Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
5 мг
Саудалық атауы
Танелеб
Әсер етуші зат
Небиволол
Мақсаты
Артериялық гипертензия: эссенциялық артериялық гипертензияны емдеу
Өндіруші
PharmaPath S.A.
Ел
Греция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5.45 мг небиволол гидрохлориді (5.00 мг небивололға баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон А типі, полоксамер 188, повидон K-30, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында айқаспалы сызығы бар ақ түсті таблеткалар.
Артериялық гипертензия
- эссенциялық артериялық гипертензияны емдеу
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ)
- ≥ 70 жастағы егде пациенттерде стандартты емдеу әдістеріне толықтыру ретінде ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу.
Әсер ету механизмі
Небиволол екі энантиомердің: SRRR-небиволол (немесе D-небиволол) мен RSSS-небиволол (немесе L-небиволол) қоспасы түрінде болады: Ол екі фармакологиялық әсерді біріктіреді:
- 1-адренорецепторлардың бәсекелес және селективті блокаторы болып табылады: бұл әсер SRRR-энантиомер (D-энантиомер) есебінен жүреді;
- L-аргинин/азот тотығымен алмасуға түсу нәтижесінде жеңіл вазодилатациялайтын қасиеттері бар.
Небивололды бір рет және қайталап қабылдағанда қан қысымы қалыпты пациенттерде де, артериялық гипертензиядан зардап шегетін пациенттерде де тыныш және жүктемелі күйде жүректің жиырылу жиілігі мен қан қысымы төмендейді. Ұзақ уақыт емделгенде гипотензиялық әсер сақталады.
Емдік дозаларда α-адренергиялық антагонизм туындамайды.
Небивололмен қысқа мерзімді және ұзақ уақыт емделу кезінде артериялық гипертензия бар пациенттерде жүйелі тамыр кедергісі төмендейді. Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуіне қарамастан, тыныш және жүктемелі күйдегі жүрек лықсуының азаюы соғу көлемінің жоғарылауы себепті шектелген. Осы гемодинамикалық өзгешеліктерінің клиникалық мәні, -адренорецепторлардың басқа блокаторларымен салыстырғанда, әлі күнге дейін толық анықталмады.
Гипертензия бар пациенттерде небиволол азот монооксиді арқылы тамырлардың ацетилхолинге реакциясын арттырады; эндотелий дисфункциясы бар пациенттерде осы реакция төмендеген.
Сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының (СҚЛФ) төмендеуімен немесе онсыз (СҚЛФ орташа көрсеткіші 36 ± 12.3% келесі таралуымен: пациенттердің 56%-да СҚЛФ 35%-дан аз, пациенттердің 25%-да СҚЛФ 35%-45%, пациенттердің 19%-да СҚЛФ 45%- дан жоғары) жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген ≥ 70 жастағы (орта жасы 75.2 жас) 2128 пациент қатысқан өлімге ұшырау – ауруға шалдығу көрсеткішінің плацебо-бақыланатын зерттеулері, орта есеппен, 20 айға созылды, стандартты емге қосымша ретіндегі небиволол жүрек-қантамыр патологиясы себебінен болатын өлім немесе ауруханаға түсу алдындағы уақытты едәуір ұзартты (бастапқы тиімділіктің соңғы нүктесі): Салыстырмалы қауіп азаюы 14% құрады (абсолютті азаю: 4.2%). Қауіптің бұл азаюы 6 айлық емдеуден кейін көрініс берді және оның бүкіл кезеңінде сол күйінде қалды (орташа ұзақтығы: 18 ай). Небиволол әсері зерттеуге қатысушылардың жасына, жынысына немесе сол жақ қарыншадан айдау фракциясының көрсеткішіне байланысты болмады. Небивололдың, плацебомен салыстырғанда, кез келген себептерден болатын өлімнің алдын алуға қатысты пайдасы статистикалық маңызды болмады (абсолютті төмендеу: 2.3%).
Небиволол қабылдаған пациенттерде кенеттен болатын өлім жағдайлары жиілігінің төмендеуі анықталды (6.6%-бен салыстырғанда 4.1%, салыстырмалы төмендеуі 38%).
