Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
1г/1г
Саудалық атауы
Сульцеф
Әсер етуші зат
Цефоперазон, комбинации
Мақсаты
Тыныс жолдарының инфекциялары (жоғарғы және төменгі бөлімдері)
Өндіруші
Медокеми Лтд
Ел
Кипр
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді заттар: 1.034 г цефоперазон натрий 1 г цефоперазонға баламалы, 1.094 г сульбактам натрий 1 г сульбактамға баламалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ
Монотерапия
Сульбактам/цефоперазон монотерапия ретінде сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
• тыныс жолдарының инфекциялары (жоғарғы және төменгі бөлімдері)
• несеп жолдарының инфекциялары (жоғарғы және төменгі бөлімдері)
• перитонит, холецистит, холангит және құрсақ қуысының басқа инфекциялары
• септицемия
• менингит
• терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары
• сүйектер мен буындар инфекциялары
• кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, эндометрит, соз және жыныс мүшелерінің басқа инфекциялары
Біріктірілген ем
Сульбактам/цефоперазонның кең ауқымды әсер етуіне орай, инфекциялардың көпшілігін бір Сульцефпен талапқа сай үлгіде емдеуге болады. Дегенмен де, егер препараттардың осындай біріктірілімі көрсетілсе, сульбактам/цефоперазонды басқа антибиотиктермен бір мезгілде пайдалануға болады. Аминогликозид пайдаланылған жағдайда емдеу курсы кезінде бүйрек функциясын бақылап отыру қажет.
ATX коды: J01DB04
Фармакодинамикалық әсерлері
Сульбактам/цефоперазонның бактерияға қарсы компоненті – жасушалық қабырғаларда мукопептид биосинтезін тежеу жолымен белсенді көбею сатысында сезімтал организмдерге қатысты әрекет ететін цефоперазон, үшінші буын цефалоспорині болып табылады. Сульбактам, Neisseriaceae spp. және Acinetobacter spp. қатыстылығынан басқа, бактерияға қарсы қандай да бір тиімді белсенділік иеленбейді. Алайда, бактериялық жасушасыз жүйелермен жүргізілетін биохимиялық зерттеулер оның бета-лактамды антибиотикке төзімді организмдер өндіретін ең көп маңызды бета-лактамазалардың қайтымсыз тежегіші (Ричмонд II, III, IV және V типтері – плазмидтік немесе хромосомалық тектес) екенін көрсетті. Сульбактамның төзімді микроорганизмдермен пенициллиндер мен цефалоспориндердің ыдырауын болдырмау қабілеті бүтін микроорганизмдердегі төзімді штаммдарды зерттеу барысында расталады, онда сульбактам оны пенициллиндермен және цефалоспориндермен біріктіргенде айқын синергиялық әсерлер танытады. Сульбактам да кейбір пенициллинді байланыстыратын ақуыздармен байланысатындықтан, сезімтал штаммдар, бір цефоперазонға қарағанда, сульбактам/цефоперазон біріктірілімінің әсеріне өте сезімтал болып кетеді.
Натрий цефоперазоны – бұл жасушалық қабырғалар синтезін тежеу жолымен әрекет ететін әсер ету ауқымы кең үшінші буынға жататын бактерицидті цефалоспориндік антибиотик. Сульбактам мен цефоперазон біріктірілімі цефоперазонға сезімтал барлық
микроорганизмдерге қатысты белсенді, бірақ, бұдан бөлек, ол келесі микроорганизмдерге қатысты көбірек айқын әсер ететін әртүрлі микроорганизмдерге қатысты әсер ету синергизмін (жекелей әр компонентке тән осындайымен салыстырғанда, микроорганизмдерді шамамен 4 есе бәсеңдететін біріктірілімдердің ең төмен концентрацияларының төмендеуі) көріністейді:
Haemophilus influenzae
Bacteroides түрлері
Staphylococcus түрлері
Acinetobacter calcoaticus
Enterobacter aerogens
Escherichia coli
Proteus mirabilis
Klebsiella pneumoniae
Morganella morganii
Citrobacter freundii
Enterobacter cloacae
Citrobacter diversus.
Цефоперазон/сульбактам біріктірілімі келесі микроорганизмдерге қатысты in vitro белсенділік танытады:
Грам-оң микроорганизмдер:
Staphylococcus aureus, пенициллиназаны өндіретін немесе өндірмейтін штаммдар;
Staphylococcus epidermidis;
Streptococcus pneumoniae (бұрынғы атауы Diplococcus pneumoniae);
Streptococcus pyogenes (A тобындағы бета-гемолиздік стрептококк);
Streptococcus agalactiae (B тобындағы бета-гемолиздік стрептококк);
Бета-гемолиздік стрептококктардың көптеген басқа штаммдары;
Streptococcus faecalis көптеген штаммдары (энтерококктар).
Грам-теріс микроорганизмдер:
Escherichia coli;
Klebsiella түрлері;
Enterobacter түрлері;
Citrobacter түрлері;
Haemophilus influenzae;
Proteus mirabilis;
Proteus vulgaris;
Morganella morganii (бұрынғы атауы Proteus morganii);
Providencia rettgeri (бұрынғы атауы Proteus rettgeri);
Providencia түрлері;
Serratia түрлері (S. marcescens қоса);
Salmonella және Shigella түрлері;
Pseudomonas aeruginosa және кейбір басқа Pseudomonas түрлері;
Acinetobacter calcoaceticus;
Neisseria gonorrhoeae;
Neisseria meningitidis;
Bordetella pertussis;
Yersinia enterocolitica.
Анаэробты микроорганизмдер:
Грам-теріс бациллалар (Bacteroides fragilis қоса, басқа Bacteroides түрлері, Fusobacterium түрлері);
Грам-оң және грам-теріс кокктар (Peptococcus, Peptostreptococcus және Veillonella түрлерін қоса);
Грам-оң бациллалар (Clostridium, Eubacterium және Lactobacillus түрлерін қоса).
Сульбактам/цефоперазон үшін төменде берілген микроорганизмдерге сезімталдық шекаралары анықталған:
Ең төмен бәсеңдету концентрациясы (ЕБК) (мкг/мл – цефоперазон концентрациялары түрінде берілген)
Сезімтал — ≤ 16
Орташа сезімтал — 17-63
Төзімді — ≥ 64
Диск айналасындағы сезімталдық аймағының диаметрі, (Кирби-Бауэр бойынша)
Сезімталдар — ≥ 21
Орташа сезімталдар — 16-21
Төзімділер — ≤ 15
ЕБК анықтау үшін сорпада немесе агарда өсірінді өсіру арқылы 1:1 арақатынасында сульбактам/цефоперазонның сериялық сұйылтылуын пайдалануға болады. Дискіде құрамында 30 мкг сульбактам мене 75 мкг цефоперазон бар сезімталдықты айқындауға арналған дискодиффузиялық тестіні пайдалану ұсынылады.
Зертханалық зерттеудің «сезімтал» нәтижесі инфекцияны қоздырғыш микроорганизмге сульбактам/цефоперазонмен емдеудің, ықтималды түрде, тиімді ықпал ететінін білдіреді, ал «төзімді» нәтижесі ондай тиімді әсер ету ықтималдығының аз екенін білдіреді. Зертханалық зерттеудің «орташа сезімтал» нәтижесі препарат әдеттегіден өте жоғары дозаларда немесе егер инфекция антибиотиктің жоғары концентрацияларға жетуі күтілетін организм тіндерінде немесе сұйықтықтарында дамыса, микроорганизмнің сульбактам/цефоперазонға сезімтал болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бактерияға қарсы сезімталдықты анықтау үшін дискілер сапасын бақылауға арналған мынадай бақылау штаммдарын пайдалану ұсынылады – 30 мкг/75 мкг сульбактам/цефоперазон:
Бақыланатын штамм — Аймақ диаметрі
Acinetobacter spp. ATCC 43498 — 26-32
Pseudomonas aeruginosa ATCC 27853 — 22-28
Escherichia coli ATCC 25922 — 27-33
Staphylococcus aureus ATCC 25923 — 23-30
Дозалау режимі
Ересектерге қолдану
Ересектердегі сульбактам/цефоперазон тәуліктік дозасы бойынша ұсынымдар мынадай:
Арақатынас — Сульбактам/цефоперазон (г) — Сульбактам дозасы (г) — Цефоперазон дозасы (г)
1:1 — 2,0-4,0 — 1,0-2,0 — 1,0-2,0
Тәуліктік дозаны тең бөлінген дозаларда әр 12 сағат сайын енгізу қажет.
