Әсер ету механизмі
Натализумаб – бұл адгезия молекулаларының селективті тежегіші, нейтрофилдерді қоспағанда, барлық лейкоциттердің беткейінде көп мөлшерде экспрессияланатын адам интегринінің α4-қосалқы бірлігімен байланысады. Натализумаб α4β1-интегринмен спецификалық байланысып, осы орайда сәйкес рецептормен, тамыр жасушаларының адгезиялық молекуласымен (VCAM-1) және баламалы сплайсинг нәтижесінде түзілген остеопонтин лигандымен, фибронектин доменімен, 1-дәнекер сегментпен (CS-1) өзара әрекеттесуін бөгейді. Натализумаб α4β7-интегриннің шырышты қабық адгезиясының молекуласы 1-адрессинмен (MadCAM-1) өзара әрекеттесуін бөгейді. Осы молекулалық өзара әрекеттесулерге ықпалы паренхиматозды ағзалардың қабыну ошақтарына эндотелий арқылы мононуклеарлы лейкоциттер көшуін бөгейді. Әріқарайғы натализумаб әсер ету механизмі α4-экспрессияланатын лейкоциттердің жасушадан тыс заттағы және паренхима жасушаларындағы өздерінің лигандтарымен өзара әрекеттесуін басу жолымен зақымданған тіндерде қабыну реакцияларын бәсеңдетумен жүзеге асуы мүмкін. Осылайша, натализумаб зақымданған тіндерде қабыну белсенділігін және одан әрі қабыну ошағына иммундық жасушалардың тартылуын бәсеңдете алады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Шашыраңқы склерозда (ШC) ми тіндерінің зақымдануы белсенділенген Т-лимфоциттер гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы өткен кезде болады. Лейкоциттердің ГЭБ арқылы көшуіне белсенділенген лейкоциттер беткейіндегі адгезия молекулалары мен қан тамырларының эндотелийі арасындағы өзара әрекеттесу қосылады. α4β1 және оның нысаналары арасындағы өзара әрекеттесу мида қабыну ошақтарының қалыптасу патогенезінің маңызды компоненті болып табылады, сондықтан осы өзара әрекеттесулердің бұзылуы қабыну белсенділігін төмендетеді. Қалыпты жағдайларда VCAM-1 ми паренхимасында экспрессияланбайды. Алайда, қабындыратын цитокиндердің қатысуымен эндотелий жасушаларында VCAM-1 өндірілуі қабыну ошағына жуық орналасқан глиальлі жасушаларда, болжамды түрде, оң кері байланыс механизмі бойынша реттеледі. ШС тұсында орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қабыну жағдайларында VCAM-1, CS-1 және ШС остеопонтинмен α4β1 өзара әрекеттесуі мидағы лейкоциттердің берік адгезиясы мен көшуі арқылы жүреді және ОЖЖ тіндерінде қабыну каскадын күшейтуі мүмкін. Өз нысаналарымен α4β1 молекулалық өзара әрекеттесуінің блокадасы ШС тұсында ми паренхимасындағы қабыну белсенділігін төмендетеді және одан әрі иммундық жасушалардың қабыну ошақтарына тартылуын бәсеңдетіп, сол арқылы ШС кезіндегі зақымдану көлемінің түзілуін төмендетеді немесе ұлғаюын баяулатады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
AFFIRM клиникалық зерттеуі
Куртцке кеңейтілген мүгедектікке ұшырау шкаласы (EDSS) бойынша, мүгедектікке ұшыраудың 0-ден 5 дәрежеге дейін және, кем дегенде, бір жыл ішінде 1 клиникалық қайталану оқиғасы болған ҚРШС бар пациенттерде 2 жылға созылған бір рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын айқаспалы зерттеуде (AFFIRM зерттеуі) монотерапия түріндегі тиімділігі бағаланды. Орта жас 37 жас болды, ал орташа ауру ұзақтығы 5 жылға созылады. Пациенттер әр 4 аптса сайын 30 инфузияға дейін Тайсабри 300 мг (n = 627) немесе плацебо (n = 315) қабылдау үшін 2:1 арақатынасында рандомизацияланды. Неврологиялық бағалаулар әр 12 апта сайын және қайталануына күмән туындаған жағдайда жүргізілді. T1-өлшенген гадолиний (Gd) зақымданулары мен T2-аса қарқынды зақымдануларының МРТ бағалауы жыл сайын жүргізілді.
Зерттеу сипаттамалары мен нәтижелері 2 кестеде берілген.
2 кесте. AFFIRM зерттеуі: негізгі сипаттамалары мен нәтижелері
Жоспар — Монотерапия; 120 апта бойы қатар топтарда жүргізілген рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеу
Субъектілер — Қайталамалы-ремиссиялық шашыраңқы склероз (Макдоналд критерийлері)
Емдеу — Плацебо / Натализумаб 300 мг вена ішіне әр 4 апта сайын
Бір жылдық соңғы нүкте — Қайталанулар жиілігі
Екі жылдық соңғы нүкте — EDSS қарқыны
Екіншілік соңғы нүктелер — Қайталанулардың дифференциациялық ауыспалы жиілігі/Дифференциациялық ауыспалы МРТ
Субъектілер — Плацебо — Натализумаб
Рандомизацияланған — 315 — 627
1 жылдан соң аяқталу — 296 — 609
2 жылдан соң аяқталу — 285 — 589
Жас, жылдар, орташа (диапазон) — 37 (19-50) — 36 (18-50)
ШС анамнезі, жылдар, орташа (диапазон) — 6.0 (0-33) — 5.0 (0-34)
Диагноз қоюдан бастап уақыт, жылдар, орташа (диапазон) — 2.0 (0-23) — 2.0 (0-24)
Соңғы 12 жыл ішіндегі қайталанулар, орташа (диапазон) — 1.0 (0-5) — 1.0 (0-12)
EDSS-негізгі деректер, орташа (диапазон) — 2 (0-6.0) — 2 (0-6.0)
НӘТИЖЕЛЕР
Орташа жылдық қайталану жиілігі
Бір жылдан соң (негізгі соңғы нүкте) — 0.805 — 0.261
Екі жылдан соң — 0.733 — 0.235
Бір жыл — Қауіптер қатынасы 0.33 CI95% 0.26 ; 0.41
Екі жыл — Қауіптер қатынасы 0.32 CI95% 0.26 ; 0.40
Қайталануларсыз
Бір жылдан соң — 53% — 76%
Екі жылдан соң — 41% — 67%
Мүгедектікке ұшырау
Қарқынды болатын үлесі 1 (12 аптадан соң растау; бастапқы нәтиже) — 29% — 17%
Қауіптер қатынасы 0.58, CI95% 0.43; 0.73, p<0.001
Қарқынды болатын үлесі 1 (24 аптадан соң растау) — 23% — 11%
Қауіптер қатынасы 0.46, CI95% 0.33; 0.64, p<0.001
МРТ (0-2 жыл)
T2-аса қарқынды ошақтар көлеміндегі медианасының % өзгерісі — +8.8% — -9.4% (p<0.001)
Жаңа немесе қайта ұлғайған T2-аса қарқынды ошақтардың орташа саны — 11.0 — 1.9 (p<0.001)
T1-баяу қарқынды ошақтардың орташа саны — 4.6 — 1.1 (p<0.001)
Гадолиниймен (Gd) контрастыланған ошақтардың орташа саны — 1.2 — 0.1 (p<0.001)
1 Мүгедектікке ұшырау қарқыны 12 немесе 24 апта бойы сақталатын EDSS >=1.0 бастапқы деңгейінен бастап мүгедектікке ұшырауды бағалау шкаласы (EDSS) бойынша, кем дегенде, 1.0 ұлғаюы немесе 12 немесе 24 апта бойы сақталатын EDSS =0 бастапқы деңгейінен бастап EDSS бойынша, кем дегенде, 1.5 ұлғаюы арқылы белгіленді.
Қарқынмен дамыған ҚРШС ауруын емдеу көзделген пациенттердің қосалқы тобында (2 немесе одан көп қайталануы және гадолиниймен (Gd) контрастыланатын 1 немесе одан көп зақымдануы болған пациенттер) қайталанулардың орташа жылдық жиілігі натализумаб қабылдаған топта (n = 148) 0,282 және плацебо тобында (n = 61) 1,455 құрады (р <0,001). Мүгедектік үдеуінің қауіптер қатынасы – 0,36 (95% CI: 0,17, 0,76), р = 0,008. Осы нәтижелер post hoc талдауының нәтижесінде алынды және мұқият түсіндірілуі тиіс. Пациенттер зерттеуге қосылатын сәтке дейін қайталанулар ауырлығы туралы ақпарат жоқ.
