Талц препаратының фармакодинамикасына ресми зерттеулер жүргізілген жоқ.
Әсер ету механизмі
Иксекизумаб 17A (IL-17A) интерлейкин цитокинімен селективті байланысатын және оның IL-17 рецепторымен әрекеттесуін тежейтін гуманизацияланған моноклондық IgG4 антиденесі болып табылады. IL-17A - қабыну және иммундық реакцияның дамуына қатысатын табиғи тектес цитокин. Иксекизумаб қабынуға қарсы цитокиндер мен химокиндердің шығарылуын басады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ересектердегі түйіндақты псориаз
Үш көпорталықты рандомизацияланған екіжақты жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде (NCT 01474512, NCT 01597245, NCT 01646177) 18 жастан асқан түйіндақты псориазбен ауыратын, дене бетінің ең аз зақымдану аймағы 10%, дәрігерлердің статикалық жалпы бағасы (sPGA) 3 және одан жоғары псориаздың ауырлығын бағалаудың жалпы шкаласы бойынша (түйіндақтардың қалыңдығы/тығыздалуы, қызаруы және қабыршақтануы) 0-ден 5-ке дейін, псориазбен зақымданудың ауырлық индексі (PASI) 12 және одан жоғары балды құрайтын, фототерапияға немесе жүйелік емге жарайтын 3866 пациент қатысты.
Барлық үш зерттеуде пациенттер 160 мг алғашқы инъекциядан кейін 12 апта ішінде плацебо немесе Талц препаратын (екі аптада бір рет 80 мг [Q2W сызбасы]) қабылдаған топтарға кездейсоқ бөлінді. Салыстырудың екі белсенді зерттеуінде (2 және 3-зерттеуі) пациенттер де Талц препаратын қабылдаған немесе 12 апта бойы аптасына екі рет 50 мг дозада АҚШ-та қолдану үшін мақұлданған этанерцепт топтарға кездейсоқ бөлінді.
Барлық үш зерттеуде емдеудің 12 аптасынан кейінгі өзгерістер бастапқы деңгеймен салыстырғанда екі негізгі бағаланатын көрсеткіш бойынша бағаланды: 1) PASI 75, дененің зақымданған бетінің ауданы пайызын, зақымданған аймақтың шегіндегі псориаздық өзгерістердің сипаты мен ауырлығын (тығыздалуы, қызаруы және қабыршақтануы) ескеретін PASI жалпы бағасының төмендеуіне қол жеткізген пациенттердің пайызы, кем дегенде 75%; және 2) sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз), sPGA 0 немесе 1-ге қол жеткізе алған пациенттердің пайызы және кем дегенде 2 баллға.
Екінші бағаланатын көрсеткіштерге мыналар жатады: sPGA 0 (жоқ) бар пациенттердің пайызы, PASI бағасының 90%-ға және одан да көп төмендеуі (PASI 90), PASI бағасының 100% - ға төмендеуі (PASI 100) және қышуды бағалаудың 11 балдық сандық шкаласы бойынша 4 балдан кем емес төмендеуде көрсетілген қышуды бағалаудың жақсаруы.
Барлық зерттелген топтардағы барлық пациенттерде PASI орташа бастапқы бағасы 17-ден 18-ге дейін болды. sPGA - ның «ауыр» немесе «өте ауыр» бастапқы бағасы 1 - зерттеуге қатысқан пациенттердің 51% - ында, 2-зерттеуге 50% - да және 3-зерттеуге 48% - да болды.
Зерттеулерге қатысқан пациенттердің жалпы санының 44% - ы бұрын фототерапия алған, 49% - ы бұрын әдеттегі жүйелік ем алған және 26% - ы бұрын псориазды емдеу үшін биопрепараттармен ем алған. Бұрын биопрепараттармен ем қабылдаған пациенттер арасында 15%-ы кем дегенде бір анти-ФНО-α препаратын, ал 9% - ы IL12/IL23 тежегіштерін қабылдады. Псориаздық артрит зерттеуге қатысқан пациенттердің жалпы санының 23% - ында болды.
12 аптадағы клиникалық тиімділік
1, 2 және 3 зерттеулерінің нәтижелері 3-кестеде келтірілген.
3-кесте: 12-аптада түйіндақты псориазы бар ересектерде 1, 2 және 3 зерттеулерінде емдеудің тиімділігі; КЖЖa
1 зерттеуі — 2 зерттеуі — 3 зерттеуі
80 мг Талцb Q2W сызбасы бойынша (N=433) n (%) — Плацебо (N=431) n (%) — 80 мг Талцb Q2W сызбасы бойынша (N=351) n (%) — Плацебо (N=168) n (%) — 80 мг Талцb Q2W сызбасы бойынша (N=385) n (%) — Плацебо (N=193) n (%)
sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз)c — 354 (82) — 14 (3) — 292 (83) — 4 (2) — 310 (81) — 13 (7)
sPGA 0 (жоқ) — 160 (37) — 0 — 147 (42) — 1 (1) — 155 (40) — 0
PASI 75c — 386 (89) — 17 (4) — 315 (90) — 4 (2) — 336 (87) — 14 (7)
PASI 90 — 307 (71) — 2 (1) — 248 (71) — 1 (1) — 262 (68) — 6 (3)
PASI 100 — 153 (35) — 0 — 142 (40) — 1 (1) — 145 (38) — 0
Цифрлік шкала бойынша қышуды бағалау (4 немесе одан көп балға жақсару)d — 336 (86) — 58 (16) — 258 (85) — 19 (14) — 264 (83) — 33 (21)
• Белгілеулер: N = тағайындалған препаратқа сәйкес қалыптастырылған іріктемедегі пациенттер саны; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• 0 аптада пациенттер 160 мг Талц инъекциясын алды.
