Жағымсыз құбылыстар төменде мынадай жіктеуді пайдалана отырып келтірілген: өте жиі, жиі ≥1/100 <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000 <1/100 дейін, сирек ≥1/10000 <1/1000 дейін, өте сирек <10000, белгісіз – қол жетімді деректерден анықтау мүмкін емес.
Кандесартан
Жиі: респираторлық инфекция, бас айналуы / вертиго, бас ауыруы.
Өте сирек: лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз, гиперкалиемия, гипонатриемия, жөтел, жүрек айнуы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит, ангионевроздық ісіну, бөртпе, есекжем, арқаның ауыруы, артралгия, миалгия, бүйрек жеткіліксіздігі, оның ішінде сезімтал пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігі.
Белгісіз: диарея
• Амлодипин
Препарат қауіпсіздігі бейінінің резюмесі
Емдеу кезіндегі ең жиі жағымсыз реакциялар ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, жүректің жиі қағуы, қан кернеу, іш ауыруы, жүрек айнуы, тобық ісінуі, ісік және шаршау болып табылады.
Өте жиі: ісіну.
Жиі: ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы (әсіресе емдеудің басында), гиперемия, ентігу, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, дефекация ырғағының өзгеруі (диарея мен іш қатуды қоса).
Жиі емес: алопеция, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, қышыну, бөртпе, экзантема, есекжем, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі (мазасыздықты қоса), ұйқысыздық, тремор, дисгевзия, естен тану, гипестезия, парестезия, тиннитус, аритмия (брадикардияны, қарыншалық тахикардияны және жүрекше фибрилляциясын қоса), гипотония, жөтел, ринит, құсу, ауыздың құрғауы, тобықтың ісінуі, бұлшықет түйілуі, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, жиі несеп шығару, кеудедегі ауырсыну, ауырсыну, дімкәстік, салмақтың жоғарылауы, салмақтың төмендеуі.
Сирек: сананың шатасуы.
Өте сирек: лейкоцитопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар, гипергликемия, гипертония, шеткері нейропатия, миокард инфарктісі, панкреатит, гастрит, қызыл иек гиперплазиясы, гепатит, сарғаю, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, жарыққа сезімталдық.
Белгісіз: уытты эпидермальді некролиз.
• Гидрохлоротиазид
Белгісіз: электролиттік теңгерімсіздік, гиперурикемия, глюкозурия, гипергликемия, холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, жүрек аритмиясы, аплазиялық анемия, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, нейтропения / агранулоцитоз, гемолиздік анемия, лейкопения, тромбоцитопения, бас айналуы, парестезия, бас айналуы, дисфория, өткінші айқын көрмеу, ксантопсия, жедел миопия және салдарлы жедел жабық бұрышты глаукома, хориоидтық жалқық, тыныс алудың бұзылуы (пневмонит пен өкпе ісінуін қоса), панкреатит, анорексия, диарея, іш қату, асқазанның тітіркенуі, сиаладенит, тәбеттің жоғалуы, интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының бұзылуы, анафилаксиялық реакциялар, уытты эпидермальді некролиз, некроздық ангит (васкулит, тері васкулиті), қызыл жегі тәрізді тері реакциялары, терінің қызыл жегі реактивациясы, жарыққа сезімталдық реакциялары, бөртпе, есекжем, әлсіздік, бұлшықет түйілуі, постуральді гипотензия, қызба, сарғаю (бауырішілік холестаздық сарғаю), депрессия, ұйқының бұзылуы, терінің меланомалық емес обыры (базальді жасушалық карцинома және жайпақ жасушалы карцинома).
Гидрохлоротиазидтің дозаға тәуелді жағымсыз әсерлері (әсіресе электролиттік теңгерімнің бұзылуы) гидрохлоротиазидті титрлеу кезінде күшеюі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz