Метициллин- резистентті алтын түстес стафилококк(MRSA)
Метициллинге резистентті алтын түстес стафилококтың да левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы зор. Сондықтан да, левофлоксацинді метициллин-резистентті стафилококтан туындаған инфекцияларды емдеуде немесе сондай күдік болса, егер зертханалық талдаулардың нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (сондай-ақ, егер, әдетте метициллин-резистентті стафилококтан туындаған инфекцияларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану талапқа сай деп танылмаса) қолдану ұсынылмайды.
Анағұрлым кең таралған, несеп шығару жолдарының инфекцияларын тудыратын патоген E. coli фторхинолондарға резистенттілігі Еуропалық Одақ елдерінде ауытқып отырады. Препараттарды тағайындағанда E. coli фторхинолондарға жергілікті резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойық жарасы
Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығы туралы in vitro деректеріне және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар, клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға сүйену керек.
Инфузия ұзақтығы
Инфузиялық құюға ұсынылатын левофлоксациннің 250 мг инфузиялық ерітіндісі үшін кемінде 30 минутқа және 500 мг инфузиялық ерітіндісі үшін кемінде 60 минутқа созылатын ұзақтығын қадағалап отыру керек. Левофлоксацинді қолдану тәжірибесі, инфузия кезінде жүрек соғуының күшеюі мен артериялық қысымның уақытша төмендеуі байқалуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сирек жағдайларда артериялық қысымның тым төмендеп кетуінің нәтижесінде, жедел қантамыр жеткіліксіздігі (тамыр коллапсы) болуы мүмкін. Левофлоксацин инфузиясы кезінде артериялық қысымның айқын төмендеуінің белгілері болса, құюды дереу тоқтату керек.
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу қаупін ескеру керек. Пневмококтық пневмонияның айтарлықтай ауыр жағдайларында, ТАЙГЕРОН® препаратының тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін.
Тендинит және сіңірлердің үзілуі
Сирек жағдайларда тендинит туындауы мүмкін. Тендинит пен сіңірлердің үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, тәуліктік 1000 мг дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды қабылдағанда арта түседі. Тендинитке күдіктенген жағдайда, левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату және зақымданған сіңірді сәйкесінше емдеуді бастау керек.
Миоклонус
Левофлоксацин қабылдап жүрген пациенттерде миоклонус жағдайлары туралы хабарланған. Егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде левофлоксациннің дозасы креатинин клиренсіне сәйкес түзетілмесе, миоклонустың даму қаупі артады. Миоклонус алғаш рет пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
Жалған жарғақшалы колит
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін дамыған, әсіресе ауыр дәрежелі, тұрақты және/немесе қан қоспасы бар диарея Clostridium difficile тудыратын жалған жарғақшалы колиттің симптомы болуы мүмкін. Жалған жарғақшалы колиттің дамуына күдік туған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтатып, дереу антибиотиктермен емдеуді (ванкомицин немесе метронидазол ішке) бастау керек. Ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың пайда болуына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды, басқа да хинолондар сияқты, бұл препаратты құрысулардың туындауына бейім пациенттерде, немесе белсенді заттары құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды (мысалы, теофиллин) қолданумен қатарлас ем жүргізген кезде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда, левофлоксацинді қолданып емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолондық препараттармен ем жүргізу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажет болса, оларды гемолиздің туындауына қатысты қадағалау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин негізінен бүйрекпен экскрецияланатындықтан, бүйрек
функциясының бұзылуы бар пациенттерде ТАЙГЕРОН® ерітіндісінің дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал аса жоғары сезімталдық реакцияларын, (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейінгі ангионевроздық ісіну) туғызуы мүмкін, олар кейде препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін туындайды. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатуы және сәйкесінше шұғыл көмек көрсетілуі үшін, емдеуші дәрігеріне немесе жедел жәрдем дәрігеріне хабарласуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолданумен байланысты, өлімге әкелуі немесе өмірге қауіпті болуы мүмкін терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs), соның ішінде уытты эпидермалық некролиз (TEN: Лайелл синдромы деп те аталады), Стивенс Джонсон синдромы (SJS) және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) туралы хабарламалар бар. Құрамында левофлоксацин бар препараттарды тағайындағанда пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жай-күйін одан әрі мұқият бақылау керек. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек және баламалы емді қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацинді қолдана отырып SJS, TEN немесе DRESS сияқты ауыр реакция дамыған болса, ешбір жағдайда емдеуді қайта бастауға немесе тағайындауға болмайды.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, әдетте диабеті бар, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қатарлас қолданумен ем қабылдап жүрген пациенттерде байқалатын гипо-, және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылулары туындағаны туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады.
