Өте жиі (≥1/10)
• асқазан-ішектік бұзылулар, мысалы, қыжыл, диспепсия, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, метеоризм, диарея, іш қату
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, шаршағыштық, қозу, ұйқысыздық, ашуланшақтық
- асқазан-ішек жолының ойықжаралары, кейде қан кетумен және тесілумен, анемияға әкелуі мүмкін жасырын қан жоғалту, мелена, қан аралас құсу (гематомезис), ойықжаралы стоматит, колит, ішектің қабыну ауруларының өршуі, тоқішек дивертикулының асқынуы (тесілу, жыланкөз)
Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
- ринит, бронх түйілуі
- көру қабілетінің бұзылуы
- гастрит
- есекжем, қышыну, пурпура, экзантема сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары, сондай-ақ бронх демікпесі ұстамалары (кейде артериялық гипотензиямен)
- ісінулердің пайда болуы, әсіресе артериялық гипертензиямен немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерде, нефроздық синдром, бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін интерстициялық нефрит
Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін)
- қызыл жегі синдромы
- депрессия, сананың шатасуы, елестеулер
- уытты амблиопия
- ұзақ уақыт қолданғанда бүйрек бүртіктерінің некрозы
- қандағы мочевина азотының, сарысулық трансаминазалардың және сілтілі фосфатазаның деңгейінің жоғарылауы, гемоглобин мен гематокрит көрсеткіштерінің төмендеуі, тромбоциттер агрегациясының тежелуі, қан кету уақытының ұлғаюы, қан сарысуындағы кальций деңгейінің төмендеуі, қан сарысуындағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек (<1/10000)
- қан түзу тарапынан бұзылулар (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз, нейтропения). Алғашқы симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін: қызба, тамақтың ауыруы, ауыздағы беткейлік жаралар, тұмауға ұқсас симптомдар, қатты шаршағыштық, мұрыннан және теріден қан кету.
- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары. Симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін: беттің ісінуі, тілдің ісінуі, тыныс алу жолдарының тарылуымен көмейдің ішкі бөлігінің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның өмірге қауіп төндіретін шок жағдайына дейін төмендеуі.
- асептикалық менингит
– құлақ шулау
- жүректің жиі соғуы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, өкпенің жедел ісінуі, ісінулер
- гипертония
- эзофагит, панкреатит, ішек стриктурасы
- бауыр дисфункциясы, бауырдың зақымдануы, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, жедел гепатит, сарғаю
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары (мультиформалы эритема, эксфолиативтік дерматит, буллезді реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз, алопеция, некроздаушы фасцит)
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- үрейлену
- көру жүйкесінің невриті, парестезия
- есту қабілетінің бұзылуы
- Коунис синдромы
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдромы), жедел жалпыланған экзантематозды пустулез (AGEP), фотосезімталдық реакциялары
- бүйрек өзекшелерінің ацидозы*
- шаршағыштық
- гипокалиемия*
* Постмаркетингтік кезеңде бүйрек өзекшелерінің ацидозының және гипокалиемияның дамуы туралы хабарланды, олар әдетте ибупрофенді ұсынылғаннан жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғаннан кейін пайда болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz