Төменде ұсынылған жағымсыз реакциялар кездесу жиілігіне сәйкес атап көрсетілген.
Өте жиі
- вирустық инфекциялар
- ұйқышылдық, бас айналуы, атаксия
- қажу, қызба
Жиі
- пневмония, тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, ортаңғы отит
- лейкопения
- анорексия немесе тәбеттің жоғарылауы
- өшпенділік, сананың шатасуы және эмоциялық ауытқушылық, депрессия, мазасыздық, күйгелектік, ойлаудың бұзылуы
- құрысу, гиперкинезия, дизартрия, амнезия, тремор, ұйқысыздық, бас ауыруы, сезімталдықтың бұзылуы (мысалы, парестезия, гипестезия), қимыл үйлесімінің бұзылуы, нистагм, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы/төмендеуі немесе болмауы
- көрудің бұзылуы (амблиопия немесе диплопия)
- вертиго
- артериялық гипертензия, вазодилатация симптомдары
- ентігу, бронхит, фарингит, жөтел, ринит
- құсу, жүрек айнуы, тіс аурулары, гингивит, диарея, іш ауыруы, диспепсия, іш қату, ауыз қуысының немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының құрғауы, метеоризм
- беттің ісінуі, пурпура (ең жиі физикалық жарақат кезінде туындайтын қан тебу ретінде сипатталады), бөртпе, терінің қышынуы, акне
- артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, бұлшықет тартылуы
- импотенция
- шеткері ісінулер, жүрістің бұзылуы, астения, әр жерде орналасқан ауыру, жалпы дімкәстік, тұмау тәрізді синдром
- лейкоциттер санының азаюы, дене салмағының ұлғаюы
- кездейсоқ жарақат, сыну, сыдырылу
Жиі емес
- қозу
- аллергиялық реакциялар (оның ішінде есекжем)
- гипергликемия (көбінесе қант диабеті бар пациенттерде)
- гипокинезия, ақыл-ой қызметінің бұзылуы
- жүрек қағуын сезіну
- жайылған ісіну
- аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза белсенділігінің және қан плазмасындағы билирубин концентрациясының жоғарылауы
- құлау
- дисфагия
Сирек (>1/10 000 ≤1/1 000 дейін)
- гипогликемия (көбінесе қант диабеті бар пациенттерде)
- естен тану
- тыныс алудың бәсеңдеуі
Жиілігі белгісіз* (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- тромбоцитопения
- қызба, бөртпе, гепатит, лимфаденопатия, эозинофилия және басқа да симптомдар мен белгілер сияқты білінулері бар жүйелі реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары; анафилаксия
- гипонатриемия
- суицидтік ойлар, елестеулер, дәріге тәуелділік
- қимыл-қозғалыс бұзылыстары (оның ішінде, хореоатетоз, дискинезия, дистония)
- құлақтың шулауы
- панкреатит
- гепатит, сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалды некролиз, эозинофилия мен жүйелі реакцияларды (DRESS-синдромы) қоса, дәрілік тері бөртпесі, мультиформалы эритема, ангионевроздық ісіну, алопеция
- рабдомиолиз, миоклонус
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, несепті ұстай алмау
- сүт бездері көлемінің ұлғаюы, гинекомастия, жыныс дисфункциясы (либидоның өзгеруін, эякуляцияның бұзылуын және аноргазмияны қоса)
- тоқтату синдромы** (
- креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы
* Препаратты тіркеуден кейін қолдану процесінде тіркелген жағымсыз реакциялар
Габапентинмен емдеу аясында жедел панкреатиттің дамуы туралы хабарламалар бар. Габапентинмен себептік байланыс түсініксіз болып қалды.
** Габапентинмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромы бақыланды. Тоқтату симптомдары препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін, әдетте 48 сағат ішінде дамуы мүмкін. Үрейлену, ұйқысыздық, жүрек айну, ауырсыну, тершеңдік, тремор, бас ауыруы, депрессия, өзін нашар сезіну, бас айналу және дімкәстік сезімі сияқты симптомдар туралы көбірек жиілікте хабарланған. Габапентинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату симптомдарының пайда болуы дәріге тәуелділік туралы айғақтауы мүмкін. Пациенттерді бұл туралы емнің басында хабардар ету керек. Егер габапентинмен емдеуді тоқтату қажет болса, оны қолдану көрсетіліміне байланыссыз, кем дегенде бір апта ішінде біртіндеп жасау ұсынылады.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы пациенттерде креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауымен миопатия оқиғалары туралы хабарламалар бар.
Тыныс алу жолдарының инфекциялары, ортаңғы отит, бронхит және құрысу оқиғалары балаларда ғана байқалған. Одан өзге, балаларда агрессиялық мінез-құлықтың және гиперкинез оқиғалары туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz