Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для полоскания полости рта
Дозасы
0.15%
Саудалық атауы
Танфлекс
Әсер етуші зат
Бензидамин
Мақсаты
Танфлекс препараты ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы мен тітіркенуін симптоматикалық емдеуде, оның ішінде консервативті стоматологиялық емдеу немесе тісті…
Өндіруші
АБДИ ИБРАХИМ
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
120 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 180.000 мг бензидамин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий бикарбонаты, полисорбат 20, 96% этил спирті, глицерин, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат, жалбыз эссенциясы, патенттелген көк V (Е 131), сары 2 G (Е 107), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбыз иісі бар, таза, жасыл түсті мөлдір сұйықтық.
Танфлекс препараты ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы мен тітіркенуін симптоматикалық емдеуде, оның ішінде консервативті стоматологиялық емдеу немесе тісті жұлу нәтижесінде пайда болған ауырсыну (мысалы, гингивит, стоматит, фарингит) кезінде қолдануға арналған.
Әсер ету механизмі
Бензидамин гидрохлориді ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер береді, ол жүйелік немесе жергілікті әсер ету үшін қолданылуы мүмкін. Жасушалық жарғақшаны тұрақтандыру, қантамырлық өткізгіштікті төмендету жолымен және, төмен концентрацияларда, простагландиндер синтезін тежемей, әсер етуі мүмкін. Осындай әсер ету механизмдерінің нәтижесінде, әртүрлі себептерден тіндердің зақымдануы салдарынан пайда болған жергілікті жедел қабыну үдерісінде (алғашқы) бензидамин гидрохлориді қабынуға қарсы, ісінуге қарсы және ауыруды басатын әсер танытады.
Дозалау режимі
Өлшеуіш стақанға 15 мл ерітінді құйып, күніне 2-3 рет, таза немесе сұйылтылған күйде қолданыңыз (15 мл препарат пен 15 мл суды өлшеуіш стақанда араластырыңыз).
Ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты ұзақ қолданған жағдайда дәрігердің кеңесі қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Жиі емес:
- тәбеттің жоғалуы
- бас айналу, дәм сезудің бұзылуы
- жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, ауыздың құрғауы немесе гиперсаливация
- сезімталдықтың өтпелі жойылуы, тілдің және ауыз қуысының күйдіруі және шаншуы (осы құбылыстар әдетте ерітіндіні сұйылтқанда азаяды)
Сирек:
- ұйқының бұзылыстары
Өте сирек:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (осы реакциялар тітіркену, бөртпе, есекжем, фотодерматит және, кейбір жағдайларда, ларингоспазм және брон түйілуі түрінде көрініс береді)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сирек жағдайларда балаларда бензидаминді 3 мг құрамда 3 пастилканы қабылдаудан 100 есе асатын дозада пероральді қолданудан кейін қозу, құрысулар, тершеңдік, атаксия, тремор және құсу байқалады. Жедел уланған кезде тек симптоматикалық ем қолданылуы мүмкін: асқазанды құсу рефлексін индукциялау жолымен немесе лаваж жолымен босатқан жөн. Пациент мұқият бақылауда болуы және демеуші ем қабылдауы тиіс. Гидратацияның талапқа сай деңгейін сақтау қажет.
Көзге тигізіп алуға жол бермеу қажет.
Ұзақ уақыт қолданғанда сезімталдық жоғарылауы мүмкін, осындай жағдайда емдеуді тоқтатқан және дәрігерді хабардар еткен жөн. Пациенттердің аздаған бөлігінде ауыз қуысының және жұтқыншақтың ойық жаралы зақымданулары өте ауыр патология симптомдары болуы мүмкін. Демек, симптомдар 3 күннен көбірек сақталса, пациент мұны өз дәрігеріне мәлімдеуі қажет.
Ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге бензидаминді қолдану ұсынылмайды. Танфлексті анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Осы пациенттерде бронхтың түйілуі дамуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды
Спортшыларда қолдану
Құрамында этил спирті бар препаратты қолдану спорттың кейбір түрлері үшін мәлімделген, рұқсат етілген нормалардан асып кететін оң допинг-тестіге әкелуі мүмкін.
Танфлекс препаратының құрамындағы метилпарабен (Е218) баяу типті аллергиялық реакцияларға себеп бола алады.
Танфлекстің әрбір дозасы құрамында қолданған кезде тиісінше қауіп туындатпайтын 1 ммольден азырақ (23 мг) натрий бар.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ересектерге арналған дозалар қолданылады
Бауыр / бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданғанда айрықша нұсқаулар жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті басқару қабілетіне және жоғары зейін қоюды қажет ететін өзге қызметтерге ықпалын тигізбейді.
Танфлекс препаратын, егер қолдану клиникалық негізделген деп саналған болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды,. Қолдану кезінде доза мүмкіндігінше төмен болуы керек, ал емдеу ұзақтығы минималды болуы керек.
Танфлекс препаратын лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Танфлекс препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесулері анықталған жоқ.
Пациенттердің ерекше топтарында басқа препараттармен өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.