Ауыр немесе емдеуге берілуі қиын инфекцияларда сульбактам/цефоперазонның тәуліктік дозасын 1:1 арақатынасынан 8 г дейін арттыруға болады (яғни, цефоперазон дозасы - 4 г). Препаратты 1:1 арақатынасында алатын пациенттерге бөлек енгізілетін цефоперазонның қосымша дозасы керек болуы мүмкін. Тәуліктік дозаны біркелкі бөлінген дозаларда әр 12 сағат сайын енгізу қажет. Сульбактамның ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы 4 г құрайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Цефоперазон өтпен қарқынды шығарылады. Бауыр аурулары және/немесе өт шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттерде қан сарысуынан цефоперазонның жартылай шығарылу кезеңі әдетте ұзарады, ал препараттың несеппен шығарылуы артады. Тіпті бауырдың ауыр дисфункциясында цефоперазон өттегі емдік концентрацияларына жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңінің 2-4 есе ұзаруы ғана байқалады.
Өт жолдарының ауыр обструкциясы, бауырдың ауыр аурулары, сондай-ақ аталған жай-күйлердің кез келгенімен біріккен бүйрек функциясының бұзылуы жағдайында дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін.
Бауыр функциясының бұзылуы және бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы бар науқастарда цефоперазонның сарысулық концентрациясын мониторингтеу және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету қажет. Егер осындай жағдайларда цефоперазонның сарысулық концентрациясын жүйелі мониторингтеу жүргізілмесе, оның тәуліктік дозасы 2 г мөлшерінен аспауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының елеулі бұзылуы бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) сульбактамның төмендеп кеткен клиренсін өтеу мақсатында дозалау режимін түзету керек. Креатинин клиренсі 15-30 мл/мин пациенттерге сульбактам ең жоғары 1 г дозасында тағайындалу керек (сульбактамның ең жоғары тәуліктік дозасы - 2 г), ал креатинин клиренсі < 15 мл/мин пациенттерге сульбактам әр 12 сағат сайын енгізілетін ең жоғары 500 мг дозада тағайындалады (сульбактамның ең жоғары тәуліктік дозасы - 1 г). Ауыр инфекцияларда цефоперазонды қосымша қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Сульбактамның фармакокинетикалық бейіні гемодиализ жүргізу кезінде едәуір өзгереді. Гемодиализ кезінде қан сарысуынан цефоперазонның жартылай шығарылу кезеңі біршама азаяды. Демек, дозалау режимін диализ кезеңіне сәйкес белгілеу қажет.
Балалар
Балаларда сульбактам/цефоперазон тәуліктік дозасы бойынша ұсынымдар мынадай:
Арақатынас — Сульбактам/цефоперазон (мг/кг/тәулік) — Сульбактам дозасы (мг/кг/тәулік) — Цефоперазон дозасы (мг/кг/тәулік)
1:1 — 40-80 — 20-40 — 20-40
Тәуліктік дозаны әр 6-12 сағат сайын біркелкі бөлінген дозаларда енгізу қажет.
Ауыр немесе емдеуге берілуі қиын инфекцияларда тәуліктік дозаны 1:1 арақатынасында 160 мг/кг/тәулікке дейін арттыруға болады (яғни, цефоперазон дозасы – 80 мг/кг/тәулік). Тәуліктік дозаны екі-төрт біркелкі бөлінген дозаларда енгізу қажет.
Жаңа туған нәрестелер
Жаңа туған нәрестелерге өмірінің бірінші аптасында препаратты әр 12 сағат сайын енгізу керек. Балаларда сульбактамның ең жоғары тәуліктік дозасы 80 мг/кг/тәуліктен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне және вена ішіне
Сульбактам/цефоперазон пенициллиндер, сульбактам, цефоперазон немесе цефалоспорин класындағы басқа антибиотикке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы анықталған пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Жалпы сульбактам/цефоперазон жағымдылығы жақсы. Препаратқа жағымсыз реакциялардың көпшілігі әлсіз білінеді немесе қарқындылығы бойынша орташа болып табылады, ал әдетте олар емдеу барысында уақытша болады.
Сульбактам/цефоперазонмен емделу кезінде келесі жағымсыз әсерлері мына шкалада байқалды және мәлімделді: өте жиі (≥ 1 / 10); жиі (≥1 / 100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1 / 1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1 / 10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес).
Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта тізбеленген барлық жағымсыз реакциялар MedDRA жіктеуіне сәйкес берілген.
Өте жиі:
- Нейтропения†
- Лейкопения†
- Тікелей Кумбс реакциясы оң †
- Гемоглобин төмендеуі†
- Гематокрит төмендеуі†
- Тромбоцитопения†
- Қандағы аланинаминотрансфераза†, аспартатаминотрансфераза†,
сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы†
Жиі:
- Коагулопатия*
- Эозинофилия†
- Диарея
- Жүрек айну
- Құсу
- Қанда билирубин концентрациясының жоғарылауы
Жиі емес:
- Бас ауыру
- Қышыну
- Есекжем
- Инфузия орнындағы флебит
- Инъекция орнындағы ауыру және ашыту
- Қызба
- Қалтырау
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
• Гипопротромбинемия
• Анафилаксиялық шок*§
• Анафилаксиялық реакция*§
• Анафилактоидты реакция§, шокты қоса*
• Аса жоғары сезімталдық*§
• Қан кету (өлімге ұшыратуын қоса)
• Васкулит*
• Артериялық гипотензия*
• Жалған жарғақшалы колит*
• Сарғаю*
• Уытты эпидермалық некролиз*§
• Стивена-Джонсон синдромы
• Эксфолиативті дерматит*§
• Макулопапулалық бөртпе
• Гематурия*
* Препаратты тіркеуден кейін қолдану барысында анықталған жағымсыз реакциялар
† Зертханалық талдаулар нәтижелерінің қалып шегінен ауытқулары түріндегі жағымсыз реакциялар жиіліктерін есептеу кезінде бастапқы деңгейдегі қалып шегінен ауытқулар байқалған пациенттердің деректерін қоса, талдаулар нәтижелерінің барлық қолда бар деректері ескерілген. Бастапқы деректер емдеу басталған соң туындаған зертханалық талдаулар нәтижелерінің ауытқулары бар пациенттер көпшілігінің бір бөлігін және емдеу басталған соң зертханалық талдаулар нәтижелерінің елеулі өзгерістері болмаған, бастапқы деңгейдегі талдаулар нәтижелерінің қалып шегінен ауытқулары болған пациенттер көпшілігінің бір бөлігін бөліп қарауға мүмкіндік бермегендіктен, осындай консервативтік тәсіл қолданылды.
Лейкоциттер, нейтрофилдер, тромбоциттер, гемоглобин және гематокрит санына қатысты, зерттеулер жөніндегі есептерде тек қалып шегінен ауытқулары мәлімделеді. Көрсеткіштер жоғарылауы немесе төмендеуінің болғаны көрсетілмейді.
§ Өліммен аяқталған жағдайлар жөнінде хабарламалар бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Натрий цефоперазоны мен натрий сульбактамын қолдану кезінде жедел уыттылық туралы ақпарат жеткіліксіз. Препараттың артық дозалануы реакциялар туғызуы мүмкін, ең алдымен, олар оның жағымсыз реакциялары айқындылығының күшеюі болып табылады. Бета-лактамды антибиотиктердің жоғары концентрациялары орталық жүйке жүйесінде неврологиялық реакцияларды, атап айтқанда, құрысуларды тудыруы мүмкін екенін қабылдау керек.
