Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Стрепсилс®
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лимитед
Ел
Великобритания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг, 2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг;
қосымша заттар: шарап қышқылы, левоментол, жұлдызды анис майы, бұрышты жалбыз майы, Понсо 4R (E 124), азорубин Эдикол (Е 122), сұйық сахароза, сұйық глюкоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, анис иісі басымырақ, жалпақ цилиндр пішінді қызыл таблеткалар. Ақ өңездің, біркелкі емес боялуына, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.
- тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысында сору үшін. Таблетканы ауызда баяу сору қажет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Препаратты қатарынан үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препараттың 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сіз препаратты қалай қолдануға күмәндансаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге;
- 18 жасқа дейінгі балалар (препарат құрамында Азорубин Эдикол (Е 122) бояғышы болуына байланысты)
Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша мынадай түрде топтастырылған: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- аса жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуі және естен танумен қатар жүретін қысымның төмендеуі түрінде көрініс табуы мүмкін);
- іш ауыруы, жүрек айнуы;
- глоссодиния;
- ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер, сондай-ақ тамақ тітіркенуі, ауыз қуысының парестезиясы, ауыз қуысы ісінуі түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Ауыз қуысында қысқа мерзімді жергілікті қолдану үшін.
Арнайы ескертулер
Егер препаратты 3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында сахароза болуына байланысты фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қолданудан бас тарту керек.
Препараттың құрамында глюкоза бар, ол ұзақ уақыт қолданғанда тістерге зиянды әсер етуі мүмкін.
Әрбір таблеткада шамамен 2.6 г қант бар, оны қант диабеті бар науқастар, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет.
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін Понсо 4R (Е124) және Азорубин Эдикол (Е 122) бояғыштары бар.
Педиатрияда қолдану
Препараттың құрамында Азорубин Эдикол (Е 122) бояғышы болуына байланысты препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртін жүктілік кезеңінде қолдану қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ немесе шектелген.
Жүктілік кезінде Стрепсилс®, соруға арналған таблеткаларын қабылдаған кезде сақ болу және қажет болса дәрігермен кеңесу қажет.
Амилметакрезол, 2,4-дихлорбензил спирті немесе олардың метаболиттері адамның емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Нәрестелер/сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды.
Препараттың қөлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған әсер етеді.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
Препаратты басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.