Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания клубничные
Саудалық атауы
Стрепсилс® балаларға арналған
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Ел
Великобритания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг, 2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг;
қосымша заттар: құлпынай хош иістендіргіші (Flav P 052312В), антоцианин қызғылт бояғышы P-WS (Е163), натрий сахарині, шарап қышқылы, сұйық мальтитол, изомальт.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таблетканың екі жақ бетінде «» бренд символикасы, өзіне тән құлпынай иісі бар, қызғылт түсті, дөңгелек таблеткалар. Ақ таңдақтарға, бояуының біркелкі болмауына, карамельді массасында ауа көпіршіктерінің болуына және жиектерінің аздап кедір-бұдырлылығына жол беріледі.
- тамақтың ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Қолдану бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Амилметакрезол және 2,4-дихлорбензил спирті антисептиктер болып табылады және in vitro көрсетілген бактерияға қарсы (бактерицидтік және бактериостатикалық), зеңге қарсы және вирусқа қарсы қасиеттерге ие. Екі әсер етуші заттың біріктірілімінде біріктірілген дозаның төмендеуіне әкелетін синергиялық бактерияға қарсы әсері байқалады.
Әсер ету механизмі
Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасуша ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайтын жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесумен байланысты.
Клиникалық тиімділігі
In vitro зерттеулер 1 минутқа созылатын жанасу кезінде Streptococcus pyogenes, Staphylococcus aureus, Haemophilus influenza және Moraxella catarrhalis сияқты тамақ ауруын тудыратын кейбір микроорганизмдерге қарсы зақымдаушы әсерін көрсетті. Ауыз қуысындағы бактериялық жүктеменің жалпы төмендеуі in vivo бір зерттеу шеңберінде де байқалды.
А тұмауы вирусын, парагрипп вирусын, респираторлық синцитиальді вирусты, цитомегаловирусты және коронавирусты қоса, қабықтағы вирустарға қатысты in vitro вирусқа қарсы әсері амилметакрезол үшін де, 2,4-дихлорбензил спирті үшін де, сондай-ақ жанасудан кейін олардың біріктірілімі үшін 1-2 минут ұзақтықта байқалды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық зерттеулер барысында Стрепсилс балаларға арналған препаратын, соруға арналған таблеткаларды қолдану тамақтың қышуын, сондай-ақ қабылдаудан кейін 5 минут ішінде тамақтың ауыруын және жұту кезіндегі қиындықты азайтқаны көрсетілді, бұл ретте көрсетілген әсер 2 сағатқа дейін жалғасты. Емдеу мерзімі 3 күнге дейін плацебо қабылдағанға қарағанда симптомдардың айтарлықтай жеңілдеуі байқалды.
Бір зерттеу интубациядан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде Стрепсилс балаларға арналған, соруға арналған таблеткалары операциядан кейін тамақтың ауыру сезімін едәуір төмендетіп, 20 минут ішінде қырылдауды жоятынын көрсетті.
Балаларда қолдану
Жедел және қайталанатын созылмалы тамақ ауруы бар балалардағы (6-16 жас) зерттеу Стрепсилс балаларға арналған, соруға арналған таблеткасымен 3 күн емделгеннен кейін тамақ ауруының субъективті және объективті белгілерінің төмендегенін көрсетті. Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді.
Ересектер және 6 жастан асқан балалар
2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысында сору үшін. Таблетканы ауызда баяу сору қажет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Препаратты қатарынан үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат балаларға 6 жастан бастап қолдануға ұсынылған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сіз препаратты қалай қолдануға күмәндансаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдар;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша мынадай түрде топтастырылған: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- аса жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуі және естен танумен қатар жүретін қысымның төмендеуі түрінде көрініс табуы мүмкін);
- іш ауыруы, жүрек айнуы;
- глоссодиния;
- ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер, сондай-ақ тамақ тітіркенуі, ауыз қуысының парестезиясы, ауыз қуысы ісінуі түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Ауыз қуысында қысқа мерзімді жергілікті қолдану үшін.
Арнайы ескертулер
Егер препаратты үш күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе жоғары температурамен немесе бас ауруымен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу қажет.
Қосымша заттарға қатысты арнайы ескертулер
Препарат құрамына изомальт және сұйық мальтитол кіреді, препаратты күніне бірнеше рет қабылдаған жағдайда олар іш жүргізетін жеңіл әсер беруі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препарат балаларға 6 жастан бастап қолдануға ұсынылған.
Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртін жүктілік кезеңінде қолдану қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ немесе шектелген.
Жүктілік кезінде Стрепсилс® балаларға арналған, құлпынай дәмі бар соруға арналған таблеткаларын қабылдаған кезде сақ болу және қажет болса дәрігермен кеңесу қажет.
Амилметакрезол, 2,4-дихлорбензил спирті немесе олардың метаболиттері адамның емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Нәрестелер/сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды.
Препараттың қөлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған әсер етеді.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.