Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
1.5 мг
Саудалық атауы
Табекс®
Әсер етуші зат
Цитизин
Мақсаты
Созылмалы никотинизм (темекіге құмарлық) – темекі шегуді қойғызу үшін
Өндіруші
«Софарма»
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – цитизин 1.5 мг (100 % затқа шаққанда),
қосымша заттар –
ұнтақты целлюлоза, кальций сульфат дигидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
үлбірлі қабық: Опадрай ІІ қоңыр 85G 265001 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, тальк, лецитин, темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, диаметрі 5.5 мм, таблетканың бір жағында «S» өрнегі бар дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Аддиктивті бұзылыстарды емдеуге арналған препараттар. Никотинге тәуелділікте қолданылатын препараттар. Цитизин.
ATХ коды: N07BA04
Әсер ету механизмі
Цитизин - Cytisus Laburnum өсімдігінен айырылатын алкалоид
Оның химиялық құрылымы никотин мен лобелинге ұқсас. Никотинді ацетилхолин рецепторларына қатысты ішінара агонистік белсенділігі және атап айтқанда α4β2 қосалқы типіне жоғары аффинділігі болғандықтан селективті және компетитивті түрде рецепторлармен байланысады. Осылайша, никотиннің α4β2 рецепторларымен байланысуын және осы рецепторларды белсендіру арқылы никотинге тәуелділік механизмдерімен байланысты орталық мезолимбиялық дофамин жүйесін ынталандыруға оның қабілеттілігін болдырмайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Осы әсерінің нәтижесінде никотинге тәуелділік симптомдары біртіндеп азаяды және жоғалады. Цитизиннің басқа да фармакодинамикалық қасиеттері: вегетативтік жүйке жүйесі ганглияларын қоздырады, тыныс алуды рефлекторлық қоздырады, бүйрек үсті безінің ми тәрізді затымен адреналиннің бөлінуін туындатады, артериялық қысымды жоғарылатады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Цитизин никотинге қарағанда әлдеқайда төмен уыттылықты көрсетеді.
Дозалау режимі
Препарат төмендегі сызба бойынша қолданылады:
1-ден 3 күнге дейін - 1 таблеткадан әрбір 2 сағат сайын (күніне 6 таблетка). Осы күндер ішінде шегетін шылым саны біртіндеп азая бастауы күтіледі. Әсері жақсы болғанда емдеуді төмендегі сызба бойынша жалғастырады:
4-тен 12 күнге дейін – 1 таблеткадан 2,5 сағат сайын (күніне 5 таблетка);
13-тен 16 күнге дейін – 1 таблеткадан 3 сағат сайын (күніне 4 таблетка);
17-ден 20 күнге дейін – 1 таблеткадан 5 сағат сайын (күніне 3 таблетка);
21-ден 25 күнге дейін – күніне 1-2 таблеткадан.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жасқа толмаған адамдарда цитизиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 18 жасқа дейінгі адамдарға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, цитизинді 65 жастан асқан егде жастағы пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Табексті қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің осы популяциясында қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ішке тұтастай, жеткілікті су мөлшерін іше отырып, қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер сіз бір доза қабылдауды өткізіп алсаңыз, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз. Егер келесі дозаның уақыты келіп қалса, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіп, оны әдеттегідей қабылдаңыз. Ұмытып кеткенннің орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны қабылдамаңыз. Дәріні осы нұсқаулықта сипатталғандай қабылдаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
- белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезде жақында болған миокард инфарктісі
- тұрақсыз стенокардия
- жүректің клиникалық елеулі аритмиясы
- таяуда өткерген инсульт
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте жиі (≥1/10)
- тәбеттің өзгеруі (негізінен жоғарылау), салмақтың артуы;
- бас айналу, ашуланшақтық, көңіл-күйдің өзгеруі, мазасыздық;
- тахикардия;
- гипертензия;
- ауыздың құрғауы, диарея, жүрек айнуы, дәмнің өзгеруі, қыжыл, іш қату, құсу, іштің ауыруы (әсіресе іштің жоғарғы бөлігінде);
- миалгия;
- шаршау;
- ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, ұйқышылдық, сылбырлық, қалыпты емес түстер, шым-шытырық түстер)
- бас ауруы
- тері бөртпесі
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- зейін қоюдың қиындығы
- жүректің баяу соғуы
- іштің кебуі, тілдің күйдіріп-ашуы
- дімкәстік
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
- бастағы ауырлық сезімі
- либидоның төмендеуі
- жас ағу
- ентігу, қақырық шығарудың жоғарылауы
- сілекейдің көп бөлінуі
- тершеңдік, тері созылғыштығының төмендеуі
- әлсіздік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер сіз тағайындалған дозадан артық дозаны қабылдасаңыз, сізде жүрек айнуы, құсу, көп терлеу, тремор, көру қабілетінің бұзылуы (қарашықтың кеңеюі), жалпы әлсіздік, жүрек ырғағының үдеуі, клонустық құрысулар, тыныс алудың қиындауы пайда болуы мүмкін.
