Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Стрепсилс® Экспресс
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Тамақтың қатты ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лимитед
Ел
Великобритания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг, 2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг, лидокаин гидрохлориді – 10.00 мг;
қосымша заттар: шарап қышқылы, натрий сахаринаты, левоментол, бұрышты жалбыз майы, жұлдызды анис майы, индигокармин (Е 132), хинолинді сары (Е 104), сұйық глюкоза, сұйық сахароза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, ментол иісі бар, жалпақ цилиндр пішінді көгілдір-жасыл түсті таблеткалар.
Карамель массасында ақ өңездің, аздаған ауа көпіршіктерінің болуы және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.
- тамақтың қатты ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысында сору үшін. Таблетканы ауызда баяу сору қажет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Препаратты қатарынан үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препараттың 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сіз препаратты қалай қолдануға күмәндансаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге;
- 18 жасқа дейінгі балалар (препарат құрамында Хинолинді сары (Е 104), Индигокармин (Е 132) бояғыштарының болуына байланысты);
- анамнезінде метгемоглобинемиясы бар немесе оған күдікті пациенттер;
- бронх демікпесінен немесе бронхоспазмнан зардап шегетін пациенттер.
Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша мынадай түрде топтастырылған: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- аса жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуі және естен танумен қатар жүретін қысымның төмендеуі түрінде көрініс табуы мүмкін);
- іш ауыруы, жүрек айнуы;
- ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер тамақ тітіркенуі, ауыз қуысының парестезиясы, ауыздың ісінуі, глоссалгия және тіл сезімталдығынан айрылу түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Стрепсилс®Экспресс дәрілік препаратының дәрілік түрін және қолдану тәсілін ескере отырып, кездейсоқ немесе әдейі артық дозалануы екіталай.
Артық дозалану симптомдары: ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөлігінің шамадан тыс анестезиясы ғана байқалады. Алайда, лидокаинмен уыттану ауыр гипотензияның дамуына, асистолияға, брадикардияға, апноэға, құрысуларға, комаға, жүрек тоқтауына, тыныс алудың тоқтатуына және өлімге әкелуі мүмкін.
Емі: дәрігердің бақылауымен жүргізілетін симптоматикалық және демеуші ем.
Ауыз қуысында қысқа мерзімді жергілікті қолдану үшін.
Арнайы ескертулер
Егер препаратты үш күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе жоғары температурамен немесе бас ауруымен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу қажет.
Қосымша заттар бойынша қосымша деректер
Препарат құрамында сахароза болуына байланысты фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қолданудан бас тарту керек.
Әрбір таблеткада шамамен 2.6 г қант бар, оны қант диабеті бар науқастар, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану
Препараттың құрамында Хинолинді сары (Е 104), Индигокармин (Е 132) бояғыштарының болуына байланысты) препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік кезінде осы препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Алайда, жүкті әйелдерде қолдану бойынша шектеулі деректер (жүктіліктің 300-ден 1000 нәтижесіне дейін) лидокаинді қолдану кезінде эмбрионға/шаранаға қатысты даму ақауларының немесе уытты әсерінің жоқтығын көрсетеді. Амилметакрезол мен 2,4-дихлорбензил спиртін жүктілік кезеңінде қолдану қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ немесе шектелген.
Бұл препаратты жүктілік кезінде медициналық бақылау болмаған кезде қолдану ұсынылмайды.
Лидокаин және оның метаболиттері емшек сүтіне түседі, алайда препараттың емдік дозаларын қабылдау кезінде емшектегі нәресте / сәби организміне қандай да бір әсер күтілмейді.
Амилметакрезол, 2,4-дихлорбензил спирті немесе олардың метаболиттері адамның емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Нәресте /сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды.
Бұл препаратты медициналық бақылау болмаған кезде емшек емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың қөлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған әсер етеді.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Лидокаиннің басқа заттармен өзара әрекеттесуі теориялық тұрғыдан мүмкін болғанына қарамастан, бұл өзара әрекеттесулер пациенттердің қауіпсіздігі үшін клиникалық тұрғыдан маңызды болуы екіталай, өйткені препарат жергілікті қолданылады.
Лидокаиннің пероральді енгізу кезіндегі эритромицинмен, итраконазолмен, циметидинмен, флувоксаминмен, бета-блокаторлармен немесе аритмияға қарсы басқа препараттармен (мысалы, мексилетинмен) бірге қабылдаған кезде уыттылығы жоғарылауы мүмкін:
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.