, ауыз қуысының парестезиясы, тіл түсінің өзгеруі, тістердің түсінің өзгеруі, қабыну, көпіршіктер мен жаралардың пайда болуы).
Егер нұсқаулықта көрсетілген кез-келген жағымсыз әсерлер нашарласа немесе басқа жағымсыз әсерлер байқалса, дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда гексэтидиннің уытты әсер етуі екіталай.
Құрамында этанол бар препараттың көп мөлшерін ішу алкогольмен уланудың белгілерінің/симптомдарының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Емдеу алкогольді улану кезіндегі сияқты симптоматикалық. Асқазанды артық дозаны жұтқаннан кейін 2 сағаттың ішінде шаю қажет.
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз, себебі онда сіз үшін маңызды ақпарат бар.
Егер сізде препаратты қолдану әдісі туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, медицина маманына хабарласыңыз.
Стоматидин препараты, сыртқы қолдануға арналған ерітіндіні тек ауыз қуысы мен көмекейді шаю үшін қолдануға болады. Ерітіндіні жұтуға болмайды.
Әрқашан сұйытылмаған ерітіндіні қолдану қажет.
Арнайы сақтандырулар
Ұзақ емдеуге болмайды, себебі ол ауыз қуысы мен тамақтың қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Ұсынылған дозалар мен емдеудің ұзақтығын сақтау қажет.
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа немесе жаңа белгілері пайда болса, қолдануды тоқтату керек.
Препараттың құрамында дозасына 100 мг-ден аспайтын этанолдың (спирттің) аз мөлшері бар.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 4 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.
Егер анасына ықтимал пайда балаға және жатырдағы нәрестеге қауіп төндіруден жоғары болса, өнімді қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гексэтидин көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін тигізбейді.
Мәліметтер жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейін қолдану ұзақтылығы 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.