Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей для местного применения
Саудалық атауы
Танфлекс Плюс
Әсер етуші зат
Препараты для местного лечения заболеваний полости рта другие
Мақсаты
Гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит және афтозды жараларды емдеуде
Өндіруші
АБДИ ИБРАХИМ
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының (30 мл) ішінде
белсенді заттар: бензидамин гидрохлориді - 45 мг, хлоргексидин диглюконат ерітіндісі - 180 мг (20 %)
қосымша заттар: глицерин, натрий сахарині, этанол 96%, бұрыш жалбызының майы, полисорбат 20, натрий гидрокарбонат немесе хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, жалбыз иісі бар мөлдір сұйықтық
- гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит және афтозды жараларды емдеуде
- ауыз және тамақ шырышты қабығының қабынуы мен ауыруы
- ауыз қуысы мен тамақты зарарсыздандыру, пациенттің жұтуын және қызыл иек ауруының симптомдарын жеңілдету үшін
- пародонттық араласымдарға дейін және одан кейін
- радиотерапиядан, химиотерапиядан немесе басқа шығу тегінен туындаған мукозитті емдеу
- тістің қағының профилактикасы
Әсер ету механизмі
Бензидамин - стероидты топпен құрылымдық байланысы жоқ қабынуға қарсы, аналгезиялық препарат. Басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан (ҚҚСП) ол негізгі табиғатымен ерекшеленеді.
Жергілікті терапияда қолданылатын концентрацияларда бензидамин жергілікті анестезиялық әсерге ие. Бензидаминнің аналгезиялық әсері қабынусыз сипаттағы ауырсынуларға қарағанда эксперименттік қабынумен байланысты модельдерде жиі хабарланады.
Бензидаминнің қабынуға қарсы әсер ету механизмі бүйрек үсті безінің гормондарының секрециясымен байланысты емес.
Басқа ҚҚСП сияқты, бензидамин белгілі бір жағдайларда простагландин биосинтезін тежейді. Алайда, бұл қасиет толық зерттелмеген. Жасуша жарғақшаларына тұрақтандырушы әсерді оның әсер ету механизмімен түсіндіруге болады.
Хлоргексидин - бигуанидті антисептик, ауыз қуысының гигиенасын жүргізу мүмкін болмаған кезде тіс қағының пайда болуын және гингивиттің ауырлығын азайтуға көмектеседі. Оның тіс эмалының гидроксиапатитімен, тіс бетімен, сілекей ақуыздары мен бактериялары бар ауыз тіндерімен қатты тектестігі бар. Хлоргексидин қызыл иектің қызаруымен, ісінуімен немесе қан кетуімен сипатталатын тіс қағының пайда болуын және гингивиттің ауырлығын төмендетеді. Бұл афтозды ойық жаралардың пайда болуы жиілігін төмендетеді және пародонталды хирургиядан кейін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Хлоргексидин грамм (+) және грамм (-) бактерияларға, ашытқыларға, кейбір зеңдерге және көптеген вирустарға қатысты тиімді. Ол микробтардың жасуша қабырғаларына сіңіп, жарғақшаның бұзылуына әкеледі.
Жергілікті қолданған кезде хлоргексидин дереу бактериостатикалық әсер етеді, содан кейін ұзаққа созылған бактерицидтік әсері болады.
Дозалау режимі
Препарат тікелей ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына бүркіп шаю үшін қолданылады. Доза 5-10 бүркуден тұрады. Қажет болса, емшара әр 1,5-3 сағат сайын қайталанады.
Енгізу әдісі және жолы
Танфлекс Плюс препараты сұйылтпай қолданылады.
Танфлекс Плюс препаратын жұтуға болмайды.
Алғаш рет қолданған кезде, тұрақты бүркуге қол жеткізілгенге дейін бүріккіш сорғыны бірнеше рет басу керек (оны ерітіндінің бетке түсуіне жол бермей ұстап тұрып).
Аузыңызды кең етіп ашыңыз, қондырғыны ауыз қуысына енгізіңіз және кем дегенде ауыз қуысының 4 әртүрлі нүктесінде бүрку жасаңыз.
Қолданғаннан кейін құтыны түпнұсқалық қаптамада, тік тұрған күйінде сақтау керек.
Препаратпен емдеу кезінде оның құрамындағы хлоргексидин тістің қағының түзілуін және гингивит симптомдарының айқындығын азайтады. Ауыз қуысының гигиенасына балама ретінде қолданған кезде препаратты ауызда кем дегенде 1 минут ұстау керек.
Хлоргексидиннен туындаған тіс эмалының бояуын ең аз ету үшін қолданар алдында тістеріңізді тазалау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Доза 5-10 бүркуден тұрады.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы қолда бар көрсетілімдерге байланысты жеке анықталады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде
Өте жиі
- дәм сезудің уақытша бұзылуы
- ауыз қуысының шырышының тітіркенуінен туындаған бөртпемен, есекжеммен, фотодерматитпен, десквамациямен (қабыршақтанумен) бірге жүретін қышу, тері реакциялары.
Жиі
- шаншу және ауызды күйдіру сезімі
- жүрек айнуы, құсу
- дәм сезудің өзгеруі, тістерді және ауыз қуысының басқа беттерінің боялуы сияқты басқа жағымсыз әсерлер; тіс тастарының түзілуі көбеюі, әдетте сирек кездеседі.
Тістерді бояу зиянсыз және препаратты қолданар алдында тістерді тазалау арқылы ең аз етуге болады.
Өте сирек
- аллергиялық реакция, аса жоғары сезімталдық және анафилаксия
- құлақ маңайындағы сілекей безінің өтпелі ісінуі
- ларингоспазм, бронхоспазм
- ауыз құрғауы немесе шөлдеу, шаншу, ауызды жаңа тазалаған сезімі.
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес)
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық
- жұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуі, жөтел
- ауыз құрғауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған қолдану әдісімен артық дозалану мүмкін емес.
Танфлекс Плюс препараты қателесіп/кездейсоқ қабылданған жағдайда мыналар пайда болуы мүмкін
Симптомдары: аса жоғары сезімталдық реакциялары, жағымсыз әсерлер.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Сыртқа қолдану үшін.
Ол тек ауыз қуысында қолданылады; көзге және құлаққа тигізбеу керек. Көзге тиген кезде көп мөлшерде сумен шаю керек.
Тіл мен тістің қайтымды боялуын тудыруы мүмкін. Боялуды азайту үшін қолданар алдында тістеріңізді тазалаған жөн.
Тамақ ауруы бактериялық инфекциядан туындаған жағдайда, бактерияға қарсы препараттарды қосымша қабылдау туралы қарастыру керек.
Бензидамин бауырда белсенді метаболизденеді; және бензидамин мен оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Сондықтан бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауыратын пациенттер препаратты жүйелік сіңуіне байланысты сақтықпен қолдануы керек.
Танфлекс Плюс препаратында этанолдың аз мөлшері бар – әр дозада 100 мг-дан аз.
Құрамында глицерин жергілікті қолдануға байланысты арнайы нұсқауларды қажет етпейді.
30 мл ішінде натрий сахарині 7.5 мг, жергілікті қолдануға байланысты арнайы нұсқауларды қажет етпейді.
Арнайы сақтандырулар
Балалар
Клиникалық зерттеулердің санының жеткілікті болмауына байланысты 6 жасқа дейінгі балаларда Танфлекс Плюс препаратын қолдану ұсынылмайды.
Тамақты/қабынған аймақты тікелей емдеу үшін 6 жастан асқан балаларға Танфлекс Плюс препаратын спрейінің әдеттегі дозасы күні бойына әр 1,5 - 3 сағат сайын 5 бүркуді құрайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ересектердегі сияқты дозалар қолданылады
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданыңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін қоюды қажет ететін автокөлік және механизмдерді басқару қабілетіне қандай да бір жағымсыз әсерлер байқалмады.
Жүктілік
Танфлекс Плюс препаратын жүктілік кезінде, қолдану клиникалық негізді деп саналған жағдайларды қоспағанда, қолдануға болмайды. Қолдану кезінде доза мүмкіндігінше төмен болуы керек, ал емдеу ұзақтығы минималды болуы керек.
Бала емізу
Препарат лактация кезінде әйелдерге қарсы көрсетілімде.
Хлоргексидин, препараттың белсенді компоненті келесілермен үйлесімсіз:
• сабынмен және басқа анионды қосылыстармен
• катионды және иондық емес беттік белсенді заттармен (бірақ жоғары концентрацияда бірге қолданғанда, мицеллярлық байланысуы себепті хлоргексидиннің белсенділігі төмендеуі мүмкін).
• гуммиарабик, натрий альгинаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, крахмал және гуммиарабик сияқты анионды полиэлектролиттермен әсердің төмендеуі байқалады
• бриллиант көгімен, хлорамфениколмен, мыс сульфатымен, натрий флуоресцеинмен, формальдегидпен, күміс нитратымен, мырыш сульфатымен.
Хлоргексидин тұздарының ерігіштігі цетримид және лиссапол NX сияқты беттік белсенді заттардың көмегімен жоғарылайды.
Хлоргексидинді кермек сумен сұйылту кезінде ерімейтін тұздар түрінде тұнба түсуі мүмкін, өйткені ол Ca2 + және Mg2 +катиондарымен өзара әрекеттеседі.
Егер хлоргексидин тұздарының ерітінділері концентрациясы 0,05% - дан асатын бензоаттармен, бикарбонаттармен, карбонаттармен, бораттармен, нитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен біріктірілсе, олар аз еритін тұздар түзетіндіктен тұнбаға түседі. Цетримид бұл тұздардың ерігіштігін арттыратындықтан, олар цетримидпен бірге тұнбаға түспейді. Синергиялық әрекет ету арқылы олар бактерицидтік әсерді күшейтеді.
Хлоргексидин глюконаты цетримид пен бензалконий хлоридімен үйлесімді. Синергиялық әрекет ету арқылы олар бактерицидтік әсерді күшейтеді.
Хлоргексидин және оның тұздары, хлоргексидин глюконатын қоспағанда, спиртте суға қарағанда жақсы ериді. Құрамында 7% спирттің болуы ерітіндіні грам теріс микроорганизмдерге қарсы тиімдірек етеді. Олар целлюлоза сүзгілері арқылы сүзілген кезде адсорбциялануы мүмкін.
Бензидаминнің дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.