Артық дозаланудың барлық жағдайларында жедел улану кезіндегі сияқты стандартты емшараны қолдану керек; асқазанды шаю керек және диурезді инфузиялық сұйықтықтар мен несеп айдайтын дәрілердің көмегімен бақылау керек. Қажет болса, жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін және тыныс алуды ынталандыратын құрысуға қарсы препараттарды қолдануға болады. Тыныс алуды, қан қысымын және жүрек соғу жиілігін бақылау қажет.
Мұндай жағдайда Табекс® қабылдауды тоқтатыңыз және дәрігермен кеңесіңіз немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне хабарласыңыз.
Табексті қауіпсіз қолдануға қатысты жеткілікті клиникалық тәжірибе болмағандықтан, келесі аурулары бар пациенттерде сақтық қажет:
- жүректің ишемиялық ауруының басқа түрлері (жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы);
- жүрек жеткіліксіздігі (жүрек бұлшықетінің әлсіздігі);
- артериялық гипертензия (жоғары қан қысымы);
- қантамырлық-ми аурулары;
- қан тамырларының бітелуі;
- бүйрек және бауыр аурулары;
- гипертиреоидизм (қалқанша безінің жоғары функциясы);
- ойық жара ауруы;
- диабет;
- бүйрек үсті безінің хромаффинді ісіктері;
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (асқазан сөлінің өңештің төменгі бөлігіне шығарылуы, бұл күйдіруді сезінумен көрінеді);
- психикалық ауру (шизофренияның кейбір түрлері).
Арнайы ескертулер
• Дәрігермен алдын ала кеңесіп және пайда/қауіп арақатынасын бағалап алмай, пациенттердің осы санаттарына Табексті қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қою мен реакция жылдамдығын талап ететін әрекеттерде Табекстің қолайсыз әсері туралы деректер жоқ.
• Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болуым ықтимал деп санасаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, осы дәріні қабылдар алдында дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
• Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, Табекспен емдеуді жүргізбеген жөн.
• Егер сіз рецептісіз босатылатындарын қоса алғанда, басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдаған болсаңыз дәрігерді немесе фармацевті хабардар етуді сұраймыз.
Егер теофиллин, ропинирол, клозапин немесе такрин сияқты дәрілік препараттарды қолдансаңыз, емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз. Бұл жағдайларда олардың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Плазмадағы басқа дәрілік заттардың концентрациясы мысалы, имипрамин, оланзапин, кломипрамин және флувоксамин деңгейі темекі шегуден бас тартқан кезде де жоғарылауы мүмкін. Шектеулі деректер флекаинид пен пентазоциннің метаболизмі темекі шегуден де туындауы мүмкін екенін көрсетеді.
Табексті туберкулезге қарсы препараттармен бірге қолданбаған жөн - басқа препараттармен елеулі өзара әрекеттесу туралы клиникалық деректер жоқ.
Пациент препаратты бір мезгілде қолдану және темекі шегу немесе құрамында никотин бар өнімдерді тұтыну никотиннің жағымсыз реакцияларының өршуіне әкелуі мүмкін екенін білуі тиіс (4.4-бөлімді қараңыз).
Егер Табекспен бір мезгілде қолданған кезде олардың жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін болғандықтан, карбахол физостигмин, пиридостигмин, ривастигмин, дистигмин, галантамин сияқты дәрілік препараттарды пайдалансаңыз, емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Антигиперлипидемиялық дәрілік препараттармен (статиндермен) бір мезгілде қолдану миалгияның пайда болуы қаупін жоғарылатады.
Қан қысымын төмендетуге арналған дәрілік препараттармен бір мезгілде Табекс қолдану олардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Гормоналды ұрықтандыруға қарсы дәрілер
Қазіргі уақытта жүйелі әсер ететін гормоналды контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін бе, жоқ па белгісіз, сондықтан жүйелі әсер ететін гормоналды контрацептивтерді пайдаланатын әйелдер екінші бөгеттік әдісті қосуы керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.