Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
10 мг/г
Саудалық атауы
Сульфаргин
Әсер етуші зат
Сульфадиазин
Мақсаты
Инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу және профилактика
Өндіруші
Гриндекс АО
Ел
Латвия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – күміс сульфадиазині 10 мг,
қосымша заттар: вазелин майы, пропиленгликоль, цетостеарил спирті, глицерил моностеараты 40-55, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су 1 г-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.
- инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу және профилактика
- инфекция жұқтырған терінің трофикалық ойық жаралары және тесілулер (кешенді ем құрамында)
- тері трансплантаттарының донорларында және ауқымды сыдырылулары бар пациенттерде инфекция жұқтыру профилактикасында
Күміс сульфадиазині грамоң және грамтеріс микробтар мен зеңдерге (Candida, Phycomycetes және Aspergillus spp, дерматофиттер) микробқа қарсы әсер көрсетеді. Препарат белсенділігі күміс сульфадиазинінің орташа диссоциациясы нәтижесінде жарада босап шығатын күміс иондарына негізделеді, сол арқылы сульфадиазинмен (сульфаниламид) толығатын ұзақ мерзімді микробқа қарсы әсерге қол жеткізіледі. Күміс иондары микроб жасушасының беткейінде сіңеді және олигодинамикалық бактериостатикалық және бактерицидтік әсер көрсетеді. Препарат некролиздік және мутагендік әсерге ие емес. Жақпамай қалыпты осмостық белсенділігімен сипатталады.
Дозалау режимі
Ересектер мен балалар (3 айдан асқан жаста): некрозды тіндерді алып тастағаннан кейін жақпамай зақымданған беткейге жұқа қабатпен (2 4 мм) күніне 1-2 рет стерильді таңғышпен немесе ашық әдіспен жағады. Жақпамайды зақымданған беткейге төсейтін стерильді таңғышқа да жағуға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 300 г.
Жақпамайды кең аумақты беткейге қолданған кезде бауыр мен бүйрек функциясына және қанда формалы элементтердің болуына бақылау жасау керек. Пациентке молынан сілтілі су беру керек.
Балаларда қолдану
Күміс сульфадиазинін шала туған балалар мен 3 айға дейінгі жастағы балаларға қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайларды қараңыз).
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- күміс сульфадиазиніне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық (мысалы, сульфадиметоксин, сульфадимезин, уросульфан, сульфацил, норсульфазол, сульфадиазин, сульфален)
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығы: кең аумақты беткейде қолданған кезде гемолиз туындауы мүмкін
- ядролық сарғаюдың туындау қаупіне байланысты кіші жастағы балалар (жаңа туған нәресте, 3 айға дейін), шала туған балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- терең іріңді жараларда және экссудациясы мол күйік жараларын емдеу үшін қолдану орынсыз
Барлық дәрілер сияқты, бұл дәрі жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін, бірақ олар бәрінде бірдей байқала бермейді.
Жергілікті реакциялар
Сирек (1000 адамның 1-інде байқалуы мүмкін): аллергиялық реакциялар (күйдіру сезімі, қышыну, бөртпе)
Өте сирек (10 000 адамның 1-нен кемінде байқалуы мүмкін): 5-10 минуттан соң басылатын қысқа мерзімді күйдіру, ауыру түріндегі жергілікті тітіркендіретін әсер
Жүйелік реакциялар
Егер жараның беткейі үлкен немесе емдеу ұзақ болса, қан плазмасындағы сульфаниламид концентрациясы, жүйелік ем жағдайындағы сияқты деңгейге жетуі мүмкін. Бұндай жағдайларда сульфаниламидтерге тән жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:
Сирек (1000 адамның 1-інде байқалуы мүмкін):
-лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилия
-бас ауыруы, түйілу
-бауыр жеткіліксіздігі
-аргирия (тіндерде күмістің жиналуы нәтижесінде тері күлгінсұрға айналуы мүмкін). Әдетте жақпамайды кең аумақты беткейлерге немесе ұзақ қолданған кезде байқалады.
-кристаллурия, бүйрек жеткіліксіздігі
Жиі (10 адамның 1-інде байқалуы мүмкін):
-жүрек айнуы, құсу, іш өту, глоссит
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
-үрей
-буындардың ауыруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары. Ұзақ емдеу немесе кең аумақты күйік беткейлерін емдеу кезінде сульфаниламидтердің жүйелі әсері болуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың сипаттамасын, жүйелік реакцияларды қараңыз.
Жақпамайды жұтып қойған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз. Өзіңізбен бірге жақпамайдың қаптамасын алыңыз.
• Емі: симптоматикалық.
Сульфадиазинді қолдану кезінде тері тарапынан Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) сияқты өмірге қауіп төндіретін реакциялар дамығаны туралы хабарланған. СДС мен УЭН дамуының ең жоғарғы қаупі емнің алғашқы апталарында байқалады. СДС немесе УЭН симптомдары немесе белгілері (мысалы, терінің көбінесе күлбіреуіктердің түзілуімен немесе шырышты қабықтардың зақымдануымен жүретін үдемелі тері бөртпесі) пайда болған жағдайда, сульфадиазинмен емдеуді дереу тоқтату керек, препаратты ешқашан қайта тағайындауға болмайды.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дәріні сақтықпен тағайындайды.
Егер емдеу ұзақ уақыт жүргізілсе немесе препарат күйік шалған ауқымды беткейлерге жағылса, онда лейкопенияның, тромбоцитопенияның немесе эозинофилияның туындау қаупіне байланысты, қандағы лейкоциттер мөлшерін жүйелі түрде анықтап отыру керек.
Порфирияға шалдыққан пациенттер бұл жақпамайды қолданбағаны дұрыс.
Сонымен қатар, микробқа қарсы әсері бар басқа дәрілерді жергілікті қолданғандағы сияқты, күміс сульфадиазинін қолданғанда суперинфекциялар туындауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік, бала емізу кезеңі және фертильділік
Жүктілік кезінде күміс сульфадиазинін қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан жүктілік және лактация кезеңінде жақпамайды қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бұл дәріде көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет ету қабілетіне жағымсыз әсері жоқ.
Қосымша заттар
Қосымша заттар ретінде жақпамай құрамында метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакцияларды (сондай-ақ баяулаған типті), жекелеген жағдайларда бронх түйілуін туындатуы мүмкін. Жақпамайдың құрамында цетостеарил спирті, ол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы, және пропиленгликоль, ол терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Күміс сульфадиазині жараны тазалауға арналған ферменттік дәрілердің белсенділігін жоюы мүмкін, сондықтан аталған дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Ауқымды күйіктері бар пациенттерде жүйелі түрде енгізілетін препараттармен өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Сульфадиазин СYP2C9 тежегіші болып табылады және варфарин, толбутамид немесе фенитоин сияқты CYP2C9 басқа субстраттарымен өзара әрекеттестік тудыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.