Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Сунитинибті қабылдауға байланысты кейбірі өліммен аяқталатын ең ауыр жағымсыз реакцияларға бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, асқазан-ішек жолдарының тесілуі мен қан кету (мысалы, тыныс алу жолындағы, асқазан-ішек жолындағы, ісіктегі, несеп шығару жолындағы және миға қан құйылулар) жатады. Кез келген дәрежедегі ең көп таралған жағымсыз реакцияларға (МБЖКC, ГИСІ және ҰБНІ тіркеу зерттеулерінде сынақтан өткен пациенттер) тәбеттің төмендеуі, дәм сезу қабілетінің бұзылуы, гипертония, қажу, асқазан-ішек жолының бұзылыстары (мысалы, диарея, жүрек айну, стоматит, диспепсия және құсу), тері жабыны түсінің өзгеруі және алақан-табан эритродизестезиясы синдромы жатады. Емдеу жалғасқан сайын бұл симптомдар азаюы мүмкін. Емдеу кезінде гипотиреоз дамуы мүмкін. Гематологиялық бұзылыстар (мысалы, нейтропения, тромбоцитопения және анемия) жиі кездесетін жағымсыз реакциялардың бірі болып табылады.
Сунитинибке байланысты болуы мүмкін деп есептелген өліммен аяқталатын құбылыстарға мыналар жатады: көп ағзалық жеткіліксіздік, диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы, перитонеальді қан кету, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, пневмоторакс, шок және кенеттен болатын өлім.
1 кестеде ГИСІ, МБЖК және ҰБНІ бар пациенттерде дамуы туралы хабарланған жағымсыз реакциялардың тізімі берілген. Бұл жағымсыз реакциялар туралы ақпарат 7115 пациенттің біріктірілген деректерінен алынды. Жағымсыз реакциялар ағза жүйелерінің кластары, жиілігі және ауырлық дәрежесі бойынша ұсынылған (NCI-CTCAE критерийлеріне сәйкес). Тізімге тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық зерттеулер аясында байқалған жағымсыз реакциялар да кіреді. Әр жиілік тобында жағымсыз реакциялар көріністердің азаю ретімен келтірілген. Жиілік өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар ақпаратқа сәйкес орнату мүмкін емес) болып анықталған.
1 кестеде Клиникалық зерттеулер барысында тіркелген жағымсыз реакциялар.
Ағзалар жүйесінің класы/Ұсынылатын терминдер — Өте жиі — Жиі — Жиі емес — Сирек — Белгісіз
Инфекциялар мен инвазиялар — Вирустық инфекциялар, респираторлық инфекциялық ауруларb*, абсцесс с*, зең инфекцияларыd, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тері инфекциялары, сепсис f*.* — Некроздық фасциит*, бактериялық инфекцияларg.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения — Лимфопения — Панцитопения — Тромбоздық микроангиопатия һ*
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Аса жоғары сезімталдық — Ангеоневроздық ісіну
Эндокриндік жүйе тарапынан — Гипотиреоз — Гипертиреоз — Тиреоидит
Метаболизм және ас қорыту тарапынан — Тәбеттің төмендеуіі — Дегидратация, гипогликемия — Ісіктің лизис синдромы*
Психика тарапынан — Ұйқысыздық — Депрессия
Жүйке жүйесі тарапынан — Бас айналу, бас ауыруы, дәм сезудің бұзылуыj. — Шеткері нейропатия, парестезия, гипестезия, гиперестезия — Бас сүйек ішіне қан құйылу*, инсульт*, транзиторлық ишемиялық шабуыл. — Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы*
Көру мүшесі тарапынан — Периорбитальді ісіну, қабақтың ісінуі, көз жасының көп ағуы.
Жүрек тарапынан — Миокард ишемиясы k*, лықсу фракциясының төмендеуіl. — Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісіm*, жүрек жеткіліксіздігіm*, кардиомиопатия*, перикардиальді жалқық, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы. — Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі*, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия
Тамыр жүйесі тарапынан — Гипертензия — Терең вена тромбозы, қан кернеулері, гиперемия — Ісіктен қан кету* — Аневризмалар және артериялардың қатпарланулары*.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан — Ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел — Өкпе артериясының эмболиясы*, плевралық жалқық*, гемоптизис, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, орофаренгиальды ауыруы n мұрынның бітелуі, мұрын шырышты қабығының құрғауы. — Өкпеден қан кету*, тыныс алу жеткіліксіздігі*.
Асқазан-ішек жолы тарапынан — Стоматит о, іштің ауыруы p, құсу, диарея, диспепсия, жүрек айну, іш қату. — Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, дисфагия, асқазан-ішектен қан кету*, эзофагит*, іштің кебуі, іштегі жайсыздық, ректальді геморрагия, қызыл иектен қан кету, ауыз қуысының ойық жарасы, прокталгия, хейлит, геморрой, глоссодиния, ауыздың ауыруы, ауыздың құрғауы, метеоризм, ауыздағы жайсыздық, кекіру. — Асқазан-ішек жолының тесілуі q*, панкреатит, анустық жыланкөз, колит r
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан — Бауыр жеткіліксіздігі*, холецистит*, бауыр функциясының бұзылуы. — Гепатит
Тері және теріасты тіндері тарапынан — Тері түсінің өзгеруі t, алақан-табан эритродизестезия синдромы, бөртпе u,, шаш түсінің өзгеруі, терінің құрғауы — Терінің қабыршақтануы, тері реакцияларыv, экзема, күлдіреуіктер, эритема, алопеция, акне, қышу, терінің гиперпигментациясы, терінің зақымдануы, гиперкератоз, дерматит, тырнақтың зақымдануы w — Мультиформалы эритема*, Стивенс-Джонсон синдромы*, гангренозды пиодерма, уытты эпидермалық некролиз*
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан — Аяқ-қолдың ауыруы, артралгия, арқаның ауыруы — Сүйек-бұлшықет ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, миалгия, бұлшықет әлсіздігі — Жақсүйек остеонекрозы, жыланкөз* — Рабдомиолиз*миопатия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан — Бүйрек жеткіліксіздігі*, бүйректің жедел жеткіліксіздігі*, хроматурия, протеинурия — Несеп шығару жолынан қан кету — Нефроздық синдром
Жалпы бұзылыстар және дәрілік затты енгізген жердегі бұзылулар — Шырышты қабықтың қабынуы, қатты қажу x, ісіну у, қызба. — Кеуде қуысының ауыруы, ауырсыну, тұмауға ұқсас ауру, қалтырау. — Жазылудың бұзылуы.
Зертханалық құралдық деректер. — Дене салмағының төмендеуі, лейкоциттер санының төмендеуі, липаза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының төмендеуі, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, амилаза деңгейінің жоғарылауыz, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, артериялық қысымның жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы. — Қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы тиреотропты гормон деңгейінің жоғарылауы.
* Өліммен аяқталатындарды қоса.
Келесі терминдер біріктірілген:
A Назофарингит және ауыз қуысының герпесі.
b Бронхит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, пневмония және тыныс жолдарының инфекциясы.
сАбсесс, аяқ-қол абсцессі, анустық абсцесс, қызыл иек абсцессі, бауыр абсцессі, ұйқы безінің абсцессі, шат абсцессі, периректальді абсцесс, ректальді абсцесс, тері астындағы абсцесс және тіс абсцессі.
d Өңеш кандидозы және ауыз қуысының кандидозы.
е Целлюлит және тері инфекциясы.
f Сепсис және сепсистік шок.
g Құрсақ қуысының абсцессі, абдоминальді сепсис, дивертикулит және остеомиелит.
h Тромбоздық микроангиопатия, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура және гемолиздік-уремиялық синдром.
i Тәбеттің төмендеуі және анорексия.
j Дәм сезу қабілетінің өзгеруі, дәм сезу қабілетінің жойылуы және дәм сезу қабілетінің бұзылуы.
k Жедел коронарлық синдром, стенокардия, тұрақсыз стенокардия, коронарлық артерия окклюзиясы және миокард ишемиясы.
l Лықсу фракциясының қалыптан төмендеуі / ауытқуы.
m Жедел миокард инфарктісі, миокард инфарктісі және симптомсыз миокард инфарктісі.
n Ауыз және тамақ ауыруы, тамақ және көмейдің ауыруы.
o Стоматит және афтозды стоматит.
p Іштің ауыруы, іштің төменгі және жоғарғы бөлігінің ауыруы.
q Асқазан-ішек тесілуі және ішек тесілуі.
r Колит және ишемиялық колит.
s Холецистит және акалькулозды холецистит.
t Терінің сарғыштығы, тері түсінің өзгеруі және пигментацияның бұзылуы.
u Псориаз тәрізді дерматит, эксфолиативті бөртпе, бөртпе, эритематозды бөртпе, фолликулярлық бөртпе, жайылған бөртпе, макулярлық бөртпе, макулопапулезді бөртпе, папулезді бөртпе және қышытатын бөртулер.
v Тері реакциялары және тері аурулары.
w Тырнақтың зақымдануы және тырнақ түсінің өзгеруі.
x Шаршау және астения.
y Бет ісінуі, ісіну және шеткері ісіну.
z Амилаза деңгейінің жоғарылауы.
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.
Инфекциялар мен инвазиялар.
Өліммен аяқталатындарды қоса, ауыр инфекциялар (нейтропения аясында және онсыз) жағдайлары туралы хабарламалар алынды. Некроздық фасциит, оның ішінде кейбір жағдайларда өлімге әкелген ішперденің некроздық фасцииті жағдайлары туралы хабарланды.
Қан жүйесі мен лимфа жүйесі тарапынан.
III және IV ауырлық дәрежесіндегі нейтрофилдердің абсолютті санының төмендеуі туралы ГИСІ 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің тиісінше 10% және 1,7% - да, 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің 16% және 1,6% - да және 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің 13% және 2,4% - да хабарланды. ІІІ және ІV ауырлық дәрежесіндегі тромбоциттер санының төмендеуі ГИСІ 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің тиісінше 3,7% және 0,4% - да, МБЖК 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің 8,2% - да және 1,1% - да және 3 фаза зерттеуіндегі пациенттердің 3,7% - да және 1,2% -да байқалды.
ГИСІ 3 фаза зерттеуінде плацебо қабылдаған пациенттердің 17% - мен салыстырғанда сунитиниб қабылдаған пациенттердің 18% - да қан кету туралы хабарланды. Интерферон-α (ИФН-α) қабылдаған пациенттердің 11% - мен салыстырғанда бұрын емделмеген МБЖК емдеу үшін сунитиниб қабылдаған пациенттердің 39%-да қан кету байқалды. ИФН-α қабылдаған 5 (1,7%) пациенттерді сунитиниб қабылдаған 17 (4,5%) пациенттермен салыстырғанда III дәрежелі немесе одан жоғары қан кету байқалды. Цитокинге рефрактерлі МБЖК емдеу үшін сунитиниб қабылдаған пациенттердің 26% -да қан кету байқалды. ҰБНІ 3 фаза зерттеуінде эпистаксисті қоспағанда, қан кетулер туралы плацебо қабылдаған пациенттердің 9,85% - мен салыстырғанда сунитиниб қабылдаған пациенттердің 21,7% - да хабарланды.
Клиникалық зерттеулерде ГИСІ бар пациенттердің шамамен 2% -да ісіктен қан кету байқалды.
Иммундық жүйе тарапынан.
Аса жоғары сезімталдық реакциясы, соның ішінде ангионевроздық ісіну туралы хабарланды.
Эндокриндік жүйе тарапынан.
Гипотиреоз түріндегі жағымсыз реакция туралы цитокинге рефрактерлі МБЖК екі зерттеуінде сунитиниб қабылдаған 7 пациентте (4%); сунитиниб қабылдаған 61 пациентте (16%) және бұрын емделмеген МБЖК зерттеуінде ИФН-α тобындағы 3 пациентте (<1%) хабарланды.
