Парацетамол
Ересектердегі бауырдың зақымдануы 10 г немесе одан да көп парацетамолды қабылдау кезінде орын алуы мүмкін. 5 г немесе одан да көп парацетамолды қабылдау келесі қауіп факторлары бар пациенттерде бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін:
Егер пациент:
а) карбамазепинмен, фенобарбитонмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен немесе бауыр ферменттерінің индукциясын туындататын, басқа препараттармен ұзақ уақыт бойы ем алып жүрсе;
б) алкогольді үнемі шамадан тыс пайдаланса;
c) глутатион тапшылығы болуы мүмкін аурулары болса, мысалы, тамақтанудың бұзылысы, муковисцидоз, АИТВ-инфекциясы, ашығу, кахексиялар кезінде.
Симптомдар. Бозару, жүрек айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы алғашқы 24 сағат ішіндегі парацетамолмен артық дозалану симптомдары болып табылады. Бауырдың зақымдануы ішке қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Глюкоза метаболизмінің бұзылулары және метаболизмдік ацидоз пайда болуы мүмкін. Ауыр улану кезінде бауыр жеткіліксіздігі энцефалопатияға, қан кетуге, гипогликемияға, мидың ісінуіне және өлімге әкелуі мүмкін. Белдің ауыруына, гематурияға және протеинурияға нұсқайтын тубулярлы некрозбен жедел бүйрек жеткіліксіздігі бауырдың ауыр зақымдануы орын алмаса да, дамуы мүмкін. Жүрек ырғағының бұзылуы және панкреатит туралы хабарланған.
Емі: қажетті дозадан асып кеткен жағдайда, кезек күттірмейтін медициналық көмек қажет. Маңызды ерте симптомдардың болмауына қарамастан, пациенттер жедел медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға шұғыл түрде жіберілуі керек. Симптомдар жүрек айнуымен немесе құсумен шектелуі мүмкін және артық дозалану ауырлығын немесе ағзалардың зақымдану қаупін көрсетпеуі мүмкін.
Артық дозаланудан кейін бірінші сағат ішінде белсендірілген көмірді қабылдау ұсынылады. Плазмадағы парацетамол концентрациясын ішке қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң немесе одан кейін өлшеу керек (одан ерте концентрациялар дұрыс емес). N-ацетилцистеинмен жүргізілетін емді парацетамолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде қолданады, бірақ ең жоғары емдік әсерге қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде қол жеткізіледі. Осы уақыт өткеннен кейін антидоттың тиімділігі күрт төмендейді. Қажет болса, пациентке белгіленген дозалау схемасына сәйкес вена ішіне N-ацетилцистеин енгізу керек. Егер құсу проблема болмаса, метионинді пероральді қабылдау ауруханадан тыс, шалғай аудандар үшін қолайлы балама болуы мүмкін. Препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде бауырдың ауыр дисфункциясы бар пациенттерді емдеуді Республикалық токсикология орталығымен немесе гепатология бөлімімен талқылау керек.
Фенилэфрин гидрохлориді
Симптомдары мен белгілері: фенилэфринмен ауыр дозалану ерекшеліктеріне гемодинамикалық өзгерістер және тыныстың тарылуымен, құрысумен және аритмиямен жүрек-қантамыр коллапсы жатады. Алайда, парацетамолмен байланысты бауыр үшін уыттылықты туындату үшін фенилэфринмен байланысты елеулі уыттылықты туындатқанға қарағанда, парацетамол мен фенилэфрин гидрохлоридінің біріктірілген өнімінің аз мөлшері қажет болады. Емі симптоматикалық және демеуші шараларды қамтиды. Гипертензиялық әсерлерді альфа-рецепторларының блокаторларымен вена ішіне емдеуге болады. Фенилэфринмен артық дозалану күйгелектікке, бас ауыруына, бас айналуға, ұйқысыздыққа, артериялық қысымның жоғарылауына, жүрек айнуына, құсуға, рефлекторлы брадикардияға, мидриазға, жедел жабық бұрышты глаукомаға (көбінесе жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде кездеседі), тахикардияға, жүрек соғуына, аллергиялық реакцияларға көбінесе қуықтың шығу бөлігінің бітелуі бар адамдарда пайда болады, мысалы, қуық асты безінің гипертрофиясы (мысалы, бөртпе, есекжем, аллергиялық дерматит), дизурияға, несептің іркілуіне (көбінесе қуық асты безінің гипертрофиясы сияқты қуықтың шығатын бөлігінің бітелуі бар адамдарда кездеседі) әкелуі мүмкін.
Қосымша симптомдарға гипертония және мүмкін рефлюксті брадикардия кіруі мүмкін. Ауыр жағдайларда сананың шатасуы, елестеулер, құрысулар және аритмия пайда болуы мүмкін. Алайда, фенилэфриннің ауыр уыттылығының пайда болуы үшін қажетті мөлшер парацетамолмен байланысты уыттылықты туындатуы үшін қажет мөлшерден көп болады.
Емдеу клиникалық тұрғыдан орынды болуы керек. Ауыр гипертензияны фентоламин сияқты альфа-блокаторлармен емдеу қажет болуы мүмкін.
Хлорфенирамин малеаты
Симптомдары мен белгілері. Хлорфенираминнің өлімге әкелетін дозасы дене салмағының әр кг-на 25-тен 50 мг-ға дейін. Симптомдар мен белгілерге седативті әсері, ОЖЖ парадоксальды қозуы, уытты психоз, апноэ, құрысулар, антихолинергиялық әсерлер, дистониялық реакциялар және жүрек-қантамыр коллапсы, соның ішінде аритмиялар жатады.
Емі: клиникалық көрсетілімдерге немесе егер бар болса, ұлттық уытты бақылау орталықтарының ұсынымдарына сәйкес болуы керек.
Жүрек, тыныс алу, бүйрек және бауыр функцияларына, сондай-ақ су-электролит теңгеріміне ерекше назар аудара отырып, симптоматикалық және демеуші шараларды жүргізу керек.
Егер пероральді қабылдаған кезде артық дозалану орын алса, қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ және артық дозалану жақында орын алса, белсендірілген көмірмен емдеуді қарастырған жөн (егер ол ішке қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде тағайындалса, емдеу тиімді болады).
Гипотония мен аритмияны қарқынды емдеу керек; ОЖЖ құрысуды диазепаммен вена ішіне емдеуге болады.
Ауыр жағдайларда гемоперфузияны қолдануға болады