Осельтамивир фосфаты белсенді метаболит - осельтамивир карбоксилатының ізашар дәрісі болып табылады. Белсенді метаболит вирион беткейінде орналасқан гликопротеидтер болып табылатын тұмау вирусының нейраминидаза ферменттерінің селективті тежегіші болып табылады. Нейраминидаза вирустық ферментінің белсенділігі вируспен жұқтырылмаған жасушаларға енуі үшін де, вирус жұқтырған жасушалардан жаңадан пайда болған вирус бөлшектерін шығару үшін де, вирустың организмге одан әрі таралуы үшін де маңызды.
Осельтамивир карбоксилаты in vitro А және В тұмау вирусының нейраминидазаларын тежейді. Осельтамивир фосфаты тұмау вирусын және оның репликациясын in vitro тежейді. Осельтамивирді пероральді қабылдау адам тәулігіне 2 рет 75 мг қабылдағанға ұқсас дозаларда жануарларға тұмау модельдерін сынауда A және B тұмау вирусының репликациясы мен патогенділігін in vivo тежейді.
Осельтамивирдің А және В тұмауына қарсы вирусқа қарсы белсенділігі дені сау еріктілерде жүргізілген эксперименттік зерттеулермен расталды.
А тұмауы вирустарының клиникалық изоляттарының нейраминидаза ферменті үшін осельтамивирдің жартылай ең жоғары тежелу концентрациясының (IC50) мәндері 0,1-1,3 нмоль, ал В тұмауы вирустары үшін 2,6 нмоль ауқымында ауытқиды. Жарияланған зерттеулердің деректерінде медианасы 8,5 нмоль болатын В тұмауы вирустары үшін IC50 жоғары мәндерін атап өтті.
Клиникалық зерттеулер
Тұмау вирусынан туындаған инфекцияны емдеу
Бұл көрсетілім А тұмауы басым болған тұмаудың табиғи жағдайларын клиникалық зерттеулерге негізделген.
Осельтамивир тек тұмау вирусынан туындаған ауруларға қарсы тиімді. Осыған байланысты статистикалық талдау тек тұмаумен ауыратын субъектілер үшін берілген. Тұмау бойынша оң, сондай-ақ теріс субъектілерді (ITT) қамтыған, емдеуді зерттеудің біріккен популяциясында бастапқы тиімділік тұмау бойынша теріс адамдар санына пропорционалды түрде төмендеді. Жалпы емдеу популяциясында тұмау инфекциясы қабылданған пациенттердің 67% -ында (46% - дан 74% - ға дейінгі ауқымда) расталды. Егде жастағы адамдардың 64% - ы тұмау бойынша оң, ал созылмалы жүрек және/немесе респираторлық ауруларына шалдыққан адамдардың 62% - ы тұмау бойынша оң болды. III кезеңді емдеудің барлық зерттеулерінде пациенттер тұмау жергілікті қоғамдастықта таралатын кезеңде ғана қабылданды.
Ересектер мен 13 жастағы және одан асқан жасөспірімдер
Ересектер мен 13 жастағы және одан асқан жасөспірімдер: пациенттер 36 сағат ішінде симптомдардың пайда болуы туралы хабарласа, кем дегенде бір респираторлық симптоммен (жөтел, назальді симптомдар немесе тамақтың ауыруы) және кем дегенде бір жүйелік симптоммен (миалгия, қалтырау/терлеу, дімкәстану, шаршау немесе бас ауыруы) қатар жүретін температурасы ≥ 37,8°C болса, онда олар зерттеуге қатыса алды. 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг дозада осельтамивирмен тұмауды емдеу бойынша зерттеуге енгізілген тұмау вирусына (n = 2413) оң нәтижесі бар барлық ересектер мен жасөспірімдердің біріккен талдауында плацебо тобымен салыстырғанда тұмаудың орташа ұзақтығының 5,2 күннен (95% сенімді аралық (СА) 4,9–5,5 күн) 4,2 күнге дейін (95% СА 4,0-4,4 күн; p ≤ 0,0001) бір күнге төмендеуі байқалды.
Антибиотиктермен емдеуді қажет ететін төменгі тыныс алу жолдарының тарапынан асқынулар (негізінен бронхит) тіркелген пациенттердің үлесі плацебо тобындағы 12,7%-дан (135/1063) осельтамивирмен (р = 0,0012) ем алған пациенттерде 8,6%-ға (116/1350) дейін азайған.