Сонымен қатар, тиреотропты гормон (ТТГ) көрсеткіштерінің жоғарылауы цитокинге рефрактерлі МБЖК бар 4 пациентте тіркелді (2 %). Жалпы алғанда, МБЖК бар пациенттердің 7 % -да емдеу кезінде дамыған гипотиреоз туралы клиникалық немесе зертханалық деректер болды. Жүре пайда болған гипотиреоз плацебо тобындағы 1% - бен салыстырғанда сунитиниб қабылдаған ГИСІ бар пациенттердің 6,2%-да байқалды. ҰБНІ 3 фаза зерттеуінде гипотиреоз сунитиниб қабылдаған 6 пациентте (7,2%) және плацебо қабылдаған 1 пациентте (1,2%) тіркелді.
Екі зерттеуде сүт безі обыры бар пациенттер арасында қалқанша безінің функциясына проспективті мониторинг жүргізілді; сунитиниб сүт безі обырын емдеу үшін мақұлданбады.
Бір зерттеуде гипотиреоз сунитиниб қабылдаған 15 пациентте (13,6%) және стандартты ем қабылдаған 3 пациентте (2,9 %) тіркелді. Қандағы ТТГ деңгейінің жоғарылауы сунитиниб қабылдаған пациенттің 1-де (0,9 %) тіркелді және стандартты ем қабылдаған пациенттерде байқалмады. Сунитиниб алған пациенттерде және стандартты ем қабылдаған пациенттің 1 (1%) – де гипертиреоз туралы хабарланған жоқ. Басқа зерттеуде гипотиреоз сунитинибпен емделген 31 (13 %) пациентте және капецитабинмен емделген 2 (0,8 %) пациентте байқалды. Қандағы ТТГ жоғарылауы сунитиниб алған пациенттердің 12 (5%) – де тіркелді және капецитабинмен емделген пациенттерде байқалмады. Гипертиреоз сунитиниб алған пациенттердің 4-де (1,7%) байқалды және капецитабинмен емделген пациенттерде байқалмады. Сунитиниб қабылдаған 3 (1,3 %) пациентте қандағы ТТГ деңгейінің төмендеуі байқалды және капецитабин тобындағы пациенттерде байқалмады. Т4 деңгейінің жоғарылауы сунитиниб алған 2 (0,8 %) пациентте және капецитабин тобындағы 1 (0,4%) пациентте байқалды. Т3 деңгейінің жоғарылауы сунитиниб қабылдаған пациенттің 1-де (0,8%) байқалды және капецитабин тобындағы пациенттерде байқалмады. Қалқанша безінің барлық реакциялары I–II дәрежелі болды.
Метаболизм және ас қорыту бұзылыстары.
Ұйқы безінің нейроэндокриндік ісіктері бар пациенттерде метастаздық бүйрек жасушалы карциномасымен және асқазан-ішек жолдарының стромалық ісігімен салыстырғанда гипогликемия жиілігі жоғары болды. Алайда, клиникалық зерттеулер кезінде байқалған осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі зерттелетін еммен байланысты емес деп саналды.
Жүйке жүйесінің бұзылуы.
Сунитинибтің клиникалық зерттеулерінде және тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде, кейбірі өліммен аяқталатын, құрысулар ұстамалары бар және артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы туралы радиологиялық деректер бар пациенттер туралы аздаған хабарламалар (<1%) алынды. Пациенттерде құрысу ұстамалары мидың метастаздары туралы радиологиялық деректер болғанда немесе болмаған кезде байқалды.
Жүрек функциясының бұзылуы.
Клиникалық зерттеулерде сунитиниб қабылдаған ГИСІ бар пациенттердің шамамен 2% - да сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының ≥20% - ға және қалыптың төменгі шегінен төмендеуі, цитокинге рефрактерлі МБЖК бар пациенттердің 4% - да және плацебо қабылдаған ГИСІ бар пациенттердің 2% - да байқалды. Бұл СҚЛФ-ның ауытқулары үдемелі емес және емдеуді жалғастыру кезінде жиі жақсарады. Сунитиниб қабылдаған пациенттердің 27% -да және ИФН-α-мен емделген пациенттердің 15% -да бұрын емделмеген МБЖК зерттеуде СҚЛФ деңгейінің қалыптың төменгі шегінен төмендеуі байқалды. Сунитиниб қабылдаған екі пациентке (<1%) ІЖЖ диагнозы қойылды.
