Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Танакан® EGb 761
Әсер етуші зат
Гинкго билоба
Мақсаты
Егде жастағы адамдардағы когнитивті бұзылыстардың симптоматикалық емдеу кезінде расталған деменциясы, Паркинсон ауруы, шығу тегі ятрогендік немесе депрессияға немесе зат…
Өндіруші
Бофур Ипсен Индастри
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: құрамында 24 % гинкго гликозидтері және 6 % гинкголид-билобалидтар бар гинкго билоба стандартты экстрактісі (EGb 761) 40.00 мг,
қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты;
қабығының құрамы: макрогол 400, гипромелоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, кірпіш түстес қызыл қабықпен қапталған таблеткалар, сындырылған жері – сарғыш түсті. Өзіне тән иісі бар.
ДП ересектерге қолдануға арналған
- егде жастағы адамдардағы когнитивті бұзылыстардың симптоматикалық емдеу кезінде расталған деменциясы, Паркинсон ауруы, шығу тегі ятрогендік немесе депрессияға немесе зат алмасудың бұзылуына қатысты салдарлы когнитивті бұзылыстары бар пациенттерді қоспағанда.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Күніне тамақтану кезінде 1 таблеткадан 3 рет, ½ стақан сумен ішу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін құрайды.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі (мәліметтердің жоқтығына байланысты)
- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Жиі
- аса жоғары сезімталдық
- диспноэ
- бас айналуы
- бас ауыруы
- естен тану
- іштің ауыруы
- диарея
- диспепсия
- жүрек айнуы
- экзема
- қышыну
Жиі емес
- есекжем
- бөртпе
Сирек
- ангиоэдема (Квинке ісінуі)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей байланысу керек
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық Орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
"ИПСЕН ФАРМА КАЗАХСТАН" (IPSEN PHARMA KAZAKHSTAN) ЖШС
pharmacovigilance.kazakhstan@ipsen.com
Препаратпен артық дозалану жағдайы белгісіз.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін анықтау үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады
Патологиялық қанағыштыққа бейімділіктің жоғарылауы (геморрагиялық диатез) бар және қатарлас антикоагулянттық және тромбоцитке қарсы ем қабылдап жүрген пациенттерде Танакан® EGb761 препаратын тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.
Құрамында гинкго бар препараттар, қан кетулерге сезімталдықты арттыруы мүмкін. Сондықтан, сақтық шарасы ретінде, Танакан® EGb761 қабылдауды жоспарлы операцияға дейін 3-4 апта бұрын тоқтату керек.
Эпилепсиясы бар пациенттерде Гинкго билоба препараттарын қабылдау түрткі болатын жаңа ұстамалардың пайда болуын жоққа шығаруға болмайды.
Құрамында Гинкго билоба және эфавиренз бар препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Бұл дәрілік препараттың құрамында лактоза бар. Ол туа біткен галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүктілік
Гинкго билоба экстрактілері тромбоциттердің агрегацияға қабілеттілігін төмендетуі мүмкін, соның нәтижесінде қан кетуге үрдіс артуы мүмкін. Қолда бар мәліметтер ұрпақ өрбітудегі уыттылығына қатысты жеткіліксіз. Препаратты жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді.
Емшек емізу
Гинкго билоба немесе оның метаболиттері адам сүтімен экскрецияланатын-экскрецияланбайтындығы белгісіз. Мәліметтер жеткілікті болмағандықтан, препаратты бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Құрамында Гинкго билоба бар препараттарды антикоагулянттармен (мысалы, фенпрокумон және варфарин) немесе тромбоцитке қарсы препараттармен (мысалы, клопидогрель, ацетилсалицил қышқылы және басқа, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) бір мезгілде қолдану аталған препараттардың әсеріне ықпал етуі мүмкін.
Варфаринмен жүргізілген зерттеулер варфарин мен құрамында Гинкго билоба бар препараттар арасындағы өзара әрекеттестікті көрсетпейді, бірақ, құрамында гинкго бар препаратпен емдеу басталған кезде, Гинкго билоба препаратының дозасын өзгерткен кезде, гинкго препаратын қабылдауды тоқтатқан кезде немесе бір Гинкго билоба препаратын басқасымен алмастырған кезде талапқа сай мониторинг жүргізу ұсынылады.
Талинололмен өзара әрекеттесуін зерттеулер, Гинкго билоба ішек деңгейінде P-гликопротеинді тежеуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл Р-гликопротеин ішекте елеулі әсер ететін препараттардың (мысалы, дабигатран этексилатының) экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Гинкго билоба және дабигатран препараттарын бірге қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.
Өзара әрекеттесуіне жүргізілген бір зерттеу, Гинкго билоба нифедипиннің Cmax артуына әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Кейбір пациенттерде 100 %-ға артқаны байқалған, бұл бас айналуына және қан кернеулер ауырлығының күшеюіне алып келген.
Гинкго билоба препараттары мен эфавирензді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды; CYP3A4 индукциясына байланысты, эфавиренздің плазмадағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.