Емдеу
Цефоперазон мен сульбактам екеуі де гемодиализ жолымен қан ағымынан шығарылатындықтан, бұл емшара бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде артық дозалану жағдайында препараттың организмнен шығарылуын тездетуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық
Бета-лактамды антибиотиктермен немесе цефалоспориндермен, оның ішінде цефоперазон/сульбактаммен ем аясында аса жоғары сезімталдықтың, оның ішінде өліммен аяқталуға алып келген реакцияларының дамуы мәлімделді. Аса жоғары сезімталдықтың, оның ішінде өліммен аяқталуға алып келген реакцияларының қаупі анамнезінде көптеген аллергенге аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерде жоғары.
Сульбактам/цефоперазонмен емді бастар алдында пациентте бұрын цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциясының болғанын анықтау үшін мұқият тексеру жүргізген жөн. Антибиотиктер, әсіресе, дәрілік препараттарға аллергияның осы немесе өзге түрі көрініс берген кез келген пациентке сақтықпен тағайындалу керек.
Аллергиялық реакция туындағанда препарат қабылдауды тоқтату және тиісті емді тағайындау керек.
Күрделі анафилаксиялық реакцияларда шұғыл эпинефрин енгізу қажет. Көрсетілімдер бойынша оттегі тағайындалады, вена ішіне стероидтар енгізіледі және интубацияны қоса, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
Сульбактам/цефоперазонмен ем қабылдаған пациенттерде уытты эпидермалық некролиз (УЭН), Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және эксфолиативті дерматит сияқты ауыр, ал кейде өлімге ұшырататын тері реакциялары мәлімделді. Ауыр тері реакциясы туындағанда сульбактам/цефоперазон қабылдауды тоқтату және тиісті емді бастау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану
Цефоперазон өтпен қарқынды бөлінеді. Бауыр аурулары және/немесе өт шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттерде қан сарысуынан цефоперазонның жартылай шығарылу кезеңі әдетте ұзарады, ал препараттың несеппен шығарылуы артады. Тіпті бауырдың ауыр дисфункциясында цефоперазон өтте емдік концентрацияларына жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңінің 2-4 есе ұзаруы ғана байқалады.
Өт жолдарының ауыр обструкциясы, бауырдың ауыр аурулары, сондай-ақ аталған жай-күйлердің кез келгенімен біріккен бүйрек функциясының бұзылуы жағдайында дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін.
Бауыр функциясының бұзылуы және бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы бар науқастарда цефоперазонның сарысулық концентрациясын мониторингтеу және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету қажет. Егер цефоперазонның тәуліктік дозасы 2 г мөлшерінен аспаса, оның сарысулық концентрациясын бақылап отыру қажеттілігі жоқ.
Жалпы сақтану шаралары
Сульбактам/цефоперазонды қолдану кезінде кейде өліммен аяқталатын қан кету жағдайлары хабарланды. Сульбактам/цефоперазонмен емдеу кезінде, басқа да антибиотиктер сияқты, сирек жағдайларда К дәруменінің тапшылығы дамиды. Оның себебі, ықтималды түрде, осы дәрумен синтезделетін ішектің қалыпты микрофлорасының бәсеңдеуі болып табылады. Қауіп тобына мальабсорбциядан (мысалы, муковисцидоз) зардап шегетін, тамақтануы нашар және ұзақ уақыт венаішілік жасанды қоректенуде жүрген пациенттерді жатқызуға болады. Осындай жағдайларда, сондай-ақ антикоагулянттар алып жүрген науқастарда протромбин уақытын (немесе ХҚҚ) бақылап отыру (қан кету, тромбоцитопения және гипопротромбинемия белгілерінде) және көрсетілімдер болса, экзогенді К дәруменін тағайындау керек. Тұрақты қан кету жағдайында және баламалы түсіндірілуі болмаса, сульбактам/цефоперазон қабылдауды тоқтатыңыз.