ГИСІ бар пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі туралы хабарланды: 1,2 % – да сунитинибті қолдану тобынан, 1 % –да плацебо тобынан. ГИСІ 3 фазасының негізгі зерттеуінде (N=312) дәрілік затқа байланысты өлімге әкелетін жүрек функциясының бұзылуы әрбір зерттеу тобындағы пациенттердің 1% –да байқалды (атап айтқанда, сунитиниб және плацебо топтарында). 2 фаза зерттеуінде цитокинге рефрактерлі МБЖК бар пациенттер арасында науқастардың 0,9 % -да дәрілік затпен байланысты өлімге әкелетін миокард инфарктісі байқалды, ал 3 фаза зерттеуінде бұрын емделмеген МБЖК бар пациенттерде ИФН-α тобының 0,6% мен сунитиниб тобының 0% -да өлімге әкелетін жүрек функциясының бұзылуы болды. ҰБНІ 3 фаза зерттеуінде (1 %) сунитиниб қабылдаған 1 пациентте дәрілік затқа байланысты өлімге әкелетін жүрек жеткіліксіздігі болды.
Қантамырлық бұзылулар.
Гипертензия.
Клиникалық зерттеулерде гипертензия туралы жиі хабарланған. Гипертония байқалған пациенттердің шамамен 2,7% -да сунитиниб дозасы төмендетілді немесе оны қолдану уақытша тоқтатылды. Осы пациенттердің ешқайсысында сунитинибті қолдану біржола тоқтатылған жоқ. Ауыр гипертензия (>200 мм сын.бағ. систолалық немесе 110 мм сын. бағ. диастолалық қысым) тығыз ісіктері бар пациенттердің 4,7 % - да байқалды. Гипертензия ИФН-α-мен емделген пациенттердің 3,6% -да, сунитиниб қабылдаған бұрын емделмеген МБЖК бар пациенттердің шамамен 33,9% -да байқалды. Ауыр гипертензия бұрын емделмеген пациенттердің 12% -да және ИФН-α қабылдаған пациенттердің <1%-да байқалды. Гипертензия ҰБНІ 3 фаза зерттеуінде плацебо қабылдаған пациенттердің 4,9% -бен салыстырғанда сунитиниб қабылдаған пациенттердің 26,5% -да тіркелді. Ауыр гипертензия туралы сунитиниб қабылдаған ҰБНІ бар пациенттердің 10% - да және плацебо тобындағы пациенттердің 3% - да хабарланды.
Веноздық тромбоэмболия.
ГИСІ және МБЖК клиникалық зерттеулерінде сунитиниб қабылдаған тығыз ісіктері бар пациенттердің шамамен 1,0% - да емдеумен байланысты веноздық тромбоэмболиялық құбылыстар тіркелген.
ГИСІ 3 фаза зерттеуінде сунитиниб қабылдаған 7 пациентте (3%) және плацебо тобындағы бір пациентте веноздық тромбоэмболия жағдайлары байқалды; 7 пациенттің 5-де III дәрежелі және екеуінде І немесе II дәрежелі терең вена тромбозы (ТВТ) болды. Осы ГИСІ бар 7 пациенттердің төртеуі ТВТ бірінші жағдайынан кейін емді тоқтатты.
Бұрын емделмеген МБЖК 3 фаза зерттеуінде сунитиниб қабылдаған он үш пациент (3%) және цитокинге рефрактерлі МБЖК 2 зерттеуінің 4 пациенті (2 %) веноздық тромбоэмболия туралы хабарлады. Осы пациенттердің тоғызында өкпе артериясының эмболиясы болған; бірінде – II дәрежелі және 8 – IV дәрежелі. Осы пациенттердің сегізінде ТВТ болды; бірінде I дәрежелі, екеуінде - II дәрежелі болса, төртеуінде - III дәрежелі және біреуінде - IV дәрежелі. Өкпе артериясының эмболиясы бар бір пациент цитокинге рефрактерлі МБЖК зерттеуінде емдеуді тоқтатты.