Қаупі жоғары популяциялардағы тұмауды емдеу
Егде жастағы адамдарда (≥ 65 жас) және 5 күн бойы тәулігіне екі рет 75 мг осельтамивир қабылдаған созылмалы жүрек және/немесе тыныс алу аурулары бар адамдарда тұмаумен аурудың орташа ұзақтығы айтарлықтай төмендеген жоқ.
Осельтамивирмен емделген топтарда қызбаның жалпы ұзақтығы бір күнге қысқарды. Тұмауға оң нәтижесі бар антибиотиктермен ем алған егде жастағы адамдарда осельтамивир төменгі тыныс алу жолдарының белгілі бір асқынуларының (негізінен бронхит) жиілігін плацебо тобындағы 19%-дан (52/268) осельтамивирмен (p = 0,0156) емделген популяцияда 12% - ға (29/250) дейін айтарлықтай төмендетті.
Созылмалы жүрек және/немесе тыныс алу жолдарының аурулары бар тұмау вирусына қатысты оң пациенттерде антибиотиктермен емдеуді қажет ететін төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларының (негізінен бронхит) жиынтық жиілігі плацебо тобында 17%-ды (22/133) және осельтамивирмен емделген топта - 14%-ды (16/118) (р = 0,5976) құрады.
Жүктілік кезеңіндегі әйелдердегі тұмауды емдеу
Жүкті әйелдерде осельтамивирді қолдану бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда пациенттердің осы популяциясында аурушаңдықты /өлім-жітімді төмендетуге қатысты ағымдағы дозалау режимінің пайдасын көрсететін маркетингтен кейінгі және ретроспективті обсервациялық зерттеулердің деректері бар. Фармакокинетикалық талдаулардың нәтижелері белсенді метаболиттің анағұрлым төмен әсерін көрсетеді, бірақ тұмауды емдеу немесе профилактикасы кезінде жүкті әйелдерге дозаны түзету ұсынылмайды (5.2 бөлімін қараңыз).
Балалардағы тұмауды емдеу
Қызбасы (≥ 37,8°C) және жөтелі мен тұмауратуы болған, 1 жастан 12 жасқа дейінгі (орташа жасы 5,3 жас), қалған дені сау балалар (тұмауға тест нәтижесі оң болған 65%) қатысқан зерттеуде тұмауға тест нәтижесі оң болған пациенттердің 67%-ы А тұмауын, ал 33%-ы - В тұмауын жұқтырған. Симптомдар басталғаннан кейін 48 сағат ішінде басталған осельтамивирмен емдеу плацебомен салыстырғанда сауығу уақытын (бір мезгілде қалыпты денсаулық пен белсенділікке оралу және қызбаны, жөтелді және тұмауратуды жеңілдету ретінде анықталады) 1,5 күнге (95% СА 0,6-2,2 күн; p < 0,0001) айтарлықтай қысқартты. Осельтамивир жедел ортаңғы отит жиілігін плацебо тобындағы 26,5% - дан (53/200) осельтамивирмен (p = 0,013) емделген балаларда 16% - ға (29/183) дейін төмендетті.
Тағы бір зерттеуге 6-12 жас аралығындағы бронх демікпесі бар 334 пациент қосылды, олардың 53,6%-ы тұмау вирусына қатысты оң болды. Осельтамивирмен емделген топта аурудың орташа ұзақтығы айтарлықтай төмендеген жоқ. Осы популяциядағы 6-шы күні (емдеудің соңғы күні) 1 секундта қарқынды дем алу көлемі плацебо тобындағы 4,7% - бен салыстырғанда осельтамивир қабылдаған пациенттер тобында 10,8% - ға өсті (р = 0,0148).
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттігі (European Medicines Agency, EMA) тұмауды жұқтырған педиатриялық популяцияның бір немесе одан да көп қосалқы топтарында препаратты қолдану бойынша зерттеулердің нәтижелерін ұсыну қажеттілігін кейінге қалдырды. Балаларда препаратты қолдану туралы ақпаратты 4.2 бөлімінен қараңыз.
