Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
25 мг
Саудалық атауы
Супрастин®
Әсер етуші зат
Хлоропирамин
Мақсаты
Аллергиялық аурулар, соның ішінде есекжем, маусымдық аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивиттер, тамаққа және дәріге аллергия
Өндіруші
ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Ел
Венгрия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді 25 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы,
натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), тальк, желатин, стеарин қышқылы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сұрғылттау-ақ, ойығы бар диск түріндегі, таблетканың бір жақ бетінде «SUPRASTIN» өрнегі және екінші жақ бетінде сызығы бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар.
• аллергиялық аурулар, соның ішінде есекжем, маусымдық аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивиттер, тамаққа және дәріге аллергия
• жәндіктер шаққан кездегі аллергиялық реакциялар, қышыну
• жанамалы дерматит, дерматографизм
• жүйелі анафилаксиялық реакцияның және ангионевроздық ісінудің адъюванттық емінде
ATХ коды R06AC03
Әсер ету механизмі, фармакодинамикалық әсерлері
Хлоропирамин – трипеленаминнің (пирибензаминнің) хлорланған аналогы, этилендиаминді антигистаминдік препараттар тобына жататын алғашқы буынды антигистаминдік препарат.
Ол сондай-ақ трипеленамин, хлоропирамин сияқты пішен қызбасын және басқа да аллергиялық ауруларды емдеу үшін тиімді түрде қолданылуы мүмкін екенін көрсететін деректер бар.
Хлоропираминнің әсері H1-рецепторлардың тежелуіне негізделген. Өлімге әкелетін дозалардан 120 есе артық дозаларда гистаминді енгізген кезде теңіз шошқаларында препараттың аздаған дозалары тиімді болды. Препарат сондай-ақ тегіс бұлшықетке, капиллярлардың өткізгіштігіне және орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Шеткері антихолинергиялық белсенділігі, орташа спазмолитикалық қасиеттері бар. Ішке қабылдаған кезде әсері 15-30 минуттан кейін-ақ көрініс береді. Ең жоғары әсері 1 сағат ішінде дамиды және шамамен 3-6 сағатқа жалғасады.
Дозалау режимі
Ересектер:
ұсынылатын доза – 75-100 мг (тәулігіне 3-4 рет 1 таблеткадан)
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар:
- 1-ден 6 жасқа дейін: тәулігіне 2 рет ½ таблеткадан (12,5 мг);
- 6-дан 14 жасқа дейін: тәулігіне 2-3 рет ½ таблеткадан (12,5 мг).
Дозаны пациенттің реакциясына және жағымсыз реакциялардың болуына байланысты абайлап арттыруға болады.
Ең жоғары тәуліктік доза ешқашан дене салмағына шаққанда 2 мг/кг-ден аспауы тиіс.
Анафилаксиялық шокта немесе жедел ауыр аллергиялық реакцияда емдеуді сақтықпен баяу вена ішіне инъекциядан бастау ұсынылады, содан кейін бұлшықетішілік инъекцияларды жалғастыру, содан соң ішке қабылдау керек.
Егде жастағы адамдар және әлсіреген пациенттер
Супрастин препаратын қолдану ерекше сақтықты қажет етеді, өйткені бұл пациенттерде антигистаминдік препараттар жағымсыз әсерлерді (бас айналуы, ұйқышылдық, артериялық қысымның едәуір төмендеуі) жиі туындатады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауыр ауруларында препараттың әсер етуші затының метаболизмі төмендеуіне байланысты, дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Әсер етуші заты, негізінен, бүйрек арқылы шығарылатындықтан, препаратты қабылдау режимін өзгерту және дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.
Таблеткаларды тамақ ішу кезінде, шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішу арқылы қабылдау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер Сізде осы препаратты пайдалану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге жүгініңіз.
• белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бронх демікпесінің жедел ұстамасы
• жаңа туған және шала туған нәрестелерге
• жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты тағайындаған кезде седативтік жағымсыз реакцияларды ескеру керек.
Жағымсыз реакциялардың түйіндемесі
Супрастин препараты үшін, оның негізінде жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін анықтауға болатын, қазіргі заманғы клиникалық зерттеу деректері жоқ.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Сирек жағдайларда лейкопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, қан жүйесі тарапынан басқа да дискразиялар
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
аллергиялық реакциялар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
седативтік әсер, шаршағыштық, бас айналуы, атаксия, жүйкенің қозуы, тремор, құрысулар, бас ауыруы, эйфория, энцефалопатия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома ұстамасы, көру өткірлігінің бұзылулары
Жүрек тарапынан бұзылулар
тахикардия, аритмия
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
артериялық гипотензия
Асқазан-ішек бұзылулары
эпигастральді аймақтың жайсыздығы, ауыру, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату, тәбеттің жоғалуы немесе жоғарылауы, асқазан аймағының ауыруы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
жарыққа сезімталдық
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар
миопатия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
несеп шығарудың қиындауы, несеп іркілісі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер
Антигистаминдік препараттардың, соның ішінде Супрастин препаратының, әсіресе жаңа туған нәрестелерде және балаларда әдейі немесе кездейсоқ артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.
Симптомдары: Супрастин препараты артық дозаланғанда елестеулер, мазасыздық, атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылулары, атетоз, құрысулар сияқты атропинмен улануға ұқсас симптомдарды туындатады. Жасы кішкентай балаларда қозу басым болады. Кейде ауыздың құрғауы, қарашықтың тұрақты кеңеюі, бет терісінің гиперемиясы, синустық тахикардия, несеп іркілісі, қызба туындайды. Ересектерде қызба және бет терісінің гиперемиясы болмауы мүмкін, қозу кезеңінен кейін 2-18 сағаттың ішінде пациентті өлімге ұшыратуы мүмкін құрысуларға және кома дамуы мүмкіндігімен постиктальді депрессияға және жүрек-өкпе жеткіліксіздігіне ұласады.
Емі: антихолинергиялық әсердің дамуына байланысты тағамның асқазаннан жылжуы кідіреді, сондықтан артық дозаланғаннан кейін 12 сағаттың ішінде асқазанды шаю және ішке белсендірілген көмір тағайындау қажет. Тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, симптоматикалық ем ұсынылады.
Спецификалық антидоты белгісіз.
Арнайы сақтандырулар
Сақтықпен
Антихолинергиялық және седативтік әсерлерінің болуымен байланысты Супрастинді егде жастағы пациенттерге, сондай-ақ бауырдың, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясы бұзылғанда, жабық бұрышты глаукомада, несеп іркілісінде, простатаның гипертрофиясында сақтықпен тағайындау керек.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты кешкі уақыттарда кештеу қолдану гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдарын күшейтуі мүмкін.
Отоуытты препараттармен біріктіргенде Супрастин отоуыттылықтың ерте белгілерін бүркемелеуі мүмкін.
Супрастин препаратын ұзақ қолдану сирек жағдайларда қан түзу жүйесі тарапынан бұзылуларды (лейкопенияны, агранулоцитозды, тромбоцитопенияны, гемолиздік анемияны) туындатуы мүмкін.
Шығу тегі айқын емес қызбалар, ларингит, ауыздың шырышты қабығының ойық жаралары, бозару, сарғаю, қан құйылу, әдеттен тыс немесе тоқтатылуы қиын қан кетулер туындағанда, препаратты ұзақ енгізгенде қанның формалық элементтерінің санын анықтау керек, ал қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар байқалған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек.
Алкоголь антигистаминдік препараттардың орталық жүйке жүйесіне седативтік әсерін күшейтеді, сондықтан Супрастин препаратымен емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін тұтынуға тыйым салынады.
Лактоза
Әрбір таблетканың құрамында 116 мг лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактазаның толық тұқым қуалайтын тапшылығы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге тағайындамау керек.
Натрий мөлшері
Бұл препараттың әрбір таблеткасының құрамында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде, ұйқышылдықты және психомоторлық функциялардың бұзылуын туындатуы мүмкін (4.8 бөлімін қараңыз). Супрастин препаратын қолданудың бастапқы, жекелей анықталған кезеңінде көлік құралдарын басқаруға және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынады. Әрі қарай емдеу үдерісінде тыйым салу немесе шектеу дәрежесі препараттың жағымдылығына қарай жекелей анықталады.
Жүктілік кезінде препаратты қолдану жөнінде бақыланған клиникалық зерттеулердің деректері жоқ. Алайда, аналары жүктіліктің соңғы айларында антигистаминдік препараттарды қабылдаған жаңа туған нәрестелерде ретролентальді фиброплазияның даму жағдайлары сипатталды. Сондықтан, жүктілік кезінде бұл препаратты қолдануға болмайды.
Талапқа сай бақыланған деректердің болмауына байланысты, бұл препаратты бала емізу кезінде қолданбау керек.
Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштері, мысалы, моклобемид немесе селегилин Супрастин препаратының антихолинергиялық әсерлерін күшейтеді және ұзартады.
Супрастин препаратын барбитураттармен, ұйықтататын дәрілермен, анксиолитикалық седативтік дәрілермен, транквилизаторлармен, апиындық аналгетиктермен, трициклдық антидепрессанттармен, атропинмен және басқа да мускаринергиялық парасимпатолитиктермен бір мезгілде қолданғанда айрықша сақ болу керек (Супрастин және осы препараттардың кез келгені бір-бірінің әсерлерін күшейтуі мүмкін).
Отоуытты препараттармен біріктіргенде Супрастин отоуыттылықтың ерте белгілерін бүркемелеуі мүмкін.
Антигистаминдік препараттар аллергиялық тері сынамаларына жауап ретіндегі тері реакцияларын басады, сондықтан мұндай тері сынамаларын жүргізуден бірнеше күн бұрын бұл препаратты қолдануды тоқтату керек.
Емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін тұтынуға тыйым салынады (алкоголь Супрастин препаратының орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсерін күшейтеді).
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.