ИФН-α-мен емделген бұрын емделмеген МБЖК бар пациенттерде веноздық тромбоэмболияның 6 (2 %) жағдайы тіркелді; 1 пациентте (<1 %) III дәрежелі ТВТ, ал 5 пациентте (1%) IV дәрежелі өкпе артериясының эмболиясы байқалды.
Сунитиниб тобының бір (1,2 %) пациентінде және ҰБНІ 3 фаза зерттеуінде плацебо тобының 5 (6,1 %) пациенттерінде веноздық тромбоэмболия туралы хабарланды. Плацебо тобындағы үш пациенттің екеуінде ТВТ болды: бірінде II дәрежелі, тағы бірінде - III дәрежелі болды.
ГИСІ, МБЖК, ҰБНІ тіркеу зерттеулерінде өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланған жоқ. Тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде өліммен аяқталған жағдайлар байқалды.
Өкпе артериясының эмболиясының жағдайлары ГИСІ бар пациенттердің шамамен 3,1% -да және 3 фаза зерттеулерінде сунитиниб алған МБЖК бар пациенттердің шамамен 1,2% - да байқалды. 3 фаза зерттеулерінде сунитиниб қабылдаған ҰБНІ бар пациенттерде өкпе артериясының эмболиясы туралы хабарланған жоқ. Тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде өліммен аяқталатын сирек жағдайлар байқалды.
Алдыңғы 12 ай ішінде өкпе артериясының эмболиясы бар пациенттер сунитинибтің клиникалық зерттеулерінен шығарылды.
3 фаза тіркеу зертттеулерінде сунитиниб алған пациенттерде өкпе тарапынан бұзылулар (атап айтқанда: ентігу, плевралық жалқық, өкпе артериясының эмболиясы немесе өкпе ісінуі) ГИСІ бар пациенттердің шамамен 17,8% -да, МБЖК бар пациенттердің шамамен 26,7% -да және ҰБНІ бар пациенттердің 12% - да тіркелген.
Клиникалық зерттеулерде сунитиниб қабылдаған ГИСІ мен ҰБНІ бар пациенттерді қоса алғанда, тығыз ісіктері бар пациенттердің шамамен 22,2% -да өкпе тарапынан бұзылулар байқалды.
Асқазан-ішек жолы тарапынан.
Панкреатит ГИСІ немесе МБЖК емдеу үшін сунитиниб қабылдаған пациенттерде сирек (<1%) байқалды. ҰБНІ 3 фаза зерттеулерінде дәрілік затқа байланысты панкреатит туралы хабарланбаған.
ГИСІ 3 фаза зерттеулерінде плацебо қабылдаған пациенттердің 0,98% - да өлімге әкелетін асқазан-ішектен қан кету туралы хабарланды.
Бауыр мен өт шығару жолы тарапынан.
Бауырлық сынамада функционалдық көрсеткіштерінің ауытқулары, гепатитті немесе бауыр жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін бауыр функциясының бұзылуы жағдайлары туралы хабарланды.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан
Сунитинибпен емдеуді тоқтатқаннан кейін әдетте қайтымды болатын гангренозды пиодерма жағдайлары туралы хабарланды.
Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндер тарапынан.
Миопатия және/немесе кейбірі бүйректің жедел жеткіліксіздігімен бірге жүретін рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарланды. Бұлшықет уыттылығы симптомдары бар пациенттерге көмекті медициналық тәжірибеде қолданыстағы стандарттарына сәйкес көрсету керек.
Кейде некрозға және ісік регрессиясына байланысты кейбір жағдайларда өлімге әкелетін жыланкөздердің (фистулалардың) пайда болу жағдайлары туралы хабарланды.