1 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы жасы үлкен балаларда препаратты қолдану тиімділігі бойынша деректерді экстраполяциялауға негізделген; ұсынылған дозалау режимі фармакокинетикалық модельдеу деректеріне негізделген (5.2 бөлімін қараңыз).
В тұмауы туындатқан инфекцияны емдеу
Жалпы алғанда, тұмауға оң нәтижесі бар популяцияның 15% - ы В тұмауын жұқтырған, жекелеген зерттеулерде үлесі 1% - дан 33% - ға дейін өзгерді. В тұмауын жұқтырған субъектілердегі аурудың орташа ұзақтығы жекелеген зерттеулерде емдеу топтары арасында айтарлықтай ерекшеленбеді. В тұмауын жұқтырған 504 субъект бойынша деректер талдау үшін барлық зерттеулерде біріктірілді. Осельтамивир плацебомен салыстырғанда барлық симптомдарды жеңілдету уақытын 0,7 күнге (95% СА 0,1-1,6 күн; p = 0,022) және қызба (≥ 37,8°C), жөтел мен тұмаурату ұзақтығын (95% СА 0,4-1,7 күн; p < 0,001) бір күнге қысқартты.
Иммунитеті әлсіреген пациенттердегі тұмауды емдеу
Иммунитеті әлсіреген, тұмау жұқтырған пациенттерде осельтамивирдің тұмау вирусында резистенттіліктің дамуына әсері мен қауіпсіздік сипаттамаларын рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу (бастапқы талдау)151 ересек пациентті, 7 жасөспірімді және 9 баланы қамтыды, оларда осельтамивирмен жүргізілетін емнің тиімділігі де бағаланды (қайталама талдау, статистикалық қуаттылықты талдаусыз). Зерттеуге паренхиматозды ағзалардың трансплантациясынан кейінгі пациенттер, гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейінгі пациенттер, CD4+ жасушаларының саны 1 мм3-ке 500-ден аз АИТВ жұқтырған пациенттер, жүйелі иммуносупрессивті ем алатын пациенттер, сондай-ақ қан жүйесінің қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттер кірді. Пациенттер аурудың симптомдары дамығаннан кейін 96 сағат ішінде 10 күн бойы емдеу үшін рандомизацияланған. Ем келесі режимдерде жүргізілді: тәулігіне екі рет (73 ересек, 4 жасөспірім және 4 бала) осельтамивирдің стандартты дозасы (балалардағы дене салмағы бойынша 75 мг немесе түзетілген) немесе тәулігіне екі рет (78 ересек, 3 жасөспірім және 5 бала) осельтамивирдің қосарлы дозасы (балалардағы дене салмағына 150 мг немесе түзетілген).
Ересектер мен жасөспірімдерде симптомдар жойылғанға дейінгі уақыт медианасы (time to resolution of symptoms, TTRS) препараттың стандартты дозасы (103,4 сағат (95% СА 75,4-122,7 сағат) мен препараттың қосарлы дозасын (107,2 сағат (95% СА 63,9-140,0 сағат)) қабылдаған топтар арасында салыстырымды болды. Балалардағы TTRS әртүрлі болды және оның интерпретациясы үлгінің шағын өлшеміне байланысты айтарлықтай шектеулерге ие. Препараттың стандартты және қосарлы дозасын қабылдаған топтардағы салдарлы инфекциялары бар пациенттердің саны салыстырымды (8,2% және тиісінше 5,1%) болды. Жасөспірімдер мен балалар тобында препараттың стандартты дозасын қабылдаған топтағы бір ғана пациентте (жасөспірім) салдарлы инфекция (бактериялық синусит) болды.
Препараттың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын зерттеу вирустың бөліну кезеңінің ұзақтығына (емдеудің орташа ұзақтығы: 9 күн) байланысты ұзақтығы 5-тен 20 күнге дейінгі бейімделімді кезең ішінде препараттың стандартты дозасын (75 мг немесе дене салмағы бойынша тәулігіне 2 рет түзетілген) немесе препараттың үш еселенген дозасын (225 мг немесе дене салмағы бойынша тәулігіне 2 рет түзетілген) алған, ауыр иммунтапшылығы бар балаларда (12 жастағы және одан кіші, 30 пациент) жүргізілді. Препараттың стандартты дозасын қабылдаған топта салдарлы бактериялық инфекциялар тіркелген жоқ; препараттың үш есе дозасын алған топта екі пациентте салдарлы бактериялық инфекциялардың (бронхит және синусит) дамуы туралы хабарланды.
