Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
50 мг
Саудалық атауы
Сумамигрен
Әсер етуші зат
Суматриптан
Мақсаты
Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу
Өндіруші
Фармацевтический завод Польфарма АО
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 70 мг және 140 мг суматриптан сукцинаты (50 мг және 100 мг суматриптанға баламалы)
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабық: гипромелоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтил цитраты, кошенилді қызыл бояғыш (Е124) (50 мг доза үшін).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
• Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жақ бетінде бөлу сызығы бар, ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг доза үшін).
• Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін).
Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу.
Сумамигренді бас сақинасы диагнозы күмән тудырмаған жағдайда ғана қолдану керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
Сумамигрен бас сақинасын мерзімді шұғыл емдеуге арналған. Оны профилактикалық мақсатта қолданбаған жөн. Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын арттыруға болмайды.
Сумамигрен препаратын бас сақинасы басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, бірақ ол аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді.
Сумамигрен препаратының пероральді қолдану үшін ұсынылатын дозасы - 50 мг-нан 1 таблетка. Кейбір пациенттерге 25 мг немесе 100 мг қажет болуы мүмкін.
Егер пациент бірінші дозаны қабылдағаннан кейін жақсарғанын сезінсе, бірақ содан кейін симптомдар қайта басталса, оның қабылдауының арасында кемінде 2 сағат өткен жағдайда екінші дозаны қабылдауына болады. 24 сағат ішінде 300 мг артық қабылдауға болмайды.
Егер Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын қабылдағаннан кейін жақсару байқалмаса, пациент осы ұстаманы тоқтату үшін екінші дозаны қабылдамауы тиіс. Мұндай жағдайларда ұстаманы тоқтату үшін парацетамол, ацетилсалицил қышқылы немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолдануға болады. Алайда, Сумамигренді кейінгі ұстамаларды тоқтату үшін қолдануға болады.
Сумамигрен бас сақинасының ұстамасын тоқтату үшін монотерапия ретінде ұсынылады, оны эрготаминмен немесе оның туындыларымен (метисергидті қоса) бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
10 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Осы жас тобында препаратты қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі осы жас тобындағы клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. Сондықтан препаратты 10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде Сумамигрен препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Осы жас тобындағы препараттың фармакокинетикасы жас адамдарда фармакокинетикадан айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ қосымша клиникалық деректер пайда болғанға дейін, 65 жастан асқан пациенттерге Сумамигрен препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай жұту керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Препараттың келесі дозасын өткізіп алған кезде оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдауға аз уақыт қалса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолданудан бұрын дәрігерге хабарласыңыз.
• суматриптанға немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
• жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, Принцметал стенокардиясы, инфаркттен кейінгі жағдай) және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары
• ми қан айналымының бұзылуы (ми инсульті, мидың өткінші ишемиясы)
• шеткері қан айналымының бұзылуы
• бақыланбайтын гипертензия, орташа және ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия
• моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді моноаминоксидаза тежегіштерімен емдеуден кейін 14 күн өткен соң қолдануға болады)
• құрамында эрготамин немесе оның туындылары, мысалы, дигидроэрготамин және метисергид бар дәрілік заттармен немесе 5-HT1 рецепторларының агонистері тобынан басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді құрамында эрготамин немесе оның туындылары бар препараттармен емдегеннен кейін 24 сағат өткен соң қолдануға болады)
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• эпилепсия
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• жүктілік және лактация кезеңі
• 65 жастан асқандар
Жиі
• бастың айналуы, ұйқышылдық, парестезия мен гипестезияны қоса сезімталдықтың бұзылуы
• препаратты қабылдағаннан кейін көп ұзамай артериялық қысымының өткінші жоғарылауы, «қан кернеулері»
• тұншығу сезімі
• жүрек айнуы, құсу (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған)
• кеудедегі, желкедегі, көмейдегі қысылу сезімі
• миалгия
• ауырсыну, ыстықты, салқынды сезіну, кернеу немесе қысылу сезімі
• әлсіздік, шаршау
Сирек
• сүт бездерінің ауыруы
Өте сирек
• бауырдың функционалдық көрсеткіштерінің шамалы өзгеруі байқалды
Жиілігі белгісіз
• тері реакцияларынан (есекжем) анафилаксиялық шоктың сирек жағдайларына дейін аса жоғары сезімталдық белгілері
• құрысу, тремор, дистония, нистагм, скотома
• тартылу, диплопия, көру өрісінің өзгеруі, көру жітілігінің төмендеуі, тұрақты ақаулар туралы хабарламаларды қоса көру қабілетінің жоғалуы
• брадикардия, тахикардия, жүрек соғуының күшеюі, аритмия, ишемиялық түрдегі ЭКГ өтпелі өзгерістері, коронарлық артерияның түйілуі, стенокардия, миокард инфарктісі
• гипотензия, Рейно синдромы
• ишемиялық колит, диарея, дисфагия
• желке бұлшықеттерінің сіресуі, артралгия
• қорқыныш
• гипергидроз
• жарақаттан туындаған ауырсыну, қабынудан туындаған ауырсыну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қос, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: Суматриптанның 100 мг-ге дейінгі бір реттік дозалары пероральді қабылдаған кезде жоғарыда айтылғандардан өзгеше жағымсыз реакциялармен байланысты емес.
Емі: Артық дозаланған жағдайда пациент кем дегенде он сағат бақылауда болуы керек және қажет болған жағдайда тиісті демеу терапиясы жүргізілуі керек. Қан плазмасындағы суматриптан концентрациясына гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің әсері белгісіз.