Сунитинибпен емделген пациенттерде көбінесе жақсүйек остеонекрозының даму қаупі факторлары (атап айтқанда, венаішілік бисфосфонаттардың әсері және/немесе анемнезінде инвазивті стоматологиялық араласуды қажет ететін тіс ауруларының болуы) болған жағдайда жақсүйек остеонекрозының туындау жағдайлары сипатталды.
Зертханалық зерттеулер. Адам үшін ұсынылған дозадан жоғары дозаларда жүргізілген сунитинибтің клиникаға дейінгі зерттеулерінен (in vitro және in vivo) алынған деректер сунитинибтің жүрек қызметі потенциалының реполяризация процесін (мысалы, QT аралығының ұзаруын) тежеуі мүмкін екенін көрсетті. QTc аралығының 500 мсек-тен астам ұлғаюы 0,5% -да байқалды және тығыз ісіктері бар 450 пациенттің 1,1% - да 60 мсек-тен астам бастапқы мәндерге қатысты өзгерістер байқалды; бұл екі параметр де ықтимал маңызды өзгерістер ретінде танылды. Сунитиниб терапиялық концентрациядан шамамен екі есе жоғары концентрацияда QTcF аралығын (Фредерик формуласымен түзетілген QT аралығын) ұзартты.
QTc аралығының ұзаруы кеш сатыдағы қатерлі жаңа түзілімдері бар 20 жастан 87 жасқа дейінгі 24 пациенттің қатысуымен жүргізілген зерттеуде зерттелді. Осы зерттеудің нәтижелері Сунитинибтің (плацебомен түзетілген орташа өзгеріс ретінде анықталатын, 90% сенімділік аралығынан [СА] >10 мсек жоғарғы шегі >15 мсек) тәулік бойы нөлдік деңгейде түзету әдісін қолдана отырып терапиялық концентрация кезінде (3-күн) және нөлдік деңгейге түзетудің екі әдісін де қолдана отырып, терапиялық концентрациядан(9күн) асатын кезінде QTc аралығына әсер еткенін көрсетті. Бірде-бір пациентте QTc> 500 мсек аралығы болған жоқ. QTcF аралығына әсер тәулік бойы нөлдік деңгейге түзету әдісін қолдана отырып, дозаны алғаннан кейін 24 сағаттан кейін 3-ші күні байқалғанымен (яғни, ұсынылған 50 мг бастапқы дозадан кейін күтілетін қан плазмасындағы терапиялық концентрация кезінде), тұжырымның клиникалық мәні түсініксіз.
Дәрілік заттың терапиялық немесе терапиялық концентрациядан жоғарыға сәйкес келетін сериялық ЭКГ-ны кешенді бағалау нәтижелері бойынша бағалауға жататын популяциядағы пациенттердің бірінде немесе рандомизацияланған пациенттерде (ITT) «ауыр» деп есептелетін QTc аралығының ұзаруы байқалмады (яғни, жағымсыз құбылыстар үшін жалпы терминологиялық критерийлер бойынша ≥III дәрежелі [CTCAE], 3.0 нұсқасы).
Қан плазмасындағы терапиялық концентрацияларда QTcF аралығының бастапқы мәніне қатысты ең жоғары орташа айырмашылық (Фредерик формуласымен түзетілген) 9 мсек (90% СА: 15,1 мсек) болды. Терапиялық концентрациядан шамамен екі есе жоғары концентрацияда QTcF аралығының бастапқы мәніне қатысты ең жоғары орташа айырмашылық 15,4 мсек (90% СА: 22,4 мсек) болды. Оң бақылау ретінде пайдаланылған Моксифлоксацин (400 мг) QTcF аралығының 5,6 мсек бастапқы мәніне қатысты ең жоғары орташа айырмашылықты көрсетті. Бірде-бір пациент QTc аралығына II дәрежеден артық әсер еткен жоқ (СТСАЕ, 3.0 нұсқасы).
МБЖК емдеу кезіндегі ұзақ мерзімді қауіпсіздік.