Тұмау профилактикасы
Табиғи жағдайда тұмаудың профилактикасы ретінде осельтамивирді қолданудың тиімділігі отбасылардағы постэкспозициялық профилактиканы зерттеуде және маусымдық профилактиканың екі зерттеуінде көрсетілген. Барлық зерттеулерде тиімділіктің негізгі көрсеткіші зертханалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі болды. Тұмау вирусының вируленттілігі болжанбайды және географиялық өңірде және маусымнан маусымға қарай өзгереді, сондықтан тұмаудың пайда болуын болдырмау үшін препаратты қолдануды (number needed tо treat, NNT) қажет ететін субъектілер санының көрсеткіші де өзгереді.
Постэкспозициялық профилактика
Бір зерттеуде тұмау вирусын жұқтырған пациенттермен байланыста болған субъектілерде (12,6%-ы тұмауға қарсы вакцинацияланған) осельтамивирді тәулігіне бір рет 75 мг дозада, пациентте симптомдар дамығаннан кейін екі тәулік ішінде қолдана бастады және 7 күн бойы жалғастырды. Пациенттерде тұмау диагнозы 377 жағдайдың 163 -ында расталды. Осельтамивир тұмау диагнозы расталған пациенттермен қарым-қатынаста болған субъектілерде клиникалық айқын симптомдары бар тұмаудың пайда болу жиілігін плацебо тобындағы 24/200-ден (12%) осельтамивир қабылдаған топта 2/205-ке (1%) дейін (92% - ға төмендеу (95% СА 6-16, р ≤ 0,0001)) айтарлықтай төмендетті. Тұмау диагнозы расталған пациенттермен қарым-қатынаста болған субъектілерде NNT көрсеткіші 10 болды (95% СА 9-12); NNT көрсеткіші инфекция көзінің тұмау вирусын жұқтыру статусына қарамастан зерттеуге енгізілген субъектілердің жалпы популяциясында (95% СА 15-19) 16 болды.
Табиғи жағдайда тұмаудың пайда болуын болдырмау үшін осельтамивирді қолданудың тиімділігі отбасыларда, соның ішінде ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда экспозициядан кейінгі профилактиканы зерттеуде инфекция көзі ретінде де, қарым-қатынаста болған адамдар ретінде де көрсетілген. Зерттеудегі тиімділіктің негізгі көрсеткіші отбасыларда зертханалық және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі болды. Осельтамивирмен профилактика 10 күн бойы жүргізілді. Бүкіл популяцияда отбасыларда зертханалық және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі профилактика алмаған топта 20% - дан (27/136) профилактика алған топта (62,7%-ға төмендеу (95% СА 26,0-81,2; р = 0,0042)) 7% - ға (10/135) дейін төмендеді. Тұмауды жұқтыру көздері бар отбасыларда тұмаудың пайда болу жиілігі профилактика алмаған топтағы 26% - дан (23/89) профилактика алған топтағы 11% - ға (9/84) дейін (58,5%-ға төмендеу (95% СА 15,6-79,6; p = 0,0114)) төмендеді.
Қосалқы топтардағы талдау нәтижелеріне сәйкес 1-12 жас аралығындағы балаларда зертханалық және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі профилактика алмаған топтағы 19% - дан (21/111) профилактика алған (64,4%-ға төмендеу (95% СА 15,8-85,0; p = 0,0188)) топтағы 7% - ға (7/104) дейін айтарлықтай төмендеді. Зерттеудің басында тұмау жұқтырмаған балалар арасында зертханалық және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі профилактика алмаған топтағы 21% - дан (15/70) профилактика алған топтағы (80,1% - ға төмендеу (95% СА 22,0-94,9; p = 0,0206)) 4% - ға (2/47) дейін төмендеді. Зерттеуге қосылған балалардың бүкіл популяциясында NNT көрсеткіші 9 болды (95% СА 7-24); NNT көрсеткіші тұмау вирусын жұқтырудың расталған көздері болып табылатын балалар популяциясында 8 (95% СА 6, жоғарғы шегі анықталмаған) болды.