Жануарларда жүргізілген in-vitro және in-vivo зерттеулері небивололдың өзіндік симпатомиметикалық белсенділігі жоқ екенін көрсетті.
Жануарларға жасалған in-vitro және in-vivo тәжірибелері фармакологиялық дозаларда небивололдың жарғақшаларға тұрақтандырғыш әсер етпейтінін көрсетті.
Дені сау тұлғаларда небиволол ең жоғары физикалық жүктеменің көтерімділігіне немесе төзімділікке айтарлықтай әсерін көрсетпейді.
Дозалау режимі
Артериялық гипертензия
Доза тәулігіне 1 таблетка (5 мг небиволол) құрайды; оны үнемі тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдаған дұрыс.
Гипотензиялық әсері 1-2 апта емделуден кейін көрініс береді. Кейде оңтайлы әсеріне 4 апта өткен соң ғана жетеді.
Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілім:
-адренорецепторлар блокаторларын монотерапия үшін де, басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде де қолдануға болады. Бүгінгі таңда қосымша гипотензиялық әсері тек 5 мг небивололды 12.5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімде ғана байқалды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қатысты шектеулі ғана деректер саны бар. Сол себепті препаратты осындай пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Алайда, препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз екенін ескеріп, ол осы пациенттерге тағайындалғанда сақ болу және мұқият бақылау талап етіледі.
Балалар және жасөспірімдер
Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде небивололды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Сол себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі
Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу жеке оңтайлы демеуші дозаға жетуге дейін дозаны біртіндеп арттырудан басталуы тиіс.
Осындай пациенттерге препарат, егер оларда соңғы 6 апта ішінде оның жедел декомпенсация көріністерінсіз жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі орын алған жағдайда, тағайындалады.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуі тиіс.
Диуретиктер және/немесе дигоксин және/немесе АӨФ тежегіштері және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қоса, басқа жүрек-қантамыр препараттарын қабылдап жүрген пациенттерде препаратпен емдеуді бастар алдында осы дәрі-дәрмектердің соңғы 2 апта ішінде таңдалған дозасы тұрақты болуы тиіс.
Дозаны бастапқы арттыру осы бірден екі аптаға дейінгі аралықты сақтай отырып және пациентке осы дозаның жағымдылығын бағдарға алып, келесі сызба бойынша жүзеге асу керек: тәулігіне бір рет 1.25 мг небивололды тәулігіне бір рет 2.5 мг дейін, одан соң - тәулігіне бір рет 5 мг дейін, ал артынан тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады.
Ең жоғары ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг небивололды құрайды.
Емдеудің басында және дозаны әрбір арттыру кезінде пациент клиникалық жағдайдың тұрақты күйде қалғанына (әсіресе, артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі, өткізгіштік бұзылуы, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің ауырлап кету симптомдары тұрғысынан) көз жеткізу үшін, кем дегенде, 2 сағат тәжірибелі дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.
Жағымсыз реакциялардың пайда болуы пациенттердің бәрін бірдей ұсынылған ең жоғары дозалармен емдеу мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін. Қажет болса, қол жеткізілген дозаны сатылы түрде қайта азайтуға немесе тиісінше оған қайта оралуға болады.
Жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде немесе титрлеу фазасындағы препараттың жақпаушылығында, небиволол дозасын басында төмендетуге немесе қажет болса (ауыр гипотензия пайда болса, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде, кардиогенді шок, симптоматикалық брадикардия немесе АВ-блокада дамуында), оны дереу тоқтатуға кеңес беріледі.
Әдетте, жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін небивололмен емдеу ұзақ мерзімді болады.
Бұл жүрек жеткіліксіздігінің уақытша өршуіне әкелуі мүмкін екендіктен, небивололмен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды. Егер препаратты тоқтату қажет болса, дозаны бір апта аралықпен екі есе азайта отырып, оны сатылы төмендету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны ең жоғары жағымды дозаға дейін титрлеу жеке жүргізілетіндіктен, оны ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бүйрек жеткіліксіздігі кезінде түзету қажет емес.
Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (сарысу креатинині ≥ 250 мкмоль/л) пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы пациенттерде небивололды қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға қатысты шектеулі ғана деректер бар. Сол себепті осындай пациенттерде небиволол қолдану қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны ең жоғары жағымды дозаға дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны түзету қажет емес.
Балалар және жасөспірімдер
Небивололды балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Сол себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды ас ішумен бірге қабылдауға болады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім
Егер препаратты тоқтату қажет болса, дозаны апта ішінде оны жартылай азайта отырып, сатылы төмендету керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы препаратты қолданумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге хабарласу керек.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы
- жүректің жедел жеткіліксіздігі, кардиогенді шок немесе инотропты әсері бар препараттарды вена ішіне енгізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңдері
- «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері» бөлімінде сипатталған біріктірілімдер
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
- 18 жасқа дейінгі балалар
Бұдан бөлек, басқа да -адреноблокаторлар сияқты, небиволол қарсы көрсетілімді:
- синоатриальді блокаданы қоса, синустық түйін әлсіздігі синдромында (sick-sinus-syndrom)
- II және III дәрежедегі АВ-блокадасында (кардиостимуляторсыз)
- анамнездегі бронх түйілуі мен бронх демікпесінде
- емделмеген феохромоцитомада
- метаболизмдік ацидозда
- брадикардияда (емдеу басталуына дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60-тан төмен)
- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм сын. бағ. аз)
- шеткері қан айналымының ауыр бұзылуларында.
Артериялық гипертензия
Жиі
- бас ауыру, бас айналу, парестезия,
- тыныс тарылуы
- іш қату, жүрек айну, диарея
- шаршау сезімі, ісінулер
Жиі емес
- қорқынышты түстер көру, депрессия
- көру бұзылулары
- брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі
- атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы / АВ-блокада
- гипотензия, мезгіл-мезгіл ақсаңдаудың өршуі
- бронх түйілуі
- ас қорытудың бұзылуы, метеоризм, құсу
- қышыну, эритематозды сипаттағы тері бөртпесі
- импотенция
Өте сирек
- естен тану
- псориаз өршуі
Белгісіз
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- есекжем
Бұдан бөлек, кейбір -адреноблокаторлар тудырған келесі жағымсыз әсерлер мәлімделді: елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, аяқ-қол мұздауы/цианоз, Рейно синдромы, көздің құрғап кетуі және практолол типті окуло-мукокутанды уыттылық.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі
Небиволол қабылдаған пациенттер ең жиі хабарлаған жағымсыз реакциялар брадикардия мен бас айналу болды. Препаратты қолданумен болжамды байланысты және жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуге тән және маңызды болып қарастырылатын келесі жағымсыз реакциялар хабарланды:
- жүрек жеткіліксіздігінің өршуі
- ортостаздық гипотензия
- дәрілік заттың жақпаушылығы
- І дәрежелі АВ-блокада
- аяқтың ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Небивололдың артық дозалануына қатысты деректер жоқ.
Симптомдары
-адреноблокаторлардың артық дозалану симптомдары: брадикардия, артериялық гипотония, бронх түйілуі және жүректің жедел жеткіліксіздігі болып табылады.
Емдеу
Артық дозалану немесе аса жоғары сезімталдық реакциясы дамыған жағдайда пациентті тұрақты қадағалау және қарқынды ем бөлімшесі жағдайларында емдеу қамтамасыз етілу керек. Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау ұсынылады. Асқазан-ішек жолында әлі болатын әсер етуші заттың сіңуін асқазанды шаю, белсендірілген көмір мен іш жүргізетін дәрілерді тағайындау арқылы бөгеуге болады. Өкпені жасанды желдету керек болуы мүмкін. Брадикардияны немесе жоғары ваготонияны қайтару үшін атропин немесе метилатропин енгізу ұсынылады. Гипотония мен шок емдеуін плазма/плазма алмастырғыштар, әрі қажет болса, катехоламиндер көмегімен жүргізу керек.