• Қайталама бағаланатын көрсеткіштер
• Бастапқы деңгейі 4 балл немесе одан жоғары пациенттерде қышуды сандық шкала бойынша бағалау (4 немесе одан жоғары балға жақсару). Зерттеуге енгізілген, қышудың бастапқы көрсеткіші 4 балл және одан жоғары пациенттер саны: 1 зерттеуі: Талц тобы n = 391, плацебо тобы n = 374; 2-зерттеу: Талц тобы n = 303, плацебо тобы n = 135; 3-зерттеу: Талц тобы n = 320, плацебо тобы n = 158.
Бұл кіші топтарда жас, жыныс, нәсіл, дене салмағы және бұрын жүргізілген биологиялық өнімдермен емдеу бойынша деректерді жіктеу 12-ші аптада Талц препаратына клиникалық жауапта ешқандай айырмашылықты анықтаған жоқ.
АҚШ зерттеу орталықтарының кешенді талдауында Талц препаратын қабылдаған топтарда АҚШ-та қолдану үшін мақұлданған этанерцептпен салыстырудың екі белсенді зерттеуінде этанерцепт қабылдаған топтарға қарағанда (аптасына екі рет 50 мг) 12 апталық емдеу кезеңі ішінде sPGA және PASI көрсеткіштері бойынша анағұрлым айқын жақсару байқалды. Талц (2 аптада 1 рет 80 мг) және этанерцепт (аптасына 2 рет 50 мг) препаратына клиникалық жауап мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланды (жақшада тиісті мәндер келтірілген): sPGA 0 немесе 1 (73% және 27%); PASI 75 (87% және 41%); sPGA 0 (34% және 5%); PASI 90 (64% және 18%), PASI 100 (34% және 4%).
Демеу емі және клиникалық жауаптың тұрақтылығы
12-аптада айқын клиникалық жауап (sPGA 0 немесе 1) байқалған Талц препаратын қабылдаған топтардың 1 және 2 пациенттерін зерттеуге қатысқан демеуші емнің тиімділігін және клиникалық жауаптың тұрақтылығын бағалау үшін қосымша 48 апта ішінде Q4W сызбасы бойынша (4 аптада бір рет) 80 мг Талц препаратының демеуші дозасын не плацебо қабылдаған топтар бойынша кездейсоқ түрде қайта бөлінді. 12-аптада емдеуге клиникалық жауап байқалмаған пациенттер (sPGA> 1), сондай-ақ демеуші кезең ішінде рецидив тіркелген пациенттер (sPGA ≥3) Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған топтарға жатқызылды.
Екі зерттеуде (1-зерттеу және 2-зерттеу) 12-аптада айқын клиникалық жауап байқалған (sPGA 0 немесе 1) пациенттер санынан алынған нәтиже 60-аптада (топтар бойынша қайта бөлуден кейін 48 аптадан кейін) сақталғандардың пайызы плацебо қабылдаған (7%) топтарға қарағанда Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған топтарда (75%) жоғары болды.
12-аптада айқын клиникалық жауап байқалған және қайта бөлу кезінде ем алмаған (яғни плацебо қабылдаған) топтарға түскен пациенттерде рецидивке дейінгі орташа уақыт (sPGA ≥3) екі зерттеуде де 164 күнді құрады. Осы пациенттердің 66% - ында клиникалық жауап (sPGA 0 немесе 1) Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратымен емдеуді қайта бастағаннан кейін 12 апта ішінде қалпына келтірілді.
Генитальді аймақтың зақымдануымен байқалатын псориаз
Рандомизацияланған жасырын салыстырмалы плацебо-бақыланатын зерттеуге (4-зерттеу) дене бетінің ең аз зақымдалған ауданы 1%, sPGA ≥ 3 (орташа ауыр псориаз), sPGA генитальді аймақтың ең аз зақымдалған ауданы ≥ 3 құрайтын (гентиальді аймақтың зақымдануымен байқалатын орташа ауыр псориаз), генитальді аймақтың зақымдануымен байқалатын псориазды емдеу үшін пайдаланылатын жергілікті емнің кем дегенде бір түріне жауабы жоқ немесе жақпаушылығы бар, фототерапияға және/немесе жүйелі емге үміткерлер болған түйіндақты псориазбен ауыратын 149 ересек пациент қатысты.
Бұл пациенттерде PASI медианалық бастапқы көрсеткіші шамамен 12 құрады. Зерттеуге қатысқан пациенттердің шамамен 60% - ында дене бетінің зақымдануының бастапқы ауданы кемінде 10% - ды құрады. Пациенттердің 42% - ында генитальді аймақтың бастапқы sPGA «ауыр» немесе «өте ауыр»; бастапқы sPGA «ауыр» немесе «өте ауыр» көрсеткіші пациенттердің 47% - ында тіркелді.
Талц препаратының тобына түскен пациенттер кездейсоқ бөлу кезінде бастапқы дозаны 160 мг және кейінгі инъекцияларды әрбір 2 апта сайын 12 апта бойы 80 мг қабылдады. Зерттеудің негізгі бағаланатын параметрі 12-аптада генитальді аймақтың 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз) sPGA мәніне қол жеткізе алған пациенттердің пайызы болды. 12-аптада бағаланатын қайталама көрсеткіштерге мыналар кірді: sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз) бар пациенттердің пайызы, генитальді аймақта қышудың ауырлық дәрежесінің төмендеуі (генитальді аймақтың псориаз белгілерін бағалаудың 11 балдық шкаласы бойынша кемінде 4 балл (GPSS)), қышуды бағалаудың сандық шкаласы бойынша көрсеткіш (NRS), сондай-ақ генитальді аймаққа псориаздың жыныстық белсенділіктің төмендеуіне әсерін пациент бағалайтын (жыныстық қатынас жиілігі немесе белсенділіктің басқа түрлері), генитальді аймақ псориазы кезінде жыныстық қатынас жиілігі туралы сауалнаманың (GenPs-SFQ) 2-тармағының көмегімен анықталатын көрсеткіш (Соңғы аптада генитальді аймақ псориазының көріністеріне байланысты жыныстық белсенділікті шектеуге тура келді ме?). 2-тармақ бойынша SFQ 0-ден 4-ке дейін өзгереді (0 = ешқашан, 1 = сирек, 2 = кейде, 3 = жиі, 4 = тұрақты); мұнда жоғары балл соңғы аптадағы жыныстық белсенділік жиілігінің неғұрлым қатаң шектеулерін көрсетеді.
