Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Строцит 500
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Ми қанайналымы бұзылуы салдарларын және асқынуларын емдеу, бас сүйек-ми жарақаты және оның салдарлары
Өндіруші
Сан Фарма Лабораториез Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – цитиколин натрийі -523.60 мг (500.00мг цитиколинге баламалы),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), жүгері крахмалы, повидон (К 30), тазартылған тальк, сусыз коллоидты кремний, натрий кроскармеллозасы (Примолоза), магний стеараты, тазартылған су
қабығы: опадри қоңыр 06F86813: гидроксипропилметилцеллюлоза (Гипромеллоза 2910) (Е 464) 5сР, гидроксипропилметилцеллюлоза (Гипромеллоза 2910) (Е 464) 15сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/полиэтиленгликоль (Е 1521), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), тальк (Е 553b), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Капсула түріндегі қызыл түсті екі жағы дөңес беті бар, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында бөлетін сызығы бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.
- ми қанайналымы бұзылуы салдарларын және асқынуларын емдеу
- бас сүйек-ми жарақаты және оның салдарлары
- деменция кезінде шығу тегі дегенеративтік және қантамырлық церебралдық патологиядан туындаған когнитивтік, сенситивтік, моторлық және неврологиялық бұзылыстар.
Қолдану басталғанға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Цитиколин - ноотропты препарат, әсер етуші заты цитиколин пиримидин 5'-нуклеотиді болып табылады, ол лецитин (фосфатидилхолин) және басқа фосфолипидтердің синтезделу процесінде маңызды прекурсор қызметін атқарады.
Әсер ету механизмі
Холинергиялық нейрондарда жүйке импульстерінің берілісін жақсартады - нейроналдық жарғақшалардың иілімділігіне және рецепторлардың қызметіне оң әсер етеді. Церебралдық қан ағымын жақсартады, бас миындағы метаболизмдік процестерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формациясының құрылымын белсендіреді және мидың жарақаттан зақымдалуы кезінде сананы қалпына келтіреді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Цитиколин ацетилхолиннің синтезделуін ұлғайта отырып, холиннің көзі болып табылады және құрылымдық (тірек) фосфолипидтердің нейрондар жарғақшасындағы биосинтезін стимуляциялайды, бұл жарғақшалық механизмдер қызметінің жақсаруына, оның ішінде, ионалмасу сорғыларының және оларға батырылған рецепторлардың қызметіне жағдай жасайды, бұлардың модуляциясы нейроберілістің қажетті шарты болып табылады.
Цитиколин ми гипоксиясы мен ишемиясы кезінде байқалатын, еске сақтаудың нашарлауы, эмоционалдық тұрақсыздық, жігерсіздік, күнделікті әрекеттерді орындаудағы және өзіне-өзі қызмет көрсетудегі қиындықтарды қоса алғандағы симптомдарды жеңілдетеді.
Цитиколин дегенерациялық және тамырлық этиологиядағы когнитивтік, сезімтал және қимыл-қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарды емдеуде тиімді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Осы ДПЖС басқа бөлімдеріне кіретін қосымша болып табылатын ешқандай клиникалық деректер жоқ.
Балалар
Препаратты балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.
• Фармакокинетикалық қасиеттері
Сіңірілуі
Цитиколин ішке қабылдаған кезде жақсы сіңеді. Ішу арқылы қабылдаудан кейін іс жүзінде толық сіңеді, биожетімділігі шамамен 99% құрайды.
Препарат ішекте және бауырда холин мен цитидин түзе отырып метаболизденеді. Бауыр холиннен лецитинді синтездеуі және цитидин мен холиннен қайтадан цитиколин синтездеуі мүмкін. Препаратты қабылдағаннан кейін холиннің плазмадағы концентрациясы елеулі түрде арта түседі.
Таралуы
Цитиколин холин фракцияларын құрылымдық фосполипидтерге және цитидин фракцияларына - цитидинді нуклеотидтерге және нуклеин қышқылдарына тез ендіре отырып, елеулі дәрежеде ми құрылымдарында таралады. Цитиколин миға өтеді және құрылымдық фосполипидтердің фракцияларының бір бөлігін түзе отырып, жасушалық, цитоплазмалық және митохондриялық жарғақшаларға белсенді түрде кірігеді.
Элиминациясы
Цитиколиннің енгізілген дозасының 15% ғана организмнен шығарылады: 2%-3% - бүйрекпен, 1%-дан кемі ішек арқылы және 12% шамасында деммен шығатын СО2 (көмірқышқыл газымен). Цитиколиннің несеппен экскрециясында 2 фазаны бөліп қарауға болады: бірінші фаза, 36 сағатқа жуық уақытқа созылады, оның барысында шығарылу жылдамдығы төмендейді, және екінші фаза, оның барысында экскреция жылдамдығы әлдеқайда баяу төмендейді. Деммен шығатын СО2 - ден де дәл осы жағдай байқалады – шығарылу жылдамдығы шамамен 15 сағат өткенде тез төмендейді, ал содан кейін әлдеқайда баяу төмендейді.
Дозалау режимі
Доза жеке түрде таңдап алынуы тиіс.
Ұсынылған дозалау күніне 500-ден 1000 мг дейін.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
1 – 2 таблетка.
Емдеу ұзақтығы
Аурудың ауырлығына байланысты.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Егде жастағы пациенттер
Бұл жас тобы үшін дозалауға түзету енгізу талап етілмейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қолданар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Сіз қандай-да бір басқа препараттарды қабылдап жүрсеңіз, аз уақыт бұрын қабылдаған болсаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, емдеуші дәрігерге айтыңыз.
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусты күйі (ваготония)
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз реакциялар нормативтік-құқықтық қызметі медициналық сөздігінің (MedDRA) терминдері және олардың туындау жиілігі бойынша топтастырылған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, бірақ <1/10); жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100); сирек (≥1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (<1/10000), белгісіз жиілікпен (бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Өте сирек (<1/10,000) (жеке реакцияларды қоса алғанда).
- аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, терінің қызыл күрең түске дейін боялып, қызаруы, терінің қышуы, ісінулер, анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін
- бас ауыруы, бас айналу, шаршау, галлюцинациялар, қозу, ұйқысыздық, температураның көтерілуі, дене қызуын сезіну, тремор
- диспноэ
- жүрек айну, құсу, іш өту
- артериялық қысымның көтерілуі немесе аз уақытқа төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Цитиколин гипотензияны туындатуы мүмкін.
Строцит 500 препаратының құрамында бір таблеткаға 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар.
Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда ескерту.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Цитиколинді балаларға қолдануға қатысты жеткілікті деректер жоқ, сондықтан да Строцит пациенттердің бұл санатына тағайындауға ұсынылмайды.
Жүктілік кезінде цитиколиннің шарана үшін ықтимал пайдасы ықтимал қатердің болуын ақтайтын болса ғана қолдануға болады.
Емшек емізу кезінде сақ болу қажет, себебі цитиколин емшек сүтіне бөлініп шыға ма, жоқ па, белгісіз.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлерді ескере отырып, автокөлікті басқарғанда немесе басқа да механизмдермен жұмыс істегенде сақтық керек.
Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің әсерлерін күшейтеді. Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.