Тайсабри бақылау бағдарламасы (ТББ)
Тайсабри көп орталықтық бақыланбайтын зерттеуі, 4 фаза (n = 5770) ағымда жалғасатын бақылау бағдарламасының (TOP) нәтижелерін аралық талдау (2015 жылғы мамырдағы жағдай бойынша) бета-интерфероннан (n = 3255) немесе глатирамер ацетатынан (n = 1384) Тайсабри еміне ауысқан пациенттердің орташа жылдық қайталанулар жиілігінің орнықты, елеулі төмендеуін көріністегенін көрсетті (p <0,0001). Орташа EDSS көрсеткіштері 5 жыл бойы тұрақты күйде қалды. Бета-интерферон немесе глатирамер ацетатынан Тайсабриге, финголимодтан (n = 147) аталған препаратқа ауысқан пациенттерде байқалатын тиімділік нәтижелеріне сәйкес, 2 жыл бойы тұрақты сақталған орташа жылдық қайталанулар (ARR) жиілігінің едәуір төмендеуі байқалды және EDSS шкаласы бойынша орташа көрсеткіштер базалық көрсеткіштермен және 2 жыл ішіндегі деректерге ұқсас болып қалды. Бұл деректерді түсіндіргенде пациенттердің осы қосалқы тобына тән натализумабтың іріктеу көлемінің шектеулі және әсер ету ұзақтығының қысқалау екенін есепке алу керек.
Балалар
Маркетингтен кейінгі мета-талдау натализумаб қабылдаған балалар жасындағы ШС бар 621 пациент деректерін пайдаланумен жасалды (орта жас - 17 жас, диапазон 7-18 жас, 91% ≥14 жаста). Емдеуге кірісуге дейін қолжетімді деректерімен пациенттердің шектеулі санында осы талдау шеңберінде (621 пациенттен 158) орташа жылдық қайталану жиілігінің (ARR) 1,466-дан (95% CI 1,373, 1,604) 0,110 (95% CI 0,094, 0,128) дейін төмендеуі көріністелді.
Кеңейтілген дозалау аралығы
Тайсабримен венаішілік ем кезіндегі анти-JCV антиденелерге оң реакциясы бар пациенттер арасында АҚШ-та жүргізілген алдын ала берілген ретроспективті талдауда (TOUCH тіркелімі) ҮМЛ даму қаупі әсер еткен соңғы 18 ай ішінде белгілі болғандай (ҚДА, орташа дозалау аралығы 6 аптаға жуық) бекітілген дозалау аралығы бойынша емдеуден өтетін пациенттер мен кеңейтілген дозалау аралығы бойынша емдеуден өтетін пациенттер арасында салыстырылды. ҚДА бойынша ем қабылдаған пациенттердің көпшілігі (85%) ҚДА еміне ауысуға дейін ≥ 1 жыл бойы бекітілген дозаны алды. Талдау ҚДА бойынша ем қабылдаған пациенттерде ҮМЛ даму қаупінің өте төмен екенін көрсетті (Қауіптер қатынасы = 0,06, 95% CI Қауіптер қатынасы= 0,01-0,22).
Тиімділігі осы вена ішіне енгізілген препараттың мақұлданған дозасын ≥1 жыл қабылдаудан кейін ұзартылған дозалау аралығына ауысқан және жыл ішінде қайталанулары байқалмаған пациенттер үшін үлгіленді. Қазіргі замандық фармакокинетикалық/фармакодинамикалық статистикалық модельдеу мен симуляция ұзағырақ дозалау аралығына (ҚДА) ауысатын пациенттерде ШС ауруларының қайта белсенділену қаупінің дозалау аралығы ≥ 7 апта болатын пациенттерде жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Осы нәтижелерді растау үшін проспектілі клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Кеңейтілген дозалау аралығында қолданғанда натализумаб тиімділігі болмады; сондықтан кеңейтілген дозалау аралығының пайда/қауіп арақатынасы белгісіз («6-апталық дозалау аралығында вена ішіне енгізу» бөлімін қараңыз).
6-апталық дозалау аралығында вена ішіне енгізу
Натализумаб әр алты апта сайын вена ішіне енгізілген, 2017 жылғы Макдональд критерийлеріне сәйкес, қайталамалы-ремиссияланатын ШС бар пациенттер қатысқан 3 фазаның проспективті, рандомизацияланған, интервенциялық, бақыланатын, ашық, жасырын, халықаралық зерттеуде (NOVA, 101MS329) тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. Зерттеу кеңейтілген 6-апталық (КДА) және стандартты 4-апталық (СДА) дозалау аралықтары арасындағы тиімділігінің айырмасын бағалау үшін әзірленді.
Зерттеуде 1 жылдан кем емес уақыт әр 4 апта сайын натализумабпен вена ішіне ем алған скрининг тұсында EDSS шкаласы бойынша ≤ 5,5 болып бағаланған 18-60 жас аралығындағы 499 пациент рандомизацияланды және клиникалық тұрақты болды (соңғы 12 ай ішінде қайталанулар болмауы, скрининг кезінде гадолиниймен (Gd) Т1 зақымдану күшеюінің болмауы). Зерттеуде, стандартты дозалау аралығымен (СДА) венаішілік емделуді жалғастырған субъектілермен салыстырғанда, стандартты дозалау аралығымен (СДА) натализумабпен кем дегенде бір жыл венашілік емделуден кейін 6-апталық кеңейтілген дозалау аралығына ауысқан субъектілер зерттелді.