МБЖК бар пациенттерде сунитинибтің ұзақ мерзімді қауіпсіздігі бірінші желідегі терапия режимдерінде жүргізілген 9 аяқталған клиникалық зерттеулерде талданды. Бевацизумабқа рефрактерлі және цитокинге рефрактерлі 5739 пациенттің 807 (14 %) 2 жылдан 6 жылға дейін емделді. Сунитинибпен ұзақ ем алған 807 пациентте сунитинибке байланысты жағымсыз құбылыстардың (СБЖҚ) көпшілігі алдымен алғашқы 6 ай-1 жылда туындады, содан кейін тұрақты болды немесе олардың жиілігі уақыт өте біртіндеп үдеген гипотиреозды қоспағанда, уақыт өте келе төмендеді, ал жаңа жағдайлар 6 жылдық кезеңнің ішінде пайда болды. Сунитинибпен ұзақ мерзімді емдеу СБЖҚ жаңа түрлерімен байланысты емес.
Балалар.
Сунитинибтің қауіпсіздік бейіні дозаны жоғарылататын 1 фаза зерттеуінен , 2 фаза ашық зерттеуінен, 1/2 фаза бір топтық зерттеуден және төменде сипатталғандай басылымдардан алынды.
Сунитинибті пероральді қолдануға қатысты 35 пациенттің, оның ішінде 30 баланың (3 жастан 17 жасқа дейін) және 10 жастан 21 жасқа дейінгі 5 пациенттің қатысуымен дозаны жоғарылатумен зерттеудің I фазасы жүргізілді. Көпшілігінде ми ісігінің бастапқы диагнозы болған барлық пациенттерде рефрактерлі тығыз ісіктер болды.
Зерттеуге қатысушылардың барлығында жағымсыз реакциялар байқалды, көпшілігі ауыр (уыттылық дәрежесі ≥3) болған және кардиоуыттылықты қамтыды. Дәрілік препараттарға ең көп таралған жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолының (АІЖ) уыттылығы, нейтропения, қажу және AЛT белсенділігінің жоғарылауы болды.
Жүрек тарапынан дәрілік затқа жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі алдын ала жүрек аймағына сәулеленуді алған және антрациклиндерді қолданған балаларда мұндай ем қабылдамаған балалармен салыстырғанда жоғары болды.
Антрациклиндерді алдын ала қолданбаған немесе жүрек аймағына сәулелену алмаған балаларда сунитинибтің ең жоғары жағымды дозасы (ЕЖД) анықталды.
29 пациентте 2 фаза зерттеу жүргізілді, оның ішінде 27 бала (3 жастан 16 жасқа дейін), 2 жас пациент (18 жастан 19 жасқа дейін) болды. Барлық пациенттерде қатерлі қайталанатын/үдемелі/рефрактерлі глиома немесе эпендимома болды. 5-ші ауырлық дәрежесіндегі жағымсыз реакциялар топтардың ешқайсысында болған жоқ.
Емдеу кезінде пайда болған ең көп таралған (≥10%) жағымсыз реакциялар: нейтрофилдер санының төмендеуі (6 пациент (20,7%)) және бассүйекішілік қан құйылу (3 пациент (10,3%)).
1/2 фазалық бір топтық зерттеу жайылған операция жасалмайтын ГИСІ бар 6 балада (13 пен 16 жас аралығында) жүргізілді. Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар диарея, жүрек айну, лейкоциттер санының төмендеуі, нейтропения және 3 (50,0%) пациенттерде негізінен 1 немесе 2 ауырлық дәрежедегі бас ауыруы болды.
6 пациенттің төртеуі (66,7%) емдеуге байланысты 3-4 ауырлық дәрежедегі жағымсыз реакцияларды дамыды (3 дәрежелі гипофосфатемия, 1 пациентте нейтропения және тромбоцитопения және 1 пациентте 4 дәрежелі нейтропения). Бұл зерттеуде ауыр жағымсыз реакциялар немесе 5-ші ауырлық дәрежелі жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ. Клиникалық зерттеуде де, басылымдарда да қауіпсіздік бейіні ересектердегі белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
ДП «пайда-қауіп» арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы ДП кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz