Итраконазол негізінен CYP3A4 арқылы метаболизденеді. Осы изоэнзменттің қатысуымен метаболизденетін немесе оның белсенділігін өзгертетін басқа дәрілік препараттар итраконазолдың фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін. Осыған ұқсас итраконазол осы изоферменттің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін.Итраконазол - CYP3A4 күшті тежегіші, Р-гликопротеин тежегіші, сүт безі қатерлі обырының резистентті ақуыз тежегіші (BCRP). Итраконазолды басқа дәрілік заттармен бірге қолданған кезде метаболизм жолы және дозаларды түзетудің ықтимал қажеттілігі туралы ақпарат алу үшін тиісті нұсқаулықпен танысу ұсынылады.
Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясына әсер етуі мүмкін препараттардың мысалдары төмендегі 1-кестеде класс бойынша келтірілген. Қан плазмасындағы концентрациясына итраконазол әсер етуі мүмкін препараттардың мысалдары төмендегі 2-кестеде келтірілген. Өзара әрекеттесулердің көптігіне байланысты өзара әрекеттесетін дәрілік заттардың қауіпсіздігіне немесе тиімділігіне байланысты потенциалды өзгерістер енгізілмеген. Қосымша ақпарат алу үшін өзара әрекеттесетін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Осы кестелерде сипатталған өзара әрекеттесулер өзара әрекеттесетін препараттар концентрациясының жоғарылау шамасы мен қауіпсіздік бейінін ескере отырып, «қолдануға болмайтын жағдайлар», «ұсынылмайды» немесе «итраконазолмен сақтықпен пайдалану» деп жіктеледі. Аталған дәрілік заттардың потенциалды өзара әрекеттесуі адамдардағы итраконазолдың фармакокинетикалық зерттеулері және/немесе CYP3A4 (мысалы, кетоконазол) және/немесе in vitro басқа күшті тежегіштерімен адамдардағы фармакокинетикалық зерттеулер негізінде бағаланды:
• «Қолдануға болмайтын жағдайлар»: ешқандай жағдайда препаратты итраконазолмен бір мезгілде және итраконазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде қолдануға болмайды.
• «Ұсынылмайды»: егер пайда жағымсыз әсерлердің ықтимал жоғары қаупінен асып кетпесе, итраконазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін екі аптаға дейін препаратты пайдаланудан аулақ болу ұсынылады. Егер бір мезгілде енгізуді болдырмау мүмкін болмаса, өзара әрекеттесетін дәрілік заттың күшейту немесе ұзаққа созылған әсер ету белгілері мен симптомдарына немесе жағымсыз әсерлеріне клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады, ал оның дозасын қажеттілігіне қарай азайтуға немесе тоқтатуға болады. Қажет болған жағдайда бір мезгілде енгізілетін дәрілік заттың плазмадағы концентрациясын өлшеу ұсынылады.
• «Сақтықпен қолдану»: дәрілік затты итраконазолмен бір мезгілде қолданғанда мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Бірге қолданған кезде пациенттерді кез келген белгілерге немесе күшейтілген немесе ұзаққа созылған әсер ету симптомына немесе өзара әрекеттесетін препараттың жағымсыз әсерлеріне мұқият бақылау ұсынылады және қажет болған жағдайда оның дозасын азайту керек.
Осы кестелерде көрсетілген өзара әрекеттесулер итраконазолдың ұсынылған дозаларымен жүргізілген зерттеулерде сипатталды. Алайда, өзара әрекеттесу дәрежесі итраконазолдың дозасына байланысты болуы мүмкін. Артықтау өзара әрекеттесу жоғары дозада немесе дозалаудың қысқа аралығында болуы мүмкін. Басқа дозалау режимдерімен немесе басқа препараттармен нәтижелерді экстраполяциялауды сақтықпен жүргізген жөн.
Емдеуді тоқтатқаннан кейін итраконазолдың плазмадағы концентрациясы дозасына және емдеу ұзақтығына байланысты 7-14 күн ішінде іс жүзінде айқындалмайтын деңгейге дейін төмендейді. Бауыр циррозы бар пациенттерде немесе CYP3A4 тежегіштерін қабылдайтын адамдарда плазмадағы концентрацияның төмендеуі одан да ұзақ болуы мүмкін. Бұл әсіресе итраконазол метаболизміне әсер ететін дәрілік заттармен емдеудің басында өте маңызды.
1-кесте: Препараттар класы бойынша итраконазолдың плазмадағы концентрациясына әсер етуі мүмкін препараттар мысалдары
Дәрілік препараттар (пероральді немесе бір реттік доза) — Болжамды/ итраконазол деңгейлеріне ықтимал әсер (↑=көтерілу; ↔ = өзгеріссіз; ↓ = төмендеу ) — Клиникалық жауап (қосымша ақпаратты жоғарыдан қараңыз.
жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар; микробқа қарсы препараттар
Изониазид — Бұл тікелей зерттелмегенімен, изониазид итраконазолдың концентрациясын төмендетуі мүмкін. — Ұсынылмайды
Рифампицин пероральді 600 мг тәулігіне 1 рет (тәулігіне 1 рет) — Итраконазол AUC ↓ — Ұсынылмайды
Рифабутин 300 мг күніне 1 рет — Итраконазол Cmax ↓ 71%, AUC↓ 74% — Ұсынылмайды
Ципрофлоксацин ішке 500 мг тәулігіне 2 рет. — Итраконазол Cmax ↑ 53%, AUC ↑ 82% — Сақтықпен пайдалану керек
Эритромицин 1 г — Итраконазол Cmax ↑ 44%, AUC↑ 36% — Сақтықпен пайдалану керек
Кларитромицин пероральді 500 мг күніне 2 рет — Итраконазол Cmax ↑ 90%, AUC ↑ 92% — Сақтықпен пайдалану керек
Эпилепсияға қарсы дәрілер
Карбамазепин, фенобарбитал — Бұл препараттар тікелей зерттелмегенімен, олар итраконазол концентрациясын төмендетуі мүмкін. — Ұсынылмайды
Фенитоин пероральді 300 мг күніне 1 рет — Итраконазол Cmax ↓ 83%, AUC ↓ 93% Гидроксиитраконазол Cmax ↓ 84%, AUC ↓ 95% — Ұсынылмайды
Ісікке қарсы агенттер
Иделалисиб — Бұл тікелей зерттелмегенімен, иделалисиб итраконазол концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар
Омбитасвир / паритапревир/ ритонавир (дасабувирмен немесе онсыз) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, бұл препараттар итраконазол концентрациясын арттырады деп болжанады. — Қолдануға болмайды
Эфавиренц 600 мг — Итраконазол Cmax ↓37%, AUC↓39%; Гидроксиитраконазол Cmax ↓ 35%, AUC ↓37 % — Ұсынылмайды
Невирапин ішке 200 мг күніне 1 рет — Итраконазол Cmax ↓ 38%, AUC ↓ 62% — Ұсынылмайды
Кобицистат, дарунавир (күшейтілген), элвитегравир (ритонавирмен күшейтілген), фосампренавир (ритонавирмен күшейтілген), ритонавир, саквинавир (ритонавирмен күшейтілген) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, бұл препараттар итраконазол концентрациясын арттырады деп болжанады. — Сақтықпен пайдалану керек
Индинавир ішке 800 мг күніне 3 рет — Итраконазол концентрациясы ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Кальций өзекшелерінің блокаторлары
Дилтиазем — Бұл тікелей зерттелмегенімен, дилтиазем итраконазол концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Қышқыл секрециясының бұзылуында қолданылатын препараттар
Антацидтер (алюминий, кальций, магний немесе натрий бикарбонаты), H2-рецепторларының антагонистері (мысалы, циметидин, ранитидин), протонды помпаның тежегіштері (мысалы, лансопразол, омепразол, рабепразол) — Итраконазол Cmax↓, AUC ↓ — Сақтықпен пайдалану керек
Тыныс алу жүйесі
Люмакафтор / ивакафтор пероральді 200/250 мг күніне 2 рет — Итраконазолдың концентрациясы ↓ — Ұсынылмайды
Әртүрлі
шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, шайқурай итраконазолдың концентрациясын төмендетуі мүмкін. — Ұсынылмайды
2-кесте. Қан плазмасындағы концентрациясына итраконазол әсер етуі мүмкін, кластарға бөлінген препараттардың мысалдары.
Дәрілік препараттар (пероральді немесе бір реттік доза) — Болжамды/ Препарат деңгейіне болжамды / ықтимал әсері (↑=көтерілу; ↔ = өзгеріссіз; ↓ = төмендеу ) — Клиникалық жауап (қосымша ақпаратты жоғарыдан қараңыз
Анальгетиктер, анестетиктер
Қастауыш алкалоидтары (мысалы, дигидроэрготамин, эргометрин, эрготамин, метилэргометрин) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Элетриптан, фентанил — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Альфентанил, бупренорфин (в/і және сублингвальді), Каннабиноидтар, метадон, суфентанил — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Оксикодон 10 мг — Оксикодон пероральді: Cmax ↑ 45%, AUC ↑ 2,4 есе. — Сақтықпен пайдалану керек
Оксикодон вена ішіне 0,1 мг/кг — Оксикодон IV: AUC ↑ 51% — Сақтықпен пайдалану керек
жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар; микробактерияға қарсы дәрілер; жүйелі қолдануға арналған антимикотиктер
Изавуконазол — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол изавуконазол концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Бедаквилин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол бедаквилин концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Рифабутин 300 мг күніне 1 рет — Рифабутиннің концентрациясы ↑ (жоғарылау шамасы белгісіз) — Ұсынылмайды
Кларитромицин пероральді 500 мг күніне 2 рет — Кларитромицин концентрациясы ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Деламанид — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол деламанидтің концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Эпилепсияға қарсы дәрілер
Карбамазепин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол карбамазепин концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы дәрілер
Мелоксикам 15 мг — Мелоксикам Cmax ↓ 64%, AUC ↓ 37% — Сақтықпен пайдалану керек
Антигельминттік дәрілер: антипротозойлық
Галофантрин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол карбамазепин концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Артеметер / лумефантрин, празиквантел — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Хинин 300мг — Хинин Cmax ↔, AUC ↑ 96% — Сақтықпен пайдалану керек
Жүйелі қолдануға арналған антигистаминдік препараттар
Астемизол, мизоластин, терфенадин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Эбастин 20 мг — Эбастин Cmax ↑ 2,5 есе, AUC ↑ 6,2 есе Каребастин Cmax ↔, AUC ↑ 3,1 есе — Ұсынылмайды
Биластин, рупатадин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Ісікке қарсы агенттер
Иринотекан — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол иринотекан мен оның белсенді метаболитінің концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Акситиниб, бозутиниб, кабазитаксел, кабозантиниб, церитиниб, кризотиниб, дабрафениб, дазатиниб, доцетаксел, эверолимус, ибрутиниб, лапатиниб, нилотиниб, пазопаниб, регорафениб, сунитиниб, темсиролимус, трабектедин, трастузумаб, эмтанзин, барвинфлунин, барвинк алкалоидтары (мысалы, винкафлуни) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол кабазитаксел мен регорафенибті қоспағанда, осы препараттардың концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Кабазитаксел әсерінің статистикалық маңызды өзгерісі байқалмады, бірақ нәтижелердің жоғары өзгергіштігі байқалды. Регорафениб AUC азаяды деп күтілуде (белсенді фрагментті бағалау бойынша). — Ұсынылмайды
Кобиметиниб 10 мг — Кобиметиниб Cmax ↑ 3,2 рет AUC ↑ 6,7 есе — Ұсынылмайды
Олапариб 100 мг — Олапариб Cmax ↑ 40%, AUC ↑ 2,7 есе — Ұсынылмайды
Алитретиноин (пероральді), бортезомиб, брентуксимаб ведотин, эрлотиниб, иделалисиб, иматиниб, нинтеданиб, панобиностат, понатиниб, руксолитиниб, сонидегиб — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Бусульфан әр 6 сағат сайын 1 мг/кг — Бусульфан Cmax ↑, AUC ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Гефитиниб 250 мг — Гефитиниб 250 мг Cmax↑, AUC ↑ 78% — Сақтықпен пайдалану керек
Тромбозға қарсы дәрілер
Дабигатран, тикагрелор — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Апиксабан, ривароксабан, ворапаксар — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Цилостазол, кумариндер (мысалы, варфарин) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар
Омбитасвир / паритапре-вир/ ритонавир (дасабувирмен немесе онсыз) — Итраконазол паритапревир концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Элбасвир / гразопревир, симепревир, тенофовир алафенамид фумарат (TAF), тенофовир дизопроксил фумарат (TDF) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Кобицистат, элвитегравир (ритонавирмен күшейтілген), глекапревир/пибрентавир, маравирок, ритонавир, саквинавир — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Индинавир ішке 800 мг күніне 3 рет — Индинавир Cmax ↔, AUC ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Жүрек-қантамыр жүйесі (ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер; гипертензияға қарсы дәрілер: бета-блокаторлар; кальций өзектерінің блокаторлары; кардиологиялық препараттар; диуретиктер)
Бепридил,дизопирамид, дофетилид, дронедарон, эплеренон, ивабрадин, лерканидипин, нисолазин, ранолазин, силденафил (өкпелік гипертензия) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Алискирен 150мг — Алискирен Cmax ↑ 5,8 есе, AUC ↑ 6,5 есе — Қолдануға болмайды
Хинидин 100мг — Хинидин Cmax ↑ 59%, AUC ↑ 2,4 есе. — Қолдануға болмайды
Фелодипин 5 мг — Фелодипин Cmax ↑ 7,8 есе, AUC ↑ 6,3 есе. — Ұсынылмайды
Риоцигуат, тадалафил (өкпелік гипертензия) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Бозентан, дилтиазем, гуанфацин, басқа дигидропиридиндер (мысалы, амлодипин, исрадипин, нифедипин, нимодипин), верапамил — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол бозентан концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Дигоксин 0,5 мг — Дигоксин Cmax ↑ 34%, AUC ↑ 68% — Сақтықпен пайдалану керек
Надолол 30мг — Надолол Cmax ↑ 4,7 есе, AUC ↑ 2,2 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар; тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларына арналған дәрілер
Циклезонид, салметерол — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол Салметерол мен белсенді циклесонид метаболитінің концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Ұсынылмайды
Ингаляциялық будесонид (INH) 1 мг бір рет (SD) — будесонид INH Cmaxx ↑ 65%, AUC ↑ 4,2 есе; Будесонид концентрациясы (басқа дәрілік түрлері) ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Дексаметазон В / і 5 мг дексаметазон ішке 4,5 мг — Дексаметазон в/і: Cmax ↔, AUC ↑ 3,3 есе Дексаметазон пероральді: Cmax ↑ 69%, AUC ↑ 3,7 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Флутиказон INH 1 мг күніне 2 рет — Флутиказон концентрациясы INH ↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Метилпреднизолон 16 мг — Cmax ↑ 92%, AUC ↑ 3,9 есе Метилпреднизолон в/і AUC ↑ 2,6 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Мұрын флутиказоны — Бұл тікелей зерттелмегенімен, назальді флутиказон концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Қант диабетін емдеуде қолданылатын дәрілер
Репаглинид 0,25 мг — Репаглинид Cmax ↑ 47%, AUC ↑ 41% — Сақтықпен пайдалану керек
Саксаглиптин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол саксаглиптин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Асқазан-ішек препараттары, оның ішінде диареяға қарсы, ішектің қабынуға қарсы/инфекцияға қарсы дәрілері; құсуға қарсы және құсуға қарсы дәрілер; іш қатуды емдеуге арналған дәрілер; асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар
Цизаприд, налоксегол — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Домперидон 20мг — Домперидон Cmax ↑ 2,7 есе, AUC ↑ 3,2 есе — Қолдануға болмайды
Апрепитант, лоперамид, нетупитант — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол апрепитант концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Иммуносупрессанттар
Сиролимус (рапамицин) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол сиролимус концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Ұсынылмайды
Циклоспорин, такролимус — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Такролимус в / і 0,03 мг/кг күніне 1 рет — Такролимустың концентрациясы вена ішіне↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Статиндер
Ломитапид — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол ломитапид концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Ловастатин 40мг — Ловастатин Cmax ↑ 14.5 - >20 есе, AUC ↑>14.8 - >20 есе. Ловастатин қышқылы Cmax ↑ 11,5–13 есе, AUC ↑ 15,4-20 есе. — Қолдануға болмайды
Симвастатин 40 мг — Симвастатин қышқылы Cmax ↑ 17 есе, AUC ↑ 19 есе — Қолдануға болмайды
Аторвастатин — Аторвастатин қышқылы: Cmax ↔ ↑2,5 есе, AUC ↑ 40% 3 есе — Ұсынылмайды
Психоаналептикалық препараттар; психолептиктер (мысалы, нейролептиктер, ансиолитиктер және ұйықтататын дәрілер)
Луразидон, пимозид, кветиапин, сертиндол — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін — Қолдануға болмайды
Мидазолам (пероральді) 7,5 мг — Мидазолам (пероральді) Cmax ↑ 2,5-3,4 есе, AUC ↑ 6,6–10,8 есе — Қолдануға болмайды
Триазолам 0,25 мг — Триазолам Cmax ↑, AUC ↑ — Қолдануға болмайды
Алпразолам 0,8 мг — Альпразолам Cmax ↔, AUC ↑ 2,8 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Арипипразол 3 мг — Cmax арипипразола ↑ 19%, AUC ↑ 48% — Сақтықпен пайдалану керек
Бротизолам 0,5 мг — Бротизолам Cmax ↔, AUC ↑ 2,6 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Буспирон 10 мг — Буспирон Cmax ↑ 13,4 есе, AUC ↑ 19,2 есе — Сақтықпен пайдалану керек
Мидазолам (в/і) 7,5 мг — Мидазолам (в / і)7,5 мг: концентрациясы ↑; Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол ауыз қуысының шырышты қабығына қолданғаннан кейін мидазолам концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Рисперидон күніне 2-8 мг — Рисперидон және белсенді метаболит концентрациясы↑ — Сақтықпен пайдалану керек
Зопиклон 7,5 мг — Зопиклон Cmax ↑ 30%, AUC ↑ 70% — Сақтықпен пайдалану керек
Карипразин, галантамин, галоперидол, ребоксетин, венлафаксин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Тыныс алу жүйесі
Люмакафтор / ивакафтор пероральді 200/250 мг күніне 2 рет — Ивакафтор Cmax ↑ 3,6 есе, AUC ↑ 4,3 есе Люмакафтор Cmax ↔, AUC ↔ — Ұсынылмайды
Ивакафтор — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол ивакафтордың концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары; басқа гинекологиялық препараттар
Каберголин, диеногест, улипристал — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Урологиялық препараттар
Аванафил, дапоксетин, дарифенацин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Қолдануға болмайды
Фезотеродин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол белсенді метаболиттің, 5-гидроксиметилтолтеродиннің концентрациясын арттыруы мүмкін. — Бүйрек немесе бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі: қолдануға болмайды. Жеңіл бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі: бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Бүйрек немесе бауырдың қалыпты функциясы: сақтықпен қолдану керек, фезотеродиннің ең жоғары дозасы 4 мг.
Солифенацин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол солифенацин концентрациясын арттыруы мүмкін. — Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі: қолдануға болмайды Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі: қолдануға болмайды. Солифенациннің ең жоғары дозасы 5 мг барлық басқа пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Варденафил — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол варденафил концентрациясын арттыруы мүмкін. — 75 жастан асқан пациенттерге қолдануға болмайды; әйтпесе ұсынылмайды.
Альфузозин, силодозин, тадалафил (эректильді дисфункция және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы), тамсулозин, толтеродин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Ұсынылмайды
Дутастерид, имидафенацин, силденафил (эректильді дисфункция) — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол осы препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек
Оксибутинин 5 мг — Оксибутинин Смах ↑ 2 есе, AUC ↑ 2 есе Cmax N-дезетилоксибутинин ↔, AUC ↔ Трансдермальді: бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол енгізілгеннен кейін оксибутинин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін — Сақтықпен қолдану керек.
Басқа заттары
Колхицин — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол колхицин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. — Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Басқа пациенттерге ұсынылмайды.
Элиглустат — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол элиглустаттың концентрациясын арттыруы мүмкін. — CYP2D6 (PM) баяу метаболизаторларына қолдануға болмайды. CYP2D6 аралық метаболизаторларына (IM) немесе күшті немесе CYP2D6 орташа тежегішін қабылдайтын қарқынды метаболизаторларға (EM) қолдануға болмайды. IM және EM CYP2D6 сақтықпен қолданыңыз. Жеңіл бауыр жеткіліксіздігі бар EM CYP2D6 кезінде тәулігіне 84 мг дозада элиглустатты қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Синакальцет — Бұл тікелей зерттелмегенімен, итраконазол цинакалцет концентрациясын арттыруы мүмкін. — Сақтықпен пайдалану керек