Фотосенсибилизацияның профилактикасы
Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны туралы хабарланды. Фотосенсибилизацияның дамуын болдырмас үшін, пациенттерге емделу кезінде және емдеу тоқтатылғаннан кейін 48 сағат бойы, аса қажеттілігі болмаса, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәуленің (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырау ұсынылмайды.
K дәруменінің антагонистерін қолданып ем қабылдап жүрген пациенттер
Коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе қан кетудің туындауы мүмкіндігіне байланысты, левофлоксацин мен K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданумен емделген пациенттерде, аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксациннің дозасын бір рет қолданғаннан кейін де, ондай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеген. Ондай реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды тоқтату және сәйкесінше шараларды қолдану керек. Левофлоксацинді психозы бар немесе анамнезінде психиатриялық аурулар болған науқастарда сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды, QT аралығыны ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, олар:
- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класты препараттар, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы науқастар мен әйелдер QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Соған орай, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің аталған топтарында сақтықпен қолдану керек.
Егде жастағы пациенттер, мына бөлімдерде көрсетілген: дәрілермен өзара әрекеттесуі, жағымсыз әсерлері, артық дозалануы.
Шеткері нейропатия
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде шеткері сенсорлық нейропатия мен шеткері сенсомоторлық нейропатия туындағаны туралы хабарланды, олар айтарлықтай жылдам дамуы мүмкін. Нейропатия симптомдары пайда болған жағдайда, қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмас үшін, левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолданғанда, негізінен, негізгі ауыр ауруы, мысалы сепсис бар пациенттерде өлімге соқтырған бауыр жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатуды және емдеуші дәрігеріне хабарласуды ұсыну керек.
Гравис миастениясының өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгегіштік белсенділікке ие және гравис миастениясынан зардап шегіп жүрген пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі қадағалау кезінде туындаған өлім және өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар гравис миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Пациенттің анамнезінде гравис миастениясы болса, левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көру бұзылулары
Көру бұзылулары пайда болса немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері білінсе, дереу офтальмологқа қаралу керек.
Асқын инфекция
Левофлоксацинді, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану, сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Емдеу кезінде асқын инфекция туындаған жағдайда, сәйкесінше шараларды қолдану керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Левофлоксацинді қолданып ем қабылдап жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға арналған талдау жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін. Апиындардың бар-жоқтығына талдаулардың нәтижелерін анағұрлым спецификалық әдісті пайдалана отырып растау қажет болуы мүмкін.
Аневризма және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ регургитация/жүрек клапандарының жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондар қолданудан кейін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ аорталық және митралдық клапан регургитациясының жоғары даму қаупі туралы хабарланды.
Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде аневризма және аорта қатпарлануының ажырап асқынуы (оның ішінде өліммен аяқталуы), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясының /жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген.
Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана және аневризмаға немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аневризма және/немесе аорта қатпарлануы не анамнезінде жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа да қауіп факторлары немесе соған бейімдейтін жай-күйлері болған кезде басқа да емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана, екі жағдайда да аневризмада және аортаның қатпарлануында, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясында/ жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар), сондай-ақ аневризмада және аортаның қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамыр аурулары), сондай-ақ жүрек клапанының регургитациясы /жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит) пайдалану керек.
Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризма және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін.
Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы білінген жағдайда пациенттер шұғыл көмек бөлімшесіндегі дәрігерге дереу қаралуы керек.
Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет жүрек соғысы жиілеуі пайда болған, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Жедел панкреатит
Левофлоксацинді қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатитке тән болатын симтомдар туралы хабардар ету керек. Пациенттер жүрек айнуын, дімкәстікті, іштегі жайсыздықты, іштің қатты ауыруын немесе құсуды бастан кешсе, дереу дәрігерге тексерілуге тиіс. Жедел панкреатитке күдіктенген кезде левофлоксацин қабылдауды тоқтату және ол расталған жағдайда левофлоксацин қабылдауды қайта жаңғыртпау керек. Анамнезінде панкреатиті бар пациенттерде сақтық танытқан жөн.
Қан аурулары
Левофлоксацинмен емдеу кезінде лейкопенияны, нейтропенияны, панцитопенияны, гемолиздік анемияны, тромбоцитопенияны, аплазиялық анемияны немесе агранулоцитозды қоса, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Осы қан ауруларының кез келгеніне күдік болса, қан көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәтижелер қалыптан ауытқыған жағдайда, левофлоксацинмен емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.
Натрий мөлшері
Бұл препараттың құрамында 100 мл инфузияда 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, шын мәнінде, «натрийсіз».
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір жағымсыз әсерлері, мысалы, бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, көру және есту бұзылулары, науқастың зейін қоюға қабілеттілігін және оның реакцияларының жылдамдығын төмендетуі мүмкін, бұл ондай қабілеттер аса маңызды жағдайларда (мысалы, автомобиль мен жұмыс механизмдерін басқаруда) қауіп төндіруі мүмкін.