Бета-бөгеу әсерін күтілетін әсеріне жеткенше шамамен 5 мкг/мин дозадан бастап изопреналин гидрохлоридін немесе 2.5 мкг/мин дозадан бастап добутаминді вена ішіне баяу енгізумен басуға болады. Төзімділік жағдайларында изопреналинді допаминмен біріктіруге болады. Егер осы шара күтілген әсерге әкелмесе, 50-100 мкг/кг есебімен в\і глюкагон енгізуге болады. Қажет болса, инъекцияны бір сағат ішінде қайталап, ал артынан – егер керек болса, 70 мкг/кг/сағат есебінен глюкагонның в/і инфузиясын жасаған жөн. Қатерлі жағдайларда – емге төзімді брадикардияда жасанды ырғақ жетектегішін қолдануға болады.
«Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімін де қараңыз.
-адреноблокаторлар үшін келесі сақтандырулар мен алдын ала сақтану шаралары ортақ болып табылады.
Анестезия
-адренорецепторлар блокадасы наркозға енгізу және интубация кезінде жүрек ырғағының бұзылу қаупін азайтады. Егер хирургиялық араласуға даярлық кезінде -адренорецепторлар блокадасын тоқтату қажет болса, -адреноблокаторларды осыған дейін, кем дегенде, 24 сағат бұрын тоқтату керек.
Миокард бәсеңдеуін туындататын белгілі бір анестетиктерді абайлап қолдану керек. Атропинді вена ішіне енгізу арқылы пациентте вагустық реакциялардың пайда болуынан сақтануға болады.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Әдетте, -адреноблокаторлар жүрек жеткіліксіздігі емделмеген пациенттерге олардың жай-күйі тұрақталатын сәтке дейін тағайындалмайды.
Жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегіп жүрген пациенттерде -адреноблокаторлармен емді біртіндеп, яғни 1-2 апта ішінде тоқтату керек. Қажет болса – стенокардия өршуін бөгеу үшін – орын басушы препараттармен емдеуді бір мезгілде бастауға кеңес беріледі.
-адренорецепторлар блокаторлары брадикардияны тудыруы мүмкін. Егер тыныш күйдегі тамыр соғуы минутына 50-55 рет соғудан төмен мәндерге дейін төмендесе және/немесе пациентте брадикардияны көрсететін симптомдар дамыса, дозаны азайту керек.
-адренорецепторлар блокаторларын сақтықпен қолдану керек:
- осы аурулардың өршуі басталуы мүмкін екендіктен, шеткері қан айналымының бұзылулары (Рейно ауруы немесе Рейно синдромы, мезгіл-мезгіл ақсаңдау) бар пациенттерде
- -адреноблокаторлардың өткізгіштікке теріс әсер етуіне байланысты I дәрежелі АВ-блокада бар пациенттерде;
- -адренорецепторлар белсенділенуі себеп болатын коронарлық артериялар вазоконстрикциясына орай, Принцметалл стенокардиясы бар пациенттерде: -адренорецепторлар блокаторлары стенокардия ұстамаларының жиілігі мен ұзақтығын арттыруы мүмкін.
Небивололдың верапамил және дилтиазем типті кальций антагонистерімен, I топтағы аритмияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ орталық әсер ететін гипотензиялық препараттармен біріктірілімі негізінен ұсынылмайды.
небиволол
Зат алмасу және эндокриндік жүйе
Небиволол қант диабеті бар пациенттерде глюкоза деңгейіне әсер етпейді. Осыған қарамастан, аталған жағдайда небиволол гипогликемияның белгілі бір симптомдарын (тахикардия, жүрек қағу) бүркемелеуі мүмкін екендіктен, сақтық шарасын қадағалау қажет.
Бета-адреноблокаторлар сульфонилмочевина туындыларымен бір мезгілде қолданғанда ауыр гипогликемия қаупін одан әрі арттыруы мүмкін. Қант диабетімен ауыратын пациенттерге қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауға кеңес беру керек.
