Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 200 мг натрий сульфацетамиді (сульфацил-натрий),
қосымша заттар: натрий тиосульфаты, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.
Сульфацил-натрий сульфацетамидке сезімтал микроорганизмдер тудырған ауруларды кешенді емдеу құрамында ересектер мен 2 айдан бастап балаларда қолданылады:
– конъюнктивит
– блефарит
– мөлдір қабықтың іріңді ойық жарасы
– көздің создық және хламидиялық аурулары (ересектерде)
Микробқа қарсы бактериостатикалық дәрі, сульфаниламид. Әсер ету механизмі пара-аминобензой қышқылымен бәсекелі антагонизммен, дигидроптероатсинтетаза бәсеңдеуімен, пуриндер мен пиримидиндер синтезіне қажетті тетрагидрофолий қышқылы синтезінің бұзылуымен жүзеге асады.
Грамоң және грамтеріс кокктарға, Escherichia coli, Shigella spp., Vibrio cholerae, Clostridium perfringens, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Yersinia pestis, Chlamydia spp., Actinomyces israelii, Toxoplasma gondii қатысты белсенді.
Дозалау режимі
1-2 тамшыдан тәулігіне 5-6 рет.
Енгізу жолы және тәсілі
Жергілікті, конъюнктивалық қапқа.
Емдеу ұзақтығы
Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 5-7 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
• натрий сульфацетамидіне (натрий сульфациліне) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– 2 айға дейінгі балалар
Өте жиі
– жергілікті тітіркену, көзден жас ағу, көздің ашуы, қышуы, шаншуы және шымылдауы
Сирек
– спецификалық емес конъюнктивит, конъюнктиваның гиперемиясы
Өте сирек
– Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді, фульминанттық гепатонекрозды, агранулоцитозды, аплазиялық анемияны және басқа да қан бұзылуларын қоса, сульфаниламидтерге ауыр реакциялардың дамуы салдарынан болатын аллергиялық реакциялар, өлім жағдайлары, салдарлық инфекцияның қосылуы
Белгісіз
– мөлдір қабықтың бактериялық және зеңдік ойық жаралары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану мына симптомдармен көрініс табады: көздің ашуы, шаншуы, көздің қызаруы, қабақтың ісінуі, көз жасының ағуы.
Кездейсоқ артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге көріну керек.
Емі симптоматикалық.
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Фуросемид, тиазидтік диуретиктер, сульфонилмочевинаға немесе карбоангидраза тежегіштеріне жоғары сезімталдығы бар пациенттер сульфацетамидке жоғары сезімталдық танытуы мүмкін.
Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, бауырдың жылдам дамитын некрозы, агранулоцитоз, аплазиялық анемия және қанның басқа да патологиялық өзгерістерін қамтитын сульфаниламидтерге күрделі реакциялар нәтижесінде сирек өлім жағдайлары тіркелді.
Сенсибилизация сульфаниламидтер енгізу жолына қарамастан қайта тағайындалған кезде пайда болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдығы жоқ адамдарда тіркелген. Аса жоғары сезімталдықтың, тері бөртпесінің немесе басқа да күрделі реакциялардың алғашқы белгілерінде препаратты қолдануды тоқтату қажет.
Жергілікті бактерияға қарсы дәрілерді ұзақ уақыт қолдану патогендік микроорганизмдердің, соның ішінде зеңдердің шамадан тыс өсуіне, сондай-ақ бактериялардың сульфаниламидтерге сезімталдығының дамуына әкелуі мүмкін. Сульфаниламидтердің тиімділігі іріңді экссудатта парааминобензой қышқылының жоғары концентрациясы болған кезде төмендейді.
Сенсибилизация сульфаниламидтерді қайталап тағайындау кезінде немесе әр түрлі сульфаниламидтер арасындағы айқаспалы сезімталдық нәтижесінде көрініс табуы мүмкін.
Жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілерінде, іріңді бөлінудің ұлғаюында немесе қабынудың немесе ауырудың күшеюінде пациент препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер препаратты қолданғаннан кейін, пациентте көру қабілетінің айқындығының уақытша төмендеуі болса, қалпына келгенше көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін қоюды және реакция шапшаңдығын талап ететін қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту қажет.
Егер күтілетін емдік әсері шаранаға немесе балаға потенциалды қаупінен асып түссе, сульфацетамидті емдеуші дәрігердің тағайындауымен жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды емдеуге қолдануға болады.
Жүктілік кезінде, бала емізу кезінде жеткілікті тәжірибе жоқ. Сульфаниламидтер плацента арқылы және емшек сүтіне енеді.
Жүктілік кезінде аналары сульфаниламидтердің таблетка түрлерін қабылдаған нәрестелерде ядролық сарғаю дамуы мүмкін, сондықтан көзге тамызатын дәрі түрінде сульфаниламид қабылдағанда сарғаюдың даму қаупін жоққа шығару мүмкін емес.
Прокаинмен, тетракаинмен, бензокаинмен бірге қолданғанда бактериостатикалық әсері төмендейді.
Дифенин, ПАСК (парааминосалицил қышқылы), салицилаттар Сульфацил-натрийдің уыттылығын күшейтеді.
Тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен қолданғанда соңғылардың спецификалық белсенділігі артады.
Сульфацил-натрий жергілікті қолданғанда күміс тұздарымен үйлеспейді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Ашылғаннан кейін препараттың жарамдылық мерзімі – 7 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.