4-зерттеу нәтижелері 4-кестеде келтірілген.
4-Кесте: 4 зерттеуінде генитальді аймағында түйіндақты псориазы бар ересектерде 12-аптадағы емдеудің тиімділігі; КЖЖа
Бағаланатын көрсеткіштер — Q2Wb сызбасы бойынша 80 мг Талц тобы (%) — Плацебо тобы (%)
Топтағы пациенттер саны — N=75 — N=74
генитальді аймақтың sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз) — 55 (73%) — 6 (8%)
sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (ең аз) — 55 (73%) — 2 (3%)
GPSSa және NRS ≥4 шкаласы бойынша бастапқы көрсеткіші бар пациенттер саны — N=56 — N=51
генитальді аймақтың қышуын GPSS шкаласы бойынша бағалау (4 немесе одан да көп балға жақсару) — 31 (55%) — 3 (6%)
GenPs-SFQa2-тармағы бойынша бастапқы көрсеткіші бар пациенттер саны ≥2 — N=37 — N=42
GenPs-SFQ 2-тармағы бойынша көрсеткіш 0 (ешқашан) немесе 1 (сирек) — 29 (78%) — 9 (21%)
• Белгілеулер: КЖЖ= емделуге клиникалық жауабы жоқ пациент; GPSS = генитальді аймақтың псориаз симптомдарын бағалау шкаласы; GenPs-SFQ = генитальді аймақтың псориазы кезінде жыныстық қатынас жиілігі туралы сауалнама.
• 0-аптада пациенттер 160 мг Талц, содан кейін әр 2 апта сайын 12 апта сайын 80 мг Талц қабылдады.
Балалардағы түйіндақты псориаз
Рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты плацебо-бақыланатын зерттеуге (IXORA-Peds, NCT03073200) орташа және ауыр дәрежедегі түйіндақты псориазы бар 6 жастан 18 жасқа дейінгі 171 пациент қатысты (sPGA көрсеткіші ≥3, дене бетінің ауданына ≥10% зақымдану, PASI көрсеткіші ≥12 балл). Зерттеуге қатысқан пациенттер фототерапияға немесе жүйелі терапияға үміткер болды немесе жергілікті ем жүргізген кезде қажетті әсерді ала алмады.
Пациенттер салмағы бойынша стратификацияланған дозаларда плацебо немесе Талц қабылдаған топтарға кездейсоқ бөлінді.
• <25 кг: 0-аптада 40 мг, содан кейін Q4W сызбасы бойынша 20 мг (4 аптада бір рет)
• 25-тен 50 кг-ға дейін: 0 аптада 80 мг, содан кейін Q4W сызбасы бойынша 40 мг (4 аптада бір рет)
•> 50 кг: 0 аптада 160 мг, содан кейін Q4W сызбасы бойынша 80 мг (4 аптада бір рет).
Емге жауап емнің 12 аптасынан кейін бағаланды және бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда кемінде 2 балға жақсарып, sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (жоқ дерлік) көрсеткішіне қол жеткізе алған пациенттердің пайызымен, сондай-ақ PASI көрсеткішінің бастапқы көрсеткіштен кемінде 75% (PASI 75) төмендеуіне қол жеткізе алған пациенттердің пайызымен айқындалды.
Екінші бағаланатын көрсеткіштерге мыналар жатады: sPGA 0 (жоқ) бар пациенттердің пайызы, PASI бағасының 90%-ға және одан да көп төмендеуі (PASI 90), PASI бағасының 100%-ға төмендеуі (PASI 100) және қышуды бағалаудың 11 балдық цифрлық шкаласы бойынша 4 балдан кем емес төмендеуде көрсетілген қышудың ауырлығы бағалаудың жақсаруы.
Бұл пациенттерде PASI медианалық бастапқы көрсеткіші шамамен 17 болды (диапазон 12-ден 49-ға дейін). sPGA бастапқы көрсеткіші «ауыр» немесе «өте ауыр» пациенттердің 49%-ында байқалды. Зерттеулерге қатысқан пациенттердің жалпы санының 22%-ы бұрын фототерапия алған, 32%-ы бұрын псориаздың жүйелі терапиясын алған.
IXORA-Peds зерттеу нәтижелері 5-кестеде берілген.
5-кесте: IXORA-Peds, БКОa зерттеудегі түйіндақты псориазы бар балалар жасындағы пациенттердегі клиникалық жауап
Талцb (N=115) тобы — Плацебо (N=56) n (%) тобы
12-апта
sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (минимальды)c — 93 (81%) — 6 (11%)
sPGA 0 (жоқ) — 60 (52%) — 1 (2%)
PASI 75c — 102 (89%) — 14 (25%)
PASI 90 — 90 (78%) — 3 (5%)
PASI 100 — 57 (50%) — 1 (2%)
Цифрлық шкала бойынша қышуды бағалау (4 балл немесе одан көп жақсару)d — 59 (71%) — 8 (20%)
4-апта
sPGA 0 (жоқ) немесе 1 (минимальды) — 55 (48%) — 4 (7%)
PASI 75 — 62 (54%) — 5 (9%)
• Белгілеулер: n = тағайындалған препаратқа сәйкес қалыптастырылған іріктемедегі пациенттер саны; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• 0-аптада пациенттер 160 мг, 80 мг немесе 40 мг Талц, содан кейін әр 4 апта сайын 12 апта ішінде 80 мг, 40 мг немесе 20 мг (салмақ санатына байланысты) инъекция алды.
• Қайталама бағаланатын көрсеткіштер
• Бастапқы деңгейі 4 балл немесе одан жоғары пациенттерде сандық шкала бойынша қышуды бағалау (4 балл немесе одан да көп жақсару). Зерттеуге енгізілген пациенттердің саны, қышудың бастапқы көрсеткіші 4 балл және одан жоғары: Taлц тобы, n = 83; плацебо тобы, n = 40.
Псориаздық артрит
Талц препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен (ҚҚСП), кортикостероидтармен немесе аурудың ағымын модификациялайтын негізгі ревматизмге қарсы препараттармен емдеуге қарамастан салыстырусыз белсенді псориаздық артриті бар (кемінде 3 ісінген және кемінде 3 ауырсындыратын буындар) 18 жастағы және одан үлкен жастағы 679 ересек пациенттің қатысуымен жүргізілген 2 рандомизацияланған жасырын салыстырмалы плацебо-бақыланатын зерттеуде (PsA1 және PsA2) бағаланды. Осы екі зерттеуге қатысқан пациенттерге ПсА диагнозы зерттеу басталғанға дейін кемінде алты ай бұрын қойылды. Зерттеу басталған кезде пациенттердің 60% - ында энтезит, 23% - ында дактилит диагнозы қойылған. PsA2 зерттеуінде барлық пациенттерге клиникалық жауаптың немесе жақпаушылықтың жеткіліксіз болуына байланысты анти-ФНО-α препараттарымен бұрын тағайындалған емдеу тоқтатылды. Сонымен қатар, пациенттердің шамамен 47% екі зерттеуде бір мезгілде метотрексатты (МТ) қабылдады.
PsA1 (NCT 01695239) зерттеуіне бұрын биопрепараттармен ем алмаған 417 пациент қатысты, олар 0-аптада 160 мг Талц препаратын қабылдады, одан кейін әрбір 2 апта сайын (Q2W сызбасы) немесе 4 апта сайын (Q4W сызбасы) 80 мг, әрбір 2 апта сайын адалимумаб 40 мг немесе плацебо қабылдады. PsA2 (NCT 02349295) зерттеуіне бұрын анти-ФНО-α препараттарымен ем қабылдаған 363 пациент қатысты, олар 0-аптада 160 мг Талц препаратын қабылдады, кейіннен әрбір 2 немесе 4 апта сайын 80 мг немесе плацебо қабылдады. Плацебо қабылдаған пациенттер, содан кейін статусына байланысты 16 немесе 24-аптадан бастап Талц препаратын (әр 2 немесе 4 апта сайын 80 мг) қабылдаған топтарға қайта бөлінді. Негізгі бағаланатын параметр 24-аптада ACR20 клиникалық реакциясына қол жеткізген пациенттердің пайызы болды.
Клиникалық жауап
Екі зерттеуде де Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған пациенттерде плацебо қабылдаған топқа қарағанда 24-аптада ACR20, ACR50 және ACR70 қоса алғанда анағұрлым айқын клиникалық жауап байқалды (6-кесте). PsA2 зерттеуінде клиникалық жауап анти-ФНО-α препараттарын алдыңғы қолдануға қарамастан байқалды.
6-кесте: 12 және 24-аптадағы клиникалық жауапа; КЖЖb
PsA1 – анти-ФНО-α препараттарын қабылдамаған пациенттер — PsA2 – анти-ФНО-α препараттарын қабылдаған пациенттер
Талц Q4W сызбасы бойынша 80 мгс — Плацебо тобы (N=106) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%) — Талц Q4W сызбасы бойынша 80 мгс — Плацебо тобы (N=118) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%)
(N=107) — (N=122)
ACR20 клиникалық жауабы
12-апта (%) — 57 — 31 — 26 (13, 39) — 50 — 22 — 28 (16, 40)
24-апта (%) — 58 — 30 — 28 (15, 41) — 53 — 20 — 34 (22, 45)
ACR50 клиникалық жауабы
12-апта (%) — 34 — 5 — 29 (19, 39) — 31 — 3 — 28 (19, 37)
24-апта (%) — 40 — 15 — 25 (14, 37) — 35 — 5 — 30 (21, 40)
ACR70 клиникалық жауабы
12-апта (%) — 15 — 0 — 15 (8, 22) — 15 — 2 — 13 (6, 20)
24-апта (%) — 23 — 6 — 18 (9, 27) — 22 — 0 — 22 (15, 30)
• 16-аптаға қосымша ауырсынуды басатын ем критерийлеріне (буындардың ауыруы мен ісінуінің 20% - дан кем төмендеуі) сәйкес келген немесе 24-аптаға дейін жеткілікті деректер саны болмаған пациенттер 24-аптаға дейін емдеуге жауап бермейді деп есептелді.
• Белгілеулер: N = тағайындалған препаратқа сәйкес қалыптастырылған іріктемедегі пациенттер саны; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• 0 аптада пациенттер 160 мг Талц инъекциясын алды.
Тиісті келу кезінде ACR20 клиникалық жауабына қол жеткізген пациенттердің пайызы 1-суретте көрсетілген.
Клиникалық жауабы бар пациенттердің пайызыКлиникалық жауабы бар пациенттердің пайызыУақыт (апта)Уақыт (апта)Q4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцQ4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцПлацебоПлацебо
1-сурет: PsA1 зерттеуінің 24-аптасында ACR20а клиникалық жауабына қол жеткізген пациенттердің пайызы
a16-аптаға қосымша ауырсынуды басатын ем критерийлеріне (буындардың ауыруы мен ісінуінің 20% - дан кем төмендеуі) сәйкес келген немесе 24-аптаға дейін жеткілікті деректер саны болмаған пациенттер 24-аптаға дейін емдеуге жауап бермейді деп есептелді.
ACR клиникалық жауаптарының жақсаруы 7-кестеде көрсетілген.
7-кесте: 12 және 16-аптадағы ACR клиникалық жауабы көрсеткіштерінің өзгеруі.
PsA1 — PsA2
Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талца (N=107) — Плацебо тобы (N=106) — Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талца (N=122) — Плацебо тобы (N=118)
Ісінген буындар саны
Бастапқы мәні — 11,4 — 10,6 — 13,1 — 10,3
12-аптада орташа өзгеріс — -6,2 — -3,2 — -5,8 — -2,6
16-аптада орташа өзгеріс — -6,2 — -3,0 — -7,4 — -2,6
Ауыратын буындардың саны
Бастапқы мәні — 20,5 — 19,2 — 22,0 — 23,0
12-аптада орташа өзгеріс — -10,3 — -3,5 — -9,4 — -5,4
16-аптада орташа өзгеріс — -9,7 — -4,0 — -10,1 — -3,0
Пациенттің ауырсынуын бағалау
Бастапқы мәні — 60,1 — 58,5 — 63,9 — 63,9
12-аптада орташа өзгеріс — -26,6 — -9,1 — -29,8 — -11,9
16-аптада орташа өзгеріс — -26,1 — -10,6 — -30,1 — -12,3
Жалпы бағалау
Бастапқы мәні — 62,7 — 61,1 — 66,4 — 64,1
12-аптада орташа өзгеріс — -29,7 — -11,1 — -34,5 — -10,7
16-аптада орташа өзгеріс — -30,4 — -13,2 — -35,3 — -15,7
Жалпы бағалау
Бастапқы мәні — 57,6 — 55,9 — 60,3 — 58,9
12-аптада орташа өзгеріс — -34,0 — -16,6 — -34,4 — -15,9
16-аптада орташа өзгеріс — -35,5 — -16,5 — -32,9 — -9,7
Мүгедектік индексі (HAQ-DI)b
Бастапқы мәні — 1,2 — 1,2 — 1,2 — 1,2
12-аптада орташа өзгеріс — -0,4 — -0,1 — -0,4 — -0,1
16-аптада орташа өзгеріс — -0,4 — -0,1 — -0,5 — -0,1
СРА (мг/л)
Бастапқы мәні — 12,8 — 15,1 — 17,0 — 12,1
12-аптада орташа өзгеріс — -8,8 — -3,2 — -11,4 — -4,3
16-аптада орташа өзгеріс — -9,3 — -3,2 — -11,2 — -5,9
• 0 аптада пациенттер 160 мг Талц инъекциясын алды.
• Мүгедектік индексі денсаулықты бағалауға арналған сауалнама бойынша бағаланады: 0 = ең жақсы көрсеткіш, 3 = ең нашар. Индекс пациенттің келесі әрекеттерді орындау қабілетін өлшейді: киіну/өзін ретке келтіру, тұру, тамақтану, жүру, заттарға қолын созу, заттарды ұстау, гигиенаны сақтау және күнделікті белсенділік жасау.
Талц препаратымен емдеу бұрын дактилит немесе энтезит диагнозы қойылған пациенттерде дактилит және энтезит ағымының жақсаруын туындатты.
Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратымен емдеу ПсА бар пациенттерде терінің псориаздық зақымдану айқындылығының төмендеуін көрсетті.
Рентгенография көмегімен бағаланатын емдеуге клиникалық жауап
PsA1 зерттеуінде рентгенологиялық өзгерістер бағаланды. Құрылымдық зақымдану үдеуінің баяулауы рентгенологиялық тұрғыдан бағаланды және бастапқы деңгеймен салыстырғанда 16- аптаға дейін Шарп модификацияланған жалпы есебінің (mTSS) өзгеруі ретінде көрінді. Шарптың жалпы есебі псориаздық артритті бағалау үшін қолдың дистальдық фалангааралық буындарын (DIP) қосу арқылы өзгертілді.
16-аптада Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қолдану плацебоға қарағанда буындардың құрылымдық зақымдануының (mTSS) үдеуін едәуір баяулатты. mTSS бастапқы көрсеткішінен түзетілген орташа ауытқу Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препараты үшін 0,13 және плацебо үшін 0,36 құрады (плацебо минус Талц препаратының орташа мәндеріндегі айырмашылық: -0,23, СА 95%: (-0,42, -0,04)).
Функциялық статусы
12 және 24-аптада жүргізілген денсаулық жағдайы сауалнамасы және мүгедектік индексі (HAQ-DI) бойынша бағалау Талц препаратын қабылдаған пациенттерде плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда функциялық статусының анағұрлым айқын жақсарғанын көрсетеді. Екі зерттеуде де 12 және 24-аптада HAQ-DI бойынша бағалаудың жақсаруы бар пациенттердің үлесі (HAQ-DI көрсеткішінің ≥0,35-ке жақсаруы) плацебо қабылдаған топтарға қарағанда Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған топтарда жоғары болды.
Денсаулықтың басқа нәтижелері
Жалпы денсаулық жағдайы денсаулық туралы қысқаша сауалнама (SF-36) арқылы бағаланды. 12-аптада Талц препаратын қабылдаған пациенттерде PsA1 және PsA2 зерттеулерінде плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда бастапқы деңгеймен салыстырғанда SF-36 физикалық денсаулық индексінің (PCS) анағұрлым айқын өскені байқалды, алайда екі зерттеуде де SF-36 психикалық денсаулық индексінің (MCS) жоғарылауы жинақталмағанын көрсетті. 12-аптада физикалық функциялау, физикалық жай-күйге байланысты рөлдік функциялау көрсеткіштеріне, ауырсынудың қарқындылығына және жалпы денсаулыққа әсер ететін нақты дәлелдер алынды, бірақ эмоциялық жай-күйге, өміршеңдікке және психикалық денсаулығына байланысты әлеуметтік функциялау, рөлдік функциялау салаларында әсер болған жоқ.
Шорбуынданатын спондилоартрит
Талц препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жастан асқан, белсенді шорбуынданатын спондилитпен ауыратын 567 ересек пациенттің қатысуымен жүргізілген екі рандомизацияланған жасырын салыстырмалы плацебо-бақыланатын зерттеуде (AS1 және AS2) бағаланды. Барлық пациенттерде шорбуынданатын спондилоартриттің (BASDAI) ≥ 4 белсенділік индексі бойынша диагноз қойылған, стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен (ҚҚСП), кортикостероидтармен немесе аурудың ағымын модификациялайтын негізгі ревматизмге қарсы препараттармен (DMARD) емге жауап бермейтін аурудың белсенді түрі болды. Екі зерттеу басталған кезде орта есеппен 17 жастағы пациенттерде ШС симптомдары байқалды. Бастапқыда пациенттердің шамамен 32% аурудың ағымын модификациялайтын негізгі ревматизмге қарсы препараттарды қабылдады. AS2 зерттеуінде барлық пациенттерге клиникалық жауаптың немесе жақпаушылықтың жеткіліксіз болуына байланысты ІНФ тежегіштерімен бұрын тағайындалған 1 немесе 2 ем тоқтатылды.
AS1 зерттеуіне (NCT 02696785) бұрын биопрепараттармен ем алмаған 341 пациент қатысты. Пациенттер 0-аптада 80 мг немесе 160 мг Талц препаратын қабылдады, одан кейін әр 2 апта сайын (Q2W сызбасы) немесе 4 апта сайын (Q4W сызбасы) 80 мг, адалимумаб әр 2 апта сайын 40 мг немесе плацебо қабылдады. Плацебо қабылдаған пациенттер 16-аптада Талц препаратын (бастапқы дозасы 160 мг, содан кейін Q2W немесе Q4W сызбасы бойынша 80 мг) қабылдаған топтарға қайта бөлінді. Адалимумаб қабылдаған пациенттер 16-аптада Талц препаратын (бастапқы дозасы 160 мг, содан кейін Q2W немесе Q4W сызбасы бойынша 80 мг) қабылдаған топтарға қайта бөлінді. AS2 зерттеуіне (NCT 02696798) ІНФ тежегіштері бұрын тағайындалған 316 пациент қатысты (90% - да ІНФ тежегіштеріне клиникалық жауаптың болмауы, 10% - да ІНФ тежегіштерін жақпаушылық байқалған). Барлық пациенттер 0-аптада 80 мг немесе 160 мг Талц препаратын, содан кейін Q2W немесе Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын немесе плацебо қабылдады. Плацебо қабылдаған пациенттер 16-аптада Талц препаратын (бастапқы дозасы 160 мг, содан кейін Q2W немесе Q4W сызбасы бойынша 80 мг) қабылдаған топтарға қайта бөлінді. Екі зерттеуде де бағаланатын негізгі параметр 16-аптада Спондилоартриттерді зерттеу жөніндегі халықаралық қоғамның (ASAS40) бағалау шкаласы бойынша 40 балда емделуге клиникалық жауап тіркелген пациенттердің пайызы болды.
Клиникалық жауап
Екі зерттеуде де Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған пациенттерде 16-аптада плацебо қабылдаған топқа қарағанда ASAS40 және ASAS20 қоса алғанда анағұрлым айқын клиникалық жауап байқалды (8-кесте). Клиникалық жауап қатарлас емге қарамастан байқалды. AS2 зерттеуінде клиникалық жауап ІНФ тежегіштерін алдыңғы қолдануға қарамастан байқалды.
8-кесте: 16-аптадағы ASAS20 және ASAS40 клиникалық жауабы бар пациенттердің көрсеткіштері, КЖЖа,b
AS1 – бұрын биопрепараттармен ем алмағандар — AS2 – ІНФ тежегіштерін бұрын қабылдағандар
Талц 80 мг Q4Wс (N=81) — Плацебо тобы (N=87) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%) — Талц 80 мг Q4Wс (N=114) — Плацебо тобы (N=104) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%)
ASAS20d клиникалық жауабы, % — 64 — 40 — 24 (9, 39) — 48 — 30 — 18 (6, 31)
ASAS40d, e клиникалық жауабы, % — 48 — 18 — 30 (16, 43) — 25 — 13 — 13 (3, 23)
• Белгілеулер: N = тағайындалған препаратқа сәйкес қалыптастырылған іріктемедегі пациенттер саны; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• Деректері жоқ пациенттер «емдеуге клиникалық жауабы жоқ» санатына жатқызылды.
• 0-аптада пациенттер 80 немесе 160 мг Талц инъекциясын алды.
• ASAS20 клиникалық жауабы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 20% - ға жақсару және 4 көрсеткіштің 3 және одан да көп (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша) 4 балға (пациенттің жалпы жағдайы, арқаның ауырсынуы, функциялық мүмкіндіктері және қабыну) абсолютті жақсару және қалған көрсеткіштер бойынша 20% және одан да көп және 1 балға (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша) нашарлаудың болмауы ретінде айқындалады. ASAS40 клиникалық жауабы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 40% және одан жоғары жақсару және қалған көрсеткіштер бойынша нашарлау болмаған кезде 4 көрсеткіштің ішінен 3 және одан көп бастапқы деңгеймен салыстырғанда 2 балға және абсолютті жақсару ретінде айқындалады.
• Негізгі бағаланатын көрсеткіш.
AS1 зерттеуіне тиісті келу сәтінде ASAS40 клиникалық жауабына қол жеткізген пациенттердің пайызы 2-суретте көрсетілген.
Q4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцQ4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцУақыт (апта)Уақыт (апта)Клиникалық жауабы бар пациенттердің пайызыКлиникалық жауабы бар пациенттердің пайызыПлацебоПлацебо
2-сурет: 16-аптадағы ASAS40 клиникалық жауабы, КЖЖа
aДеректері жоқ пациенттер «емдеуге клиникалық жауабы жоқ» санатына жатқызылды.
ASAS40 клиникалық жауабының негізгі көрсеткіштері және ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштері бойынша жақсарулар 9-кестеде келтірілген.
9-кесте: ASAS шкаласы бойынша клиникалық жауаптың көрсеткіштері және 16-аптадағы ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштері а, b
AS1 – бұрын биопрепараттармен ем алмағандар — AS2 – ІНФ тежегіштерін бұрын қабылдағандар
Q4Wс сызбасы бойынша 80 мг Талц (N=81) — Плацебо тобы (N=87) — Q4Wс сызбасы бойынша 80 мг Талц (N=114) — Плацебо тобы (N=104)
ASAS шкаласы бойынша көрсеткіштер
Пациенттің жағдайын жалпы бағалау (0-10)
Бастапқы мәні — 6,9 — 7,1 — 8,0 — 7,8
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -2,5 — -1,4 — -2,4 — -0,7
Арқаның ауыруын жалпы бағалау (0-10)
Бастапқы мәні — 7,2 — 7,4 — 7,9 — 7,8
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -3,2 — -1,7 — -2,4 — -1,0
BASFI (0-10)
Бастапқы мәні — 6,1 — 6,4 — 7,4 — 7,0
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -2,4 — -1,2 — -1,7 — -0,6
Қабыну (0-10)d
Бастапқы мәні — 6,5 — 6,8 — 7,2 — 7,2
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -3,2 — -1,3 — -2,4 — -0,7
Ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштері
BASDAI көрсеткіші
Бастапқы мәні — 6,8 — 6,8 — 7,5 — 7,3
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -2,9 — -1,4 — -2,2 — -0,9
BASMI
Бастапқы мәні — 3,9 — 4,5 — 4,7 — 4,9
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -0,5 — -0,1 — -0,3 — -0,0
жсСРА (мг/л)
Бастапқы мәні — 12,2 — 16,0 — 20,2 — 16,0
Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс — -5,2 — 1,4 — -11,1 — 9,7
• Белгілеулер: АСDАЅ = шорбуынданатын спондилоартриттің белсенділігін бағалау шкаласы; BASDAI = шорбуынданатын спондилоартриттің белсенділігінің Бати индексі; BASFI = шорбуынданатын спондилоартриттің функциялық бұзылыстарының Бати индексі; BASMI = шорбуынданатын спондилоартриттің Бати метрологиялық индексі; жсСРА = жоғары сезімтал С-реактивті ақуыз.
• Орташа өзгерістер бастапқы мәнмен салыстырғанда 16-аптадағы ең кіші квадраттар әдісімен орташа өзгеріс ретінде есептеледі.
• 0-аптада пациенттер 80 немесе 160 мг Талц инъекциясын алды.
• Қабыну - бұл пациент қозғалуының шектелуін бағалаудың орташа мәні (BASDAI 5 және 6 сұрақтары).
Денсаулықтың басқа нәтижелері
Пациенттердің жалпы денсаулығы мен өмір сүру сапасы денсаулық жағдайы туралы қысқаша сауалнама (SF-36) арқылы бағаланды. 16-аптада AS1 және AS2 зерттеулерінде Талц препаратын қабылдаған пациенттерде физикалық денсаулық индексінің (PCS) SF-36, физикалық функциялау көрсеткіштерінің, физикалық жай-күйге байланысты рөлдік функциялау көрсеткіштерінің аса айқын жоғарылауы, ауырсыну қарқындылығының төмендеуі, өміршеңдіктің және жалпы денсаулық жағдайының жақсару байқалды, алайда психикалық денсаулық (MCS), әлеуметтік функциялаудың және эмоционалды жай-күйге байланысты рөлдік функциялау индексінің тұрақты жақсаруы көрсеткен жоқ.
Рентгенографиялық көріністері жоқ аксиальді спондилоартрит
Талц препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі кемінде 3 ай белсенді аксиальді спондилоартритпен ауыратын 18 және одан үлкен жастағы пациенттердің қатысуымен жүргізілген рандомизацияланған жасырын салыстырмалы 52 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде (nr-axSpA1) (NCT 02757352) бағаланды.
Зерттеуге қосу үшін пациенттерде қабынудың объективті белгілері байқалуы тиіс: С-реактивті ақуыздың (СРА) жоғары деңгейі (5 мг/л жоғары) және/немесе магнитті-резонанстық томографияда (МРТ) анықталатын сакроилеит, сондай-ақ құйымшақ-мықын жігінің құрылымдық зақымдануларының айқын рентгенологиялық айғақтарының болмауы. Пациенттерде шорбуынданатын спондилоартрит (BASDAI) кезінде аурудың белсенділігі индексінің мәні 4 балл және одан да көп, сондай-ақ 0-ден 10-ға дейінгі (NRS) сандық шкала бойынша арқаның ауыруы 4 және одан да көп балмен бағалаумен расталатын аурудың белсенді түрі байқалуы тиіс. Пациенттерде сондай-ақ кемінде екі ҚҚСП-ға клиникалық жауаптың болмауы немесе олардың жақпаушылығы байқалуы тиіс. Пациенттер плацебо немесе 0-аптада 80 мг немесе 160 мг Талц препаратын қабылдады, содан кейін әр 2 апта сайын 80 мг (Q2W сызбасы) немесе әр 4 апта сайын 80 мг (Q4W сызбасы) қабылдады. Қатарлас дәрілік препараттарды (ҚҚСП, кортикостероидтарды, анальгетиктерді, аурудың ағымын модификациялайтын негізгі ревматизмге қарсы препараттарды) қолданудың басталуы және/немесе дозасын түзету 16-аптадан бастап рұқсат етілді. 16-дан 44 аптаға дейін (сыналатынның қалауы бойынша) пациенттерге плацебо қолданбай Q2W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратымен емделуге көшуге рұқсат етілді.
Екі зерттеу басталған кезде nr-axSpA симптомдары орта есеппен 11 жастағы пациенттерде байқалды. Пациенттердің шамамен 39%-ы аурудың ағымын модификациялайтын негізгі ревматизмге қарсы препараттарды қабылдады.
Бағаланатын негізгі параметр 52-аптада Спондилоартриттерді зерттеу жөніндегі халықаралық қоғамның (ASAS40) бағалау шкаласы бойынша 40 балда емделуге клиникалық жауап тіркелген пациенттердің пайызы болды. Қосымша параметр ретінде 16-аптада ASAS40 клиникалық жауабына қол жеткізген пациенттердің пайызы бағаланды.
Клиникалық жауап
Q4W сызбасы бойынша 80 мг Талц препаратын қабылдаған топта 16 және 52-аптада ASAS40 клиникалық жауабы бар пациенттердің пайызы плацебо қабылдаған топқа қарағанда көп болды (10-кесте). ASAS және СРА шкаласы бойынша клиникалық жауапты бағалау көрсеткіштері 11-кестеде келтірілген.
10-кесте: 16 және 52-аптадағы ASAS40 клиникалық жауабы бар пациенттердің пайызы, КЖЖа,b
16-апта — 52-апта
Талц Q4Wc,d сызбасы бойынша 80 мг (N=96) — Плацебо тобы (N=105) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%) — Талц Q4Wc,d сызбасы бойынша 80 мг (N=96) — Плацебо тобы (N=105) — Плацебо тобымен айырмашылық (СА 95%)
ASAS40e клиникалық жауабы, % — 35,4 — 19,0 — 16,4 (4,2, 28,5) — 30,2 — 13,3 — 16,9 (5,6, 28,1)
• Белгілеулер: N = тағайындалған препаратқа сәйкес қалыптастырылған іріктемедегі пациенттер саны; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• Плацебо қолданбай Q2W сызбасы бойынша 80 мг Талцты емдеуді бастаған немесе бастапқы тағайындалған емді тоқтатқан және зерттеуде қалған пациенттер, сондай-ақ 16 немесе 52-апта ішінде деректері жоқ пациенттер «емдеуге клиникалық жауабы жоқ» санатына жатқызылды.
• 16-аптадан бастап 44-аптаға дейін сыналатындар «емдеуге клиникалық жауабы жоқ» санатына жатқызған пациенттерге қатарлас емге өзгерістер енгізуге және/немесе плацебо қолданбай Q2W сызбасы бойынша 80 мг Талцпен емдеуді бастауға мүмкіндік берілді.
• 0-аптада пациенттер 80 немесе 160 мг Талц инъекциясын алды.
• ASAS40 клиникалық жауабы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 40% және одан жоғары жақсару және қалған көрсеткіштер бойынша нашарлау болмаған кезде 4 көрсеткіштің ішінен 3 балға және одан көп бастапқы деңгеймен салыстырғанда 2 балға және абсолютті жақсару ретінде айқындалады.
ASAS40 клиникалық жауабының негізгі көрсеткіштері және ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштері бойынша 16- аптада жақсару 11-кестеде келтірілген.
11-кесте: ASAS шкаласы бойынша клиникалық жауап көрсеткіштері және 16-аптадағы ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштеріа
Q4Wb сызбасы бойынша 80 мг Талц (N=96) — Плацебо тобы (N=105)
ASAS шкаласы бойынша көрсеткіштер
Пациенттің жағдайын жалпы бағалау (0-10)
Бастапқы мәні — 7,1 — 7,4
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -2,3 — -1,3
Арқаның ауыруын жалпы бағалау (0-10)
Бастапқы мәні — 7,3 — 7,4
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -2,4 — -1,5
BASFI (0-10)
Бастапқы мәні — 6,4 — 6,7
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -2,0 — -1,3
Қабыну (0-10) d
Бастапқы мәні — 6,8 — 7,0
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -2,5 — -1,5
Ауру белсенділігінің басқа көрсеткіштері
BASDAI көрсеткіші (0-10)
Бастапқы мәні — 7,0 — 7,2
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -2,2 — -1,5
BASMI (0-10)
Бастапқы мәні — 3,2 — 3,2
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -0,4 — -0,2
жсСРА (мг/л)
Бастапқы мәні — 12,4 — 14,3
Бастапқы мәнінен орташа өзгерісс — -8,0 — -3,0
• Белгілеулер: BASDAI = шорбуынданатын спондилоартриттің Бат белсенділік индексі; BASFI = шорбуынданатын спондилоартриттің функциялық бұзылыстарының Бат индексі; BASMI = шорбуынданатын спондилоартриттің Бат метрологиялық индексі; жсСРА = жоғары сезімтал C-реактивті ақуыз; КЖЖ = емдеуге клиникалық жауабы жоқ пациенттер.
• 0-аптада пациенттер 80 немесе 160 мг Талц инъекциясын алды.
• Орташа өзгерістер топ бойынша қайталама өлшеулерді, МРТ/СРА скринингтік көрсеткіштерін, келу нөмірін, үздіксіз бастапқы мәнін, келудің емдеумен байланысын және үздіксіз бастапқы мәнінің келумен байланысын түзету үшін аралас модельді қолдана отырып, бастапқы мәнімен салыстырғанда 16-аптадағы ең кіші квадраттар әдісі бойынша орташа өзгеріс ретінде есептеледі.
• Қабыну - бұл пациент қозғалуының шектелуін бағалаудың орташа мәні (BASDAI сауалнамасындағы 5 және 6 сұрақтары).
Тиісті келу кезінде ASAS40 клиникалық жауабына қол жеткізген пациенттердің пайызы 3-суретте көрсетілген.
ПлацебоПлацебоQ4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцQ4W сызбасы бойынша 80 мг ТалцУақыт (апта)Уақыт (апта)Клиникалық жауабы бар пациенттердің пайызыКлиникалық жауабы бар пациенттердің пайызы
3-сурет: 16-аптадағы ASAS40 клиникалық жауабы, КЖЖа
aДеректері жоқ пациенттер «емдеуге клиникалық жауабы жоқ» санатына жатқызылды.
Денсаулық жағдайымен байланысты басқа нәтижелер
Пациенттердің жалпы денсаулығы мен өмір сүру сапасы денсаулық жағдайы туралы қысқаша сауалнама (SF-36) арқылы бағаланды. 16-аптада nr-axSpA зерттеуінде Талц 80 мг Q4W препаратын қабылдаған пациенттерде SF-36 физикалық денсаулық индексінің (PCS), физикалық және әлеуметтік функциялау көрсеткіштерінің жоғарылағаны, ауырсыну қарқындылығының төмендегені және өміршеңдіктің жақсарғаны байқалды, алайда психикалық денсаулық (MCS), физикалық және эмоционалды жай-күйге байланысты рөлдік функциялау, жалпы денсаулық, сондай-ақ психикалық денсаулық жағдайының индексі тұрақты жақсарғаны байқалмады.