Сульбактам/цефоперазон ұзақ уақыт қолдану кезінде, басқа да антибиотиктер сияқты, препаратқа сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюін байқауға болады. Емдеу кезінде пациенттерді емдеуші дәрігер тарапынан мұқият бақылау қажет. Сонымен қатар, ұзаққа сазылатын ем кезінде ағзалар жүйелері функцияларының, оның ішінде бүйрек, бауыр функциясының және қан түзу жүйесінің жағдайын мезгіл-мезгіл тексеруге кеңес беріледі. Әсіресе, препаратты жаңа туған нәрестелерде және бөбек жасындағы балаларда қолдану кезіндегі бақылау ерекше маңызды.
Натрий сульбактамы/натрий цефоперазонын қолдану кезінде антибиотик қолданумен астасқан ауырлық дәрежесі жеңіл диареядан өліммен аяқталатын колитке дейінгі Clostridium difficile (CDAD) туғызған диарея дамыды. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу C difficile көбеюінің артуына алып келіп, тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының өзгеруін туғызады.
C. difficile микроорганизмі C. Difficile-мен астасқан диареяның туындауына ықпал ететін A және B токсиндерін өндіреді. Токсинді аса жоғары өндіретін C. difficile штаммдары ауруға шалдығу мен өлімге ұшыраудың артуын туындатады, өйткені осы инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы мүмкін, әрі колэктомия керек болуы мүмкін. CDAD даму қаупін антибиотиктер қолданудан кейінгі диареясы бар пациенттердің бәрінде ескеру керек. CDAD жағдайы бактерияға қарсы препараттарды қолдану аяқталған соң екі ай ішінде тіркелгендіктен, анамнезді мұқият зерттеу қажет.
Балаларда қолдану
Сульбактам/цефоперазон сәбилерде сәтті қолданылды. Шала туған сәбилерде және жаңа туған нәрестелерде қолдану толық зерттелмеген. Сондықтан шала туған сәбилерге және жаңа туған нәрестелерге препаратты осы емнің ықтималды пайдасы мен болжамды қауіптерін емдеуші дәрігердің алдын ала бағалауынан кейін ғана тағайындау керек.
Керниктеруспен жаңа туған нәрестелерде цефоперазон қан плазмасының ақуыздармен байланысқан бөліктерден билирубинді ығыстырмайды.
Осы препарат құрамында натрий бар, сондықтан оны натрий тұтыну шектелген диета тағайындалған пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Адамға арналған дозадан 10 есе асатын дозаларда егеуқұйрықтарда жүргізілген препараттың тұқым өрбіту функциясына әсер ету зерттеуі тұқым өрбіту функциясының нашарлау немесе ұрыққа теріс әсер ету дәлелдерін көрсетпеді. Сульбактам мен цефоперазон плаценталық бөгет арқылы өтеді. Алайда, жүкті әйелдердің қатысуымен жан-жақты және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеді. Жануарлардың тұқым өрбіту функциясына препараттың әсерін зерттеуде адамға реакциясы үнемі қарастырыла бермейтіндіктен, осы медициналық препаратты жүктілік кезінде тек аса қажет болған жағдайда ғана қолдануға болады.
Бала емізу кезеңі
Ана сүтіне сульбактам мен цефоперазонның аз ғана мөлшері өтеді. Сульбактам мен цефоперазонның емшек сүтіне мардымсыз мөлшерде енетініне қарамастан, бала емізетін әйелдерге сульбактам/цефоперазон тағайындау кезінде сақтық таныту керек.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сульбактам мен цефоперазон, белгілі болғандай, көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Этил спирті (Алкоголь):
Цефоперазонмен емделу кезінде және емдеу аяқталған соң 5 күн ішінде алкоголь тұтынғанда беттің қызаруы, қатты терлеу, бас ауыру және тахикардия сияқты жағымсыз реакциялар туындауы хабарланды. Осыған ұқсас реакциялар басқа цефалоспориндерді қолдану кезінде де байқалды. Пациенттерге сульбактам/цефоперазонмен емдеуді қолдану кезінде алкоголь тұтынуға тыйым салу ескертілуі тиіс. Жасанды пероральді немесе парентеральді қоректендіру керек болатын пациенттерге құрамында этанол бар ерітінділерді пайдалануға болмайды.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері:
Бенедикт немесе Фелинг ерітіндісін қолдану кезінде несептегі глюкозаға жалған оң реакция туындауы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.