Бастапқы демографиялық қосалқы топтар жасы, жынысы, натализумаб әсер ету ұзақтығы, елі, дене салмағы, анти-JCV-статус және бірінші дозаға дейін бір жыл ішіндегі қайталанулар саны, натализумаб қолдану кезіндегі қайталанулар саны, шашыраңқы склероз ағымын өзгертетін алдыңғы препараттар типі бойынша 6-апталық дозалау аралығымен және 4-апталық дозалау аралығымен емдеу топтарында бірдей болды.
3 кесте. NOVA зерттеуі: Негізгі ерекшеліктер және нәтижелер
Дизайн — Монотерапия; 3b фаза, проспективті, рандомизацияланған, интервенциялық, бақыланатын, ашық, жасырын, халықаралық зерттеу
Субъектілер — РРРС (Макдональд критерийі)
Енгізу жолы (1 бөлім) — СДА (Q4W) Натализумаб 300 мг в/і — КДА (Q6W) Натализумаб 300 мг в/і
Рандомизацияланған — 248 — 251
НӘТИЖЕЛЕР
72 аптадағы 1 бөлімі үшін mITTa қауымы — 242 — 247
Бастапқы деңгейден 72-ші аптаға дейін жаңа/таяуда жоғарылаған (N/NE) Т2 зақымданулары Зақымданулар саны = 0 субъектілер — 189 (78.1%) — 202 (81.8%)
= 1 — 7 (3.6%) — 5 (2.0%)
= 2 — 1 (0.5%) — 2 (0.8%)
= 3 — 0 — 0
= 4 — 0 — 0
≥ 5 — 0 — 2* (0.8%)
missing — 45 (18.6%) — 36 (14.6%)
T2 аса қарқынды зақымдануларының N/NE түзетілген орташа мәні (бастапқы соңғы нүкте)* 95% CIb,c — 0.05 (0.01, 0.22) — 0.20 (0.07, 0.63)
p = 0.0755
T2 зақымданулары дамыған N/NE субъектілер үлесі — 4.1% — 4.3%
Т1 баяу қарқынды зақымданулар дамыған субъектілер үлесі — 0.8% — 1.2%
Gd күшейтілген зақымданулар дамыған субъектілер үлесі — 0.4% — 0.4%
Қайталанулардың түзетілген жылдық жиілігі — 0.00010 — 0.00013
Қайталанусыз субъектілер үлесі** — 97.6% — 96.9%
EDSS шкаласы бойынша расталмаған 24-апталық нашарлау үлесі — 92% — 90%
a Келесі клиникалық тиімділік бағалаулары бойынша зерттелетін препараттың, ең болмаса, 1 дозасын қабылдаған (натализумаб СДА немесе натализумаб КДА) және бастапқы деңгейден кейін, кем дегенде, 1 нәтиже алған барлық рандомизацияланған қатысушылар қамтылатын mITT қауымы: МРТ тиімділігін бағалау, қайталанулар, EDSS, 9-HPT, T25FW, SDMT, TSQM шкаласы, компьютерлік кескін ауқымы. b Жіктеу ретінде емдеумен теріс биномиальді регрессия және бастапқы дене салмағының (> 80 кг-мен салыстырғанда ≤ 80), ковариаталар ретінде бастапқы деңгейдегі натализумабтың әсер ету ұзақтығы (> 3 жылмен салыстырғанда ≤3) және аймақтың (Солтүстік Америка, Ұлыбритания, Еуропа және Израиль, әрі Австралия) пайдаланылуымен бағаланды. c Байқалатын зақымданулар интеркуррентті оқиғаларға байланыссыз талдауда қамтылады, ал тиімділігі мен қауіпсіздігіне орай болмайтын мәндері (6 субъект СДА-на ауысты және СДА және КДА бойынша үзілген емді қабылдаған 1 субъект) дәл сол емдеу тобында бір ғана сол қаралумен немесе көптүрлі орнатылым көмегімен өзгеше үлгіде ем қабылдаған субъектілердің ең нашар жағдайына тән болады. * Екі емдеу тобы арасындағы N/NE зақымдануларында байқалатын зақымданулардың сандық айырмасы КДА тобындағы екі субъектіде: емді тоқтатудан кейін үш айдан соң зақымданулар дамыған бір субъектіде және 72 аптада симптомсыз ҮМЛ диагностикаланған екінші субъектіде туындаған зақымданулар санының көптігі себебінен болды. ** Қайталанулар – клиникалық қайталанулар ең қысқа ұзақтығы 24 сағатқа созылатын қызбамен немесе инфекциямен байланыссыз жаңа немесе қайталамалы неврологиялық симптомдар бойынша бағаланды.