Пандемия кезінде 1 жасқа дейінгі сәбилердегі тұмаудың постэкспозициялық профилактикасы
Препаратты пандемия кезінде тұмау профилактикасы ретінде қолдану 0 айдан 12 айға дейінгі балаларда бақыланатын клиникалық зерттеулер аясында зерттелмеген. Жүйелік әсерді модельдеу туралы ақпаратты 5.2 бөлімінен қараңыз.
Халық арасында тұмау эпидемиясы кезіндегі профилактика
Вакцинацияланбаған және басқа ауруларға қатысты дені сау ересектер қатысқан екі зерттеудің біріктірілген талдау нәтижелері осельтамивирді тәулігіне бір рет 6 апта бойы 75 мг дозада қабылдау плацебо тобындағы 25/519 (4,8%) - дан популяциядағы тұмау жиілігінің жоғарылауы кезінде осельтамивирмен емделген топтағы (76%-ға төмендеу (95% СА 1,6-5,7); р = 0,0006) 6/520 (1,2%) - ға дейін клиникалық симптомдары бар тұмаудың пайда болу жиілігін айтарлықтай төмендеткені туралы айғақтайды. Бұл зерттеудегі NNT көрсеткіші 28 (95% СА 24-50) болды. Қарттар үйінде тұратын егде жастағы субъектілердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде (қатысушылардың 80% - ы тиісті маусымда вакцинацияланған) 6 апта бойы тәулігіне бір рет 75 мг дозада осельтамивирді қолдану плацебо тобында 12/272 (4,4%) бастап осельтамивир қабылдаған топта (92%-ға төмендеу (95% СА 1,5-6,6); р = 0,0015) 1/276 (0,4%) дейін клиникалық симптомдары бар тұмаудың пайда болу жиілігін айтарлықтай төмендетті. Зерттеудегі NNT көрсеткіші 25 (95% СА 23-62) болды.
Иммунитеті әлсіреген пациенттердегі тұмау профилактикасы
Маусымдық тұмау профилактикасы үшін салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын, рандомизацияланған сынақта иммунтапшылығы бар 475 пациент (паренхиматозды ағзалардың трансплантациясынан кейінгі 388 пациент (195 - плацебо, 193 - осельтамивир), гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан кейінгі 87 пациент (43 - плацебо, 44-осельтамивир) қатысты, басқа себептерге байланысты иммунитеті әлсіреген пациенттер, оның ішінде 1-12 жастағы 18 бала зерттеуге қатыспады. Бағалаудың бастапқы критерийі зертханалық (өсіріндіде вирусты анықтау және/немесе гемагглютининді бейтараптандыратын антиденелер титрінің 4 есе ұлғаюы) және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі болды. Зертханалық және клиникалық расталған тұмаудың пайда болу жиілігі плацебо тобында 2,9% (7/238) және осельтамивир қабылдаған топта 2,1% (5/237) (95% СА 2,3% -4,1%; р = 0,772) құрады.
Асқынулардың даму қаупінің төмендеуін бағалауға спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Осельтамивирге резистенттілік
Клиникалық зерттеулер
Осельтамивирге сезімталдығы төмендеген немесе айқын резистенттілігі бар тұмау вирустарының пайда болу қаупі Roche компаниясының демеушілігімен жүргізілген клиникалық зерттеулерде бағаланды. Емдеу кезінде осельтамивирге резистенттіліктің дамуы ересектерге қарағанда балаларда жиі байқалды, ал резистенттіліктің пайда болу жиілігі ересектерде 1% - дан 1 жасқа дейінгі сәбилерде 18% - ға дейін өзгерді. Осельтамивирге төзімді вирус- тасымалдаушы балалар, әдетте, препаратқа сезімтал вирустың тасымалдаушыларына қарағанда вирусты ұзақ уақыт бөлді. Алайда, емдеу кезінде дамыған осельтамивирге резистенттілік емдеудің тиімділігіне әсер етпеді және аурудың симптомдарының ұзақ мерзімді тұрақтылығымен байланысты емес.
Осельтамивирді стандартты дозада немесе 10 күн ішінде екі еселенген дозада қабылдаған ересек пациенттер мен иммунитеті әлсіреген жасөспірімдерде осельтамивирге резистенттіліктің даму жиілігі орта есеппен (14,5% (10/69) және сәйкесінше 2,7%, (2/74)) дені сау ересектер мен жасөспірім пациенттерге қарағанда жоғары болды. Препаратқа резистенттілік тіркелген ересек пациенттердің көбі трансплантаттардың реципиенттері болды (стандартты дозаны қабылдаған топтағы пациенттің 8/10 және қосарлы дозаны қабылдаған топтағы пациенттің 2/2). Осельтамивирге резистентті вирус- тасымалдаушы пациенттердің көпшілігі А тұмауының вирусын жұқтырды, бұл ретте тасымалдаушылық ұзақ сипатта болды.
Резистенттілікті зерделеуге қатысты екі зерттеуде осельтамивирмен ем қабылдайтын балаларда (12 жастағы және одан кіші) осельтамивирге резистенттіліктің даму жиілігі 20,7%-ды (6/29) құрады. Емдеу басталғаннан кейін пайда болған осельтамивирге резистенттілігі бар иммунитеті әлсіреген 6 баланың 3-і препараттың стандартты дозасын алды және 3 пациент жоғары (қосарлы немесе үш есе) доза алды. Пациенттердің көбінде жедел лимфоидты лейкоз диагнозы қойылды және жасы 5 жас немесе одан кіші болды.
Клиникалық зерттеулердегі осельтамивирге резистенттіліктің даму жиілігі
Пациенттердің популяциясы — Резистенттілікті анықтайтын мутациялары бар пациенттер (%)
Фенотипті анықтау* — Гено- және фенотипті анықтау*
Ересектер мен жасөспірімдер — 0,88% (21/2382) — 1,13% (27/2396)
Балалар (1-12 жас) — 4,11% (71/1726) — 4,52% (78/1727)
Сәбилер (< 1 жас) — 18,31% (13/71) — 18,31% (13/71)
* Генотипті толық анықтау барлық зерттеулерде жүргізілмеген.
Тұмау профилактикасы
Қазіргі уақытта иммунитеті әлсіреген пациенттерде постэкспозициялық профилактика (7 күн), отбасылардағы постэкспозициялық профилактика (10 күн) мен тұмаудың маусымдық профилактиканың (42 күн) клиникалық зерттеулерінде препаратты қолдануға байланысты дәріге резистенттіліктің пайда болуына қатысты дәлелдер жоқ. Иммунитеті әлсіреген пациенттерде 12 аптаға созылатын тұмау профилактикасына қатысты зерттеуде резистенттіліктің дамуы байқалмады.
Клиникалық деректер және бақылау деректері
Осельтамивирге сезімталдықтың in vitro төмендеуімен байланысты табиғи мутациялар осельтамивирмен ем алмаған пациенттерден оқшауланған А және В типті тұмау вирустарында анықталды. Осельтамивирмен емдеу кезінде анықталған резистентті штаммдар иммунитеті әлсіреген пациенттерден, сондай-ақ иммундық жүйесінің функциясы қалыпты пациенттерден де бөліп алынған. Иммунитеті әлсіреген пациенттер мен кішкентай балаларда емдеу кезінде осельтамивирге резистентті вирустардың пайда болу қаупі жоғары.
Осельтамивирмен емделген пациенттерден бөліп алынған осельтамивирге резистентті вирустар және осельтамивирге резистентті тұмау вирустарының зертханалық штаммдарында N1 және N2 нейраминидаза мутациялары болды. Резистенттілікті туындататын мутациялар вирустың қосалқы типтеріне тән болды. 2007 жылдан бастап H1N1 маусымдық штаммдарының H275Y мутациясымен байланысты табиғи резистенттілік кейде байқалды. Осельтамивирге сезімталдық және вирустардың ұқсас штаммдарының таралуы жыл мезгілі мен географиялық өңірге байланысты өзгереді. 2008 жылы H275Y мутациясы Еуропадағы H1N1 тұмауының > 99% - ында анықталды. 2009 жылы H1N1 тұмауы («шошқа тұмауы») барлық жерде дерлік осельтамивирге сезімтал болды, препараттың емдік және профилактикалық дозалау режимінде резистенттілік туралы өздігінен келіп түскен есептер ғана байқалды.