Жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, тафлупрост пен тимолол жүйелі түрде сіңіріледі. Бұл жүйелі бета-адреноблокаторды қолдану кезіндегі сияқты жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейінгі жүйелі жағымсыз реакциялардың жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен. Аталған жағымсыз реакцияларға офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар класында байқалатын реакциялар жатады.
Таптиком (тафлупрост пен тимололдың біріктірілімі)
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес – бас ауыруы
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• конъюнктива/көздің гиперемиясы, көздің қышуы, көздің ауыруы, кірпіктердің өзгеруі (кірпік ұзындығының, қалыңдығының, санының және түсінің ұлғаюы), көздің тітіркенуі, көзде бөгде денені сезіну, бұлдырлап көру, көз қарығуы
Жиі емес:
• көзде атипті сезімдер, көздің құрғауы, көздегі жайсыздық, конъюнктивит, қабақ эритемасы, көз аллергиясы, қабақтың ісінуі, беткейлік нүктелік кератит, жас ағу, көздің алдыңғы камерасының қабынуы, астенопия, блефарит
Тафлупростпен немесе тимололмен емдеу кезеңінде байқалған және Таптиком препаратын қолдану кезінде потенциалды дамуы мүмкін жағымсыз реакциялар:
Тафлупрост
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
• көру өткірлігінің төмендеуі, нұрлы қабық пигментациясының күшеюі, қабақ пигментациясы, конъюнктиваның ісінуі, көзден бөліну пайда болуы, көздің алдыңғы камерасындағы жасушалық бұлыңғырлану, аллергиялық конъюнктивит, конъюнктиваның пигментациясы, конъюнктиваның фолликулалары, қабақ қатпарының тереңдеуі, ирит/увеит, макулярлы ісіну/кистоздық макулярлы ісіну
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
• қабақ гипертрихозы.
Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар
Белгісіз
• бронх демікпесінің өршуі, диспноэ
Тимолол
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
• ангионевроздық ісінуді, есекжем, жергілікті немесе жайылған тері бөртпесін, анафилаксияны, терінің қышуын қоса, аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
• гипогликемия
Психиканың бұзылуы
• депрессия, ұйқысыздық, түнде қорқынышты түс көру, естен айрылу, қатты қозу, елестеудер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
• бас айналуы, естен тану, парестезия, миастения гравистің белгілері мен симптомдарының күшеюі, ми қан айналымының жедел бұзылуы, церебральді ишемия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
• кератит, мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, рефракцияның өзгеруін (кейбір жағдайларда миотиктермен емді тоқтату нәтижесінде) қоса, көру өткірлігінің бұзылуы, птоз, диплопия, фильтрациялық хирургиядан кейін тамыр қабықшасының ажырауы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), жас ағу, мөлдір қабықтың эрозиясы
Есту ағзасы тарапынан бұзылулар және лабиринтті бұзылулар
• құлақтың шыңылдауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
• брадикардия, кеудедегі ауырсыну, жүрек қағуы, ісіну, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ұстамасы, жүрек блокадасы, атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі
Қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
• артериялық қысымның төмендеуі, мезгіл-мезгіл ақсақтық, Рейно феномені, қолдар мен аяқтардың салқындауы
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
• диспноэ, бронх түйілуі (негізінен анамнезінде бронхспазмдық ауруы бар пациенттерде), тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
• жүрек айнуы, диспепсия, диарея, ауыз қуысының құрғауы, дисгевзия, іш ауыруы, құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
• алопеция, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаз ағымының өршуі, тері бөртпесі
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
• жүйелі қызыл жегі, миалгия, артропатия
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
• Пейрони ауруы, либидоның төмендеуі, сексуальді дисфункция
Жалпы бұзылыстар
• астения/қажу, шөлдеу
Құрамында фосфаттары бар көзге тамызатын дәріні қолданғанда, мөлдір қабақтың күрделі зақымдануы бар кейбір пациенттерде мөлдір қабақ кальцификациясы туралы хабарланды.