Тыныс жолдары
Тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары бар пациенттерде тыныс жолдарының констрикциясын күшейтуі мүмкін екендіктен -адреноблокаторларды абайлап қолдану керек.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты қабылдамас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Егер сізде келесі жағдайлардың бірі болса немесе дамып жатса, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз:
- егер сіз қант диабетінен зардап шегіп жүрсеңіз, небиволол қандағы қант деңгейінің төмендеуі (гипогликемия) симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және кейбір сульфонилмочевина туындылары бар диабетке қарсы препараттармен (мысалы, гликидон, гликлазид, глибенкламид, глипизид, глимепирид немесе толбутамид) бір мезгілде қолданғанда ауыр гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін.
Басқа препараттар және небиволол
Егер сіз небивололмен бірге төменде көрсетілген дәрілердің қандай да бірін қабылдап жатсаңыз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз:
- инсулин немесе диабетке қарсы пероральді препараттар сияқты қант диабетіне қарсы препараттар
Басқалары
Анамнезінде псориаз бар пациенттерге -адреноблокаторларды жағдайды мұқият бағалаудан кейін тағайындау керек.
-адренорецепторлар блокаторлары аллергендерге сезімталдықты және анафилаксиялық реакциялар ауырлығының дәрежесін арттыруы мүмкін.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін небивололмен емдеудің басында пациентті жүйелі қадағалау талап етіледі. Емдеуді тегеурінді қажеттіліксіз күрт тоқтатуға болмайды.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Препарат құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану
Небивололдың жүктілікке және/немесе шаранаға әрі жаңа туған нәрестеге теріс ықпал етуі мүмкін фармакологиялық әсерлері бар. Жалпы алғанда, -адреноблокаторлар шарана өсуінің баяулауы, жатырішілік өлім, түсік тастау және мерзімінен бұрын келетін толғақ байланысты болатын плацентадағы қан ағымын азайтады. Шарана мен жаңа туған нәрестеде, мысалы, гипогликемия және брадикардия сияқты жағымсыз құбылыстар орын алуы мүмкін. Егер -адреноблокаторлармен емдеу қажет болса, онда 1-селективті -адреноблокаторларға таңдау жасаған жөн.
Небивололды жүктілік кезінде оның тегеурінді қажеттілігі болса ғана қолдану керек. Егер небивололмен емдеу қажет болса, жатыр-плаценталық қан ағымын және шарананың өсуін қадағалап отыру керек. Жүктілікке немесе шаранаға зиянды әсер анықталғанда баламалы препараттармен емдеу мәселесін қарастыру қажет. Жаңа туған нәрестелерді мұқият бақылауға алу керек. Гипогликемия мен брадикардия сияқты симптомдардың пайда болуын көптеген жағдайда алғашқы 3 күн ішінде күтуге болады.
Небиволол жануарларда емшек сүтіне өтеді. Осы үдерістің адамда орын алу-алмауы белгісіз. -адренорецепторлар блокаторларының көпшілігі, әсіресе, небиволол және оның белсенді метаболиттері сияқты липофильді қосылыстар, әртүрлі дәрежеде болса да, емшек сүтіне өтеді. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қаупі жоққа шығарылмайды. Сондықтан небиволол қабылдап жүрген пациент әйелдер бала емізбеуі тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Небивололдың көлік құралдарын басқару және механизмдер қызметін көрсету қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеді. Небиволол психомоторлық функцияға ықпалын тигізбейді. Көлік құралдарын басқару немесе механизмдер қызметін көрсету кезінде кейде бас айналу және шаршау сезімі орын алу мүмкін екенін ескеру керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі
-адреноблокаторлар үшін келесі өзара әрекеттесулер ортақ болып саналады.
Небивололды келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
I топтағы аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері және теріс инотропты әсері күшеюі мүмкін.
Верапамил / дилтиазем типті кальций антагонистері: жиырылуға және атриовентрикулярлық өткізгіштікке теріс әсері -адреноблокаторлар қабылдап жүрген пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу айқын артериялық гипотонияға және АВ-блокадасына әкелуі мүмкін.
Орталық әсер ететін гипотензиялық препараттар (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдофа, рилменидин): орталықтан әсер ететін гипотензиялық препараттармен бір мезгілде қолдану – орталық сипаттағы симпатикалық жүйке жүйесі тонусының төмендеуі салдарынан (жүректің жиырылу жиілігінің және соғу көлемінің азаюы, вазодилатация) – жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне әкелуі мүмкін; күрт тоқтатқанда, атап айтқанда, -адреноблокаторлармен емді аяқтау алдында артериялық қысымның жоғарылау ықтималдығы артуы мүмкін (тоқтату синдромы).
Небивололды келесі препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде айрықша сақтану талап етіледі
III топтағы аритмияға қарсы препараттар (амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері күшеюі мүмкін.
Галогенделген ұшпалы анестетиктер: -адреноблокаторлар мен анестетиктерді бір мезгілде қолдану рефлекторлық тахикардияны бәсеңдетуі және гипотония қаупін арттыруы мүмкін; -адреноблокаторлармен емдеуді күрт тоқтатудан үнемі сақтану керек; егер пациент небиволол қабылдап жүрсе, бұл жөнінде анестезиологқа мәлімдеу керек.
небиволол
Инсулин және диабетке қарсы пероральді дәрілер: небиволол глюкоза деңгейіне әсер етпесе де, алайда бір мезгілде қолданғанда ол гипогликемияның белгілі бір симптомдарын (жүрек қағу, тахикардия) бүркемелеуі мүмкін.
Бета-адреноблокаторларды сульфонилмочевина туындыларымен бір мезгілде қолдану ауыр гипогликемияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Баклофен (түйілуге қарсы миорелаксант), амифостин (ісікке қарсы препараттармен ем кезіндегі қосымша дәрілік зат): гипотензиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның түсіп кету ықтималдығы артуы мүмкін; сондықтан гипотензиялық препараттар дозасын тиісті үлгіде түзету қажет.
Небивололды келесі препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде мыналарды ескеру қажет
Оймақгүл тобының гликозидтері: бір мезгілде қолданғанда атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы мүмкін; алайда небивололға клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде осы өзара әрекеттесу белгілері анықталмаған; небиволол дигоксин кинетикасына ықпал етпейді.
Дигидропиридин типті кальций антагонистері (амлодипин, фелодипин, лакидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин сияқты): бір мезгілде қолдану гипотония қаупін арттыруы мүмкін; жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттерде қарыншалардың сорғы функциясының әрі қарай нашарлау қаупінің артуын жоққа шығаруға болмайды.
Психозға қарсы, депрессияға қарсы препараттар (үш циклды антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындысы): бір мезгілде қолданғанда -адреноблокаторлардың гипотензиялық әсері әсерлерінің қосылу қағидасы бойынша күшеюі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): небивололдың гипотензиялық әсеріне ықпал етпейді.
Симпатомиметиктер: бір мезгілде қолданғанда -адреноблокаторларға қарама-қайшы әсер етуі мүмкін. -адренергиялық әсері бар препараттар әрі -, әрі -адренергиялық әсерлері бар симпатомиметиктердің кедергісіз -адренергиялық белсенділігіне әкелуі мүмкін (артериялық гипертонияның, ауыр брадикардияның және жүрек блокадасының даму қауіптілігі).
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері
Небиволол метаболизмі үдерісіне CYP2D6 изоферменті қатысатындықтан, осы ферментті тежейтін препараттарды, атап айтқанда, пароксетин, флуоксетин, тиоридазин мен хинидинді бір мезгілде қолдану плазмадағы небиволол деңгейін жоғарылатады, әрі осылайша, айқын брадикардия және басқа жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін арттырады.
Циметидин бір мезгілде тағайындалғанда плазмадағы небиволол деңгейі жоғарылаған, алайда, клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз.
Ранитидинді бір мезгілде қолдану небиволол фармакокинетикасына ықпалын тигізбеді.
Небиволол ас ішу кезінде қабылданған, ал антацидті дәрі тамақтанулар арасында қабылданған жағдайда екі препаратты да бірге тағайындауға болады.
Небивололдың никардипинмен біріктірілімінде плазмада клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз екі субстанцияның да деңгейлері сәл жоғарылады.
Алкоголь, фуросемид немесе гидрохлортиазидті бір мезгілде қабылдау небиволол фармакокинетикасына ықпалын тигізбеді.
Небиволол варфарин фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер етпейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.