Сумамигренді гемиплегиялық, базиллярлы және офтальмоплегиялық бас сақинасы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Суматриптанмен емдеуді бастағанға дейін атипті белгілері бар пациенттерде және суматриптан тағайындауды талап ететін диагнозы бұрын анықталмаған пациенттерде басқа да ықтимал қауіпті неврологиялық жағдайларға жол бермеу қажет (мысалы, МҚЖБ, ӨИШ).
Суматриптанды қабылдау өтпелі симптомдарды тудыруы мүмкін, соның ішінде кеудедегі ауырсыну және қарқынды болуы және мойын аймағына таралуы мүмкін кеуде қуысының қысылуы мүмкін. Егер бұл симптомдар жүректің ишемиялық ауруының көрінісі деген күдік туындаса, суматриптанды тоқтатып, тиісті тексеру жүргізу керек.
Жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары пациенттерге, оған қоса темекіні көп шегушілерге немесе никотинді алмастыратын ем алатын пациенттерге суматриптанды жүрек-қантамыр жүйесін алдын ала тексерусіз тағайындауға болмайды. Етеккір үзілісінен кейінгі әйелдерге және осы қауіп факторлары бар 40 жастан асқан еркектерге ерекше назар аудару керек. Алайда, мұндай тексеру жүрек ауруларына шалдыққан барлық пациенттерді анықтамауы мүмкін, сондықтан өте сирек жағдайларда бұрын диагноз қойылмаған жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын пациенттерде ауыр жүрек жарақаттары дамыды.
Суматриптанды жеңіл бақыланатын артериялық гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, себебі пациенттердің аздаған бөлігінде ол артериялық қысымның өткінші жоғарылауын және шеткері тамырлардың кедергісін туындатады.
Пациенттерде серотонин синдромының (санаға қатысты бұзылыстарды, вегетативтік бұзылыстарды және жүйке-бұлшықет бұзылыстарын қоса) дамуы туралы серотонинді кері қармайтын селективті тежегішті (СКҚСТ) және суматриптанды бірге қабылдағаннан кейін тіркеуден кейінгі хабарламалар сирек түсті. Серотонин синдромы туралы триптандар мен серотонинді және норадреналинді кері қармайтын тежегіштерді (СНКҚТ) бір мезгілде қолданғаннан кейін хабарланды. Егер суматриптанды және СКҚСТ/СНКҚТ бір мезгілде тағайындау клиникалық тұрғыдан қажет болса, пациенттің жағдайын тиісті түрде бақылау ұсынылады.
Суматриптанды дәрілік заттардың абсорбциясына, метаболизміне немесе экскрециясына елеулі әсер етуі мүмкін аурулары бар пациенттерге, мысалы, бауыр функциясы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша A немесе B класы) немесе бүйрек функциясы бұзылған кезде сақтықпен тағайындау керек.
Эпилепсиясы бар пациенттерде анамнезінде немесе құрысу шегін төмендететін басқа қауіп факторлары болған кезде суматриптанды сақтықпен пайдалану керек, себебі оны қабылдаған кезде құрысу ұстамаларының дамуы туралы хабарламалар болған.
Анамнезінде сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде суматриптанды қабылдағаннан кейін аллергиялық реакцияның дамуы мүмкін. Реакциялар терінің жоғары сезімталдығынан анафилаксияға дейін өзгеруі мүмкін. Айқаспалы сезімталдық туралы ғылыми деректер шектеулі, алайда осы пациенттерге суматриптанды тағайындағанда сақтық таныту керек.
Триптандар мен құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттарын бірге қолданған кезде жағымсыз әсерлердің ықтималдығы артады.
Бас ауыруы кезінде кез-келген анальгетикті ұзақ уақыт қолдану оларды айқынырақ етеді. Мұндай жағдайда немесе оған күдік пайда болса, медициналық көмекке жүгініп, емдеуді тоқтату керек. Ұстаманы тоқтатуға арналған дәрілерді шамадан тыс қолданумен байланысты бас ауыруы (абузусты бас ауыруы) осы дәрілік заттарды тұрақты пайдалануға қарамастан немесе соның салдарынан туындайтын жиі немесе күнделікті бас ауыруларымен ауыратын пациенттерде бақылау керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
50 мг және 100 мг таблеткалар құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп типті лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттер Сумамигренді қолданбауы тиіс.
50 мг таблеткалардың құрамында кошенилді қызыл лак бар, ол аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Суматриптан жүктілік кезінде қарсы көрсетілген.
Суматриптан емшек сүтіне бөлінеді. Балаға тигізетін әсерін төмендету үшін препаратты қабылдағаннан кейін 12 сағат бойы баланы емізбеу керек; осы уақыт ішінде бөлінген емшек сүтін төгіп тастау керек. Бала емізетіндерде суматриптанды қолданғаннан кейін сүт бездерінің ауыруы және/немесе емшек ұшының ауыруы туралы хабарланды. Әдетте ауырсыну өтпелі сипатта болды және 3-12 сағат ішінде басылды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сумамигрен препаратымен емдеу кезінде ұйқышылдық дамуы мүмкін, сондықтан пациентті көлік құралдарын басқаруға және механизмдерге қызмет көрсетуге байланысты қауіптілік туралы ескерту қажет.
Дәрілік затты мыналармен қабылдауға болмайды:
• құрамында эрготамин және оның туындылары бар препараттар (мысалы, дигидроэрготамин немесе метисергид)
• моноаминоксидаза тежегіштерімен, олар суматриптан клиренсін төмендетеді («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз)
• серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен, мысалы: флуоксетинмен, флувоксаминмен, пароксетинмен, сертралинмен (әлсіздік, жоғары қозғыштық, қимыл үйлесімінің болмауы байқалуы мүмкін)
• шайқурай шөбімен - серотонинергиялық әсерлердің күшеюі мүмкін.
Егер осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, пациент дәрігердің бақылауында қалуы тиіс.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.